Демеубаева Гульжазира Құрманғазиевна, Турсынбаев Абай Закирович

 

Оқушыларға массасы айнымалы пассив гравитациялық дененің ілгерілемелі  қозғалысын сабақ барысында түсіндіру

 

Қазіргі таңда білім беру жүйесін реформалаудың маңызды бағыттары қатарынан білім сапасын көтеру мәселесі жетекші орын алады. Жалпы білім беретін мектептерде білім сапасын арттыру, білім беру мазмұнын жетілдіру, оқыту үрдісін жаңа сапалық денгейге көтеру мұғалімдердің әдістемелік шеберліктерін арттыру сияқты факторлармен байланысты. 
Соңғы жылдарда педагогикалық процесті ізгілендіру тенденцияларын күшейуі жаратылыстану пәндерін оқытуға аса көңіл бөлініп, болашақ ұрпақтың техникалық білімдерінің терең болуын талап етіп отыр.

Мектептерде арнайы жабдықталған физикалық лабораториялар, жаңа буын оқулықтары т.б. оқыту үрдісін жетілдіруге қажетті оқу-техникалық және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге үлкен қаржы бөлініп отыр.

Оқушының классикалық және қазіргі заманғы физика мен физика теорияларын, физиканың негізгі заңдарын, сондай-ақ физиканың әр саласындағы теориялық және тәжірибелік-машықтану есептерін шешудің физикалық зерттеу әдістерін қолдануда дағдылары мен біліктерін қалыптастыру, өзіндік танымдық іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру; олардың болашақта кәсіптік іс-әрекеттеріндегі нақты есептерді шешуге көмектесетін физикалық құбылыстарды ғылыми - тәжірибелік зерттеудегі әдістерді меңгеріп, қолдана білуін қамтамасыз ету. Классикалық және қазіргі заманғы физиканың негізгі теорияларын, заңдарын және тұжырымдамаларының табиғатын және олардың ішкі байланыстарын ашу; оқушының болашақта кәсіптік іс- әрекеттеріндегі нақты есептерді шешуге көмектесетін физиканың әр түрлі салаларындағы пәннің жалпылама типтік мәселелерін (теориялық, эксперименттік және практикалық) шешуде олардың дағдылары мен біліктерін қалыптастыру және ары қарай жеке өз беттерімен білім алу әдістерін меңгерту; оқушының өзіндік, танымдық іс-әрекетін, компьютер көмегімен физикалық құбылыстарды моделдеуді меңгеруін және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға дағдыландыру.

Физика курсын оқып үйренуде оқушы:

-негізгі физикалық теориялар мен принциптерін қолдануды, зерттеудің физикалық әдістерін, негізгі заңдар мен олардың қолдану шектерін білу;

-нақты физикалық есептерді және жағдайларды шешуде териялық білімді қолдануды,физикалық эксперимент нәтижелерін талдауды, компьютер көмегімен физикалық құбылыстарды моделдеуді үйрену;

-өлшеу құрылғыларын қолдануды, алынған мәліметтерді өңдеуді және есептеуді, физикалық эксперименттерді жүргізуді білуі қажет.

«Физика» курсына классикалық және қазіргі заманғы физиканың негізгі бөлімдері кіреді. Қазіргі заманғы физикада оның заңдары мен теориялары мәнін жоғалтқан жоқ, олар ары қарай дамыды, жалпыланды және олардың қолдану шегіне байланысты критикалық бағаланулар алынды және олар техникада тура және жанама түрде қолдануда

Эйнштейннің гравитация теориясы теориялардың ішіндегі ең көне, математикалық ғылымдарындағы құрамалы теория болып табылады. 1915-жылы толық дәлелденгеніне қарамастан бұл теория 1960-жылдарға дейін көптеген физиктер тарапынан зерттеулерге алынбады. Бірақ әлемде, әсіресе астрономия мен  астрофизикада, элементар бөлшектер физикасында ашылған жаңалықлар Эйнштейннің теориясында болған физиканың әр қилы тараулары бойынша ізденіс жасаған ғалымдар дың қызығушылықтарын арттырды, соған сәйкес бұл бойынша орындалған ілім-зерттеулер жұмыстарының санын көбейтіп жіберді. Механика курсында денелердің және олардың бөліктерінің кеңістікте уақыт өте болатын салыстырмалы қозғалысы қарастырылады. Механика заңдары көптеген эксперименттік мәліметтерге негізделеді. Механика дегеніміз бақылаулардың, күнделікті өмірдегі тәжірибелердің және арнайы жасалған экспиременттердің жалпылама қортындысы екенін көрсету. Механика-эксперименттік ғылым болғандықтан оқушының бақылау, физикалық шамаларды өлшеу және эксперимент жасаудың негізгі әдістерімен таныстыру қажет, пәнді оқыту физикалық демонстрациялар көрсетумен және жалпы физикалық практикумның лабораториялық жұмыстарын жасатумен қоса жүргізілуі қажет.

Механика адекватты математикалық түрде түжырымдалған физикалық теория болғандықтан оқушының алған теориялық білімдерін механиканың практикалық есертерін шығаруға пайдалана білуді игеруі қажет. Сондықтан лекциялар жеткілікті түрде математикалық аппаратты пайдаланып оқылуы қажет және физикалық есептерді шығаруды үйрету үшін есеп шығаратын практикалық сабақтар қоса жүргізіледі.

Қатты дене механика курсы кинематиканы қарастырмайды, бұл бөлімнің тек кейбір маңызды деген ұғымдарды ғана меңгеру талап етіледі. Динамиканы алсақ та негізгі мәселе болатын тек (жылжымалы оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасы). Нақты денелер түсірілген күштерінің әсерінен азды-көпті деформацияланады және оларды кейбір бөліктері бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстыруы да мүмкін. Олай болса, қатты денелердің қозғалысын қарастырғанда абсолют қатты дене ұғымы ендіріп, оны түсірілген күштер әсерінен мүлде деформацияланбайтын жорамал дене деп ұғу керек. Абсолют қатты дененің жеке бөліктерінің бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстыруы мүмкін емес. Қатты дене жазықтағы қозғалысын екі қарапайым ілгірлемелі және айналмалы қозғалыстың қосындысы деп қарастыруға болады.

Ілгерлемелі қозғалыс. Қатты денеде ойша жүргізілген түзудің өзіне-өзі параллель орын ауыстыруын ілгерлемелі қозғалыс деп аталады. Ол түзу сызық, қисық сызықты болуы мүмкін. Қозғалыстың бұл түрінде дененің барлық нүктелері ұқсас траектория сызады. Сондықтан дененің қозғалысын кинематикадағыдай суреттеу үшін, оның кез келген нүктесінің қозғалысын сипаттау жеткілікті. Өйткені ілгерлемелі қозғалыс кезінд қатты дененің барлық нүктелерінің жылдамдықтары, сол сияқты үдеулері де бірдей болады.

Айналмалы қозғалыс. Айналмалы қозғалыс дегеніміз қозғалыс кезінде дененің барлық нүктелері шеңберлер сызатын және олардың центрлері айналыс осі деп аталатын бір түзудің бойында жататын қозғалыс. Жалпы алғанда дене бір мезгілде әрі ілгерлемелі, әрі айналмалы қозғалыста бола алады. Мұндай жағдайда берілген уақыт мезетінде дене лездік осьтен айналады. 

Сұйықтың қозғалысы. Қатты денелердегі сияқты сұйықтар мен газдардың қозғалысын да кинематикалық және динамикалық тұрғыдан қарастыруға болады. Газдар мен сұйықтар өзара ұқсас болатындықтан оларды әдетте бірінен-бірін бөлмей, тек газдардың сығылғыштығын ескермеуге болмайтын жерде ғана олар бөлек қарастырылады. Сондықтан сұйық туралы айтылғандар газға да қатысты деп түсіну керек. Кинематикалық тұрғыдан қарағанда сұйық қозғалысын оның әрбір бөлшегінің қозғалысымен сипаттауға болады. Сұйық қозғалысын жете түсіну үшін ағын сызықтары және ағын түтігі деген жаңа ұғымдарды пайдалану тиімді. Қалыптаспаған қозғалыс (стационар емес) үшін ағын сызықтары уақытқа байланысты өзгереді, ал қалыптасқан (стационар) жағдайда олар тұрақты болвп қалады. Бұған қоса, қалыптасқан қозғалыс жағдайында ағын сызықтары бөлшектің траекториясына дәл келеді. Сұйық қозғалысын қарастырғанда көп жағдайда, сұйықты мүлде сығылмайды деп санауға және оның бір қабаты екінші қабатымен салыстырғанда орын ауыстырса, үйкеліс күштері (немесе тұтқырлық) пайда болмайды деп жоруға болады. Осындай мүлде сығылмайтын және мүлде тұтқыр емес сұйық идеал сұйық деп аталады.

Қазіргі таңда білім беру жүйесін реформалаудың маңызды бағыттары қатарынан білім сапасын көтеру мәселесі жетекші орын алады. Жалпы білім беретін мектептерде білім сапасын арттыру, білім беру мазмұнын жетілдіру, оқыту үрдісін жаңа сапалық денгейге көтеру мұғалімдердің әдістемелік шеберліктерін арттыру сияқты факторлармен байланысты. 
Соңғы жылдарда педагогикалық процесті ізгілендіру тенденцияларын күшейуі жаратылыстану пәндерін оқытуға аса көңіл бөлініп, болашақ ұрпақтың техникалық білімдерінің терең болуын талап етіп отыр.

Мектептерде арнайы жабдықталған физикалық лабораториялар, жаңа буын оқулықтары т.б. оқыту үрдісін жетілдіруге қажетті оқу-техникалық және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге үлкен қаржы бөлініп отыр.

 

Әдебиеттер.

1. Трофимова Т.И. Физика курсы. - М. : «Академия»., 2006

2. Савельев И.В. Жалпы физика курсы: 1,2 –ші кітап: Электр . –М.: «Издательство АСТ», 2004.

3.  Кенжебекова А.И., Сыздықова Р.Н., Қызғарина М. Физика 2. Дәрістер жинағы.-Алматы,АЭЖБУ, 2012

4. Трофимова Т.И. Физика курсы бойынша шешулері қоса берілген есептер жинағы.-М.: «Жоғ. мектеп», 2010