Интербелсенді
әдістер арқылы болашақ мамандарды бастауыш сыныптарда шет
тілін оқытуға даярлау
2-курс магистры Жанкушков Б.О.
(Алматы, Қазақстан)
Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесі қазіргі таңда
өзгермелі талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра
отырып, әлемдік білім
кеңістігіне бетбұрыс жасауда. Елбасы Н.Назарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен
оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында
осы мәселені айқындай отырып, былай деп айтқан еді: «Жеке
тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан
жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп
жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын
көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін
және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі
дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді» [1].
Бұл міндетті жүзеге
асырудың бірден бір жолы интербелсенді
әдістер арқылы болашақ мамандарды бастауыш сыныптарда шет
тілін оқытуға даярлау
болып табылады. Өйткені, интербелсенді әдістер арқылы
болашақта әрбір маманның бастауыш сыныптарда шет тілін
оқытуға дайындау мәселесінде өзін өзі
жүзеге асыруы мен өзін өзі дамытуы яғни жекелік
қабілетін мүмкіндігі айқындауға негіз болады.
Қазақстан Республикасы жоғары білім беру
мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында: жоғары оқу
орындарын бітірушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар түрінде белгіленген
қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары,
өз кезегінде оқыту бағдарламаларын өзгертуді сондай-ақ
студенттердің алатын білім сапасын көтеріп, бүгінгі
күнге сай кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған
оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді, – деп
көрсетілген [2]. Мұның өзі жоғары оқу орнында болашақта
әрбір маманның бастауыш сыныптарда шет тілін оқытуға
дайын болуын, яғни қазіргі қоғам сұранысына жауап
беретін, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, дамытатын, интербелсенді
әдістерді оқыту үдерісінде
пайдалана білуін міндеттейді.
Қазіргі қоғам сұранысына орай
бүгінгі бастауыш мектептің оқу бағдарламаларында
үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда
үш тілді меңгертіп қана қоймай, оқушылардың
сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын
тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көп тілді
оқу ортасын құрудағы әр пән
қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын жүзеге
асыруға мүмкіндік береді. Әрбір оқушы қайталанбайтын, ешкімге
ұқсамайтын даралық ретінде қалыптасуы тиіс. Ал
тұлғаға деген қызығушылық,
жалпыадамзаттық ізгіліктік, рухани құндылықтарға
бетбұрыс жасау – қазіргі қоғам мен білім беру
жүйесінің даму бағыттары болып табылады. Бұл өз кезегінде болашақ
мамандардан бағдарламалық
талаптарды орындауға дайын болуын міндеттейді, яғни оқушы
сұранысына орай бастауыш сыныптың мұғалімі шет тілін де
жетік меңгеруі қажет болады.
Болашақ
мамандардың бастауыш сыныптарда шет тілін оқытуға даярлау
мәселесінің кең аясын шешуге деген дайындық ретіндегі
педагогтың коммуникативтік құзыреттілігін
қарастыру – оны болашақ маман ретінде
қалыптасуын қамтамасыз етуді жүзеге асыру қажеттігі
туындайды. Шет тілін оқытуда коммуникативтік мәселелерді шешу
сатыларын проблемалық жағдайларды шешу сатыларына
ұқсастықтар бойынша белгілеуге болады, атап айтқанда:
мәселені түсіну, мәселені қабылдау, шешу
тәсілдерін қарастыру, таңдап алынған тәсілдерді
жүзеге асыру, нәтижеге қол жеткізу, нәтижені
бағалау, бұған өзін-өзі бағалау да кіреді.
Интербелсенді
оқыту студенттің өз тәжірибесі және өзге де
студенттердің тәжірибесі
тұрғысынан жасаған белсенді қарым-қатынас
негізінде жүзеге асырылады. Ал, үйренушілер тәжірибесі
дегеніміз – олардың өзіндік пікірілері мен
көзқарастары, ойлары мен идеялары, ұстанымдары мен
пайымдаулары, тұжырымдары мен қорытындылары, дәлелдері мен
уәждері болып табылады.
Болашақ мамандардың
интербелсенді әдістер арқылы бастауыш сыныптарда шет тілін
оқыту әдістемесінде келесі әдіс-тәсілдерді
меңгерту көзделеді: тыңдалым, айтылым, жазылым, естілім.
Қандай бір тілді оқытуда да меңгертілетін осы әдістерді
ағылшын тілін оқытуда қолдануға болады. Енді
осылардың біреуіне тоқталып көрсек:
Тыңдалым –
«аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – «Есту
арқылы түсіну». Бұл термин айтылған не техникалық
аппараттарға жазылған аудиомәтіндегі сөздерді,
сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау
және түсіну деген ұғымды білдіреді.
Тыңдалым кезінде білім алушылар шетел
тілінде сөйлемейді. Тыңдалым сөйлеуге ең тиімді
дайындық ретінде қарастырылады. Тыңдалымға
ұсынылған жаттығулар үнтаспа, ауызша айтылып жазылған
дискі, электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы орындатылады.
Бұл жаттығулар
жүйесі
ақпараттық
құралдар арқылы тыңдатылып, сұрақтар
қойылады, студенттер қойылған сұраққа
түрлендіріп, жаңғыртып, өзгертіп жауап береді [3].
Мысалы: Listen to the text
«My friend». Answer the question and practice the
conversations to say about your friend.
I would like you to meet my friend. This is
Aknur. She is from Shymkent. Now she lives in Almaty. She works at the embassy,
she is an interpreter.
1) What is her name?
2) Where is she from?
3) Where does she live?
4) Where does she work?
5) What is her profession?
I would like you to meet my friend. This
is …. … is from …. Now … lives in ….. … works at the …, … is an ….
Интербелсенді әдістер
арқылы болашақ мамандарды бастауыш сыныптарда шет тілін оқытуға
даярлауда төмендегідей талаптарды орындау қажет:
– қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi интербелсенді әдістер туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру мақсатында шет тіліне қажетті ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды іздеу алгоритмi;
– интербелсенді әдістер арқылы шет тілі пәнінің тапсырмаларын түрлендiру мен қолдану әдiстерiн меңгеру;
– интербелсенді
әдістердің мүмкiндiктерiн пайдалану: шет тілін оқыту үдерісінде пайдалану дағдысы; бiлiм беру үдерісiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, шет тілін
меңгертудің құралдарын қолдану;
Интербелсенді
әдістер арқылы болашақ мамандардың бастауыш сыныптарда
шет тілін оқытуға да мұғалімге қойылатын талаптарды орындай білуі:
-
сабақтың мақсатын дәл қою;
- білімді меңгертуге арналған тірек
схемалар, кестелер арқылы дамыту;
- мәселелерді шешуде топтық,
жұптық жұмыстарды ұйымдастыру (интербелсенді жұмыс);
- бағалау, психологиялық дағдыны
қоса отырып қалыптасқан құзыреттілікті
бағалауы керек;
- сабақта интербелсенді әдістерге құрылған жаттығу,
тапсырмалар, тесттерді қолдану мақсаты - тілдік
құбылыстарды, қатынастарды талдай білуі қажет.
Мысалы, өз топтарында
практикалық сабақтарда алған білімін интербелсенді
әдістер арқылы болашақ мамандарды бастауыш сыныптарда шет
тілін оқытуға да топ
алдында қысылмай сөйлеуге,
өз ойын еркін айтуға үйренеді. Сонымен интербелсенді
әдістер арқылы болашақ мамандарды бастауыш сыныптарда шет
тілін оқытуға да
мүмкіндік алады.
Интербелсенді
әдістер арқылы болашақ мамандарды бастауыш сыныптарда шет
тілін оқытуға даярлауда
ағылшын тіліндегі материалмен өзіндік жұмыс жасауға,
оқу мен сөз тудырушы құбылыстарды жете
қарастыруға, өздігінен оқуды жетілдіруге, материал не
мәтінді сараптай алуға үйретіледі.
Интербелсенді әдістердің
оқытушыға білімгерлердің жұмысын өздігінен
ұйымдастыруына жәрдем береді. Ол үшін мынадай
жаттығулар мен әдістемелік тәсілдерді ұсынуға
болады.
1. Сұрақ-жауап
диалогы.
Білім алушылар сұрақ-жауап негізінде
құрылған лексика-грамматикалық тапсырмаларға
жауап беруі керек. Мысалы:
2. Таңдамалы
жауаптармен жүргізілетін тапсырма.
Жауап беру үшін білімгер компьютерде
ұсынылатын нұсқалардың бірін таңдауы қажет.
Мысалы:
3.Еркін құрылған
сөйлемдерді стильдік түзету.
4. Толықтыруды
керек ететін жаттығулар.
Компьютерде толықтыруды керек ететін
сөйлем жиынтықтары мен мәтіндерді ұсынады.
Сөздерді аудару үшін көмекші құрал ретінде
беріледі, немесе компьютер ұсынған жауаптардың
нұсқалары ішінен қажетті сөздер мен сөз
тіркестермен толықтырылады. Мысалы:
5. Сөздік
меңгерудегі өзін-өзі бағалауға арналған
жаттығулар.
Бұл жаттығуларды орындау кезінде
төмендегі нұсқалар пайдаланылады:
- сөздердің синонимдік пен антонимдік
қатарын тауып алуға көмегін туғызады.
- грамматика мен орфографияны тексеруге
жаттығулар беріледі.
Соның нәтижесінде асықпай білім
алушы еркін жұмыс істей отырып, өз бетімен ойлануға
дағдылануы, оқу қабілеті артып, білім нәтижесінде
көз жеткізеді.
Интербелсенді
әдістер арқылы болашақ мамандарды бастауыш сыныптарда шет
тілін оқытуға даярлауда олардың білім алуда кәсіби ойлауы
мен әрекет ету іскерлігіне толықтай ауыстыру үшін
“оқытушы↔тілдік қатынастың міндеті↔болашақ
мамандар”, “оқытушы↔кәсіби оқытуда тілдік
қатынасқа құрылған
жаттығулар↔болашақ маман”, “болашақ маман↔ тілдік
тапсырма↔болашақ маман”, коммуникативтік құзыреттілігі
қалыптасқан болашақ маманның интербелсенді
тапсырмаларға құрылған өзіндік жұмысы
т.с.с. [4].
Сондай-ақ, интербелсенді әдістер арқылы
болашақ мамандарды бастауыш сыныптарда шет тілін оқытуға даярлауда субъектілік тілдік қатынаста
ықпалдасу үдерісі мен нәтижесінде өз білімін
қолдану тәжірибесін қажет етеді. Бұл – коммуникативтік
әрекеттерді орындауға және осының негізінде тиісті
тілдік іскерліктердің қалыптасуына көмектеседі. Интербелсенді
әдістер арқылы болашақ мамандарды бастауыш сыныптарда шет
тілін оқытуға даярлауда
оқыту үдерісінде субъектінің жұптық тапсырманы
орындауында көрінеді. Сондықтан болашақ маманның
коммуникативтік құзыреттілігінің қалыптасуын
қамтамасыз ететін әр кезеңінің ерекшеліктерін есепке
алғанда ғана мүмкін болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Гумилев университетінде сөйлеген сөзі.
– Астана, 2007.
2.Қазақстан Республикасы жоғары білім беру мемлекеттік
стандартының тұжырымдамасы. − Алматы, 1998.
3. Ozhan Demirel. ELT Methodology.Ankara. 2007 – 22-36 б.
4. Мулдабекова К.Т.Ақпараттық технологиялар арқылы
болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыру тақырыбындағы-PhD док.диссертация. Алматы 2014 –
101б.