Васил Ранагуль Маликкызы

Т. Рысқұлов атындағы Жаңа  Экономикалық

Фирманың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар

Бәсекеге қабілеттілік факторы – бәсекеге қабілеттіліктің бір немесе бірнеше критерийлерін өзгертуге қажетті және жеткілікті болуының тікелей себебі. Факторлық талдау деп аталатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің жеке критерийлерін төмендететін себептер мен бәсекеге қабілеттілікті арттыратын факторларды анықтау – дайындаушы-кәсіпорындар мен сатушы-кәсіпорындар қызметінің маңызды аспектісі.                                              Тауардың бәсекеге қабілеттілігі – салыстырмалы ұғым, оны үлгілерді талдап жасау үрдісінде болжауға болады, бірақ нақты бәсекеге қабілеттілік тек қана нарықта ұқсас бәсекелес тауарлардың сипаттамаларын, сондай – ақ сату сервисінің шарттарын салыстыру барысында бағаланады[1].              Экспортталатын отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаған кезде мына сияқты факторлардың бар екендігін ескеру қажет: техникалық және экономикалық ақпараттардың жеткіліксіздігі, өйткені дайындаушылар негізінен бәсекелестердің проспектілері мен каталогтарын пайдаланады; тапсырыстарды орындау мерзімінің ұзақтығы мен орындау кезіндегі кідірістердің жиілігі; тауарларды өткізудің жеткілікті дамыған және шетелдік тұтынушыларға жақындатылған желілерінің жоқтығы; бісекелестердің тұтыну шығындары деңгейін объективті бағалаудың болмауы және т.б. Бұл факторлардың ықпалы мүмкін болмағанша азайтылуы тиіс. Тауар (жұмыс, қызметтер) өзінің мәні жағынан пайда алудың бірден бір құралы, және сонысымен де бәсекелік күрестің негізгі құралы, оның материалдық негізі болып табылады. Өнім сапасын арттыру, пайданы барынша көбейту, өндіріс шығындарын азайту жолындағы бәсеке өрістеген жердің бәрінде тауардың бәсекеге қабілеттілігін кешенді бағалау аса маңызды мәнге ие болады[2].                                                                        Мұндай бағалаудың негізгі факторларына мыналар жатады:

    экономикалық әлеует және экономиканың өсу қарқыны;

    ғылымның, техниканың даму деңгейі;

    халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу;

    ішкі нарықтың серпінділігі мен сыйымдылығы;

    әлеуметтік – экономикалық және ішкі саяси жағдай;

    қаржы жүйесінің икемділігі;

    экономиканы мемлекеттік реттеу;

    еңбек және материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі және ресурстарды жіктеу деңгейі [3].

Фирманың бәсекелестік күрестегі позицияларын және оның жекелеген өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне маркетингтік зерттеулер жүргізудегі мақсаты – бәсекелестік стратегиясын таңдау үшін қажетті ақпараттар жинау мен талдау болып табылады.

Сатып алушылар позициясының күші ең алдымен мынандай факторлармен анықталады:

1.   Басқа өнімдерді пайдалануға ауысу мүмкіндігі;

2.   Осы ауысумен байланысты шығындар;

3.   Сатып алынатын өнімдер көлемі.

Фирманың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын барлық факторларды мына топтарға бөліп көрсетуге болады:

-     өнім және қызмет сапасы;

-     өнім және қызмет бағасы;

-     персоналдың квалификациялық деңгейі;

-     өндірістің технологиялық деңгейі;

-     қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;

-     нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс[4].

     Өнім сапасы. Сапа – өнімнің ең маңызды сипаттамасы өнім белгілі бір сапаға ие болғаннан кейін ғана аналогтар қатарында лайықты орын алуы мүмкін. Сапаның түсінігіне мыналар кіреді: ұзақ уақыт бойы қолдану, сенімділік, нақтылық, қолданудағы қарапайымдылығы, сонымен қатар ақаулардың болмауы. Бірақ әрбір өнімге сапаның аталған қасиеттері сай келе бермеуі мүмкін. Мысалы, бір рет қолданатын сатқаннан ұзақ уақыт қолдануын талап ете алмаймыз. Сондықтан, сапаның стандарттарға сәйкес келу деген маңызды көрсеткіші бар.

Сапа көрсеткіштері келесі негізгі талаптарға жауап беруі тиіс:

    халық шаруашылығ мен халық қажеттіліктеріне өнім сапасының сәйкес келуін қамтамасыз ету;

    тұрақты болуы керек;

    өндіріс тиімділігінің жоспарлы өсуіне жағдай жасау керек;

    халық шаруашылық салаларындағы техника, ғылым, техникалық прогрестің бағыттарының қазіргі замандағы жетістіктерін ескеруі қажет;

    оның тағайындауымен байланысты белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнімнің барлық қасиеттерін сипаттау.

Өнім сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау реті алдын- ала анықталады:

    өнім топтарының түрі;

    өнімнің сапа көрсеткішінің номенклатурасын қолдану мақсаттары;

    сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатура топтары;

    әрбір топ бойынша сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатурасы;

    сапа көрсеткішінің номенклатурасын таңдау әдісі.

        Өнімнің бағасы. Баға – өнімнің құндық ақшалай сипаттамасы болып табылатын экономикалық категория. Ол өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытының жанама өлшемі. Өнім бағасын анықтайтын факторлар:

-              өндіріс жалпы шығыны;

-              қоғамдық еңбек шығыны;

-              өнім саны;

-              өнім қызметі мен қасиеті;

-              персоналдың квалификациясы;

-              өндірістің технологиялық деңгейі;

-              мемлекеттің салық туралы заңы;

-              өнімді тасымалдау және сақтаумен байланысты шығындар[5].

Фирманың баға саясатын жетілдіру бағыты нақты өндіріс орындарының тиімділігі нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Оның себебі де бар, өйткені нарықтық баға бәсекесі кезінде қандай да бір өнімнің құнын төмендету үшін кәсіпорын өзі шығаратын басқа да өнім түрлерінен немесе қызметтерден тұрақты табыс алуы қажет. Онсыз баға бәсекесінде нәтижелі күресу мүмкін емес. Баға қалыптасу стратегиясын таңдағанда белгілі бір өнім үшін қандай мақсат қойылатынын анықтау керек.

Бәсекеге қабілетті өнім фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпы ұлттық сапа мәселесіне айналып келеді.

Персоналдың квалификациялық деңгейі. Квалификацилық жұмысшылардың бар болуы минималды шығындармен жоғары сапалы өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Өнімнің ұлғаймалы қатарлы жоғары квалификациялық персоналсыз өндірілуі мүмкін емес. Сонымен бірге, жоғары квалификациялық менеджмент те соңғы рольді атқармайды. Өйткені, жақсы білікті жұмысшылар бар болғанымен жоғары даярланған технологтар мен инженерлерсіз бәсекеге қабілетті өнім қалыптастыру өте қиын, сонымен қатар, тәжірибелі маркетологтардың алдын-ала есебінсіз өнім өткізілуі қиынға соғады.         Өндірістің технологиялық деңгейі. Квалификациялық персоналдың деңгейімен бірге өндірістің технологиялық деңгейі төмен шығынды және қысқа уақытта жоғары сапалы өнім өндіруіне мүмкіндік береді. Осыған орай, өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, сапалы өнім шығаруға болады[6].

 

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

1          «Бәсекелік экономика» О. Сәбден

2          Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы - Алматы:  Экономика. - 2002ж. – 135 бет.

3          Есімжанова С.Р. «Маркетинг негіздері» // Алматы: Экономика баспасы.- 2003жыл. -222 – 226 беттер.

4          Оразалы С. «Бәсекелестік экономика»  Алматы-2007, 39-40б.

5          Ералы А, Кабылбеков М.«Кәсіпорынэкономикасы» КазҰТУ-2004 114б.

6               Әмірбекұлы Е. «Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі» Алматы-2009 26-28б.