Агроөнеркәсіп кешенінің инвестициялық тартымдылығы
М. Әуезов атындағы
ОҚМУ
Тулеметова А.С.- э.ғ.к,
доцент
Жуманова А.А.- магистрант
Қазақстандағы
ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастарды реформалаудың
қазіргі кезеңінде агроөнеркәсіп кешенінің (АӨК) тұрақты қызмет етуінің мүдделі
бағыттарының бірі аймақ экономикасының дамуының
барлық факторларын, инвестициялық үдерісті толығымен
пайдалану болып табылады.
Инвестициялық үдерістің әлеуеті
Қазақстан аймақтарының қызмет етуінің
едәуір шарттары қатарына жатады. Республика
аймақтарындағы ауылшаруашылық қалыптасулардың
инвестициялық тартымдылығын арттыруды дамытуға ерекше
рөл беріледі.
Ауылшаруашылық өнімі өндірісіне маманданған
аймқтардың экономикалық жүйесінде қызмет ете
отырып, инвестициялау мамандану секторының жалпы бәсекеге
қабілеттілігін едәуір арттыруға шынайы ықпал етеді,
нарықтағы сұраныс пен ұсыныс, еңбек
жағдайын тұрақтандырады, өмір деңгейінің оң
серпініне жағдай жасайды.
Ұлттық
экономиканы нарықтық жаңғырту шартында инвестициялау
өмірлік қажетті құрал, өйткені ол
аймақтарды дамытуда дағдарысты құбылыстарды
жоюға, әрекет етіп тұрған өндірісті арттыру
және кеңейту жолымен қаржылық тұрақтылықты
қамтамасыз етуге, түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге
белсенді қатысуды қамтамасыз етеді.
АӨК экономикасы
аймақтық шарттарды, агарарлық маманданудың
аумақтарында өндірістің инвестициялық
тартымдылығы тетігін дамыту ерекшеліктерін есепке алуды ұсынады,
оның қалыптасуы мен реттелуіне, қолдау көрсетілуіне
бейім ыңғайды талап етеді.
Нақты аймақ деңгейіндегі инвестициялау
нарықтық экономиканың талаптарына жауап беретін
аумақтық қалыптасулардың инвестициялық
тартымдылығын арттырудың әрекет етуші тетігін ұсынады.
Сонымен қатар, инвестициялық тартымдылық дегеніміз
нысанның үздіксіз жаңартылуы мен үддемелі қайта
құрылымдалуына алып келетін нысанның инвестициялық кейпі
түсіндіріледі.
Аграралық
бағыттағы аймақтардың экономикасы үшін
инвестициялау тетігін қалыптастыру мен дамытудың
маңыздылығы жоғары. Аймаққа инвестиция
салудың негізгі шарты аграрлық сферада қолайлы инвестициялық
жағдай туғызу, бүл әлеуметтік-экономикалық,
қаржылық,
ұйымдастырушылық-құқықтық және
басқада факторлардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі
және ол инвестициялық іс-әрекеттің белсенділігіне алып
келеді, сондай-ақ инвестициялық үдерістің
жандануының қолайлы шартын мемлекетпен қамтамасыз ету болып
табылады.
Екіншісі – жеңілдіктер жүйесін,
инвесторларға кепілдікті ұсынатын, салық жүйесін
жетілдіру, амортизацияны бөлу тетігін құрудың
нормативті-құқықтық базасын дамыту мен жетілдіруден
көрінеді.
Қазіргі
уақытта аграрлық маманданған аймақта
инвестициялық үдерістерді қаржыландырудың негізгі
көздері: қаржылық ресурстар және инвестордың ішкі
шаруашылық резервтері (пайда, амортизациялық бөлінулер, ақшалай
жиылымдар азаматтар мен заңды тұлғалардың
жинақтары, сақтандыру органдарымен төленетін қорлар,
және басқада қорлар); инвестордың қарыз
қаржылық қорлары (банктік және бюджеттік несиелер,
облигациялық қарыздар мен басқада қорлар); инвесторлардың
тартылған қаржылық қорлары (акцияны сатудан
алынған қорлар, еңбек ұжымының, азаматтар,
заңды тұлғалардың үлестік жарналары); кәсіпорындардың
мемлекеттік, жергілікті бюджеттерден алынатын ақшалай қорлары.
Аграрлық
өнеркәсіп өндірісінің едәуір
мәселелерінің бірі жеткіліксіз инвестициялау болып табылады.
АӨК салаларының төмен рентабелділігі, тұрақты
түрде меншік қорларының жетіспеушілігі, сонымен қатар
ликвидтті кепіл мүлкінің болмауы оның салаларын күрделі
слаым үшін келешегі жоқ етеді.
Сондықтан
соңғы жылдары агроэкономикалық зерттеулер орталығында
АӨК өндірісін арттыру мен тұрақты дамыту және
инвестициялау мәселесі тұр.
Ауыл шаруашылығы АӨК-нің құрамдас
бөлігі ретінде әлеуметтік сфераны өзіне қоса отырып,
едәуір салымды қажет етеді. Бүгінгі
күні АӨК өндірістік және экономикалық
әлеуетті инвестициялық тетікті басқарудың шаруашылық
тетігінсіз тиімді қолданылып дами алмайды. Инвестициялық ресурстарды
тартусыз өндірістің құлдырауын алдын алу, бүгінгі
күні дағдарысты жағдайда тұрған
материалды-техникалық базаны жаңғырту мүмкін емес.
Ауылшаруашылық
өндірісінің материалды-техникалық (негізгі қорлары)
базасының жағдайы көбінесе өнім өндірісінің
экономикалық тиімділігін анықтайды. Олардың жағдайы
оларды жаңартуға бағытталған, техникалық
қайта жабдықтау, техниканы сатып алу түріндегі инвестиция
көлемінен тәуелді болады. Қазіргі уақытта
бұрынғыдай, ауылшаруашылық техникаларының
тапшылығы, өндірістік алаңның жетіспеушілігі, жалпы
көлемдегі ауылшаруашылық негізгі капиталындағы
инвестицияның үлесінің едәуір төмендеуі
және т.б. байқалады.
Нарықтық экономика болжам жасау деңгейі жоғары
болуымен сипатталады, оны бағалау күрделі, сондықтан
шаруашылық пен меншік субъектілерінің өзара
қарым-қатынасын реттейтін тетіктерді өткір қажет етеді.
АӨК
инвестициялық үдерісін дамытудың анықтаушы негізгі
факторларына кәсіпорынның қаржылық-экономикалық
жағдайын, кәсіпорынды басқару және ұйымдастыру
деңгейін, шаруашылық субъектілер арасындағы өзара өндірістік
қарым-қатынастар жүйесін, кадрлық қамтамасыз
етуді жатқызуға болады. Сонымен қатар қазіргі кезде
инвестициялық тартымдылыққа оң әсер ететін
келесідей белгілерді айтуға болады: мамандандырылған
нарықтық инфрақұрылымның әрекетін жасау
және белсендіру, қаржылық ұйымдардың салымдарын
экономиканың өндірістік секторына бағыттауға алып
келетін, құнды қағаздар бойынша табыстылықты
төмендетуге мемлекеттік саясатты жүргізу және т.б. жатады
АӨК инвестициялық әрекетіне теріс ықпал ететін
факторларды атап өтуге болады.
Аймақтың
инвестициялық
тартымдылығы оның болашағының,
табыстылығының және инвестицияның
қауіпсіздігінің интегралды сипаттамасы болып табылады. Ол
инвестициялық тартымдылық пен инвестициялық
коммерциялық емес тәуекелдердің деңгейімен
анықталады. Инвестициялық тартымдылықтың және
аймақтағы инвестициялық белсенділіктің жиынтығы
оның инвестициялық климатын көрсетеді.
Қазақстандағы инвестициялық іс-әрекеттің
түрлі аспектілерін зерттеу, аймақтар үшін тән
мәселелер республика бойынша пайда болып отырған мәселелермен
ұқсас екендігін көрсетіп отыр, бірақ кей жерлерде
өзіне тән ерекшеліктері де бар.
Оң
сипаттағы келесідей ерекшеліктерін айтуға болады. Республика
үшін саяси тұрақтылық тән. Бұл
инвестициялық тәуекелді салыстырмалы әлсіз деңгейге
дейін төмендетуді қамтамасыз етеді. Инвестициялық іс-әрекеттің түрлі жақтарын
нақтылайтын, келісімдерге қол қойылып, бірқатар
заңды актілер қабылданды. Қазіргі уақытта
қолдануға болатын аймақтың жоғары
инновациялық әлеуеті сақталған. Ұлттық
жобаларды іске асыру және ауылшаруашылық
қалыптасулардың бірқатар инвестициялық жобаларын
мемлекеттік қолдау жүзеге асырылуда. Қазақстан
Республикасында 2020 жылға дейін индустиралды-инновациялық даму
бағдарламасы және басқада бірқатар бағдарламалар
әзірленген. Елдің басқада аймақтарымен, жақын
және алыс шетелдермен бірлесудің өзара тиімді формаларын,
белгіленген бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қайтымды
негізде қорларды іздеумен тарту
жүргізіледі.
Теріс сипаттағы ерекшеліктерге жататындар:
- минералды-шикізаттық
ресурстардың тапшылығы;
- табыстың төмен
деңгейі және халықтың өмірлік
деңгейінің төмен деңгейі;
- әлеуметтік
экономикалық сфераның жеткіліксіз дамуы;
- барлық деңгейдегі
бюджеттердің дотациялық сипаты;
- бюджеттен тыс
қорлардың әлсіздігі және күрделі
қаржылық жағдайы;
- өндірістік
аппараттың тозуының жоғары деңгейі;
- басқару
мен реттеудің әкімшілік әдістерін қолдану.
Аймақтың
инвестициялық тартымдылығы деңгейін анықтайтын негізгі факторлардың
бірі билік органының жүргізген инвестициялық саясаты. Экономикалық
өсімнің мақсатына жету құралдарының бірі ретінде
ол экономиканы басқарудағы маңызды рөлді ойнауы тиіс,
сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық жағдайда мемлекеттік
мүддеге сәйкес, қаржылық қорлардың
ағымымен байланысты сұрақтарды шешуі тиіс.
Аймақтағы инвестициялық ресурстар әрқашан
шектелген және есеппен шығын жұмсауды талап етеді, ал
олардың тиімді пайдаланылуы экономиканы дамыту және көтеруде
жетекші фактор болып табылады.
Инвестициялық
саясаттың сферасы ұдайы өндірісі пен дамуға
бағытталған қаржылық қорлар. Мемлекет оны
анықтап, негізгі ережені, инвестициялық ағынды,
қаржыландыру мүдделерін құқықтық
актілерде жүзеге асырады. Бұл саясатты мемлекеттік органдар
және саяси билік тәжірибеге
айналдырады.
Инвестициялық үдерісті басқарудың бірінші
деңгейінің субъектісі мемлекет болып табылады. Инвестициялық
қорлар, банктер, концерндер, акционерлік қоғамдар және
басқада осы үдерістің қатысушылары инвестициялық
саясатты әзірлеудің екінші деңгейі субъектілерінің
рөлін орындайды (немесе оның жеке бөліктерінің), оны
өз бағдарламалары мен жоспарларында жүзеге асырады.
Аймақтарда
АӨК дамытудың салалық бағдарламаларын жүзеге
асыру келесідей бағыттармен жүзеге
асырылады:
1.
Аграрлық
өнеркәсіп өнімінің интеграцияланған және
бәсекелестік нарықтарын қалыптастыру, олардың
қызмет етуінің құқықтық және
институционалдық инфрақұрылымын құру.
2.
Қазіргі
технология мен жоғары өнімді техниканы тиімді қолдануға
мүмкіндік беретін, ауылдағы шаруашылықтың ұтымды
формаларының қалыптастыру, нарықтық жүйеде
табысты интеграциялану.
3.
Аграрлық
секторға мемлекеттік көмекті оңтайландыру және
оның ынталандырушы бағыттарын күшейту. Саланың
қаржылық секторын дамыту.
4.
Табиғи
жағдайы қолайлы зоналарда аграрлық сектордың
өндіргіш күштерін шоғырландыру және ұтымды
оңтайландыруды қалыптастыру негізінде аграрлық
өндірісті терең қайта құрылымдау және
кезеңмен мөлшерлерін оңтайландыру.
5.
Ауыл
халқының жұмысбастылық формасын аграрлық
сектормен өзара байланысты өңдеу өнеркәсібі
сегменттері және басқада баламалы жұмысбастылық
түрлері арқылы дамыту.
6.
Аграрлық
өндірістің технологиялық деңгейін арттыру және
ресурс үнемдейтін және экологиялық таза технологияны ендіру,
ғылыми зерттеулерді қолдау және ауылшаруашылығында
кеңес беру жүйесін ендіру.
7.
Ауылдық
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту.
8.
Инвестициялық іс-әрекеттің негізгі
қағидаларын мақсатқа сай пайдалану және оларды іс
жүзінде пайдалану АӨК басқару деңгейлерінде
инвестициялық стратегияны қалыптастыру облысында дұрыс шешім
қабылдауға алып келеді.
Осылайша, аграрлық өнеркәсіп кешеніндегі
институционалдық қайта қалыптасулардың жиынтығы аймақтағы инвестициялық әлеуетті
едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл отандық
ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің және
аграрлық азық-түліктің бәсекеге
қабілеттілігін әрі қарай арттыруға ықпал етеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1 Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы «Қазақстандық жол - 2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ»//Қазақстан Республикасы
Президентінің ресми сайты. – Қол жеткізу тәртіптемесі, 17.01.2014 ж.
2 «Бизнестің жол картасы
2020» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 Қаулысы
3 Қазақстан Республикасының 2020
жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілді
4 «Оңтүстiк»
арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007-2015
жылдарға арналған бағдарламасы (Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21
қыркүйектегі № 895 қаулысы)
5 Гитман Л.Дж., Джонк
М.Д. Основы инвестирования: Пер. с англ. – М.: Дело, 2010.
6 Жансүгіров М.Е. «Ауыл шаруашылығы
экономикасы». Алматы 2007 ж.