МАМАН
ТАПШЫЛЫҒЫН АЗАЙТУДАҒЫ
ДУАЛЬДІ
ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ РӨЛІ
к.п.н доцент Курымбаев С.Г.,
магистрант. Садуақас А.Д.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті
Қазіргі
кезде республикамыздың білім беру деңгейінің сапалығы
туралы жаңа ұсыныс, кеңестер айтылып қана қоймай
нақты жүзеге асуда. Сондай ірі жобалардың бірі –
оқытудың дуальді жүйесі. Аталған жүйе
әлемдік тәжірибеде кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың
ең тиімді жолдарының біріне айналып отыр. Оқытудың дуальді жүйесі өндірістік қызмет
кезеңдерімен үйлестіре отырып оқытуды,
кәсіпорынның студенттерге кәсіптік білім беруіне тікелей
қатысуын қарастырады. Кәсіпорын практикалық оқыту
жағдайларын жасайды және оқушыға ай сайын
төленетін төлемді қосқандағы осыған
байланысты барлық шығындарды өтейді. Оқушылар
оқудың 70-80%-ын тікелей өндіріс орындарында, тек 20-30 %
ғана оқу орнында өткізуі болжанады [1].
Бұл
жүйенің мынадай жақсы жақтары бар. Біріншіден,
оқыту өндірістің нақты сұранысына сай
жүргізіледі және жұмыс берушілер өздеріне қажетті
мамандарды алады. Екіншіден, болашақ мамандар өз кәсібін
қызығушылықпен оқиды және бітірген соң сол
кәсіпорында қалуға ұмтылады. Үшіншіден,
бітірушілерге деген сұраныс пен оларды жұмысқа
орналастырудың деңгейі жоғарылайды. Бұл –
еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша әсер
етеді. Осылайша, бизнес, адам мен мемлекет мүддесін біріктіріп, үш
жақты әріптестік орнатылады.
Білім берудің дуальді жүйесі
Қазақстанның біраз оқу орындарына енгізілгенімен
өзінің нақты бір жолына түспеген. Осы
бағыттағы жұмыстар жүйенің тиімділігін
түсіндіру мақсатындағы семинар-жиналыстар өткізумен,
дуальді жүйені енгізу мүмкіндігі бар оқу орындарын,
коорпорацияларды таңдау бағытында жүргізілуде. Осы орайда 2012
жылдың қыркүйек айында Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ
компанияларында оқытудың дуальді жүйесін енгізу
аясындағы әлеуметтік серіктестік туралы үшжақты
Келісім-шарттарға қол қойылды [1]. Негізі
дуальді жүйені енгізу шаралары 90-шы жылдардың соңында
басталған. GIZ Герман қоғамымен бірлесіп, Алматы, Павлодар
және Ақмола облыстарының үш білім ошағында
алғаш қолданылған болатын. Мамандардың айтуынша,
тау-кен саласындағы дуальді оқыту бойынша «Қазақмыс»
корпорациясының екі колледжі мен Павлодар электролиз зауыты
тәжірибелері ерекше атауға тұрарлық.
«Қазақмыс» корпорациясы АҚ-ның Сәтбаев және
Балқаш қалаларындағы колледждері
құрылғаннан бері дуальді оқыту жүйесін
қолданады.
Шындығында,
білім беру мен еңбек нарығы өзара тығыз байланысты.
Бәсекеге қабілетті маман даярлау білім мен ғылымның
және өндірістің бірлігі арқылы жүзеге асырылады.
Дуальдік жүйе білім беру ұйымы мен өндірісте қатар
білім алуға, теория мен тәжірибенің байланысына негізделеді. ГФР
Канцлері Ангела Меркель бұл жүйені Германияны дамытудың
ең басты негізгілерінің қатарында атап өтті. Оған
Германияда 600 мыңнан астам кәсіпорын қатысады.
Техникалық және кәсіптік білім беретін біздің 96
оқу орнында дуальді жүйе қолданылады. Оның басым
бөлігі ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау,
мұнай-газ және химиялық өндіріс сияқты салалар.
Оқу жүйесі жалпы Австрия, Дания, Нидерланд, Швейцария сияқты
еуропалық елдерде кең тараған, соңғы жылдары
Қытай және Азияның басқа да елдерінде қолданыста.
Дуальді
жүйені біздің елімізде орта арнайы білім орындарында іске
асырудың мәні зор. Өйткені еңбек және және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі алдымен көлік саласы шамамен 31 мың
адам, тау-кен - 23 мың жұмысшы, мұнай секторында - 20
мыңға тарта, туризм және машина жасау индустриясында 10
мыңнан астам білікті кадрларға мұқтаждық бар
екендігін айта келе, қажеттілік сұранысының 70% жуығы
орта-кәсіптік және техникалық білімі бар мамандарға,
14% жоғары білімі бар мамандарға тиесілі, қалған 16%
біліктілікті талап етпейтін жұмыс орындары екенін мәлімдеді.
Қазір елімізде жастарға кәсіптік-техникалық білім
беруге маманданған 896 білім ошағы бар. Олардың 325 лицей
болса, 571 колледждер. Бүгінде аталған білім ошақтарында
600,7 мың жас түрлі мамандықтарды игеруде [2].
Қазіргі
таңда осы жүйе бойынша маман дайындауға ден
қойған Алманияның Рейнланд-Пфальц аймағында
жұмыссыздық деңгейі бар болғаны 3 пайызды
құрап отыр. Ал Германияда бұл көрсеткіш 7,8
пайыздың деңгейінде. Бүгінде Германиядағы 25
жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық
деңгейі 7 пайыз болса, бұл көрсеткіш Грекияда 45, Испанияда
43, Францияда 30, Италияда 28 пайызды құрайды [2].
Кәсіптік-техникалық маман дайындаудың дуальді жүйесінің
сәтті іске асуына бизнес, оқушы және мемлекетке тікелей
мүдделі болуы шарт.
Кәсіптік білім
берудің кооперативті (дуальді) жүйесін қарқынды енгізу
кәсіпорындар үшін де тиімді. Мысалы, кәсіптік білім
берудің дуальді жүйесін енгізу жөніндегі
ұсыныс-кеңестер жобасында мұндай кәсіпорындар
үшін субсидия немесе салықтық жеңілдіктер
қарастырылғаны жазылған. Қорыта келе әрбір отбасы, әрбір мектеп бітіруші
колледждерде білім алып, жұмысшы және кәсіптік маман иесі
болу бүгінгі күні дұрыс шешім болатындығын
түсінуі қажет. Қазiргi мектеп бiтiрушiлер еңбек
нарығында сұранысқа ие мамандық иесi атануға,
колледждерде қажетті маман иесі атанып, қысқа мерзімде
жоғары бiлiм алуға мүдделі. Қазіргі өркениетке
ілесетін адам өмір бойы білімге ұмтылуы тиіс.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т.
Жұмағұловтың ТжКБ-ға оқытудың дуальді
жүйесін енгізу бойынша жұмыс тәжірибесін зерделеу»
Республикалық семинарында сөйлеген сөзі, Теміртау
қаласы, 2012 жылғы 6 сәуір, www.ortalyk-kaz.kz.
2. www.stat.kz.