Рамазанова
Жанар Сембековна
филол.ғ.к., журналистика кафедрасының доценті
Е.А.Бөкетов
атындағы ҚарМУ (Қазақстан)
Әбікеева Назерке Мадиярқызы
Е.А.Бөкетов
атындағы ҚарМУ (Қазақстан)
Журналистика кафедрасының 2-курс
магистранты
1960-1980 жылдардағы қазақ теледидарындағы
әдеби бағдарламалар
Кеңес
Одағындағы қазақ теледидары – сан-салалы, алуан сырлы өмірдің
өзі тәрізді шексіз құбылысқа айналып отырды. Ол
сол заманның идеологиялық, психологиялық,
социологиялық, психологиялық,
техникалық факторы ретінде танылуымен бірге, көркем бейнелер
арқылы көрерменнің жан жүрегіне, ой-сезіміне әсер
ететін өнер саласы болып қалыптасты. Бұған
соңғы жылдары көркем теледидардың қарышты дамуы,
көркемдік қуаты мол телесериалдарға бастау болды.
Сонау 1958
жылдың өзінде-ақ Қазақ теледидарының экранынан
жазушылар мен артистер, бейнелеу өнерінің шеберлері сөз алып,
тұңғыш рет театр қойылымы көрсетіле
бастағанды [1:64]. Ара-тұра шағын экранға
лайықталған қойылымдар да көрсетіліп жүрді.
Бірақ теледидардың алғашқы бес-алты жылында маман кадрлардың
аздығы, теледидар техникасының әлі де жетілмеуі себепті
әдеби-көркем хабарлар бағдарламадан тұрақты орын
ала қоймады. Алайда, 1960-70 жылдары өмірге келген
хабарлардың негізі сол жылдарда қаланды. Хабарлар эфирге бірден
көрсетілетін тұста автор мен режиссердің ізденуі
студияның ішінде шектеулі, көзге көрініп тұрған
кемшіліктің өзін түзеу қиын болса, қазір
әрбір хабарды кең ойластырып, күні бұрын жазылған
хабарлардың таңдаулысын іздестіріп алуға, сәтсіз болса,
қайта түсіруге, кеңістік пен уақытқа тәуелсіз
күйде ізденуге мүмкіндік берді.
Көгілдір
экранда әдебиет пен өнерді насихаттайтын көптеген хабарлар
жүйесі ұйымдастырылды. Олардың кейбіреуі біраз жыл
көрсетілген соң, басқа хабарларға орын ығыстырып,
көпшілігі ұзақ уақыт экранда болды. Мысалы, «Шұғыла»
атты телевизиялық альманах он жыл бойы экраннан түспей, әдебиет
пен өнер жаңалықтарын насихаттауда үлкен мән
атқарды. Бұл альманахтың 85-санында бес жүзге
жуық шағын хабар көрсетіліп, жүздеген ақын,
жазушы, өнер қайраткерлері жұртшылықпен кездесті. Ал
«Творчестволық портреттер», «Халық қазынасы» циклдары он бес
жылдай көрсетілді. Өйткені белгілі сөз зергерлері мен өнер қайраткерлерінің
жолын, шығармашылық ерекшелігін, туындыларының
көркемдік сапасын кеңінен талдап, олардың адамгершілік,
азаматтық қасиеттерін ашып көрсетеді. «Портрет»
циклының жұртқа тигізер ықпалы ерекше. Бұл
хабарларға негізінен атақты ғалымдар, өнер
зерттеушілері шақырылып, суреткердің туындыларын бағалау
арқылы көрермендердің талғамын қалыптастырады.
Әдеби
бағдарламалар бейнелеу өнерін халыққа жеткізіп,
сұлулық сырын танытуда да бірталай жұмыс істеді. Көрме
залдарынан, өнер мұражайынан тұрақты жүргізіліп
келе жатқан телерепортаждар мен суретші, мүсінші, архитекторлар
шығармашылығына арналған хабарлардың эстетикалық
тәрбие берудегі маңызды ерекше. Түрлі түсті экран
мүсін, сәулет, кескін өнерінің әрін кетірмей,
керісінше, оның барша қадыр-қасиетін ашуға мүмкіндік
туғызып отыр. Өнердің әр саласын насихаттауда «Кеш
жарық» клубы да игілікті іс тындырды.
Халқымыздың
зергерлік өнерін, ауыз әдебиетін, көне ескерткіштерін
насихаттауда «Халық қазынасы», «Дәуір үні» атты
хабарлардың орны бөлек. Бұл – жас ұрпақты халқымыздың
ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасын қастерлеуге, жақсыларын
бойға сіңіруге баулитын туындылар. Редакция қызметкерлері авторлармен
бірлесе отырып, мұражай экспонаттары мен мұрағат деректерін
кеңірек пайдалануды, ел ішіндегі таланттарды іздеп тауып, олардың
өнерін халыққа таныстыруды мақсат етеді. Қазір
көгілдір экраннан айтыс
ақындарының творчествосы, жыраулық, жыршылық, термешілік өнердің жиі
көрсетілуі жастардың арасынан жаңа таланттардың
көптеп шығуына септігін
тигізіп отыр. Халықтың жан дүниесіне жақын өнер
болғандықтан, жұртшылықтың оған деген
ынта-ықыласы ерекше. Сондықтан алдағы уақытта мұндай
хабарлардың аясын кеңейтіп, айтыс өнерін көрсетудің
жаңа түрлерін іздестіру қажет.
Жетпісінші жылдары
теледидарда өзіміздің төл туындымызды жасау талпынысы ерекше
етек алды. Осы кезде теледраматургияны өрістету, шағын
экранның ерекшелігіне сәйкес келетін қойылымдарды
әзірлеу, ұлттық дәстүрді, өнерді,
әдет-ғұрыпты насихаттау жағына айрықша
көңіл бөлдік. Бұл ретте айтылған істің
бәріне тоқталмай-ақ, «Қымызхананың» эфирге
шығуын айтуға болады [1:40].
Теледидардың синтездік
қасиетін барынша айқындайтын формасы – телетеатр. Оның
өнер болып қалыптасуындағы көзге түсер
өнімді жолы да сол. Театрдағы көрініс-қимыл,
әрекет, актер ойыны т.б. кинематографтардың көркемдік бейнелеу тілі, радионың
кез-келген қашықтыққа бару, сан түрлі ортадан
өту, яғни психологиялық қабылдау ерекшелігі –
бәрі-бәрі барынша бірігіп, бір қазанда қайнап,
теледидар суреткерінің шығармашылық жаңа сапамен шыққанда өз алдына
өнерлік күшін
танытпақ. Телетеатрда кино, театр, радиодан келіп сіңген,
тағы да сан бұлақ бастаулардан жиналған қасиеттері алғашқы
қалпынан өзгеріп, жаңарып, жаңа әдіс,
тәсілдер арқылы теледидардың өзіне ғана
тән бейне (образ) тудырмақ.
Телетеатр суреткерінің қолында
үш қару бар, ол – сөз, көрініс, дыбыс. Осы
үшеуі арқылы адамзат өмірінің сан түрлі
күйін шертуге болады. Бұл үшеуі кино мен театр суреткерлеріне
де ортақ, бірақ, жоғарыда айтылғандай, теледидарда оны пайдаланудың әдіс-тәсілі сол бойы
басқаша [1: 46-47].
Сұлтан Оразалы
1971 жылы 29 қаңтардағы «Қазақ әдебиеті»
газетінде былай дейді, «Өзінің 12 жылдық тарихында
республикалық теледидар
жұртшылыққа жүзден аса телеспектакль ұсыны.
Олардың арасынан халқымыздың тарихы мен бүгінгі замандастарымыздың
өмірін бейнелейтін, формалық жағынан алуан түрлі
шығармаларды ұшыратуға болады. Көрерменнің биік тағылымына лайық
сәтті қойылымдар
«көгілдір экранда» да баршылық, бірақ
кемшіліктердің шаш етектен екенін
де жасыруға болмайды.
Түптеп келсек, жетістік-кемшіліктердің төркіні тағы да - теледраматургияға тіреледі.
Біздің сәтті деп отырған
спектакльдеріміздің көпшілігі негізінен
әдебиеттің басқа жанрынан: роман, повесть,
әңгіме, театр пьесасының
экранға лайықталған түрлерінен туындап отыр.
Бұл ретте М.Горькийдің
«Челкашын» (режиссері Ш.Агишева), Б.Майлинның «Майданын» (режиссері
С.Естемісова), С.Мұқановтың «Шоқан Уәлихановын»
(режиссері Е.Проселов),
Ж.Гриваның «Түнгі дабылын» (режиссері Ы.Қасымов)
тағы басқаларды атауға болады. Бұл
қойылымдардың табысқа жетуі ең алдымен әдеби
негіздің сапалылығы мен режиссердің телеэкранның көркемдік бейнелеу тәсілін еркін пайдаланып, адам мнезін шебер аша білуінде деп ұғамыз» [3: 201].
1971 жылы Совет
Одағында жарық көрген 170 премьераның 30-дан астамы
Қазақ теледидарынан жарық көретін болса, олардың дені әдеби
шығармалардың негізінде жүзеге асқан.
«Сахна» атты
хабарлар циклы да театр өнерін насихаттауда маңызды міндет
атқарды. Бірнеше жылдан бері жаңадан қойылған
спектакльдерді талдау, республикалық, облыстық театрлардағы
жаңалықтар, белгілі сахна шеберлерінің шығармасы осы
хабардан көрсетіліп келді. Әрине, барлық туындының
сапасы біркелкі емес, ішінде асығыс әзірленген, мазмұы
жұтаңдары да кездесіп қалады. Бірақ, көпшілігі
көрермен көңілінен шығып, жақсы пікірлерге ие
болып жүр. Сахна өнерінің қыр-сырын, актер, режиссер, драматург
творчествосының ерекшелігін ашып, көрермен талғамын
қалыптастырды. «Сахнаны» жүргізуші белгілі актерлер,
жүргізушілер, көптеген материалдарды
пайдалана отырып, өз әріптестерінің шығармашылығы
жөнінде ой толғайды [3: 85].
Елубай
Өмірзақовтың 80 жылдығына арналған «Сахна» атты хабар да сол
уақыттағы өз көрермендерінің
көңілінен шыға білді.
1977 жылы 13 маусымдағы
«Қазақ әдебиеті» газетінің деректеріне сүйенсек,
қазақ теледидарының көрермені 11 миллионға
жеткен. Ол кездегі телебағдарламаларға қойылатын талап та
жоғары. Ең бастысы әрбір қойылым мен әдеби, музыкалық
хабарлардың идеялық, көркемдік сыры миллиондаған
көрерменнің көңілінен шығардай болуы шарт болды.
Осы кезеңде көрермен көңілінен шыққан
бағдарламалар да болды. Олардың қатарына «Халық
қазынасы», «Шұғыла», «Творчество», «Сахна»,
«Қымызхана», «Алтыбақан», «Творчестволқ портреттер» т.б.
циклдар бойынша берілген бағдарламалар, шағын экранда шалқар өмір шындығын
бейнелеп, әдебиет пен
өнердің келелі
мәселелерін қозғауға
зор мүмкіндіктің барын танытады.
Бұл
айтылғандардың барлығы әдеби-драмалық бағдарламаларда
кемшілік жоқ деген ұғымнан тумаса керек. Ара-тұра
сапасыз бағдарламалар шығып, көркемдік құны
төмен бағдарламалар кездесіп қалады. Оның басты себебі
– теледидарлық сценарийлердің сапасыздығынан, бірқатар
жазушылардың әдеби сценарий
жазуға құлықсыздықтарынан болып отыр. Маман
режиссер, оператор кадрлардың тапшылығы да сезіледі. Сол жылдары
халықты елең еткізген хабарлардың бірі – «Сұхбат» циклі.
Халқымызға аты белгілі, сөз зергерлері мен өнер
шеберлерінің өмір жайлы толғаулары, ел-жер туралы ойлары сол
заман көрермендерін бей-жай қалдырмады.
Қорыта келе
айтарымыз, теледидар көрерменiнің рухани дамуына әсер ететін
бағдарламаларды көп көрсетті. Тікелей
бағдарламалардың саны өстi, «ашық микрофондар» пайда
болды, эфирдің монологтік бағдарламалары диалогиялық формаларға
ауысты, тікелей телефон қосылулары теледидардағы кәдiмгi
құбылыс болды. Осынау хабардың логикадан тыс формалары –
диалог, айтыс, пiкiрталас аудиовизуальді журналистикада кәдiмгi
құбылыс болды.
Әдебиеттер:
1. Оразалы С.,
шығармалар жинағы, -Алматы: Таймас, 2012. – 42-64б.
2. Омашев Н., 1920
жылдардағы кеңестік журналистика, - Алматы: Қазақ
энциклопедиясы, 2013. – 112б.
3. Омашев Н.,
Қазақ журналистикасы: қазақ теледидары, -Алматы 2008. –
201б, 2-том.