Мұхамедәли Жазерке Мұхтарқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Экономика мамандығының 1 курс студенті

Талапбаева Гульнар Едиловна

э.ғ.к, қауымдастырылған профессор м.а

 

Қазақстанда отбасылық кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары

 

Қазақстандағы экономикалық жағдайды талдай отырып, шағын бизнестің, оның ішінде отбасылық бизнестің өспелі рөлін атап өтуге болады. Қазіргі күні отбасылық бизнес -  экономикалық өсуді қамтамасыз ететін, экономикалық әрекеттердің нәтижелілігін арттыратын, ұлттық әл-ауқаттылықты өсіріп, соның нәтижесінде кедейшілік мәселесін жеңуге оң ықпал ететін ерекше маңызды стратегиялық құрал болып отыр.

Отбасылық кәсіпкерлік – жеке тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыруының іс-әрекетінің тиімді тәсілі. Ол адамдардың өзіне сенімін арттырып, іскерлігін қалыптастырады.

Отбасылық кәсіпкерлікті өркендету – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту деген ұғыммен қатар жүреді. Онымен бірге, жаңа жұмыс орындары ашылады, жалпы ішкі өнімнің көлемі ұлғаяды, облыстық бюджет толықтырылады, әлеуметтік жағдай жақсарады. Сондықтан, біз отбасылық кәсіпкерліктің тиімділігі мен бұл саланың әлеуметтік жағдайды жақсартудағы маңызын әр отбасыға жеткізуді мақсат етіп отырмыз.

Әлемдік статистика мәліметтері бойынша дүниежүзіндегі кәсіпорындардың шамамен 70% - бұл отбасылық кәсіпорындар. Кәсіпкерліктің бұл түрі мемлекет экономикасын қолдау үшін, халықты жұмыспен қамту үшін өте маңызды.

Қазіргі күні отбасылық кәсіпкерлік жаңа рыноктық қатынастар жүйесінде кеңінен дами қойған жоқ. Оның әлеуеті жеткіліксіз қолданылып отыр және үй шаруашылықтарының қажеттіліктеріне сай емес.

Мұндай жағдайдың бір себебі отбасылық кәсіпкерліктің базалық категорияларының, атап айтқанда экономикалық табиғаты, ерекшеліктері, олардың қаржылық әлеуетінің қалыптасуы мен ұдайы өндірісінің, теориялық өңдемесінің жеткіліксіздігі болып табылады. Сонымен бірге оның ерекшелігін ескеретін шағын отбасылық кәсіпкерліктің заңдық базасының жетілмегендігін ескеру керек. Қазіргі күні Қазақстандағы отбасылық кәсіпкерлік даму үстінде. Алайда оның даму жолында көптеген қиындықтар мен шешімін табуы тиіс мәселелер кездеседі. Қазақстандағы отбасылық кәсіпкерлікті жүргізуге кері әсерін тигізіп отырған факторлар қатарына мыналарды жатқызуға болады:

-        Бюрократиялық кедергілер мен сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі;

-        Қолайсыз макроорта, ең алдымен ол тиімсіз салық саясаты мен әлсіз несие институттарымен айқындалады;

-        Азаматтық қоғам институттары мен әлеуметтік серіктестік жүйесінің әлсіздігі.

Біздің елімізде бизнестің негізгі бөлігі отбасылық болып саналады. Мұның мәнісі қазақтардың отбасындағы туыстық қатынастардың түп тамырының тереңде жатқаны. Кей кезде бүтін бір ауыл тұрғындары бір рудың, бір атаның ұрпағы болып келеді. Осы ауылдарда құрылған шаруа қожалықтары -  ауылдағы отбасылық бизнестің жарқын өкілдері. Бұл қожалықтардың негізгі кәсіптері -  егін, мал өсіру, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, т.б. Бір отбасындағы 8-10 адам түгелдей осы бизнеске тартылады. Олардың  өз механизаторы, аспазы, экономист-бухгалтері бар.

Қазақстанда шаруа қожалықтарының құрылуы негізінен үш бағытта дамыды:

- жеке иеліктердегі шағын шаруалардың шаруа қожалықтарына өтуі;

- жалға алған шаруашылықтардың шаруа қожалықтарына айналуы;

- ірі базалық шаруашылықтардан бөлініп шыққандар.

Қазақстанда отбасылық кәсіпкерлікті тиімді және кеңінен дамытуды белсендіру – елдің экономикалық дамуының жоғары қарқынын қамсыздандырады.

Аталған бетбұрыстандыруда отбасылық кәсіпорындардың бәсекелестік ортаны қалыптастырудағы, өндіріс құрылымын оңтайландыруда тиісті шарттарды құрудағы, өндірістік өзін-өзі басқаруды дамыту мен елдегі халықтың әл-ауқаттылығын арттырудағы қызметі ерекше рөл атқарады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Розенблатт П.,  Де Мик Л., Андерсон Р., Джонсон П. Семейный бизнес в США // Пер. с англ. – М.: NOTA BENE, 2011. - С. 14-16.

2 Барнес Л.Б., Хернос С.А. Передача власти в семейных предприятиях // Гарвард бизнес ревю. 1976. -  №54. - С. 105-114.

3 Бекхард Р., Дайер У.Г. Управление непрерывностью в семейном предприятии //  Организейшнл дайнэмикс, лето. -1983. - С.5-12.