Наушева Манет Каужановна
Бірінші санатты бастауыш сынып
мұғалімі,
Лбішін НЖОББМ, Ақжайық
ауданы, БҚО
ОТБАСЫ. БАЛА. МЕКТЕП.
Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы
белгілі бір дәстүрдің, жағымды өнегелердің,
мұралар мен салт - дәстүрлердің сақтаушысы.
Отбасында бала алғаш рет өмірімен, қоршаған ортамен
танысып, мінез- құлық нормаларын игереді. Отбасы
баланың азамат болып өсуіне негіз болып табылады. Ата-ана
және отбасы мүшелері жас нәресте дүниге келген
күннен бастап оған қамқорлық жасап, болашағын
жоспарлайды. Жақсылықты үйреніп, жамандықтан жиренуге
тәрбиелейді.
Отбасы – балаға мінез – құлық мәдениетін
қалыптастыратын алғашқы ұжым. Отбасында бала
алағашқы адамгершілік дағдыны игереді. Ата - аналарының
айтқан ақылы мен үлгі өнегесі, үйдегі өмір
салты, отбасындағы ахуал, барлығы да балалар бойында мінез -
құлық әдеті мен жақсылық мен
зұлымдықты бағалау өлшемдерін қалыптастырады.
Отбасындағы қарым - қатынас бала психологиясына күшті
әсер етеді. Әр бала – отбасының айнасы. Баланың
көңіл - күйіне қарап отбасындағы кейбір
келеңсіз жағдайларды аңғартуға болады. Ата-ана
отбасының жылылығы мен ынтымағын, бірлігі мен
тыныштығын сақтап жанұя мүшелерінің көтеріңкі
көңіл – күйде болуын қамтамасыз етіп отыруы керек. Ата -
ана отбасындағы өздерінің күнделікті тындырған
жұмысы туралы бала - шағасының алдында сырласады.
Әкесінің жетістігіне балалары бірге қуанады, бұл
олардың мақтаныш сезімін туғызады. Бірте - бірте ұл - қыздары
өз жаңалықтарын ортаға салып айта бастайды. Осылайша
жанұяның бір - біріне деген сенімі, сүйіспеншілік,
достық қатынастары нығая түседі. Ата - ана
баланың материалдық және рухани қажеттіліктерін
қанағаттандырып талап - тілегімен, пікірімен санасып отырса
олардың арасындағы қарым - қатынас
сыйластыққа, сенімге негізделеді де баланың әке - шешесін
жақсы көру, құрметтеу сезімі дами түседі.
Қазіргі таңда мектептерде мұғалімдерді мазалайтын
басты мәселе «қиын» балалар.
Алдымен осы «қиын» оқушылар дегеніміз кімдер? Олар - мектеп
тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге
қарсылық білдіретін оқушылар. Сонымен қоса, білім
деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп
қалатын, ұзтаздардың көп талабын орындамайтын,
адамгершілік деңгейі төмен, сыныптастарымен үнемі тіл табыса
алмайтын, ұжым мәселелері қызықтырмайтын
оқушылар, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ
оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрміз.
Баланың қиын мінез - құлқының себебін
іздесек, көбіне баланың өз отбасындағы ата-анамен
қарым-қатысына байланысты екені анықталды. Кей оқушылар
ата-ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көрмей өсіп,
осыған мектептегі өз тобындағы оқушылардың,
мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып,
ұзаққа созылған қайғыру, ренжу жүйке
ауруларына шалдықтырып, бала ашуланшақ, өмірге ызалы,
тұйық қалыпқа түседі.
Ата - ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық
сезінбеген жасөспірім өмірде өзін ешкімге қажетсіз деп
есептеп, уайымға шалдығады, кей жасөспірімдердің
ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты
түстер көріп, иммунитеті төмендейді. Мұндай
жағдайды болдырмау үшін ата - ана не істеу керек?
* Жазалау мен шектеуді шектен тыс қолданбау.
* Балаға жекелей ықпал жасау керектігін ұмытпау.
* Танымдық қызығын арттыру.
* Баланы ағартушылықтың көптеген түрлеріне
қатыстыру, бірақ жағдайды үнемі бақылауды
ұмытпау.
* Әңгімелесу, түсіндіру, бірақ бірден үлгілі
мінез - құлықты талап етпеу.
* Өзгерістерді бала өміріне кешенді түрде енгізу. Мінез -
құлқындағы кішкене болса да өзгерістерді
бақылау.
* Бала жетістікке өзі жету арқылы бақыт пен
қуанышты сезіну.
* Баламен әдепті сөйлесу. Өйткені жақсы сөз
жан семіртеді. Отбасы - таным бесігі, отбасы - өркениет ошағы.
Балаға сену керек, әрине, бұл ең маңызды.
Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз – ата-ана.
Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен,
үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамиды. Олар:
- адамгершілік;
- бауырмалдық;
- татулық;
- қайырымдылық;
- әдептілік;
- инабаттылық;
Еңбекпен
тәрбиелеу
- өзің жұмыс істеп жүргенде баланың
қолынан келетін ісіне жағдай туғызу;
- оның үйренуіне көмектесу;
- берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуын
төзімділікпен бақылау;
- істеген ісін ұқыпты, тындырымды орындауына бағыт беру;
- жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру;
Бала тәрбиесіндегі басты тұлға - әке мен шеше болып
табылады. Ата - ана баламен пікірлесуде бейпіл ауыз, бейауыз сөздерді
қолданбай дөрекілікке жол бермей, жеке басын қорламай
ақылды сөздер айтып, өнеге бала білсе, тәрбиелеуде
табысқа жетеді. Ал мына әрекеттер балаға теріс әсер
етеді:
- Жанұядағы жанжал;
- үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы;
- баланың көзінше басқа біреуді сөгуі;
- біреудің сыртынан өсек айтуы;
- балалардың көзінше арақ ішу, үсті - үстіне
темекі тарту т.б.
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады.
Кейде сабақты жиі қалдыруға және әртүрлі
сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл
жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын
аңғармайда қалуы мүмкін.
Сондықтан:
- Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту;
- тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру;
- табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту;
- сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру;
- дұрыс білім алуына жағдай жасау.
«Тек қана ата - аналармен бірге, жалпы күш - жігерді біріктіру
арқасында үлкен адамдық бағыт беру мүмкін» деген
ұлы ғұламалар.
Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой.
Иә, «Ұяда не көресең ұшқанда соны ілерсің»
демекші ата - ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады.
Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті
жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат
сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына ықпал жасау –
ата - ананың басты парызы.
Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ - түйек дейтін
ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге
қақымыз жоқ.
Бала- әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз
бақытымызды бағалай білейік.