ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ –
ҰЛТТЫҚ
ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ҚОСАЛҚЫ ЖҮЙЕСІ РЕТІНДЕ
Шильманова
Алтынай Мусаевна э.ғ.к.,
Ахметова
Клара Нуртугановна магистрант,
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті
Әр мемлекеттің қауіпсіздігі ішкі саяси
тұрақтылық пен халықаралық
қатынастарға қатысушылармен өзара байланыстарды
сақтап қалумен тікелей байланысты.
Ұлттық
қауіпсіздікті, біріншіден, мемлекетті қалыптастырушы азаматқа,
әлеуметтік топтарға, ұлтқа қажетті және
бірдей өзекті болып табылатын әмбебап құндылық;
екіншіден, өмір сүруге қолайсыз факторлардың болуына
және әсер етуіне қарамастан тіршілік етіп, еркін және
тәуелсіз күн көруіне кепілдік беретін азаматтардың
мемлекеттік-аумақтық қоғамдастығы ретінде
ұлттың өмір тіршілік жағдайы, шарттары мен даму жолдары
деп қарастыруға болады.Ұлттық қауіпсіздік – қандай да бір елдің
қорғаныс қабілеттігімен ғана емес, сонымен қатар
қоршаған орта жағдайы, қауіпті дерттердің пайда
болуы, террористік ұйымдардың қызметі, экономикалық
және ақпараттық қауіпсіздік, т.б. қабілеттерімен
сипатталатын жалпы жүйелік категория.
Кез келген
мемлекеттің негізгі ұлттық мүдделері: елдің
аумақтық тұтастығы; мемлекеттің егемендігі; елдің
және халықтың экономикалық дамуы; әлемдік
қауымдастықта лайықты орынға ие болу.
Зерттеушілердің
ғылыми еңбектерінде «қауіпсіздік», «ұлттық
қауіпсіздік», «мемлекеттік қауіпсіздік», «халықаралық
қауіпсіздік», «жаһандық қауіпсіздік» қолданылуда.
Ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздік терминдері кейде
ұқсас түсініктер ретінде қолданылады. Бір
жағдайда қауіпсіздік объектісі ретінде мемлекет, қоғам
және тұлға болса, екінші жағдайда – қоғам,
мемлекет, адам және азамат қарастырылады.
Робер
сөздігінде қауіпсіздік «өзін
қауіптен оқшау санайтын
адамның байсалды бейқам жағдайы». Осы мағынада
«қауіпсіздік» түсінігі ХІІ ғасырдан қолданысқа
енген.
Уақыт
өте келе «қауіпсіздік» термині қоғам дамуымен
қатар бірқатар өзгерістерге ұшырады.
«Қауіпсіздік» классикалық либералды ұғымы өз
дамуында үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңде (ХІІ-ХVІІ
ғасрларда) негізінен адамның физикалық қауісіздігі
туралы айтылатын. Мемлекет өз азаматтарының өмірі мен
мүліктерінің қауіпсіздігіне кепілдік беретін. Екінші
кезеңде, Ұлы француз буржуазиялық революциясымен байланысты,
қауіпсіздік азаматтардың еркіндігі мен теңдігін
қамтамасыз ету және қорғау деп түсіндірілді.
Үшінші кезеңде, ХХ ғасырда, қауіпсіздік: мемлекеттік
және аймақтық деңгейден жалпы ғаламдық
деңгейге дейін, өмірдің барлық жақтарын
(экономикалық, саяси, экологиялық, мәдени, т.б.),
сондай-ақ тұлғаның, қоғамның,
мемлекеттің қауіпсіздігін қамтып аса кең мағынада
түсіндірілді.
Нәтижесінде
қауіпсіздік пен еркіндік арасында қарама-қайшылық пайда
болады, оны шешу басқару теориясы мен практикасындағы негізгі
міндеттердің бірі болып табылады. Қауіпсіздік қашанда
еркіндікті шектеумен байланысты, сондықтан еркін әрекет етуге
жағдай жасайтын қауіпсіздікті қамтамасыз ету -
цивилизацияның ең қиын мәселелерінің
қатарында.
В.Даль сөздігінде
қауіпсіздік «қауіптің болмауы, қарғаныс,
сенімділік» дегенді білдіреді, яғни қауіпсіздік объектісі болып
табылатын тұлғаға, қоғамға, мемлекетке
төнетін қатерлердің болмауы.
Кең
мағынада қауіпсіздік - «мемлекеттің
барлық азаматтарына өз мақсаттарын жүзеге асыруға
қолайлы мүмкіндік жасау, жекелеген адамдардың немесе
мемлекеттің өзінің олардың өміріне қол
сұғудан қорғау, еркіндіктері мен меншіктерін
сақтап қалу».
Ұлттық
қауіпсіздікке қол жеткізу, ең алдымен, экономикалық
қауіпсіздікке негізделеді, яғни Қазақстанның даму
стратегиясының негізгі бағыттарындағы басымдық –
бұл экономикалық жүйенің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету. Осылайша барлық әлеуметтік-саяси
салалардың тұрақты және тиімді қызмет етуіне
қол жеткізуге болады.
«Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының
Заңында мынадай түсініктерге сипаттама берілген:
- сыртқы қауіпсіздік – шетелдік мемлекеттерден, ұйымдар мен
азаматтар тарапынан төнетін қауіптерден Қазақстан
Республикасының ұлттық мүдделерінің
қорғалған жағдайы;
- әскери қауіпсіздік –
елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына
әскери сипаттағы басқыншылық пен шынайы және
потенциалды қауіптерден Қазақстан Республикасының
қорғалған жағдайы;
- ақпараттық қауіпсіздік
– мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ
ақпараттық ортада жеке тұлғалардың
құқықтары мен қоғам
мүдделерінің қорғалған жағдайы;
- ұттық қауіпсіздік тұжырымдамасы – жеке тұлға мен азаматтардық
конституциялық құқықтарын,
қазақстандық қоғамның
құндылықтарын, мемлекеттің негізін қалаушы
институттарды қорғауды қамтамасыз ететін шаралар мен ресми
қабылданған көзқарастар жүйесі;
- Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздігі - шынайы
және потенциалды қауіптерден елдің ұлттық
мүдделерінің қорғалған жағдайы;
- Қазақстан Республикасының ұлттық
мүдделері – Қазақстан
Республикасының саяси, экономикалық, әлеуметтік және
өзге де қажеттіліктерінің жиынтығы, оларды жүзеге
асыру мемлекеттің жеке тұлға мен азаматтардың
конституциялық құқықтарын,
қазақстандық қоғамның
құндылықтарын, мемлекеттің негізін қалаушы
институттарды қорғауды қамтамасыз ету қабілеттілігіне
байланысты;
- қоғамдық қауіпсіздік – Қазақстан
азаматтарының өмірі, денсаулығы және
әл-ауқатының саяси-құқықтық,
рухани-әдептілік, әлеуметтік жағынан қорғалуы,
сондай-ақ қазақстандық қоғам
құндылықтарына зиян әкелетін
қауіп-қатерлерден қорғалуы;
- ұлттық қауіпсіздік объектілері – жеке тұлға, оның
құқықтары мен еркіндігі, қоғам, оның
материалдық және рухани құндылықтары, мемлекет,
оның конституциялық ұстанымдары, тәуелсіздігі мен
аумақтық тұтастығы;
- ұлттық қауіпсіздік субъектілері –заң шығарушы органдар арқылы, биліктің
атқарушы және сот жүйесі арқылы өз
өкілеттілігін жүзеге асырушы мемлекет, азаматтар және
ұйымдар;
- ұлттық қауіпсіздік қатерлері – ұлттық мүдделерді жүзеге асыруға
кедергі болатын немесе оларға қауіп төндіретін
шарттардың, үдерістер мен факторлардың жиынтығы;
- экологиялық қауіпсіздік –
қоршаған ортаға антропогендік және өзге де
әсерлер нәтижесінде пайда болатын қатерлерден
мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның
өмірлік маңызды мүдделері мен
құқықтарының қорғалуы;
- экономикалық қауіпсіздік –
тұрақты даму мен экономикалық тәуелсіздікті
қатерге тігетін ішкі және сыртқы жағдайлар,
үдерістер мен факторлардан Қазақстан Республикасы
ұлттық экономикасының қорғалуы.
Заңда
келтірілген түсініктерді біріктіре отырып кең мағынада
қауіпсідіктің мынадай анықтамасын аламыз: қауіпсіздік –
адам, қоғам, мемлекеттің өмірлік маңызы бар
мүдделерін қорғауға бағытталған нақты
әлемнің түрлі объектілерінің өміршеңдігі
мен қажырлығы арқылы бейнеленетін интегралды формасы
ретіндегі философиялық категория.
Бұл
анықтаманың кемшілігі, оның тым жалпылама сипатта болуында.
Саяси
энциклопедияда «қауіпсіздік» түсінігіне аса дәл
анықтама берілген: «Қауіпсіздік – жеке тұлға,
қоғам және мемлекеттің өмірлік маңызы бар
мүдделерін және тіршілік етуінің түбегейлі негіздерінің,
сондай-ақ әлемдік қауымдастықтың ішкі және
сыртқы қатерлерден қорғалуы».
Қауіпсіздік
ішкі және сыртқы қауіптерден қорғалу
дәрежесімен ғана емес, сонымен қатар жүйенің
өзінің (қоғамның, мемлекеттің, ондағы
адамдардың) тіршілік етуі, қызмет етуі мен дамуы үшін жасалатын жағдайлар деңгейімен де
сипатталады. Осы аталғандарды жүйелендіре отырып, аса толық
анықтаманы қорытындылауға болады:
қауіпсіздік - жеке тұлға, қоғам және мемлекеттің
өмірлік маңызы бар мүдделерін және тіршілік
етуінің түбегейлі негіздерінің, сондай-ақ әлемдік
қауымдастықтың ішкі және сыртқы қатерлерден
қорғалуы үшін олардың тіршілік етуі, қызмет етуі
мен дамуына қажетті жағдайлардың жасалуы.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
мемлекеттің ұлттық мүдделерін
қорғауға бағытталған шаралар кешенінен
тұрады.
Ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мынадай қағидалардың
негізінде жүзеге асады:
- заңдылықтарды қадағалау;
- ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші
күштердің өзара оперативті ақпараттандырылуы мен
әрекеттерінің үйлесімділігі;
- ұлттық қауіпсіздіктің барлық
түрлерінің біртұтастығы, өзара байланысы мен
теңгерімділігі;
- саяси, экономикалық және ақпараттық
шаралардың басымдығы;
- жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің
өзара жауапкершілігі;
- ұлттық қаіпсіздікті қорғау бойынша
барлық жиынтық әрекеттердің жүзеге асырылуын
бақылау.
Ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету біріңғай мемелекеттік
сасатты жүзеге асыру аясында жүйелі тәсіл негізінде
ғана мүмкін болатыны анық.
Әдебиеттер:
1. Койгородцев
А.А. Экономическая и продовольственная безопасность Казахстана. Вопросы теории,
методологии, практики: Монография. – Усть-Каменогоск: Медиа-Альянс, 2006. – 384
с.
2.
Экономическая и
национальная безопасность: учебник / под ред. Е.А.Олейникова. – М.: Издательство «Экзамен», 2004. – 768 с.
3. Ашимова Р. Аймақтың инновациялық даму
үлгісі: тұжырымдамалық тәсілдері мен конструктивті
элементтері
// Экономика: стратегия и практика. – 2013. – № 2.