БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

 

Жуанышова А.Т.

Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институты, Тараз қаласы.

 

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымның маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Ендігі мақсат – сол экономикалық, әлеуметтік даму бағытымыздың әлем алдындағы бәсекелестікке төтеп беру.

Сол себепті, қазір оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға басымдық беріліп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында: «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз–білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру»,-дей келе, ел келешегі жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың білім негіздерін игеруіне, біліктілігіне елдің болашағы байланысты екендігін атап өтті. [1].

Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау, өзіндік жоғары сананы бойларына дарытып, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу – бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан–жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Оқушының жан – жақты дамуына бағыт – бағдар берушi – мұғалiм. Бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi [2].

Ғалым–педагог Л.В.Занков «Оқыту–оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет»– дейдi [3,18].

Көрнектi психолог Л.С. Выготский : «Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту»– деп тұжырымдайды [3,19]. Ал, оқыту–мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.

Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм мен қатар тәрбие беру, яғни өзіндік іс- әрекет қалыптастыру, бастауыш сыныптан бастап өздік пікірі бар жоғары деңгейдегi оқушылар тәрбиелеу болып табылады.

Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысы мәселесін талдау зерттеліп отырған мәселенің толығымен тұтас оқыту үрдісінде жүзеге асырылатындығын көрсетеді. Өздік оқу іс-әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Кезінде өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы ролін жете көрген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялыларының бірі ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынов «Қазақша оқу жайынан» атты еңбегінде, «бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі–балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру», деген екен. [4,25]. Бұдан біз Ахмет Байтұрсыновтың 20-30 жылдардың өзінде-ақ кейінгі жылдары ресей ғалымдары В.Давыдов пен Л.Занковтың дамыта оқыту теориясын негізі болған,-өз бетіндік танымдық әрекеттің ролін көре біліп, оның бала дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағандығын байқаймыз.

Орыс педагогы К. Ушинскийдің: «Оқушы білімді өз бетімен жұмыс жасай білгенде ғана тиянақты игереді. Ал білім алу барысында ешқандай өз бетімен жұмыс жасау қабілетін танытпаса, алған білімі тез ұмытылып, қажет жерінде оны қолдана алмайды» деген пікірі өз маңызын әлі жоймақ емес[4,38]. Осыған орай, өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты – оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс – пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдері арқылы өткізілген әрбір сабақ оқушыларды терең ойлауға, ізденіске жетелейді. Оқушылар өзіндік жұмысқа, мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалайды.

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдеріне тоқталайық:

- Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыру оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы,сондай-ақ бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән беріледі. Осыған орай өз бетімен жұмыс бастауыштың өзіне тән әдістемесіне сәйкес түрлі формада және мазмұнда көрініс табуда. Өз бетіндік жұмыс–бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өзбетіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.

- Бастауыш мектепте өзбетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай- бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері [5,14].  Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестеу, шығармашылық, жұмысқа талпынысы басым болады.Сол себепті де тиімді түрде ұйымдастыра білген мұғалімге оның берерлік маңызы зор.  

    Өз бетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз тәжірибеміздің қорытындысы негізінде біз шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін өз бетімен жұмыс түрлеріне төмендегі негізгі үш жұмыс түрлерін жатқыза аламыз. Олар:

- Логикалық дамытушы ойындар мен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөз жұмбақ, анаграмма) өз бетімен жұмыс түрлері;

-    Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері ( кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу, т.б.)

- Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.) [6,37].

Мұнда басты назар аударатын мәселе- бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Яғни, бұл мектептің бастауыш сыныптарда білімнің негізі қаланумен бірге, өзбетінше жұмыстардың өте қажетті іскерліктерді қалыптасуы қажет деп ойлаймыз. Олай болса, қорытындылай келе:

1.  Оқушылармен жүргізілетін өз бетінше жұмыс теория практикамен, оқытуды өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді.

2.  Оқушылармен жүргізілетін өз бетінше жұмыс білім, білік және дағдыларын қалыптастыруға игі әсер етіп, жүйеге келтіріп, сабақтың сапасы мен тиімділігін арттырады.

3.  Оқушылармен жүргізілетін өз бетінше жұмыс балалардың логикалық ой-өрісін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттырады, - ал бұл бүгінгі күннің басты талабы болып қала бермек.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Егемен Қазақстан Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» №20 (29001) 31 қаңтар, сейсенбі 2017 жыл

2 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.- Астана 2011ж.

3 Абдуахитова О. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру»

// Қазақстан мектебі. № 11-12. 2008 ж.

4 Рақымбек Д.Оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетін жетілдірудегі логика әдістемелік білімдердің орны //Қазақстан жоғары мектебі. — 2012. - №2.

5 ҚоқымбаеваТ. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру. // Бастауыш мектеп. 2007, №3, 14-16 бет

6 Мүслімов Ә. «Оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі» - //Ұлт тағылымы.- № 2.- 2002.- 37-39бет.