Педагогические науки/3.Методические основы
воспитательного
процесса
Д.О.Оразбекова, аға оқытушы
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан Республикасы
Дәстүрлі тынығу мен бос уақыт ұғымы
Адамзат қалыптасу барысында материалдық және рухани
құндылықтарды дүниеге әкеледі. Сол
әрекеттерімен қоршаған ортадағы басқа да
тіршіліктен ерекшеленеді. Аталған әрекеттер саналы түрде,
өмір тіршілігін сақтау үшін, қоршаған ортаны
игеріп, өз қажетіне айналдыру барысында жасалды. Өзін де,
ортасында мәдениеттендіру үшін адам тек еңбекпен
айналысқан жоқ. Сонымен бірге ол өзінің танымын, рухын
да түзеді, дүниетанымын қалыптастырды,
қарым-қатынастар жасау арқылы өзгеге қарап
өзін жетілдірді. Бұл әрекеттер бос уақытты тиімді
ұйымдастыру мен пайдалануға байланысты дамып отырды.
Бос уақытты тиімді ұйымдастырудың адам мен мемлекетке
тигізер пайдасына көне дәуірден-ақ назар аударылған. Бос
уақыт маңыздылығы мен жеке тұлға арқылы
мемлекет те, ұлт та даму үдерісінен қалыс
қалмаған.
Бос уақыт құндылығын сезініп оны өз
байлығына айналдыра білген тұлға ғана өмір
мәнділігін арттыра алады. Жетіліп ер болу да, есіріп ез болу да бос
уақытқа байланысты деген нақыл сөз сол
құндылықты меңзейді.
Бос уақыттың жеке тұлға қалыптасуына
ықпалын терең бағамдаған шетелдік ғалымдардың
зерттеулері мол. Бос уақыттың әр түрлі аспектілерін
зерттеп, талқылап, философия, әлеуметтану, мәдениеттану,
педагогика теориясында оның алатын орнын айқындаған
ғалымдар қатарында С.Н.Икконникова, Э.С.Соколов, Н.И.Иванов,
В.А.Ядов және т.б.
Сонымен, бос уақыт - амның
тәулік уақытының бір бөлігі. Еңбектен тыс
уақыттан адами қажеттіліктерді өтеуден қалған,
жеке тұлғалық рухани әрекетерге арналған уақыт.
Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан
ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен,
өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні
жөн-жосықпен, әдепті ырым, тиыммен тәрбиелеп,
ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.
Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік
тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін
көрсетті.
Әр мемлекеттің елдігін танытатын күретамырының бірі
мәдениеті. Ұлттық дүниетанымы мен рухани
өмірінің деңгейі мен байлығы, халқының
даналығы мен зерделілігі ұлттық мәдениет туындылары
арқылы танылады.
Ғасырлар
сынынан өтіп, ұрпақтар өмірінде сабақтастық
тауып отырған тілі мен ауыз әдебиеті, әлеуметтік және
саяси билік жүргізу өнегесімен қатар дәстүрлі
мәдени-тынығу әрекеттері де, яғни айтқанда,
адамның рухани қалыптасып жетілуіне әсер ететін мәдени
әрекеттері де өзіндік мәнге ие. Кәсіби мамандар
мәдени-тынығу жұмысының көне үлгілерін жете
меңгермейінше барша халықтың бос уақытындағы
рухани қызығушылығы ұлттық мәдениеттен
аулақ қалуына немесе адами даму емес, азғындық жолына
түсіретін кері ықпал жетегіне еруі мүмкін. Халықтық
мәдени әрекеттерді игеруі мен ұғынуы арқылы
әр азаматтың ұлттық рухы қалыптасып, елінің
намысқой азаматын тәрбиелеу міндеті атқарылды.
Мәдени – тынығудың дәстүрлі
қоғамдағы еңбек пен бос уақыт байланысын
реттейтін, адамдардың физиологиялық үйлесімді қалып
сақтайтын, рухани қазынадан нәр алып, оларды насихаттап,
дамытуға мүмкіндік туғызатын әлеуметтік қажеттілік
екен. Сонымен қатар, қазақ өмірінде
қалыптасқан бос уақыт мәдениеті арқылы
әлеуметтік топтардың өздеріне лайықты
тұрмыстық және қоғамдық мәдени
үлгілерді игеруіне мүмкіндік жасалып, ой мен бой түзеуге этнопедагогикалық
ықпал етіледі.
Мемлекетіміздің мәдениет саласындағы ұстанымын
жүзеге асыру мақсатында мәдениет мекемелері,
халықтың бос уақытын байлыққа айналдыруға
мүдделі мәдени мекемелер мен кәсіби мамандар. Оларға
арнайы білім мен әдістемелік қолдау қажет. Сонымен,
«мәдени-тынығу жұмысы дегеніміз өмір
сүрудің, рухани жетілудің міндетті қызметі» деген
түйін жасай аламыз. Оның басты қызметі – адам рухын
түзеу. Бұл орайда мәдени-тынығу әрекеттер
арқылы қалыптастырылатын, қанағаттандырылатын рухани
сұраныс ұлттық – этникалық мәдениет аясында
қалыптасып, адамзат мәдениетінің идеалды варианттарын
мұрат тұтуы шарт.
Бос
уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды
мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық
мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай
білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге
көмектеседі.
Мәдени – тынығудың дәстүрлі
қоғамдағы еңбек пен бос уақыт байланысын
реттейтін, адамдардың физиологиялық үйлесімді қалып
сақтайтын, рухани қазынадан нәр алып, оларды насихаттап,
дамытуға мүмкіндік туғызатын әлеуметтік
қажеттілік екен.
Бос уақытта атқарылатын
мәдени әрекеттер арқылы әр жеке тұлға
қоғамдық мінез-құлқын қалыптастырумен
қатар, дәстүрлі мәдениет үлгілерін игеріп,
қарым-қатынас жасауға шыңдалып, қоғамнан
шеттелген мен тысталғандар қатарынан аулақ болуына,
өмірде өз орнынын табуға ықпал етіп, бос уақыт
мәдениеттілігінің этнопсихологиялық мәнін арттырады.
Мәдени мекемелердің
атқаратын жұмысы күнделікті сұраныстарды өтеумен
қатар, биік дәрежеге жетелейтіндей етіп атқару үшін,
олардың қызметі дәстүрлі мәдениеттің
көне үлгілерін сақтай отырып, қазіргі мәдени даму
үрдісіне лайықталатын әдістер мен жолдарын белгілеу міндетін
де орындауы үшін мәдени-тынығу жұмысының
дәстүрлі формаларын игеруі керек.
Әдебиет:
1. Камалова Н.М. Мәдени-тынығу
жұмысының ұлттық дәстүрлері. Шымкент,2009
2. Исаева
И.Ю. Досуговая педагогика. Москва, «Флинта» 2010
3. Рүстемов М. Халық
мұрасы. Шымкент, «Шамған» 1993