Галимжанова Л.Н.

ҚММ «Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектеп-интернат», Қарағанды қ.

Тарих пәнін оқытуда оқушылардың ғылыми ізденіс қабілеттерін дамыту

Білім алушының танымдық іс-әрекетін дамыту мен ұйымдастыру тек білім берудің мақсаты мен міндеттеріне ғана себепкер емес, себебі, оқыту үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі жан-жақты қарастырылған формаларына да байланысты. Психикалық дамуы тежелген балалар бойындағы кемшіліктерді түзете-дамыту мақсатында тұлғалық қабілеттері ретінде оның зерттеушілік қабілеттерін дамыту, ғылымға қызығушылығын оның өз ойын ашық толық жеткізе алуына, жұрт алдында сөйлеу және ойлау машықтарын жетілдіру мен қатар құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер өз нәтижесін берері сөзсіз.

Білім-ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектепте, яғни бар ғылымның бастауы–мектеп, «Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыр –ұстаздың қолында» деп Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр [1].

Барлығымызға белгілі әлем деңгейінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Әрине ол дүние жүзі халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Мемлекетіміздің үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара. Сондықтанда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.

Тәуелсіз еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі алатын ерекше өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің негізі болатын–ұлағатты ұстаз қолында, осыған орай біздің басты мақсатымыз–білім сапасын жоғарлату.

Арнайы педагогика жүйесіндегі балаларды оқыту мен дамытудың маңызды құрамдас бөлігінің бірі–психикалық дамуы тежелген балалардың бойындағы кемістіктерді ескере отырып білім беру, олардың ой-өрісін дамыту, қоршаған ортаға бейімділігін арттыру болып табылады.

Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгілерінің бірі психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектепте тарих ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады.

Міне, атап өткендей маңызды мәселелерді шешуде психикалық дамуы тежелген балаларға  сапалы да саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде тарих пәнінің алатын орны ерекше. Қазіргі заман-тарих ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай тарихи білім берудің басты шарты-тарихи мәдениеттіліктің деңгейін жоғарлату болып табылады.

Тарих ғылым, пән ретінде аса күрделі маңызды білім саласы. Себебі ол бүкіл адам баласының басынан өтілген жағдайын, тарихи тәрбиесін баяндайды. Тарихи білім еліміздің әрбір тұлғасына қажет. Тарихи білімді жан-жақты тереңірек адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орнына, атқаратын қызметін дұрыс анықтай алады. Осыған орай дүние жүзіне белгілі ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтылғандары жоқ. Әбу-Насыр-Әл–Фараби «Тарихты білмей-өткенді, қазіргі жағдайды, келешекте болжау қиын»-десе, А.Байтұрсынұлы «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттасы -тарих»-деп өте жоғары бағалаған [2].

Қазақстан Республикасы егемендік алысымен өз елінің тарихын, Қазақстан тарихын оқытуға басты талап қойылды. Қазақстан тарихы қазір таңда барлық оқу орындарында, мектепте және арнайы мектептерде 5-11 сыныптарда оқытылады. Соңғы жылдары Қазақстан тарихын оқып үйренем деушілерге, әсіресе оқушылар мен мұғалімдерге нақты көмек болатын еңбектер көптеп шығарылуда.

Тарих маңызды қоғамдық–гуманитарлық пәндер қатарына жататындықтан, оны арнайы білім беретін оқу орындарында қазіргі талаптарға сай оқыту үшін, алдымен оқытудағы әдіснамалық проблемаларды дұрыс шешу қажет. [1].

Демек егемен Қазақстан Республикасы жалпы және арнайы мектептерінде тарихты оқытудың әдіснамалық мәселелерін шешу кешіктіруге болмайтын әрі өзекті мәселе.

Өзекті мәселеден жол табудың бірден бір мақсаты психикалық даму тежелген балаларға тарих пәнінен қосымша сабақтар қарастыру. Қосымша сабақ - оқу процессін ұйымдастырудың бірі, сонымен қатар, оқушылардың үлгермеуші- ліктерін шешудегі эффектівті дидактикалық құрал.

Жалпы, психикалық даму тежелген балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктер олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, оның жеке қасиеттеріне, оқу, жазу, ортаға бейімделу әрекеттерінің бұзылуын қалыптастырып, баланың үлкендермен, құрдастарымен қарым - қатынасына кері әсер етеді.

Сол себептен психикалық даму тежелген балаларға білім алу процессін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс. Танымдық қабілетті дамыту, ойлау қызметін жетілдірумен тығыз байланысты. Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселесі мектеп тәжірибесінде үлкен орын алады. Психикалық даму тежелген балалардың қабілетіне қарай ең басты мәселені айыра білсе, демек ол мәнді тапсырмаларды орындай алады деген сөз.

Алға қойған мақсатымыз тарих пәнінен қосымша сабақтар енгізу, осыған орай қосымша сабақтар арқылы  психикалық даму тежелген балалар бойынан бұрынғы білетіндерін еске түсіре отырып, оқушылардың ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сауаттылыққа баулу қасиеттерін дамытамыз. Сонымен қатар психикалық даму тежелген балалардың танымдық, дамытушылық, қызығушылық қабілеттері артады, мәртебесі төмен, жоғары сұрақтарды қойып үйренеді, ойын нақты жеткізе алады, өзін-өзі реттейді, көшбасшы бола алады, өзін-өзі бағалайды [3].

Осыған орай қосымша сабақтарда балаланы жан-жақты дамыту үшін модульдердің қажеттілігі жоғары екендігін байқаймыз, мысалы АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту) [2].

Қорыта келе, жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту тәрбие мен оқытудың бірлігін сақтай отырып, сабақты шәкірт жанының ішкі қуатын оянуына ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыру, оқу процесінде әрбір оқушының бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды қарым –қатынасына түсіру арқылы дамыту және оларды білім, білік, дағдылар негізінде қалыптастыру. Гуманист –педогог Я. Корчактың сөзімен айтқанда «Оқушыны ең алдымен көруге, түсінуге және сүюге үйрету қажет, оқуға үйрету одан кейін келеді».

Психикалық даму тежелген балалардың білім алу процесінде жеке тұлға ретінде дамуы және қалыптасуы оқу мен тәрбиенің ұштасып, біртұтас процеске айналған жағдайында қажетті деңгейде  жүзеге асады.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.«Білім беру сапасы–Қазақстан Республикасының тұрақты даму ұстанымдарын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету кепілі» атты материалдар жинағы 2009 жыл

2.Республикалық ғылыми –әдістемелік журнал «Мектептегі ғылыми жұмыс» № 4,6. стр. 13, 19, 21 

3.«Педогогикалық кеңес» журналы № 2,3 2011жыл стр, 17,23,27.