«ҚАЗАҚСТАН
- 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: БІР ХАЛЫҚ –
БІР ЕЛ, БІР ТАҒДЫР
Нұрбаева Ж.Р.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті,Қазақстан.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» стратегиясы
– қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Жолдауын жариялағаны белгілі. Жаңа стратегиялық
бағдарламада Елбасы еліміздің ендігі межесі мен алар асуын
айқындап берді.Мемлекет басшысы ел халқының алдына 2050 дейін
жүзеге асыратын стратегиялық бағыттарды жариялады.
Алдағы 35 жыл ішінде өміршең етілуге тиіс нақты
тапсырмалар мен міндеттердің тұтастай бағдарламасы мемлекет
үшін әрі қарай дамудың негізгі кілті болып табылады.
Келешектегі кешенді іс-қимылдардың барлығы егжей-тегжейлі
көрсетілді. Басты мақсат – ХХІ ғасырда қазақ
тілінің орнықты дамуын жалғастыру.
Маңызы
зор құжатта адам – мемлекеттің басты
құндылығы деп аталады. Ел азаматтарына деген
қамқорлық, олардың әл-ауқатын арттыру,
тұрғындар үшін жаңадан игіліктер жасау, тағы да
басқа әлдеқайда тиімді тетіктер қарастыру – Жолдауда
жүктелген негізгі міндеттер. Қоғамдағы әйел
азаматтар – аналарымызды қорғау да әлеуметтік саясаттың
құрамдас бөлігі болып саналатыны айтылды. Жаңа
әлеуметтік қағидаттарына сүйене отырып,
кедейшіліктің өсуіне жол бермеу тапсырылды. Елдегі үдерісті
одан әрі жалғастырушы –жастар қоғамына қатысты
міндеттерде өзектілігімен танылды. Жастар – біздің келешегіміз.
Болашақ қазіргі жастардың қолында. Бірден-бір
көздеген мақсат еліміздегі адами капиталды барынша дамыту. Әр
адамның білімі мен біліктілігін өсіру, ұзақ
өмірін қамтамасыз ету, оның ой-санасын, дүниетанымын,
өмірге деген белсенділігі мен мәдени пайымдауын күшейту –
бұның бәрі адами капиталды көбейту үшін
күрес. Бұл әлемдік күрес, барша әлем елдері
назарындағы үрдіс. Стратегия да осы әлмдік үрдісті
берік ұстап, жастарды, ел азаматтарын заманның өктем
талаптарына сай болуға шақырады, болашақтың жолдарын
ұсынады. «Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық
жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс
жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс».
Қазіргі
күні әлем елдері шама – шарқынша алдағы жүз
жылдықтарға жоспарларын бекітуге және түрлі
тәуікелдер туа қалған жағдайда қандай
әрекеттер қабылдауы керектігін бағдарлауда. Сондықтан
да 2030 жылға дейінгі құрылған стратегиялық
жоспардағы тапсырмалардың көп бөлігін жүзеге
асырған еліміз үшін жаңа даму баспалдағы болғаны
анық. Елбасы осы тұрғыда кезекті рет көсемдік пен
көрегендік танытып, жұртына жаңа леп әкелгендей болды.
Жаңа стратегиялық бағыт, яғни 2050 жылға дейінгі
тарихи жұмыс тізбесі бүгінгі экономикамызды жаңа
деңгейге көтеретіндігіне дау жоқ. Бізге қазір тың
технологиялардың құлағында ойнайтын бес аспап мамандар
қажет. Еліміздегі әрбір азамат бәсекеге қабілетті
болғаны басты шартқа айналып отыр. Егер кез келген қазақстандық
басқа елдердің азаматтарымен өзі меңгерген
мамандық бойынша тең отырып ой таластыруға жараса, онда
мемлекетіміздің шоқтығы одан бетер арта түседі.
Нұсұлтан
Әбішұлы Назарбаев жалпы ішкі өнім үлесіндегі шикізат
өндірісінің көлемін төмендетіп, қайта
өңдеу технологияларын қолға алу қажеттілігін
мықтап айтты. Бұл халқымыздың маңдайына берген
бағы қазба жер байлықтарына ұқыптылықпен
қарап, қоршаған ортамызды сақтап, жоқтан бар
жасауды, қолда барды кәдеге асыруға, өндірістік салада
кластерлік жүйе қалыптастыруға міндеттейді. Сонымен
қатар, барша қазақстандық үнемшілдікті басты
назарда ұстауы керек. Қолда бар ресурсты тиімді әрі сауатты
пайдалансақ қана ол келер ұрпағымызға игілік
әкелері сөзсіз. Жолдауда бұл мәселе де көрнекті
орын алған.
Алдағы
күндері Қазақстан үкіметі назар аударуға тиіс он
жаңа жаһандық қауіпті де қолға таяқ
ұстатқандай етіп көрсетіп, олардың алдын алудың
жолдарын жария етті. Яғни экономикалық тұрғыдан
жасалған көрегендік, салмақты да сарабдал сараптама
қазақ елін жаһандық қатерлерден аман алып
қана қоймай, еңсеріп, алға жылжудың жолдарын
қарастырған. Өз сөзінде елбасы: « Біздіңең
басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің
ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін
мүмкіндік те, ресурс та, білімді адамдар да, берекелі халық та
бар», - екенін атап өтті. Бағдар берілді, жоспар жасалған,
енді тек қуатты еңбек ету ғана қалып отыр.
Болашақта отандық тауарлар сапалық тұрғыдан
Еуропа елдерімен тең қолданылатын жағдайға жетіп,
ұлттық брендке айналуы шарт. Сондықтан да, озық
технологияларды игеру ұлттық идеяға айналып, экспортқа
«Қазақстанда жасалған» деген таңба соғылған
өнімдерді шығару қажет. Бұл үшін, әрине,
инновациялық жаңалықтар өндірісте сауатты
қолданылып, әлемдік ақпараттардан қалыс
қалмауымыз керек. Алдағы мақсат – осы аталған
жұмыстардың барлығын жүзеге асыратын мамандар дайындау.
Елбасы
болашаққа бағдар жасай отыра ең бірінші кезекте
жұртымыздың жайлы тұрмыс кешіп, әлеуметтік ахуалы
мығым болуына басты назар аудартты. Экономикалық,
интеграциялық жаңашылдықтардың барлығы да осы
мақсатты көздеуде. Сол себепті жұмыла көтеріп,
жүкті жеңілдетуіміз қажет. Бұл тұрғыда
Президент жершілдік, рушылдықдіни бұра тартушылықтың
тамырына балта шабу керектігін, жастарымыз бұл орта ғасырлық
дәстүрлерден бойларын аулақта ұстаулары тиіс екендігін
қадап айтты. Жүзден астам ұлт пен ұлыстың басын
біріктіріп отырған ортақ Отанымыз – Қазақстанда
барлық диаспоралардың өкілдеріне салт-дәстүрлерін
жандандыруға, өткен тарихтарын түгендеуге жағдайлар
жасалған. Алайда олардың барлығы жалғыз
Отанымыздың мүддесі үшін еңбек еткендері абзал.
Президент
«қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі
керектігін» тағы да сөз етті. Бұған дейінгі
Жолдауларында да мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру
турасында мәсел қойған. Бүгінгі таңда ана
тіліміздің өркен жаюына демеу көрсетіліуде, Үкімет
деңгейіндегі жаңа бағдарламалар қабылданып,
көптеген шаралар қолға алынуда. Елбасы қолдаудың
жалғаса беретіндігін алға тартты. Ұлттың ең басты
байлығы болып саналатын қазақ тіліне әрбір
қазақстандық құрметпен қарауы
қажеттігін ескертті.
Президент
Қазақстанның қазіргі заманғы аталған
сын-қатерлерге жауап ретінде дамудың 2050 жылға дейінгі
кезеңіне арналған Стратегияны қабылдады. Жаһандық
экономиканың кіндігі Азия -
Тынық мұхиты өңіріне жедел ауысып барады, деп
жалғастырды өзінің сөзін президент. Бүгінде біз
«Қазақстан – 2030» Стратегиясын қабылдаған сәттен
мүлдем басқа жағдай мен мүмкіндіктерде өмір
сүріп отырмыз. 2050 – бұл қазіргі
кеде әлемдік қоғамдастық бағыт ұстанып
отырған нақты мерзім. Біздің нақты мақсатымыз – 2050 жылға
қарай әлемнің аса дамыған 30 мемлекетінің
қатарына қосылу, деп атап өтті Қазақстан басшысы.
«Қазақстан
– 2030» даму стратегиясында көрсетілген міндеттер биік асулар, қол
жетпес белестер ретінде көрінген. Бүгінде біз оның басым
бөлігін мерзімінен бұрын орындап отырмыз. Сондықтан, 2050 –
жылға дейінгі бағдарламаны жүзеге асыру мүмкіндігі
жоғары маңызға ие. Президент ол құжатың
негізгі тетіктерін жастарға ерекше ілтипатпен жеткізді. Жастар қауымына
артылған жүктің салмағы ауыр. Сондықтан,
қазақ жастары аталған бағдарламада көрсетілген
негізгі мақсат – міндеттерді жете түсінуі тиіс. Елдің кемелді
келешегі – өркениетке апаратын жиырма бірінші ғасырдың
жаңалықтарын жете ұғынған өскелең ұрпақтың
қолында. Ендігі міндет – Елбасы жүктеген міндеттерді орындау
мақсатында жұмыла еңбек ету.
Жолдаудағы
маңызды бағыттардың бірі – қазақстандық
патриотизм. Жалпы, барлық құнды еңбектер,
жаңалық атаулы тек отансүйгіштіктің арқасында
дүниеге келеді. Негізі, патриотизм мен намыс тамырлас, егіз
ұғымдар. Стратегия біздің болашақ табыстарымыздың,
алдағы ғасырдың ұзақ жолының бағдары,
жолбасшылық болмақ. Қазіргі жолайыры көп заманда адам
да, бүкіл елде адасады. Бізден екі ғасыр бұрын
тәуелсіздіктерін алған Латын Америка елдері дамитын дұрыс
жолдарын таба алмай бір жарым ғасыр бір ілгері, бір кейін жүріп,
содан кейінгі жарты ғасырда ғана бағыттарын түзегені
бәрімізге белгілі. Жүрер бағытын дұрыс анықтай
алмай адасып жүрген елдер де әлі баршылық. Сондықтан
стратегия нық басып, мақсаттарымызға жетуімізге
көмектеседі. Адамға кез келген мақсатқа жету үшін
мотивация керек.
Мотивация
арқылы адам мақсаттарына жетеді. Стратегия – біздің
мотивация, сол арқылы біз мақсаттарымызды бағындырып
нәтижеге жетеміз, ғаламдық проблемаларға төтеп
бере аламыз.