ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ

Бескемпір А.  Амалбекова Г.Е.

 

Түйін сөздер: туризм, индустрия, перспектива , ландшафт, туристік ресурстар.

 

Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Туризм экономиканың жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Туризм саласының еліміз үшін пайдасы мен перспективасы зор, маңызды салалар қатарына жатады. Елімізде туризм саласын арттырудың бірден-бір көзі Туристік компаниялармен қызметтерімізді жақсартуымыз қажет. Туристтік кешен қызметтер сферасының бір бөлігі, ал сферамызды дамыту барысында көптеген шешілуі тиіс мәселелерге тап болуымыз мүмкін.

Туризм саласы – экономикада бизнестің ең табысты және қарқынды дамудың толықтай көрсеткішін беретін сала. Туризм индустриясы көптеген елдердің бюджетінің негізгі үлесін құрайды және сол елдің экономикасы тек бір салаға ғана, яғни туризм саласына ғана бағытталған.Бұл индустрияның үлесіне әлемдік тауарлар мен қызметтер экспортының 9%-ы сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының егемендік алуы туризм саласының қызметтерін реттеуде және халқымыздың мәдени мұрасын жаңғыртуда ерекше табыстарға жеткізді. Туризмнің жедел дамитын сала және өсуі тұрақты, қоғам мен қоршаған ортаға әсерін ескере оырып, экономикалық салаларға қажеттігін есепке ала отырып,туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп айтуымызға болады.

Біздің еліміз Еуразия материгінің орталығында, Азия құрлығы мен Еуропа сынды алып елдерді біріктіретін жол торабтарында орын тапқан. Географиялық орналасуы тиімді біздің еліміздің халықаралық туристік қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіншілігі орасан зор. Мұнда туризмнің барлық түрлерінің дамуына, мәдени-тарихи объектілерге баруға байланысты – флора мен фаунаның сирек кездесетін түрлерін бақылауды қоса алғанда танымдық туризмнен бастап, оқиғалық және туризмнің басқа да белсенді түрлерін дамыту үшін мүмкіндіктері зор.

Белгілі-бір өндіріс саласын дамыту үшін, сол саланың әлсіз және күшті жақтарын,қауіптері мен мүмкіндіктеріне талдау жасалынуы тиіс.Осы сынды туризм саласын дамытуда да кездесетін кедергілерді болдырмай алдын алу белгіленген мақсатқа жетудің дұрыс бағытын таңдауымыз қажет. Сонда ғана біз туристік саланы дамытудың тиімді жолына жетеміз.

Туристiк ұйымдар мен Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық өкiлдiктерiнiң өзара бiрлескен iс-қимыл жасау тәжiрибесiн пайдалануға лайықты назар аудару керек. Елдiң туристiк элеуетiн жарнамалауда ұлттық авиатасымалдаушы мен басқа да көлiк кәсiпорындары пәрмендi көмек көрсете алады.

Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудиобейне жарнама материалдарын шығару және белсендi түрде тарату қажет. Қазақстанға туристердi таруға өлкетану жарияланымдары, жарнама баспа қызмет, оның iшiнде туристiк фирмалар мен қонақ үйлердiң жарнама-баспа қызметi өз ықпалын тигiзедi. Жаңа ақпараттық технолгияларды пайдалануға, оның iшiнде Интернет жүйесiнде Қазақстанның туристiк фирмаларының WEB-сайттарын құруға айрықша мән беру қажет.

Туристiк ағынды жөнелтушi елдердiң туристiк агенттiктерi мен бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiне арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиiмдiлiгi мол болады.

-Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.

Қаiупсiздiк туризмдi дамытуға, ең алдымен келушiлер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететiн басты фактор.

Туристiң қауiпсiздiгi мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристiң жеке басының iс-әрекетiне тiкелей байланысты.

Тұтынушыға туристiк сапар барысында қорғау мен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде ақпарат беру оған қауiпсiздiктi басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бiрге қауiпсiздiк пен сапа баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды әлемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристiк өнiмнiң ажырамас бөлiгi ретiнде үғынуға көмектеседi.

-Кадрлар даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету.

Қызмет көрсетумен байланысты және табыстылығы едәуiр дәрежеде осы салада жұмыс iстейтiн кадрлардың сапасына байланысты болатын қызмет — туризмде адамдар ресурсын жоспарлау айрықша мәнге ие.

Қазақстандағы тиiмдi туристiк салаға сәйкес кадрлар элеуетiн қалыптастыру үшiн: туристiк кадрларды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында туристiк қызметтiң әртүрлi қажетiлiгi мен даму деңгейiн ескере отырып, мамандануын анықтау; мамандарды оқытуда олардың отандық туристiк ресурстарды игеруiне, оларды пайдалану әдiстерiне, жаңа ақпараттык технологияларды, бiлуiне тiлдiк дайындауға негiзiнен иек арту.

Жоғарыда келтiрiлген туризм саласының даму бағыттары Қазақстан Республикасы бәсекеге түсе алатын және рентабельдi туризм индустриясын дамытуға толық мүмкiншiлiктерiне негiзделедi.

Қазіргі таңда Қазақстанда туристік мәселені шешу өте өзекті мәселелердің санатында. Елбасы өзінің Қазақстан халқына арналған әр жылдық Жолдауында елдегі туризмді дамытуға ерекше мән беруде.Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқына жасаған Жолдауында «бүкіл елдегі туризмді дамыту орындарын зерттеу керек, олар аз емес» деген болатын. Қазақстанда әлі игерілмеген туризмді дамытатын орындар жетерлік.Тек соған мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдаулар көрсетілсе,біршама уақыт аралығында басқа елдер сияқты Қазақстанныңда туризм саласы дамуын бастар еді.

Еліміздің табиғаты қолайлы,туризм саласын жоғары деңгейде дамытуға мол мүмкіндіктер бар екені белгілі.Алайда,туристік ресурстарымыз мол болғанымен, сол өнімдеріміздің шет елдерде насихаттай алмағандығы және жарнаманың дұрыс деңгейде болмағандығы оны экспорттауға кедергі жасауда. Сонымен қоса,саланың өнімдерін сыртқа шығаруға теріс ықпалын тигізіп жатқан мәселелердің бірі,индустриядағы менеджменттің әлсіздігі, материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі және инфрақұрылымның ескіргендігі, біліктілік кадрлар деңгейінің төмендігі,мемлекеттік қаржылық қолдаудың төмендігі және әлемді қаржылық дағдарыс жайлағанда отандық инвесторлар туризм секторына қаржылай қаражат көлемін жеткілікті деңгейде салмайды,нәтижесінде туризмнің даму қарқыны бәсеңдейді.Туризм саласының инфрақұрылымдық деңгейін дамыту үшін туристік ұйым орталықтарына бірқатар жеңілдік жасалыну қажет және туризм саласына инвесторлардың құятын инвестиция көлемін ұлғайту қажет.Осындай шараларға қол жеткізгенде ғана туризм саласының дамуына ілгері жылжуы мүмкін.

Еліміздің Қонақ үйлері, пансионаттары,демалыс орындары мен демалыс базалары, олардың орналасқан объектілері мен санаторий-курорттық мекемелерінің материалдық жабдықталу базасы айтарлықтай дәрежеде физикалық және моральдық тозуға ұшыраған. Қазіргі таңда біздің еліміздегі туристік орындардың басым бөлігінің  ахуалы, туристерге ұсынылатын демалыс орындары, сапа жағынан халықаралық талаптарға сәйкес келе бермейді,нәтижесінде елімізде демалатын туристердің санының аздығына алып келеді. Бұл мәселені оңтайлы шешу үшін Қазақстанда туристердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету қажет, сонымен қатар көлік қатынасының дамуына айтарлықтай мән берілуі тиіс, сонда ғана елімізге келетін туристер санының артуына азда болса үлесімізді қоса аламыз.

Дүние жүзінде туризмді дамытуды басты бағыт деп есептейтін елдерде, әдетте, туристік инфрақұрылымдарды, оның ішінде қонақ үйлерді және т.б демалыс орындарын дамытуды қолдайтын заңнамалық сипатта іс-шаралар қабылданады. Бұл орайда, мемлекеттік органдар мен қаржылық мекемелер туризмге салынған инвестициялардан жаңа жұмыс мекемелерін ашады, ашылған мекеме орындары ел экономикасына жоғарғы көрсеткіште кіріс әкеледі.Сол себепті әлемнің көптеген елдері туризм және т.б салаларды дамыту барысында мемлекет тарапынан айтарлықтай жеңілдік көрсетіледі. Мәселен, туристік орындарды көбеітім деген әр бір отандық азаматты,мемлекет басшылары салық мөлшерін жеңілдету туралы сынды заңнамалық шешімдер қабылдайды.Тек туризм саласының табысы арқылы өз елінің экономикасына жоғары деңгейде табыс әкеліп жатқан мемлекеттер өте көп.Мәселен,Кішкентай Израйль мемлекетінің экономикалық бюджет саласына туризмнен келетін табыс көзі 2 млрд.долларды құрайды,ал Тайландқа- 7 млрд.доллар, АҚШ-ң бюджетіне түсетін табыс мөлшері-50 млрд.долларды құрайды.Ал біздің елімізде шет елге баратын туристік сапарлардың мөлшері-50%-ға жуық болса,ал елімізге келетін туристік сапарлардың мөлшері 16%-ды ғана құрайды.Қазақстанға шет елдегіндей туризм саласының дамуына жеңілдіктер мен мемлекеттік қолдаулар жасалынғанда , туризм саласының даму мәселелері жүйелі түрде шешім табар еді.

Алайда елімізде туризмді дамыту барысында мүлде жұмыстар атқарылған жоқ деуге болмайды..Қазіргі таңда туризм саласындағы мәселелерді жүйелі шешу бағытында билік тарапынан көптеген орындалуға тиіс міндеттер атқарылуда, атап айтқанда - әртүрлі халықаралық жәрмеңкелерге қатысу, өз еліміз шеңберінде көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыру, сонымен қатар экологиялық туризмді насихаттайтын туристік фестивальдар мен акцияларды жүзеге асыру іс-шаралары өткізілуде.Ел экономикасын дамыту барысында туризмді дамыту – басты нысанға алынды.

Қазіргі таңда Қазақстан туризм саласын дамытуға айрықша көңіл бөлген жатыр. Еліміздің мемлекет басшылары Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес туризмге мемлекеттік басым бағыт берілген. Елімізде мәдени,тарихи,табиғи ресурстардың мол болуы бәсекелестікте артық­шылыққа жеткізіп, демалыс­тың белсенді түрімен, сауықтыру және спорттық туризммен белсенді айналысуға мүмкіндіктің барлығын көрсетеді.

Еліміздің Қарқаралы, Ұлытау, Ақтоғай аудандары ерекше мәдени-тарихи мұралардың және аймақтағы әдемі табиғат белсенді, спорттық, тарихи туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Қарқаралының мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің, Ұлытаудың, Қызыларайдың ұлттық табиғат парктерінің, сондай-ақ Балқаш көлінің байлықтары туризм саласынын дамутың көздері болып табылыды. Туризм саласы- құлдырамайтын сала қатарына жатады. Мамандардың жүргізген зертеулеріне қарасақ, орта есеппен,1 шетелдік туристің беретін табыс мөлшерін алу үшін,оған шамамен 15 тонна мұнай немесе 9 тонна тас көмір немесе жоғары сұрыпты бидайдан 12 тонна әлемдік нарыққа шығару қажет. Бұл орайда шикі зат сату еліміздің энергия көздерінің азаюына алып келеді. Шетелдегі экономистердің мәлметіне сүйенсек, 100 000 шетелдік турист демалыс аумағында 2 сағат болған кезде 35000 доллар немесе адам басына 1сағатта 17,5млрд доллар жұмсайды. Сонымен елімізде шикізатты сату өз алдына экономиалық тығырыққа тірелу болса,туризмді дамыту экономикалық тиімді болашақтың ұзақ мерзімін қамтитын құрамдас бөлігі.

Қазақстан Республикасында туризмді дамыту мақсаты:

-халықты ынталандыру 

-мемлекеттік және жеке меншік туризм сферасының тиімділігін артыру

-шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

-халықты жұмыспен толықтай қамтамассыз ету

-туризмді экономикаға табыс әкелетін салаларының біріне айналдыру

-республиканың туристік потенциялын арттыру

-табиғи байлықтарымызды сақтау және ұтымды пайдалану

-елдің инфрақұрылымын дамытуға үлес қосу

-елдің экономикалық  даму қарқынын арттырады.

Елімізде Туризм, спорт және дене шынықтыру орталығының тапсырысы бойынша аймақтық дамуды, ғылыми-зерттеу институты мамандары Қарағанды облысында 2012-2016 жылдар аралығында туризм саласын дамытудың мастер-жоспарын дайындады. Жоспарда туристік қызмет потенциалын нығайту, еліміздің туристік даму мүмкіншілігі басым аймақтарында ұлттық туристік өнімді қалыптастыру және туристік, көліктік инфрақұрылымдық дамытудың басым бағыттары анықталды. Сонымен қоса, осы салаға білікті кадрлар даярлау, туристік қызмет көрсету мекемелері, сервис және туризмнің жаңа кәсіпорындарын ашу, «Бизнестің жол картасы – 2020», «Сарыарқа» ӘКК, мемлекет пен жеке меншіктік әріптестіктің аймақтық орталығы арқылы туризм саласына инвестициялық жобаларды таңдау мәселесі қарастырылды. Осы аталған шараларды жүзеге асырылса сыртқы туризмді жыл сайын 10%-ға, ішкі туризмді 12%-ға артуына мүмкіндік берер еді. Туристік қызметтен түскен кіріс жылына 10%-ға өсіп, 2016 жылға қарай 5 млрд. теңгеден асатын еді деп жоспарлануда.

Қорытындылай келе, Қазақстан дамытуға тиімді туристік зоналар орналасқан кең ауқымды территорияға ие. Дегенмен елімізде туризм саласы әліде болса тұтас индустрия ретінде қалыптаспаған. Болашақта туризм саласына мемлекет белсене қаржылай қолдау көрсетсе, туризм саласы ел экономикасындағы үлкен табысты сала болып қалыптасарына сеніміз мол. Туризмдi дамыту қай қырынан қарағанда да тиiмдi болып табылады, себебi, ол табиғи ресурстарымызды үнемдеуге, яғни шикiзат өндiрiсiнен тыс пайда табуға, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсартуға, халықтың мәдени - ағартушылық деңгейiн көтеруде маңызды сала екендiгiн айқындап отыр.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Шербакова С.А. Международный туризм: экономика и география/ Учебное пособие. – М.: Финансы и статистика, 2007. -144б.

2. Никитинский Е.С. Қазақстанның туристік құқығы. Туризм саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жинағы. – Астана, 2009. – 497б.

3. Туризмді дамыту мәселелері бойынша әдістемелік құрал (нормативтік құқықтық актілер жиынтығы). Талдықорған, 2006.

 4. Гельмле А.М. Концепция кластера, как основы обеспечения конкурентноспособности отраслей экономики. //Транзитная экономика. - 2008. - №4. С.5-7.

5. Куандыкова А.А. Исследование природы кластерных образований в экономике государства. //Аль- Пари. - 2008. - №1-2. С.43-44.