БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ
МАТЕМАТИКА ПӘНІНДЕ КОМПЬЮТЕРДІ ОҚЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
ҚОЛДАНУ
Жуанышова А.Т., Сұраш Н.Т.
Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институты, Тараз
қаласы.
Қазақстан
Республикасы тәуелсіз ел болғалы ғылым, мәдениет
салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға
жалпы адамзаттық және жеке ұлттың игіліктер негізінен тәрбие
мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге
көтеруге ықпал етуде. Елбасының сөзімен айтсақ, «Еліміздің ертеңі бүгінгі
жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ
тағдыры ұстаздың қолында» дей отыра, «Қазіргі
заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты
әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру
өте қажет»,- деп 2015
жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа
жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Президентіміз Н.Ә.Назарбаев бұл жолдауында алға
қойылған жоспарлар мен мақсаттардың
Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін
көрсетуі арқылы алдағы атқарар істердің
жүзеге асарын нақтылап берді[1].
Бастауыш
сыныптың математика сабақтарында
компьютерлік технологияны қолдану: Қазақстан
Республикасындағы оқу мен тәрбие жүйесіндегі
қазіргі заманғы талаптарға сай білімді ақпараттандыру
мен компьютерлендіру тенденциясы қарқындап дамып келеді. Мұны
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында
қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жаңа
технологияларымен қамтамасыз етілуі міндеттелгендігінен
байқауға болады [2].
Қазіргі уақытта компьютерді бастауыш сыныптардың
математика пәнінде қолдануда ғана емес, басқа да
оқу пәндерін оқытуда пайдаланудың жақсы
нәтижелер беретіндігін дәлелдейтін біршама еңбектермен
диссертациялық зерттеулер бар.
Аталмыш мәселенің теориялық жағы ресейлік
ғалымдар И.В.Апатова, В.С. Гершунский, В.А. Кальней, А.П.Ершов, В.М.Монахов,
А.А.Кузнецов, И.В.Роберт, Н.Ф.Талызина және тағы басқа
зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған. [3,46].
Бұл ғалымдар өз еңбектерінде компьютерді оқу
құрал-жабдығы ретінде пайдалануға тоқталады,
бұл өз кезегінде көрнекіліктің тиімділігін арттыру,
дерексіз математикалық ұғымдарды меңгеруді
жеңілдету, оқу іс- әрекеттерін жекелендіру арқылы
оқушылардың белсенділігін арттыру т.б. мәселелерді
нәтижелі шешуге болатындығын көрсетеді.
Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепке
ақпараттануды енгізуде және компьютерді оқу-құрал
жабдығы ретінде пайдалану мәселесімен Ж.А.Қараев және
оның шәкірттері айналысқан. Математиканың жеке
тақырыптары мен бөлімдерін компьютерді пайдаланып оқыту
мәселесін Т.Ж.Байдильдин (алгебра және анализ бастамаларын
оқыту тиімділігін арттыруда), Н.И.Аманжолова (жалпы математиканы
оқытуда компьютерлік технологияны қолдану), Р.Б.Бекмолдаева
(бағдарлы мектептерде туынды тақырыбын оқытуда),
Р.С.Шуақбаева (көпжақтарға берілген есептерді
шығаруда), А.Ө.Байдыбекова (бастауыш сынып математикасын
оқытуда) зерттеген. [3,51].
Бастауыш сыныптың математикасын оқыту барысында дербес
компьютерді қолданудың маңызы зор. Қазіргі таңда
бастауыш сынып оқушыларының көпшілігі ерте бастан-ақ
компьютерлік ойын ойнап, электронды ойындармен өте жақсы таныса бастайды.
Сондықтан бастауыш сыныптың математика сабақтарында
компьютерлік технологияны қолдануды мүмкіндіктерін қарастыру
кіші мектеп жасындағы оқушылардың өмірлік
тәжірибесін, олардың даму ерекшеліктерін, пәнге деген
қызығушылығын арттыру кезінде үлкен маңызға
ие болады.
Сонымен
компьютердің көмегімен оқытудың мынадай жақсы
жақтарын атап өтуге болады:
- компьютерді
пайдалану сабаққа деген қызығушылықты арттырады;
- компьютерге
арнап оқушылардың ойлану дәрежесіне, материалды
қабылдау ерекшелігіне байланысты әр оқушы үшін жеке
бағдарлама құрып, оқушылармен дербес жұмыс
жасауды күшейтеді;
- компьютер
арқылы сөйлеу қабілеті дамымаған, нашар еститін т.с.с. денсаулығында
кемшіліктері бар балаларды оқытуда
тиімділігі бар;
- компьютер
оқушыға материалдың қай тұсына баса назар аудару
керек екенін көрсетіп, көмектесіп отырады, оны асықтырмайды,
оқушы компьютер алдында қысылып ұялмайды. Сондықтан
білмеген нәрсесін машинадан қайталап сұрап алады;
- компьютерді сабаққа пайдалану
оған жұмсалатын уақытты үнемдейді[4,89].
Компьютерлерді
қолданудағы кейбір мүмкіндіктер күнделікті өмірде
қолданыс табады. Оны ұйымдастыруда оқушыларды белгілі бір
түсініктерге үйрету, оларда іскерліктерді қалыптастыру
міндеті қойылмайды. Компьютерді оқыту құралы ретінде
оқушыларға көрсету мүмкіндігі көбірек.
Танымдық
белсенділікті қалыптастыру әдістемесін жасау барысында
оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін
ұйымдаструдың барлық түрлері, сондай-ақ
оқушыларда қалыптасатын танымдық дербестіктің
бөліктері ескерілді. Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық
дербестігін ұйымдастырудың негізгі құралы өзіндік
жұмыс және ол оқушылардың дербес танымдық
іс-әрекетін жандандыруда ерекше орын алады. Осыған сәйкес
компьютерді, оқушыларды дербес танымдық іс-әрекетке тарту,
қызықтыру құралы деп есептеуге болады [5,51].
Айта кетерлік
бір жайт, оқу үрдісінде компьютерлік техниканың
мүмкіндіктерін қолдану жеткілікті дәрежеде дайындығы
бар оқушымен ғана емес, қабылдау, ойлау, оқуға
және берілген мәліметті қайта жаңғыртуға
қабілеті әр түрлі оқушылармен жұмыс
жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл кезде оқушының
танымдық белсенділігін дамытудың негізгі қажетті шарты –
оқу үрдісін дараландыру қажетті деп танылады.
Бірақ бүгінгі күні барлық
мектептерде оқыту–тәрбие үрдісінде дербес компьютерді оқу
құралы ретінде пайдаланудың теориялық және
практикалық та жақтары жан-жақты зерттеліп жүйелі
жүргізіліп жатқанмен де, жеткілікті дәрежеде толық шешімін
таппай, оқушылардың жеке басының
қасиеттерін ашу, ізденушілікке, өз бетінше жұмыс жасау, бақылау мен
зерттеу, компьютерлік сауаттылықты жетілдіру,
компьютермен толық қамтамасыз ету (әсіресе ауылдық
жерлердегі мектептерде), сондай-ақ оның зиянды жақтарын да
анықтау мәселесі кейінге қалып, бүгінгі таңда белгілі бір
дәрежеде қарама- қайшылықтарды тудырып
отырғандығын аңғартады. Сондықтан бастауыш
сыныптың математика сабақтарында компьютерлік технологияны
қолдану мүмкіндіктерін қарастыру кіші мектеп жасындағы
оқушылардың өмірлік тәжірибесін, олардың даму
ерекшеліктерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру
кезінде үлкен маңызға ие болады [6,27].
Қорытындылай келе, айтарымыз компьютерді
қолдану арқылы оқушыларды танымдық белсенді іс-әрекетке
жүйелі түрде тартуға, теориялық білім сапасын
арттыруға және ол білімді одан әрі тереңдету
қажеттігін түсінуге, олардың танымдық белсенділігін
қалыптастыруға мүмкіндік туғызады деп ойлаймыз. Сондай-
ақ танымдық белсенділікті қалыптастыру үрдісі кезінде
қолданылатын әдіс-тәсілдер жүйесін білім базасын
жасауда арнайы пайдалану, оқушылардың білім мен дағдыны игеруіне
арналған негіз жасау, компьютердің көмегімен
оқушылардың оқу үлгерімін бақылау және
өзін-өзі бақылау жұмыстарын жүзеге асырады
мәнін түсінікті де терең қабылдауын келешекте
алған білімді халық игілігіне жұмсай алуын қамтамасыз
ету болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:
өсім, реформалар, даму».-Астана, 2015 жыл 30 қараша.
2 Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңы.– Астана, 2007
3
Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т.
Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын
қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2013 ж.
4
Апатова Н.В.
Информационные технологии в школьном образовании. – М: ИОШ РАО, 2008
5
Әбілқасымова А.Е., Көбесов А.К.,
Рахымбек Д., Кенеш Ә.С. Математиканы оқытудың теориясы мен
әдістемесі.- Алматы «Білім» 2009.
6
Шәдиев Қ. Компьютерді қолданудың
педагогикалық мәселелері. «Қазақстан мектебі» №5, 2008