Психология и социология /8. Педагогическая психология

 

Педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан психологтар қауымдастығының мүшесі, Халықаралық психологтар Одағының мүшесі, коррекциялық психолог Жанибекова С.С.

Т.Жургенов атындағы №136 мектеп-лицейдің мұғалімі Л.С.Абшикенова  

 

Облыстық балалар оңалту орталығының оқу және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Шаймерденова С.К.

 

Облыстық балалар оңалту орталығы, Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы.

 

Дамуында ауытқуы бар балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуі

 

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан күрделі жаңалықтар, өзгерістердің кемтар балалар мәселесіне де байланысты екендігі айқын. Атап айтқанда, дамуы ауытқыған кемтар балалардың дұрыс тәрбиеленіп, жан-жақты дамуына көп көңіл бөлініп, олардың іс-әрекеттеріне және барлық қасиеттерінің ерекшеліктеріне зерттеулер жүргізіліп, өзекті мәселе ретінде қарастырылған. Сонымен қатар мұндай балалардың біліміне, іскерлігіне, қабілетіне, эмоциялық ерік жігеріне ден қойылып, арнайы мектептер, орталықтар, бала бақшалар ашылуда.

Қазіргі кезде арнаулы түзете-дамыту ошақтары әртүрлі психология-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік көмектер алуда. Кемтар балалардың әр біреуін өзін жеке тұлға ретінде сезініп, өмірдегі орнын таба білуге үйрету үшін алдымен өзін-өзі тану тақырыбына байланысты жаттығулар, тренингтер, баяндамалар оқылуы қажет.

Кемтар балалардың оқу, ойын, еңбек үстіндегі қоршаған ортасымен эмоционалды қатынасы бақыланып, жағымсыз эмоциялардың жойылуы үшін әдістемелер пайдаланып, қолға алынған тиімді шара. Түрлі ауытқушылығы бар балалардың эмоционалды күйлерін бір-бірімен және қалыпты күйдегі балалармен салыстыру қандайда бір қорытындының шығыуына себепші бола алады. Өмірге келген әр кемтар баланың қыр-сырын білу үшін жан-жақты бақылаулар жүргізіледі.  

Мінез-құлқы, эмоциясына байланысты бұл балаларды мектеп жасына жеткеннен-ақ қоғамдық өмірмен, жаңа ортадағы өз міндеттерімен таныстырамыз. Осы кездерде кемтар балалардың өздерінің ішінен қабілетті, эмоциялық ахуалын қалыпты меңгере алатындарын көре аламыз.

Эмоцияның бала өмірінде дамуы жайлы әр кезеңдегі балаға мысал келтіре отырып, салыстыру түрінде Ч.Дарвин, Г.Рибо, Г.Спенсер, Н.Н.Ланге, У.Кеннон, Э.Клапар, В.Гюго т.б. жазса, психикалық дамуы кешеуленгендердің жалпы эмоциялық ахуалдары жөнінде А.В Запорожец, П.Я Трошин, И.Куртман, С.Л.Рубинштейн, Л.Н.Каменский, Т.А.Власова, М.С.Певзнер, И.Б.Шевченко, т.б. жазды. Сондай-ақ анамальды балалардың эмоционалды қозғыш болуының себептері жайында ғалымдар тарапынан мәселелер көтеріліп, идеялар  ұсынды.

Ерекше балаларға маман мен тәрбиеші, ата-аналар тарапынан білім беріп, эмоционалды жетілулеріне шығармашылық жұмыстарды ғана жүргізген жеткіліксіз. Сонымен қатар баланың эмоционалды дұрыс жетілуі  үшін алдымен өзінің тілегінің, талпынысының болуы қажет. Жүргізілген зерттеулер көрсеткіші бойынша дамуы кешеуленген балаларды түзете-дамыту жұмыстарына көбірек мән берілуі қажет етеді.

Кіші мектеп жасындағы кемтар балаларға арналып ұйымдастырылған психикалық ойындар өте аз. Шығармашылық әрекетке бейімдеу, ақыл-ой әрекетін белсендіру тәсілдедері шектеулі ғана. Мектеп жасындағы керең балалардың отбасындағы эмоционалды қатынастар мәселесі әлі күнге дейін  арнайы психологияның зерттеу пәні болған емес. Бұл сұрақ С.В.Алехина, В.К.Зарецкий [1], Е.И.Исенин, Б.Д.Корсунский, В.Петшок т.б. психологтардың зерттеулерінде кіші балаларға арналып қарастырылған болатын.

Кемтарлықпен туылған балаға тәрбиелеушілер тарапынан білімді жан-жақты беру, оларға өз-өздерін кемсітуге жол бермеу және өз-өзімен жетіліп, дамуына көмек көрсету баланың эмоцияны дұрыс меңгеріп, қабылдауына арнайы ашылған үлкен бір жол.

Мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселесі бүгінгі күнге ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі, ерекше қамқорлықты қажет ететін осы санаттағы балаларға Президент пен Үкімет көп көңіл бөлуде. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі  № 342-2 «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық түзеу аркылы қолдау» туралы Заңын [2] іске асыру бағытында облыста арнайы түзету мекемелер жұмыс жасауда.Бұл мекемелердің негізгі міндеті-мүмкіндігі шектеулі  балаларға көп салалы көмек беру, бұл өте қиын процесс, себебі, бұл балалар  оқуға  жарамайды және белгілі бір жұмыс жасау бағыты айқын болмады. Олардың өмірлері бөлме өсімдіктері өмірімен пара-пар болуы, бірақ шетел мамандарының жұмыс тәжірибелері және дамуында ерекшеліктері бар балаларға деген көзқарасымыз, әрбір бала адамзат сияқты өмір сүруі керек екендігін, яғни керекті білім мен тәрбие алуға құқығы бар екtндігін дәлелдеп отыр. Дамуында кез келген ауытқуы бар балалар үшін ең маңыздысы бұл аз мөлшелерде өзіне қызмет көрсету дағдыларын меңгеру, қоршаған дүниеде бағдарлануға үйрену және қаншалықты мүмкін болса, соншалықты дербес өмір сүру.                 

Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі - ұлттың болашағын анықтайтын балалар мен оқушылардың денсаулығы болып табылады. Денсаулық - комплексті түсінік. Ол аурулар мен физикалық ауытқудың болмауын білдіреді, сонымен катар, тұрғылықты жердегі экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жанұя жағдайларымен, тамақтану, дәрігерлік көмек сапасымен, педагогтар мен психологтардың балалармен жұмысына байланысты.

Бала ми шарының күрделі функциясы, оның психофизиологиялық дамуы ойлау жүйесінің ерекшелігімен, моторика жағдайымен байланыстылығын педагогика мен психология саласын зерттеуші көптеген ғалымдар көрсетіп кетті [3-4]. Көбіне мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың бағдарлау әрекеттерінің жеткілікті дәрежеде дамымауынан олардың қолының бұлшықеттеріне көп зақым келеді. Бұл әсіресе, кіші мектеп жасындағы балалар мен ақыл-есі кем оқушылардағы бұзылыстардан көрініс береді. Бұл көптеген ғалымдармен зерттелген, әсіресе Р.И.Лалаева, В.Г.Петрова, А.К.Аксенова, В.В.Воронково және тағы басқалар. Моториканың дамымай қалуы жазу қабілетінің баяулауына және бұзылуына алып келеді. Ақыл-есі кем балаларда бұл дамымай қалушылық өздігінен қалыпқа келмейді, яғни арнайы жағдайларда оқытудың арнайы әдістері мен тәсілдеріне қолдануды талап етеді.

Демек барлық тапсырмаларды орындау нәтижелерінің жоғары көрсеткішке ие болуы алдағы уақытта жазуға үйретуде бала қолдарының ұсақ моторикасының қалыптасуына алғышарт бола алады.

Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл жерден үнмен немесе балабакшамен салыстырғанда, әдеттен тыс бірденелер кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланың бұл ішкі позициясы екі жағдайда манызды. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың сыныптағы мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарып жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды. Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар: баланың топқа келген алғашқы күнінен-ақ оған сабақтары, үйдегі және қоғамдық ортада  мінез-құлық ережелерін айқын да нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасының, міндеттерінің және құқығың бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу тусіндіру маңызды.

Елбасы өзінің жолдауындағы халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарына қолдау көрсету атты тармағында «өңірлік әскери жан – жалдарға қатысушылар мен халықтың басқа да бірқатар санаттарына мемлекеттік қолдау көрсету деңгейін көтеруге болады, әрі солай істеу қажет деп санаймын» - деп атап өтуі оған куә.

Литература:

 

1.                 Алехина С.В., Зарецкий В.К. Инклюзивный подход в образовании в контексте проектной инициативы «Наша новая школа» // Психолого-педагогическое обеспечение национальной образовательной инициативы  – М.: «Наша новая школа», 2010 - С.104-116.

2.                 Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі  № 342-2 «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық түзеу аркылы қолдау» туралы Заңы.

3.                 Назарова Н.М. Интегрированное (инклюзивное) образование: генезис и проблемы внедрения» // Научно-методический журнал «Коррекционная педагогика». – 2010. – №4 (40).

4.                 Рубцов В.В. Психолого-педагогическая подготовка учителей для новой школы // Психологическая наука и образование. – 2010. - №1 – С. 5-12.