Э.ғ.к Джрауова К.С

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Мемлекеттік салық менеджментінің даму бағыттары

 

  Мемлекеттік салықтық жоспарлауда дамудың келесі негізгі бағыттарын бөліп көрсетуге болады:

  - қазіргі технологиялар қолданылатын және мемлекет пен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары мен стратегиялық мақсаттары ескерілетін тиімді салықтық болжау жүйесін қалыптастыру;

  - салық түсімдерін талдау мен болжамдарды жасау сапасын арттыру үшін салық төлеушілердің салықтық есептілігі мен макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгерісі бойынша елеулі деректер ауқымы бар бірыңғай ақпарат базасын қалыптастыру;

  - ақпараттық базада мезгілдік қатарларды талдау негізінде болжау үшін қажетті және жеткілікті мәліметтер көлемін жинақтау;

  - салықтық бюджеттендіруді жетілдіру, жасалатын салықтық бюджеттердің тиімділігін арттыру- салықтық бюджеттердің тек фискалдық ғана емес, реттеушілік әсері де болу керек, яғни олар мемлекеттің, салалардың, аймақтардың, жекелеген салық төлеушілердің мүдделерін ескеру керек;

  - ұйымдық аспектіні жетілдіру: мақсатты салықтық болжаумен айналысатын құрылым қалыптастыру.

  Мемлекеттік салықтық реттеу саласында дамудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  - негізгі салықтар ставкаларының деңгейін, салық жүйесінің құрамы мен құрылымын оңтайландыру, салық ауыртпалығы деңгейін оңтайлы деңгейін анықтау және оған жету- бұл шаралар экономиканың «көлеңкелі» секторының ауқымын төмендетуге бағытталған, себебі көлеңкелі экономиканың болуы бюджетке кірістердің толық түспеуіне, сондай-ақ салықтық жоспарлауды, талдауды, болжауды және бюджеттендіруді қиындатады;

  - жеңілдік беру жүйесінің тиімділігін арттыру (жеңілдіктердің пайдаланылуын бақылау, алынған үнемнің пайдаланылуының мақсатты сипаты, жеңілдіктер берудің негізгі принциптерін сақтау);

  - инвестициялық және инновациялық процестерін белсендіруге бағытталған салықтық ынталандыруларды жетілдіру;

  - түрлі салықтық ынталандыру мен салықтық реттеу әдістерінің көмегімен шағын және орта бизнесті қолдау;

  - санкциялау жүйесін қалыптастыру, онда санкциялар өзіндік мақсат болмай, салық төлеушілерді салықтық міндеттемелерді орындауға итермелеу керек.

Салықтық әкімшілендіру сапасын арттыру- қазақстандық салық реформасының маңызды бағыты. Мемлекеттік салықтық әкімшілендіру мен бақылау саласында дамудың келесі бағыттарын бөліп көрсетуге болады:

-              бақылау жүйесін экономиканың қазіргі жағдайларына сәйкестілігін арттыру;

-              салық заңдылығын сақтауға және бюджет алдында салықтық төлемдер бойынша қарыздарды төмендетуге мүмкіндік беретін нәтижелі санкциялау жүйесін қалыптастыру;

-              тек ұйымдық-әдістемелік аспектіні ғана емес, сондай-ақ заңдылық базаны жетілдіру жолымен салықтық объектілер мен субъектілерді есепке алуды әкімшілендірудің тиімділігін арттыру;

-              салықты есептеу мен төлеуді әкімшілендірудің тиімділігін арттыру;

-              салықтарды төлеуден жалтарумен күресу;

-              салықтық бақылау саласында түрлі билік органдары мен ведомствалар арасында өзара іс-қимылды дамыту;

-              шаруашылық субъектілердің сыртқы экономикалық қызметін, ішкі жан-жақты ақпараттық және талдамалық жұмысты жүргізу жолымен капиталдың халықаралық қозғалысын,сондай-ақ басқа мемлекеттердің бақылаушы органдармен ынтымақтастығына бақылауды күшейту;

-              мемлекеттік салық менеджменті жүйесінің түрлі қосалқы жүйелерін оперативті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін бірыңғай салық мониторингі жүйесін құру;

-              ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіруді ұйымдастыруды жетілдіру;

-              салықтық бақылауды жүзеге асыру және оны оңтайландыру үшін қазіргі талдамалық әдістер мен ақпараттық технологияларды пайдалану.

Салықтық жоспарлау (және болжау), салықтық реттеу және салықтық бақылау мемлекеттік салық менеджменті жүйесінің өзара байланысты және әсер етуші қосалқы жүйелер болғандықтан, бір  қосалқы жүйені жетілдіру басқасының сапасы мен нәтижелігінің артуына әкеледі. Әр қосалқы жүйе ақпараттың үлкен мөлшерімен жұмыс жасайтындықтан, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялар технологияларды енгізу сияқты дамудың жалпы бағытының маңызы зор.

       Дамудың басқа жалпы бағыты болып ұйымдық аспектіні жетілдіру болып табылады. Кейбір мамандар басқарудың анық ұйымдық құрылымды құру үшін мемлекеттік салық менеджменті жүйесінде арнайы салық салуды басқарумен айналысатын арнайы органды (мемлекеттік салық менеджменті мен бюджет саясаты қызметі) құру қажет деп санайды.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.  Галеева Н, Корякина А, Глубокова Н. Налоговый менеджмент: учебное пособие- Издатель:Евразийский открытый институт, 2011

2.  Селезнева Н.Н Налоговый менеджмент: администрирование, планирование, учет: учебное пособие- Издатель: Юнити-Дана, 2015