Педагогика/Проблемы подготовки
специалистов
6М011900 - Шетел тілі: екі шет тілі мамандығының
2 курс магистранты Жұмахмет
Ж.И.
П.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ешімбетова
З.Б.
Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан
Республикасы, Алматы қ.
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Көптілді
меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік және
кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге
қабілетті тұлға. Бүгінде елімізде ағылшын тілді
мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Алайда, бізде
қазақ және орыс тілдерін игеру сияқты ағылшын
тілін үйрену, сондай-ақ осы тілде сабақ беруде көптеген
кемшіліктер бар. Оның салдарын барлығымыз сезініп отырмыз.
Көптілді білім беру жүйесі аясында білім саласындағы
оқу-әдістемелік құралдар қайта
қарастырылады. Себебі осы саладағы ағылшын тілін оқыту
жұмысы әлемдік талапқа сай емес. Осыған байланысты
келешекте осы мәселені шешу үшін нақты іс-шаралар
өткізілу керек. Сондықтан жоғары білім беруді
жаңартудың негізгі құжаттарында ең негізгі
мақсат білікті маман даярлау деп көрсетілген болатын. Ол
жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық
стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы,
кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, әлеуметтік
және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: мемлекеттік
тілді-қазақ тілін, ұлтаралық қатынас
құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік экономикалық
кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген
тұлға болуы тиіс. Бұл міндетті шешудің
маңыздылығы Қазақстанның жаhандану
жағдайында ұлттық білім жүйесінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға ұмтылысымен анықталады.
Оның жүзеге асырылуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы
септігін тигізді деп айтар едім. Қазақстандықтардың
үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде
іске асыру бүгінде отандық мектептен маманның
шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға,
мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық
саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның
ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді
нығыйту факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің
лингвистік белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми
ақпарат пен жаhандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде
енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап
етеді. Бұл мәселенің бүгінде мемлекеттік деңгейде
талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып
отырғандығы қуантады
“Елу жылда, ел жаңа” дегендей еліміз жаңарып, егеменді ел болдық. Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманы XXI ғасырда өмір сүріп отырмыз. Сонау өткен ғасырларға көз жіберсек, бастарынан неше түрлі қиындық, зобалаңдар өтсе де қайран біздің ата-бабаларымыз ана тіліміздің байлығын кейінгі ұрпақтарына саф алтындай таза күйінде табыстады. Шетел тілін жаңаша оқыту соңғы жылдары жоғары қарқынға ие болды. Оқытушылардың сабақты жобалаудағы жауапкершілігі студенттердің шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады. Олар аз уақытта жаңа технология жәрдемінде үлкен жетістіктерге жете алады. Оқудың дәстүрлі үрдісіне инновациялық технологияны ендіру, оқытушылар мен студенттерге дәстүрлі формаларды және әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңаларды да, атап айтқанда : тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар және т.б. Оқытушылардың біліктілігі олардың педогогикалық қарым- қатынаста жағдаят жасауда көрінеді, онда оқытушылар да, студенттер де таңдау және бақылау мүмкіншілігіне ие болады. Инновация дегеніміз тек қана жаңалық енгізу емес, сонымен қатар жаңаны дәстүрлі оқу- тәрбие үрдісіне қолдана білу. Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық-электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Білім беру саласында түрлі технологиялар еңгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық - коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді [2].
Ал ағылшын тілін саналы түрде меңгерту, оны өз
деңгейінде қажеттілікке айналдыру бір жылғы мәселе
емес, сондықтан оқушылардың пәнге деген
қызығушылықтарын арттыруда, оқушы бойындағы
қабілеттерді анықтап, ары қарай жетілдіруде, жеке тұлға
қабілетін дамытуда қандай технологиялардың әдіс -
тәсілдерін қолданған дұрыс деген сауал туындайды.
Осы сауалға жауапты Елбасымыздың Қазақстан
халқына жолдауынан табуға болады. ХХІ ғасырда
ақпараттық қоғам қажеттілігін
қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей
міндеттерді шешу керектігін атап өтті: компьютерлік техниканы, интернет,
коммуникациялық желі, электрондық және
телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық
электронды оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану
арқылы білім сапасын көтеру. Қазіргі кезде тілді
коммуникативтік оқыту мәселесіне ерекше назар аударылуда. Ағылшын
тілін оқытудың жаңа технологиясы
тілдің коммуникативтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық
жағынан меңгертуді көздейді. Оқушылардың шет
тіліне қызығушылығын оятқан кезде ғана кез келген
жетістіктерге жетуге болады, яғни оқытудың ең бастысы
оқушылардың тілге деген құштарлығын ояту,
танымдық белсенділігін арттыру. Бұл дегеніміз қоғам
талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен
құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін,
қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау
арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер
қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру [3].
Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау
және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте
біріктірілген әдістер мен өндірістік және
бағдарламалық-технологиялық құралдардың
жиынтығы. Қазіргі
кезде сабақта ақпараттық технологияларды
бәріміз кеңінен
қолданамыз.
Қазіргі
таңда студенттерді компьютермен, интернетпен, интербелсенді
тақтамен сабақ өткізу толығымен жолға
қойылып отыр. Көптеген оқытушылар осы уақытқа дейін
техникалық құралдармен сабақ өтіп, оның
қаншалықты тиімді екенін дәлелдеді.
Компьютермен
сабақ өткізу арқылы оның қолданылуын үйрене
отырып телесабақтарды тың, жаңа деңгейде
өткізуге, оқытушы мен оқушының
қарым-қатынасының педагогикалық және методикалық
тұрғыдан сараланып алынған алуан түрлі қызмет
түрлерінің қолданылуы жүзеге асады. Компьютерді
қолдану барысында өздерін қызықтыратын әр
түрлі мәселелерді шешуге болады және талқылайды [4].
Компьютермен бала жазады,оқиды,түрлі тестер орындайды. Техникалық
құралдарды пайдаланудың ең тиімді жағы
уақытты ұтасың, дәл, тиянақты
оқу-материалдарын алдын-ала дайындап, оқушыға беріп
отырсаң өзінен-өзі жасауға тырысады,
қызығады, жасамай,үлгермей отырған оқушы
болмайды, себебі оның алдында бәрі дайын тұр. Сонымен қатар
мұғалім қазіргі мектептегі ақпараттық
құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Active Studio
бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі
интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді
өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім
кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер
мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпыну керек.
Соңғы кезде уақыт көрсетіп отырғандай,
мұғаліммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат
болатыны кейінгі көрсетілген тәжірибелер дәлелдеп отыр.
Сондықтан әрбір мұғалім өз қызметіне
ақпараттық технологияны пайдалана білуі кажет. Бұл
мәселе білім беруді ақпаратттындырудың қажетті шартына
айналып отыр.
Сонымен ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Әдебиеттер:
1. Гальскова
Н.Д., Гез Н.И. Теория обучения иностранным языкам. Лингводидактика и методика.
Москва, Academa, 2004.
2. Гальскова Н.Д. Современная методика обучения
иностранным языкам. Москва, 2004.
3. Миролюбов
А.А. Методика обучения иностранным языкам: традиции и современность. Обнинск,
Титул, 2010.
4. Кунанбаева С.С. Теория и практика современного иноязычного
образования. – Алматы, 2010.
5. Колкер Я.М. и др. Практическая методика обучения
иностранному языку М., 2001