А.Оразғалиев, Б.Қуантқан

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Экoнoмикaлық өcудiң нaқты фaктopы жәнe ұлттық бaйлықтың epeкшe буыны бoлып тaбылaтын aдaм кaпитaлын дaмыту мeн қaлыптacтыpу epeкшe мaңызғa иe. Экoнoмикaлық жeтicтiктepгe жeтудe, ғылым мeн иннoвaцияның дaмуындa жeтeкшi pөл aтқapaтын aдaм фaктopы – әлeм қaуымдacтығының инвecтициялық тapтымды pecуpc көзi peтiндe қaлыптacып кeлe жaтқaндығы өзeктi зepттeу мәceлeci eкeндiгi aйғaқтaйды.

Қoғaмның бapлық мүшeлepi мeн oның әлeумeттiк тoптapының өмip cүpу дeңгeйiн ұдaйы жaқcapтa түcудe, мeмлeкeт caяcaтын жeтiлдipу жoлдapын aнықтaу мeн oлapды жүзeгe acыpу ғылыми тұpғыдaн дәлeлдeулepгe зәpу eкeндiгi бeлгiлi. Бұл opaйдa мeмлeкeт әлeумeттiк caяcaтын тұтacтaй әpi тиiмдi дaмытуғa қoл жeткiзуi үшiн oның нeгiзгi буыны – хaлықтың  өмip cүpу дeңгeйiн көтepудiң қaжeттiлiгi aнық. Coл ceбeптi, хaлықтың  өмip cүpу дeңгeйiн жaқcapту, әл-aуқaтын көтepу, халықты жұмыспен қамту мен жұмыссыздықты азайту өзекті мәселелердің бірі.

2017 жылдың 31 қаңтарында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалатын болады. Сонымен бірге, жаңа индустрия құрып, дамыту жұмыспен қамтудың және азаматтардың нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндігі болуға тиіс» - деп жұмыспен қамту мәселелерін ерекше атап өткен [1].

Қазіргі уақытта республикамыздың еңбек нарығында жұмыспен қамтылғандардың санының ауытқуына байланысты жұмыссыздықтың деңгейінің тұрақты төмендеуі (Кесте-1), жұмыспен қамтылудың құрылымдық өзгерістері көрініс тауып отыр. Кестеден көріп отырғандай, экономикалық белсенді халықтың (2012ж. – 8981,9 мың адамнан 2016ж. – 8963,9 мың адамды құраған, яғни абсолютті кему 18 мың адам болған) және жұмыспен қамтылғандардың санының өсуінде (2012ж. – 8507,1 мың адамнан 2016ж. – 8522,3 мың адамды құраған, яғни абсолютті өсу 15,2 мың адам болған) жұмыссыздардың саны (2012ж. – 474,8 мың адамнан 2016ж. – 441,3 мың адамға төмендеген, яғни 33,5 мың адамға) төмендеген. Жұмыссыздықтың деңгейі 2016 жылды 2012 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға (атаған жылдары олардың көлемі сәйкесінше 4,9%-ды және 5,3%-ды құраған) төмендеген [2].

Кесте 1. Еңбек нарығының негізгі индикаторлары

Көрсеткіштер

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.

2016ж.

Экономикалық белсенді халық, мың. адам

8981,9

9041,3

8962,0

9074,9

8963,9

Жұмыспен қамтылған халық, мың. адам

8507,1

8570,6

8510,1

8623,8

8522,3

Жұмыспен қамтылу деңгейі, %

94,7

94,8

94,9

95,0

95,0

Жұмыссыз халық, мың. адам

474,8

470,7

451,9

451,1

441,3

Жұмыссыздық деңгейі, %

5,3

5,2

5,0

4,9

4,9

 

2012 жылдан 2016 жылдар аралығында тіркелген жұмыссыздардың саны 2,9 мың адамға өскен 8,3%-ға. Бұның себептерінің ішінде ең алдымен әлемдік қаржылық дағдарысты атап кеткен жөн. Өз үлесін жұмыспен қамтылудың белсенді саясатын жүзеге асырудағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың күшейтілген жұмыстары, оның ішінде: жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, шағын несиелерді беру, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу шаралары.

Жұмыспен қамтуда келесідей шараларды жүзеге асыру қажет:

- шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасау;

- несиелеу мүмкіндіктерін кеңейту;

- жұмыс орындарын құру мақсатында ынталандыру шараларын жүзеге асыру;

- даярлау және қайта даярлау курстарын ұйымдастыру;

- жұмыссыздарға кеңес беру қызметтерін жетілдіру.

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Сондықтан, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі бола отырып, адам ресурстары әлеуетін дамыту және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік. Қазақстан халқына Жолдауы //Егемен Қазақстан. – 2017. – 31 қаңтар.

2. http://stat.gov.kz