ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫН
ДАМЫТУДАҒЫ
МОНИТОРИНГ ОРНЫ
Э.ғ.к.,доцент Шомшекова
Б.К., магистрант Токтасынов .
І.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университеті, Қазақстан
Қазақстан
Республикасынын дербес мемлекет ретінде қалыптасуы аймақтардың экономикалық дамуына және
оның роліне айтарлықтай ықпалын тигізуде.
Республиканың әрбір аймағы еліміздің
шаруашылық кешеніндегі белгілі бір орынды ала отырып, басқа
аймақтармен бірігіп, бүтіндей отандық экономикалық
бірлікті құрайды. Сондықтан әрбір аймақтың
экономикалық өсуі, әлеуметтік жағдайы,
халықтың әл-ауқатын көтеру мен бюджеті,
қаржы жағдайы, аймақтарға шетел инвестициясын тарту, оны
тиімді пайдалану, салалар мен қатар шағын және орта бизнесті
дамыту сияқты және т.б. проблемаларды оңтайлы шешу бүкіл ел үшін маңызды.
Жалпы аймақтық
экономиканы дамытуға бағытталған
құралдардың экзогенді және эндогенді көздері бар.
Эндогенді
дамытуды ынталандыру тәсілдері табиғи ресурстар мен “экономикалық
орта” (өндіріс, транспорт, коммуникация, жинақталған
экономикалық әлеует және тағы басқалар)
және адам капиталы (білім,
квалификация, шығармашылық потенциал, кәсіпшілдік,
халықтың денсаулығы және т.б.) жағдайын
қамтитын аймақтардың
ішкі потенциалын белсендірумен байланысты.
Сондықтан
қазіргі уақытта бар технология мен өндірісті
ұйымдастырудың тәсілдеріне негізделген аймақтық дамуды
ынталандырудың мүмкін болатын эндогенді әдістеріне
келесілерді жатқызуға болады:
-
тікелей мемлекеттік реттеу;
-
өндіріс пен қызмет секторын ынталандыру;
-
шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
-
арнайы зоналар құру
[16, 27-31бб.]. [1].
Тікелей мемлекеттік
реттеу әдістері мемлекеттік меншікке негізделетіні белгілі. Аймақтардың
әлеуметтік-экономикалық дамуына мемлекеттің реттеуші
әсері халықтың, шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің өмір сүруінің
құқықтық негіздері және жалпы макроэкономикалық
(бюджеттік, салықтық, ақша-несие),
әлеуметтік-экономикалық, құрылымдық
инвестициялық, сыртқы экономикалық саясаттарды жүзеге
асыру, институтционалды құрылымдар арқылы жүргізіледі.
Оларды әзірлеу және тәжірибеге енгізу асырылатын шаралардың
интеграциялық аймаққа ықпалы және олардың
территорияларының әлеуметтік-экономикалық дамуының
жағдайына сәйкестікте болуы қажет.
Қазіргі
уақытта Қазақстанда меншікті мемлекет иелігінен алу үрдісі
жүріп жатқандықтан, бұл әдісті аймақтық
дамытуда қолдану қиынға соғады. Секторлық
ынталандыру құрылымдық және өнеркәсіптік
саясаттың тапсырмасымен ғана емес, кейбір жағдайларда, оны
аймақтағы экономикалық саясаттың бағыты ретінде
қарастырылады. Әсіресе, бұл қызмет сферасына
қатысты орын алып отыр.
Осы
жағдайда аймақтық саясатты жүзеге асырудың
экономикалық механизмі, оның ерекшелігін, стратегиялық
және тактикалық бағыттарын ескеретін, икемді және
дифференцацияланған болуы орынды.
Соңғы
жылдары Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту
ұлттық және аймақтық экономикалық
саясаттың әдістерінің бірі ретінде қолға алынып,
оң нәтижелерін көрсетіп отыр. Үкімет оның ұлттық
және аймақтық деңгейдегі құрылымдық
өзгерістерге бейімделудегі икемділігіне байланысты шағын, орта фирмаларды қолдайды. Мұндай қолдау
несие бөлуде және жеңілдікпен қаржыландыруда, кадрларды қайта оқытуға көмек көрсетуде, қаржы кәсіпорындарының
өндірісін басқаруда,
инвестицияны ынталандыруда,
технологиямен қамтамасыз
етуде және басқа да жағдайлардан көрінеді.
Шағын және
орта бизнесті аймақтық
экономикалық саясат шегінде ынталандыру және
олардағы экономикалық өсуге мүмкіндік жасалса, аймақта жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұндай көмек
түрі фирманың ерекшелігіне (капитал сыйымдылығы, қызмет көрсету саласына байланысты
айналмалы капитал көлеміне, жаңа технология мен
құрал-жабдық қажеттілігі және т.б.) және
өмір цикліне байланысты.
Ол үшін жекелей аймақтағы
әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпалы бар өндіріс
орындарына мониторинг жүргізу арқылы, оның
маңызды параметрлерін анықтауға болады. Ол мемлекеттік органдар мен жергілікті
өзін-өзін басқаруда, оның өзекті мәселесін
анықтауға керекті сенімді ақпаратпен қамтамасыз ете
отырып, басқарудың барлық буындарында (болжау, жоспарлау,
ұйымдастыру, бақылау) шешім қабылдауға негіз болып
табылады. Сонымен бірге
аймақтардың қаржылық
және ресурстық потенциалын орынды қолдану, оның еңбек ресурстары мен
қазіргі
демографиялық проблемаларын
шешудегі мүмкіндіктерін
анықтай отырып, аймақтардағы экономикалық
даму деңгейін
бағалауға мәліметтер
береді. Ол өз кезегінде еліміздің әлемдік шаруашылық жүйесінде алатын орнын, экономиканы
құрылымдық қайта
құру бағытын, өндіргіш күштерді орналастыру факторларын анықтауға
және шаруашылық
құрылымын
тиімді пайдалану жолдарына негіздеуге мүмкіндік береді[2].
Мысалы, соңғы жылдары
елімізде жүргізілген түрлі реформалардың іске асуы
Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпалын тигізіп, аймақтағы
экономикалық белсенді тұрғындар санының 10% көбеюіне, бір жанға
шаққанда ақшалай табыс көлемінің 1,3 есеге
артуына, жұмыссыздық деңгейінің 4,9%-ке
төмендеуіне әкелді.
Нәтижесінде
облыстың жалпы өңірлік өнімі жыл сайын орта есеппен 14%
өсіп, 2015
жылы 1 749,4 млрд. теңгені,
республиканың жалпы ішкі өніміндегі облыс үлесі 4,9% құрап отыр[3].
Елімізде
жүргізіліп жатқан басқа да түрлі бағдарламалардың орындалу барысына
мониторинг жүргізу нәтижесінде, аталған бағыт аясында
аймақ экономикасының нақты секторының дамуына,
оның ішінде 136 ірі және
орта өнеркәсіп кәсіпорындарға өндірілетін
өнімнің жалпы көлемінің 80,0% жеткен.
Бірақ, аудандар мен
қалалар тұрғысында қарастырғанда өнеркәсіп
өндірісі әркелкі орналасқан: Ақсу, Көксу,
Ұйғыр, Қарасай, Кербұлақ, Райымбек, Іле
аудандарында және Талдықорған қаласында ол 1,3-тен 5
есеге артқан.
Бұл өз кезегінде Алматы
облысы өңірлерінің дамуына өндіріс күштерін орналасуындағы орын алып отырған
аумақтық үйлеспеушілікті білдіреді. Негізгі өндірістік
қуаттар Алматы қаласына іргелес – Іле, Қарасай,
Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандары мен
Қапшағай, Талдықорған мен Текелі қалаларында
орналасқан. Сондықтан оларға облыстағы
өнеркәсіп өнімдерінің 85% тиесілі.
Сонымен бірге
мониторинг облыстағы өнеркәсіпті дамыту барысына
келесі мәселелердің орын
алып отырғанын көрсетті, олар:
·
кәсіпорындардың техникалық
құрылғылармен толық жабдықталуы, өндіріс
қорларының едәуір ескіруі;
·
қолданыстағы
өндірістік қуаттарының толық жүктелмеуі;
·
салаға салынатын инвестициялар
тұрақсыз сипатқа ие;
·
кәсіпорындардың
инновациялық белсенділігінің төмендігі;
·
өңірлік кластерлерді
қалыптастыруда жетіспейтін буындардың болуы;
·
индустриялық аймақ
құру бойынша нақты механизмнің болмауы.
Алматы облысы бойынша
Индустриалдық -инновациялық даму бағдарламасының жүзеге
асуы аймақтың қарқынды дамуына қомақты ықпалы
болған. Тек 2012-2014 жылдары 102 жұмыс орнына арналған
«Металл бұйымдарын өндіретін «Stinorgi Grop» ЖШС , «Алматы
өнімі» ЖШС және 122
жұмыс орынды «Текелі кондитер» ЖШС , 130 жұмыс орынды
құрылыс материалдарын шығаратын «Нұртау-А» ЖШС, 540
жұмыс орынды темір-бетон бұйымдарын шығаратын «Kasteell» ЖШС,
40 жұмыс орынды металл құрамаларын өндіретін «Munar
–Мұнар» ЖШС және
инновациялық технологияларды пайдаланатын бірқатар жаңа
кәсіпорындар іске қосылды, олар:
· елдің
құрылыс секторының түрлі салаларында
геосинтетикалық материалдар өндірісі және оларды
қолдану бойынша заманауи, инновациялық, жоғары
экономикалық технологияларды енгізуге маманданған өндірістік
кәсіпорын-«ҚазГеоСинтетика» ЖШС;
· металды
өңдеу саласындағы соңғы жетістіктерді
пайдаланатын, жоғары технологиялық өндіріс FINN POWER
және BYSTRONIC сияқты станок
қондырғылары саласындағы белгілі
көшбасшы-компаниялардың жабдықтары орнатылған-«PRO Med»
ЖШС;
· өндірістік-сауда
тармағының әрбір бөлігінде технологиялық
және ұйымдастырушылық инновацияларды пайдалану арқылы
сусындар мен снектер өндіретін зауыт-«RG BRANDS Kazakhstan» ЖШС.
Соған
қарамастан мониторинг
жүргізу барысында, аталған
өндіріс орындарының өнімдерін облыс пен Қазақстанның
басқа да аймақтарына өткізілу
мен жеткізуді жағдайларын жолға қоюда орын алып
отырған кедергі, яғни отандық нарықтағы Қытай,
Ресей және басқа да шетелдік өнімдері екені айқындады.
Одан
басқа 1318 кәсіпорынның ішінде инновацияларды енгізумен тек
126-сы ғана айналысатыны, қалған 1192 кәсіпорын
инновациялар енгізуді жүргізбейтіні белгілі болды.
«Қайнар АКБ» ЖШС-гі, «Филип Моррис
Қазақстан» ЖШС және
«Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС-гі темекі фабрикалары сияқты
жүйе құраушы кәсіпорындарға керекті
шикізатты, полипропилен, сепаратор-конверттер,
Hammond кеңейткіштері, паста жағу
қағазы, темекіге жатпайтын материалдар, шылым
құрамындағы никотинді анықтау қызметтері
және маркетингтік зерттеулер сияқты материалдар мен
қызметтерді шетелден сатып алынуда.
Алматы облысындағы бұл өндіріс орындарында келесі
мәселелер белгілі болды, олар:
· кәсіпорындарда
инновациялар енгізу үшін айналым қаражатының жеткіліксіздігі;
· отандық
кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен
деңгейі;
· облыстың
жүйе құраушы кәсіпорындардың шикізат, материалдар мен
қызметтердің бір бөлігін шетелден сатып алуы;
· Қазақстандық
нарықта Қытай, Ресей және басқа шетелдік
өндірушілерінің басымдығының болуынан,
отандық кәсіпорындардың өнім өндіруге және
өндірген өнімдерін басқа аймақтарға жеткізулерін тежеуі
және т.б.
Алдағы уақытта Республикалық индустриаландыру
картасының аясында облыста 1 950,9 млрд. теңге сомасына 33270
жұмыс орнын құрумен 3 ірі инвестициялық жобаларды
жүзеге асыру жоспарланған, олар: Балқаш ЖЭС; «Қорғас»
халықаралық шекаралық ынтымақстық орталығы
және Алматы қаласының 4 қанаттас-қалалары «G4
City».
Біздің
ойымызша, жоспарланған өндіріс орындарының орындалу сатыларындағы
жағдайларын нақты
мәліметтермен талдау арқылы жіті бақылау, оның сапалы
және өз мерзімінде жүзеге асуының кепілі. Осындай мониторинг
көмегімен келешекте ортамерзімді тұрақты
әлеуметтік-экономикалық дамытуын қамтамасыз етудегі негізгі
мәселелерінің, тәуекелдерінің, тежеуші
факторлардың, бәсекелестік басымдықтары мен
мүмкіндіктерінің кешенді басқару шараларын
құруға болады. Ол
өз кезегінде әр аймақтың қарқынды дамуына,
осыдан ұлттық әлеуметтік-экономикалық өмірдің бәсекеге
қабілеттілігін арттырудың негізі болмақ деген ойдамыз.
Әдебиеттер
1 Управление социально-экономическими
процессами региона./Под ред. А.С. Новоселова - Новосибирск: Изд-во РАН, 2014. -300с.
2 Рычихина, Э.Н.
Роль мониторинга в
формировании перспективного плана
социально-экономического
развития муниципального образования // Региональная
экономика и управление. – 2010 . - № 12. – С. 19-24.
3 Социально-экономическое развитие Алматинсой
области // Краткий
статистический справочник (оперативные данные) январь-декабрь 2015