Базарбаева
Назерке Ералықызы
Серікбай Ақниет Байдуллақызы
Қостанай
мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ
тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенттері
Ғылыми жетекшісі: Қанапина Сәуле
Ғалымбекқызы
Филология
ғылымдарының кандидаты, доцент
АМА
қауымдастырылған профессоры
Қазақстан
республикасы
Қазақ тіл білімінде метафораның зерттелуі
Қазақ тілі- әлем тілдері
арасындағы сөздік қоры бойынша ең бай тілдердің бірі
болып саналады.Сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып
келе жатқан киелі дүниеміз. Ол-халықтың алтыннан
қымбат кені.Тіліміздегі сөздік қордың айқын
дәлелі
ол-ақын-жазушылардың сөздерді қолдану аясы болып
табылады.Мәселен оған метафораны да жатқызамыз.
ҒалымА.Салқынбай
«Қазіргі қазақ тілі» атты оқу құралында метафораға тоқталады: «Метафора-болмыстағы белгілі
нысанның сыртқы не ішкі ұқсастығының
болуынан атаулардың ауыспалы мағынада жұмсалуы.
Қазақ тіл білімінде метафора құбылысы біршама
жақсы зерттелген. Сөздің мағыналық
құрылымына дамуымен байланысты метафоралық
құбылыстар мен олардың лебіздегі қолданысында
өзгешіліктер мен айырым белгілер болатыны анық. Метафора
құбылысының лебіздегі орны ерекше, мағынаны
кеңейтетін, сөздердің жаңаша қолданысын
туғызатын тәсіл- осы тәсіл.
(Салқынбай А.«Қазіргі қазақ тілі» оқу
құралы.Алматы «Қазақ университеті» баспасы,2008 ж.-340
б. ,84-85 бет ).
Ғалым Есқараева А.Д. 2002 жылы қорғаған
«З.Шүкіровтің поэзиялық шығармаларындағы
метафоралық қолданыстар» атты кандидаттық
диссертациясының авторефератында былай деп жазады: «Метафора зат,
құбылыс, оның белгілерінің ассоциациялануы, байланысуы
арқылы жасалып, ойдың дамуына, семантикалық процеске серпіліс
береді. Ол- заттардың адам байқамайтын қасиеттерін
байқауға көмектеседі. Сол арқылы адамның ойлау
дүниесінде күтпеген батыл ассоциациялар жасалады. Бұндай
күтпеген, кенеттен болған салыстырулар тілге, көркем
шығармаға ерекше көркемдік береді». (Есқараева
А.Д. З.Шүкіровтің поэзиялық шығармаларындағы
метафоралық қолданыстар.
Филология ғылымдарының
кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация авторефераты, Астана – 2002. – 30 б., 7 бет ).
Ғалым Абитжанова Ж.А. өзінің 2009 жылы
қорғаған «Орхон-Енисей
ескерткіштері тіліндегі метафоралардың уәжділігі мен семантикасы»
атты кандидаттық диссертациясының авторефератында:
«Метафоралардың тұжырымдық өрісін құраушы
тәсілдерге синонимдер, кірме сөздер, фразеологизмдер,
мақал-мәтелдер, эвфемизмдер, әлеуметтік диалектер, терминдер,
жұмбақтар, ақын-жазушылар шығармалары жатады. Ескерткіш
тіліндегі ұзынтонлығы метафорасына бүгінгі күнгі
әйел, қатын, зайып, жамағат, жұбай, ұрғашы,
шүйкебас, ақжаулық,
төмен етек сөздері синоним бола алады. Метафорасының бүгінгі
тұжырымдық даму өрісінде шүйкебас,
ақжаулық, төмен етек метафоралары жасалған. Ал
көне ескерткіштер тіліндегі аяқ, қол, ыстық
метафоралары «елеусіз аяқ», көзге көрінбейтін аяқ»,
«елеусіз қол», «ыстық ақша сияқты ағылшын тілінен
енген кірме сөздерде метафоралық мағына алған.
Метафора
ақын-жазушылардың шығармаларында кеңінен орын алады.
Ескерткіш тіліндегі алтын, бақыр сөздерінің метафоралық
мағынасының даму көрінісіне мынадай мысал келтіруге болады:
Білімді-алтын көзі ашылатын, Надан жан-қара бақыр
шашылатын(А.Иүгінеки); Апар да мыс бақырды алдына сал, Алтын болса,
болар еді бірталай мал (Абай); Қу тамызық тез
жаңқаланып, қи жағылды да... бақыр да
асылды(С.Мұқанов) т.б.
(Абитжанова Ж.А. Орхон-Енисей ескерткіштері тіліндегі
метафоралардың уәжділігі мен семантикасы. Алматы,-2009. 29 б.,20-21
бет).
Филология ғылымдарының
кандидаты Кәрібаева Саягүл Елтайқызы 2010 жылы қорғаған «С.Мұқанов
поэзиясындағы авторлық метафоралар (когнитивтік аспект)» атты кандидаттық
диссетациясының авторефератында:
«Метафоралардың когнитивтік сипаты адамның ойлау
әрекетінің ерекше көрінісі ретінде қарастырылатыны
мәлім. Бұл дегеніміз қоршаған әлемді тек
логикалық-позтивтік жолмен ғана емес, эстетикалық
мақсатта қолданылатын бейнелі құралдар арқылы да
тануға болатынын дәлелдейді.
А.Б.Әмірбекова «...жеке
лексемаларды, фразеологизмдерді, прозалық мәтінді когнитивтік
тұрғыдан зерттеген еңбектер бар. Ал қазақ
поэтикалық мәтініндегі концептілердің көрінісі мен автордың
концептісін таныту және қолдану шеберлігіне қарай оны
әр деңгейде топтастыруға болатыны анықталды...»,-деп
тұжырымдайды. Авторлық метафоралық қолданыстардың
когнитивтік сипаты-ғалам тілінің бейнесі концепциялары
тұрғысынан лингвистика ғылымын бір жүйеге түсіру мен
құрудың құралы ретінде айқындауға жол
ашады. Жеке бір сөздің толық концептісі оның
семантикалық және ассоциациялық өрісі негізінде
айқындала түседі.
С.Мұқановтың
авторлық метафоралары-ғаламды жекелік тұрғыдан
танудағы көркемдік-эстетикалық қызмет атқаратын
метафоралық ұолданыстар. Оның когнитивтік сипаты
ғаламды танып-білудегі автордың білім қоры мен
жинақталған тәжірбиесінің метафоралық
тұрғыдан бейнелеуінен көрінеді. Авторлық метафоралар
өз алдына концептілік құрылымдарды қалыптастыра
алған»,-деп жазады.
(Кәрібаева С. Е. «С.Мұқанов поэзиясындағы
авторлық метафоралар (когнитивтік аспект)». Алматы.2010.-26 б.,15 бет).
Зерттеуші-ғалым
Ж.К.Омирбекова өзінің 2005 жылы қорғаған
«Метафора және тіларалық транспозиция
(Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» романы бойынша)» атты
кандидаттық диссертациясының авторефератында былай деп жазады: «Метафора-сыртқы не ішкі
белгілеріндегі (тұлғасындағы, атқаратын
қызметіндегі т.б.) ұқсастыққа қарап, бір
зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты
сөз мағынасының ауысуының бұл
тәсілінің негізінде ұқсату заңдылығы жатыр.
Метафора-ұлттық тілдегі өзіндік күрделілігі бар,
әр түрлі ұлттық бояуға қаныққан
категория. Метофораның тамыры ұлттың дамуы, қалыптасуы,
сонымен қатар, оның өзіндік мәдениетінің,
тарихының, халықтың менталитетінің қалыптасуында
жатыр. Метафора қоғам мен тілдің тікелей
сабақтастығының әсерінен ұлт дамыған сайын
әр түрлі сипатта көрініп отыратын бірлік. Қазақ
тіліндегі метафоралар-мән мен түрдің бірлігі ретінде
халқымыздың рухани жан дүниесінің айнасы. Автор
туындысында кездесетін метафоралардың белгілі бір және әр
түрлі жағдаяттарға байланысты көп туындағанын
байқадық.
Метафора-тіл
құралы, ол тек шындықты суреттеуге арналган деген идея
адамзаттың өмірді, яғни шындықты зерттеу әлемді
қарапайым зерттеудің жалғасы деген көзқарасынан
туындайды. Жалпы, теңіз, өмір, дүние, заман,
көңіл, ой сияқты сөздер-адамның ішкі жан
дүниесін, жалпы өмірді жырлаған жазушының
философиялық объектілері». (Омирбекова
Ж.К. 2005 жылы қорғаған «Метафора және тіларалық
транспозиция (Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз»
романы бойынша)»Филология ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
авторефераты -Алматы. 2005,- 25 бет).
Метафора-қазақ тілінің сөздерінің
қолдану аясын кеңейтуге арналған құбылтудың
айрықша түрі.Метафораны қолданып, айтар ойын басқа
затпен ауыстыру арқылы әсем де тиянақты етіп жеткізуге
болады.Метафораны кез-келген әдеби шығармадан яки болмаса
кез-келген әдеби өлеңдерден оңай кездестіруге
аламыз.Қазіргі таңда қарапайым «жапырақ»
сөзінің өзінен де
бірнеше метафоралар жасауға болады,бұдан шығар
қорытынды, «метафора- қазақ тілінің тіл ерекшелігінің алтын қазынасы іспеттес».
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.Салқынбай А.«Қазіргі
қазақ тілі» оқу құралы.Алматы «Қазақ
университеті» баспасы,2008 ж.-340 б.
2.Есқараева
А.Д. З.Шүкіровтің поэзиялық шығармаларындағы метафоралық
қолданыстар. Филология
ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
авторефераты, Астана – 2002. – 30 б.
3.Абитжанова
Ж.А. Орхон-Енисей ескерткіштері тіліндегі метафоралардың уәжділігі
мен семантикасы. Алматы,-2009. 29 б.
4.Кәрібаева
С. Е. «С.Мұқанов поэзиясындағы авторлық метафоралар
(когнитивтік аспект)». Алматы.2010.-26 б.
5.Омирбекова Ж.К.
өзінің 2005 жылы қорғаған «Метафора және
тіларалық транспозиция (Ә.Нұрпейісовтың
«Соңғы парыз» романы бойынша)» Филология ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
авторефераты -Алматы. 2005,- 25 бет).