Педагогика/Современные методы преподавания

Дефектология ғыл.магистрі, оқытушы Жаканбаева Б.Б.

Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ.
Бастауыш сынып мұғалімі Баймұсаева М.

Нұра ауылдық мектебі, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы

 

ОҚЫТУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ  ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ӘСЕРІ

 

Қазіргі кезде Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге мүмкіндік беретін жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Бұл үрдіс оқу – тәрбие процесінің теориясы мен практикасына әсер етпей қоймайды. Себебі, бүгінгі қоғамдағы күрделі әлеуметтік – экономикалық өзгерістер білім беруді дамытуға жаңаша қарауға, педагогикалық ғылымның қалыптасқан әдіснамасы мен парадигмасының өзгеруін талап етеді.

Сондықтан да жас талды түзу ексең, ағаш қисық болмайды демекші, қазіргі педагогтардың бастауыш сынып оқушыларына, оларды оқыту- тәрбиелеу үрдісіне инновациялық , яғни ұтымды технологияны енгізгені жөн.

Сыныптағы ұстаз бен оқушының негізгі қарым – қатынас формасы – сабақ. Ал сабақтағы мұғалім мен оқушының жеке тұлғаға бағытталған өзара қарым – қатынасы педагогикалық , оқыту – тәрбиелеу процестің аса маңызды құрауыштарының бірі болып табылады. Оқушыларды  имандылыққа тәрбиелеудегі оның бойында адамгершілік  қасиеттерді қалыптастырудағы білімге деген қызығушылығын оятудағы , өзара түсіністік пайда болудағы ұстаз бен оқушының арасындағы қарым – қатынастың рөлі ерекше. Бәріне белгілі жағдай, ол бастауыш сынып оқушысының ересек оқушыларға қарағанда айырмашылығы мәліметті қабылдау ерекшелігінде. Бұл жерде психиканың, жас айырмашылығының рөлі де айтарлықтай. Бірақ ең басты проблема, сол мәліметті қабылдау ерекшелігінде.

Бастауыш сынып оқушылары көбіне ойын болып келген, суреттер арқылы берілген мәліметтерді тез қабылдайды. Ал теледидардан, яғни экраннан көрген мәліметтерді жас бүлдіршіндер одан да жақсы қабылдайды. Бұл жерде бір айта кететіні, экраннан көріп қабылдаған мәліметтерді жас бүлдіршіндер қабылдауға жалықпайды , қайта оларда не бір талпыныс , қызығушылық пайда болады. Сондықтан да оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі аса қажетті , ұлағатты ұстаз бен зейінді оқушының арасындағы қарым – қатынасты, өзара түсіністікті , сыйластықты , тіпті тәртіпті де жетілдіруге , нығайтуға , дамытуға , орнатуға және бастауыш сыныптың оқушыларының сабақты меңгерудегі мәнін жақсартуда интерактивті технологияның орны ерекше болмақ.

Интерактивті оқыту – көпқырлы құбылыс. Білім алушы белгілі бір математикалық есепті шешуде өзінің білетінін есіне түсіреді , білімін басқалардың білгенімен толықтырады , жаңа тәсілдерді меңгереді , өзінің қабілетін анықтайды. Бастауыш сынып оқушыларының арасындағы бірдей белсенділік жағдайында өтетін мұндай білім алу процесі бір мезгілде бірнеше міндетті шеше алады: танымдық , коммуникативтік , дамытушылық , интеллектуалдық , сонымен бірге ең бастысы білімді әлеуметтендіру , демократиялау , гумандандыру. Бұл қазір құзырлылық деп аталып жүрген жаңа басымдылықтар. Екінші жағынан егер біз интерактивті технологияны қолдансақ , мұғалімнің де жұмысы жеңілдейді. Мысалы , дербес компьютер мен интерактивті тақтаның мүмкіндіктері – мұғалімге көмекші , оқыту, әрі көрнекі құрал ретінде сабақта жұмыс нәтижелерін кесте немесе сызба түрінде дисплей экранына , қағазға шығарып беруге мүмкіндік туғызады. Сондықтан да интерактивті технология , яғни оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі қолданылатын интерактивті амалдар жиынтығы ( интерактивті тақта, электронды оқулық және т.б.) оқу процесін жеңілдетіп және сапасы мен жылдамдылығын арттырады. Сонымен қатар жас бүлдіршіндерді сыйластыққа, өзара түсіністікке тәрбиелеп қана қоймай , жоғары сыныптарға көшкенде қажет болатын информатика пәні туралы да хабардар етеді.

Мен қазіргі ақпаратты – технологиялардың мүмкіндіктерін және олардың жоғарыда айтылып өткендей ұтымды жолдарын ескере отырып , интерактивті технологияны оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі тиімді қолдану жолдарын ұсынамын. Олар төменгідей болмақ:

1)            Оқытудың интерактивті әдістері жеке , топтық , ұжымдық жұмыстар жүргізудің тиімділігін арттырады. Мысалы интерактивті тақта көмегімен дүниетану пәнінен барлық оқушылардың қатысуымен ұжымдық жұмыс жүргізіп , мысалы , әлемдегі ағаш , жәндіктер , балықтар , аңдар және т.б. түрлерін қарап , сол тақырыпты оқушылармен қызыға талқыласақ , онда ешбір оқушы шетте қалмайды. Себебі аңды немесе тірі жәндікті қызықтамайтын , болмаса жақсы көрмейтін оқушы болмайды. Қайта бұл интерактивті әдіс оқушылардың өзара білім алмасуына , көпті білуге талпынысқа жетелейді.

2)      Бұл интерактивті әдісте мұғалімнің рөлі: әр оқушының білімін байқау, қарым – қатынас жасау , оқушылардың білмеген жеріне көмектесу , тәртіпті сақтау болмақ. Интерактивті құралдың , яғни тақтаның рөлі: үлкен масштабта көрнекілік көрсету , оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде ғылыми – таным әдіснамасы өте зор маңызға ие. Оқытудың басты сауалы: “Нені оқыту , қалай оқыту” мәселесі күн сайын күрделеніп келеді. Оның бірден – бір себебі білім ауқымы кеңейіп , технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Олай болса , “Мұғалімге жаңа технологияны ғылыми негізде меңгерту және терең білімді , ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу” міндеті жүктеледі. “Нені оқыту керек?” деген сауалға мемлекеттік білім стандарты жауап берсе , “Қалай оқыту керек?” сауалына тек мұғалімнің кәсіптік іздеу даярлығынан , жаңа технологияны пайдалана отырып , өзінің нақты мақсатын қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек. Жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші мәселе болса , жасыратыны жоқ , бұрын оқыту ісіне біржақты қарап , оқытуды тек сабақты жақсы беру деп санап келдік. Соның салдарынан барлық ауыртпалық мұғалімдерге түсті: сұрайды , түсіндіреді , қосымшамен толықтырады. Бұрынғы дәстүрлі оқыту жүйесінің тозығын да , озығын да қайта қарап , оқытудың жаңа технологиясы енгізілді.

Интерактивті әдістердің мәні – әрбір оқушының оқушылармен өзара белсенді байланыста болып , мұғаліммен бірлесе отырып , компьютермен жұмыс жасап , оқу – танымдық нәтижеге жетуі. Бұл әдістер оқыту барысында тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптасуға бірден бір әсер етеді.

Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда мынадай шарттар орын алулары тиіс: мақсатты нақты белгілеу; мұғалім оқушылардың топпен жасалатын жұмыстарының мәнін , ережесін түсініп , топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болу керек. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты , жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды , адамгершілік , рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді , өзін – өзі дамытады , оқу – тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Мұғалім интерактивті әдістерді қолдануда мына ережелерді есте ұстағаны жөн: жұмысқа оқыту әдістерін түгел қатыстыру. Өйткені бұл әдістің негізгі мәні де оқушыларды танымға жұмылдырады , оқушыларды осы әдіспен жұмыс жасауын психологиялық жағынан дайындайды. Қатысушылар өзін еркін сезіну үшін түрлі жаттығулар жасатып , сабақтағы қандай да болсын жетістіктерін жиі мадақтап отыру дұрыс , оқушылардың саны көп болмағаны жөн. Өйткені әрбір қатысушыға өз пікірін , көзқарасын білдіруге , дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалу қажет , жұмыс жасайтын орнының талапқа сай болуы керек. Яғни , оқушылар жұп құру үшін орындарын ауыстырғанда еркін жүріп – тұруға жағдай жасалуы қарастырылады. Қатысушы бірін – бірі тыңдау , тақта , компьютер , көрнекілікпен жұмыс жасау үшін еркін , ыңғайлы қозғала алатын жағдайды алдын ала қарастыру , оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау да маңызды.

Еліміз егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі өзгерістер оын алуда. Білім берудің мазмұны жаңарып , өзгерді , жаңа талпыныс , жаңа ашылған жолдардың бірі – білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы.

Қазақстан Республикасының жаңа білім стандартының қабылдануы , білім беру заңы үздіксіз білім беру жүйесіндегі орта мектептің алғашқы сатысы бастауыш мектептің мазмұны мен оқыту әдістерін жаңартуды міндеттейді. Қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп , оқыту , тәрбиелеу , дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда. Бастауыш сынып мұғалімі бағдарлама көлемінде ғана білім беріп қоймай , жаңа технологиялардың бірі болып саналатын интерактивті тақтаны қолдана отырып , оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Еліміздің ертеңгі болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасынан алған білім нәрімен сусындаған оқушы жастар. Сондықтан да оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мысалы , қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп , оқыту , тәрбиелеу , дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда.

Республикада оқу орындары , педагогикалық ұжымдары ұсынып отырған көп нұсқаулыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез – келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны , құрылымы , ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар , жаңа технологиялар бар. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық , кәсіптік адамгершілік , рухани , азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді , өзін – өзі дамытып , оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бір технологияның өзі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Белгілі психолог Выгодский: “Дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесі ғана баланың жеке басының дамуын ілестіре алады”, - дейді.[2] Ұстаздық шығармашылығымды жетілдірген бағдарламамен жұмыс істеуден бастадым.

Қойған мақсатым: талабына сай баланың психологиялық ерекшеліктері мен табиғи қабілеттерін ескере отырып , жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді тиімді қолдана отырып , балалардың сабаққа ынта – ықыласын арттыру , ой – өрісін , логикалық ойлау дәрежесін кеңейту арқылы шығармашылық қабілетін арттыру , экономикалық , экологиялық , эстетикалық , халықтық педагогикалық тәрбие беру.

Осы жұмыстарды ұйымдастыру барысында мұғалім үшін ең бастысы сабаққа лайықты әдіс – тәсілдерді дұрыс таңдау.

Қазіргі технологияны қолдану дегеніміз – келешек ұрпақтың еркін дамуына , жан – жақты білім алуына , белсенді , шығармашыл болуына жағдай жасау.

Педагогикалық технология оқу үрдісінің , яғни мұғалім мен оқушының іс – әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрамына мыналар кіреді: а) тұжырымдық негіз , ә) оқытудың мазмұндық бөлігі ( оқытудың нақты және жалпы мақсаты және оқу материалының мазмұны) , б) үрдістік бөлім – технологиялық үрдіс ( оқу үрдісін ұйымдастыру , оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары, мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс – әрекеті және оқу үрдісінің диагностикасы).

Педагогикалық технологиялардың негізіне мыналар жатады:

-     әрбір оушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;

-          оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;

-          оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу , іздену дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа педагогикалық технологияларға ынтымақтастық педагогикасы , білім берудің ізгілендіру технологиясы , түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы , деңгейлік саралап оқыту технологиясы , міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы , модульдік оқыту технологиясы және жобалап оқыту технологиясы кіреді.

Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты – талап ету педагогикасынан қарым – қатынас педагогикасына көшу.

Балаға ізгілік тұрғысынан қарау , оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.

Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері мынадай:

-          мұғалім – оқушы , оқушы – мұғалім , оқушы – оқушы, оқушы да – субъект, мұғалім де – субъект.

-          оқушының жеке басына ізгілік қарым – қатынас.

-          Оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік , ынтымақтастық қарым – қатынас.

Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.Амонашвили. Бұл технологияның мақсаты – оқушыны азамат етіп тәрбиелеу , олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту , баланың жаны мен , жүрегіне жылылық ұялату [3].

Жаңа педагогикалық технологиялардың оқу – тәрбие үрдісінде алатын орны ерекше. Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға еніп келеді. Дегенмен , оның мән – мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте “Технология – бұл қандай да істегі , шеберліктегі , өнердегі амалдардың жиынтығы” делінсе, Б.Лихачев педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып әсер ететін педагогикалық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді , оның үнемі өзгеріп отыратындығын айтады. [4]

М.Кларин: “Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті” , - деп жазды [5].

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше , сауатты әрі жан – жақты маман болу мүмкін емес.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық , кәсіптік , адамгершілік , рухани , азаматтық  және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді , өзін – өзі дамытып , оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясының төмендегідей ерекшеліктері бар:

- білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;

- оқушыларға берілген тапсырманың саралануы; тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт.

Жаңашыл ресейлік мұғалім С.Лысенкова оза оқыту технологиясының авторы болып саналады. Оның негізгі мақсаты барлық баланы табысты оқыту [6]. Жоғарыдағы айтылған пікірге сүйенсек , бастауыш сыныптың жаңа жүйеге көшуі әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуді , батыл шығармашылықты талап етеді. Қорытындылай келе , бастауыш мектептің оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі интерактивті технологияны тиімді қолдану қазіргі кездегі бастауыш сыныптың іргесін қалау , білімді жан – жақты меңгеруді талап ету.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Бастауыш сынып, № 5,8 2013 – 2014

2.  Бастауыш сыныпта оқыту № 5, 2011

3.  Бастауыш сынып, № 6,  2010

4.  Бастауыш білім, № 10, 2009

5.  Бастауыш мектеп № 9 , 2012