Егетаева Ақнұр Нұржанқызы
Бабажанова Насиба Мухаммедраимқызы
Қостанай
мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ
тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенттері
Ғылыми жетекшісі: Қанапина Сәуле
Ғалымбекқызы
Филология
ғылымдарының кандидаты, доцент
АМА қауымдастырылған
профессоры
Қазақстан
республикасы
Ә. Таразидің «Тасжарған»
романындағы мақал-мәтелдердің қолданысы
Мақал-мәтел
– өмір шындығы,
әлемнің басталуы мен
аяқталуы, адамзат
баласының
дүниеге келуі мен
қайтуы, күннің
шығуы мен батуы
бар сияқты дүниедегі барлық
заттардың, құбылыстардың қарама-қарсы ұғымнан туатынын
көрсетеді [ 1, 8бет].
Түркі
халықтары мақал
–мәтелдерді «аталар сөзі»,
«даналық сөздер»,
«нақыл сөздер», «ақыл сөздер» деп атап, «Ақылың бар ма – ақылға ер, ақылың жоқ па – нақылға ер», «Атаңның сақалына қарама, айтқан мақалына қара», «Мақал-мәтел маржан сөз» деуі - халықтың берген әділ бағасы [ 1, 4бет].
Лексиколог ғалымдар Ә.Болғанбаев пен
Ғ.Қалиев:
«Мақал дегеніміз – халықтың ғасырлар бойындағы
дүниетанымы, тәжірибесі жинақталып берілген, мазмұны
жағынан ғибрат, өсиет сияқты, ізгі қасиеттерді
уағыздайтын, құрылымы жағынан әрі көркем, әрі
ырғақты, ықшам нақыл сөз. Мақал формасы жағынан
аяқталған сөйлем іспеттес. Мақал дәл
мағынасында да, ауыс мағынасында да айтылады. Дегенмен,
қазақ тіліндегі мақалдардың көпшілігіне ауыс
мағынада қолданылу тән сияқты. Ал мәтелге келсек,
жоғарыда мақалға берілген анықтаманы оған да
беруге болады. Мәтел де халық даналығынан туған,
мағынасы уағыз, өсиетке негізделген, құрылымы
көркем, ырғақты, әрі ықшам сөз үлгісі»
- деген анықтама берген [2,197 бет].
Мысалы: «Қиналма, жыланды үш кессең де,
кесірткелік қуаты бар» («Тасжарған», 202 б).
Өз кезінде ерлігімен, игі
жақсы істерімен көзге түсіп, атағы шыққан
адамдардың бойынан қуаты кетіп, әлжуаздана бастаған
кезінде де, анау-мынау қарапайым адамға тұрарлық
шамасы, қауқары, ақыл-айласы болады дегенді білдіріп
тұр. (Ә.Қайдар «Халық даналығы», 337 б).
«Қиын жағдайда
жүргенде қол ұшын бергеніне рақмет айтты, ер мойнында қыл арқан шірімес, соны
айтты, екінші бөлек ақ қағазға қызметтен
босату туралы өтінішін жазды » («Тасжарған», 50 б).
Бұл ең парасатты
адамдық парызды уағдаласқан ер-азаматтың ерте ме, кеш
пе, әйтеуір, бір орындауы сол арқанның ешбір «шірімейтіндігінің»
кепілі (Ә.Қайдар «Халық даналығы», 290 б).
Зерттеуші - ғалым
С.К.Қасымова «Сан компонентті мақал-мәтелдердің
ұлттық-мәдени негізі» атты кандидаттық
диссертациясында мақал-мәтелдердің зерттелуіне тоқталып
өтеді: «Мақал-мәтелдер – халық
шығармашылығының төл жемісі, ауыз
әдебиетінің көне жанрларының бірі, ғасырлар
қойнауынан бүгінгі күнге ешбір өзгеріссіз жеткен
философиялық әрі шешендік тұжырымдар, тілдік
қордың даналық қазынасы болып саналады» [3, 6 бет].
Филология
ғылымдарының
кандидаты, доцент, С.Ғ Қанапина «Қазақ тіліндегі
мақал-мәтелдердің
танымдық бейнелілігі» атты еңбегінде мақал-мәтелдер жайында:
«Тілдегі мақал-мәтелдер – мәдениетті тану кілті, рухани
материалдық мәдениеттің қалыптасуына қатысатын
үлкен күш, мәдени ескерткіші, ұлт өмірінің
айнасы. Ол мәдениеттің жалпы сипатын анықтайды, негізгі
ақпаратты жинайды, сақтайды және жеткізеді. Осыған сай
тіл әрбір этнос мәдениетінің өзгешелігін, екінші
жағынан, тіл шеңберінде мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасуын қамтамасыз етеді. Тіл, соның ішінде
мақал-мәтелдер, қазіргі, келер ұрпақты
үлкен бір тарихи арнаға, бүтіндікке байланыстырады [ 1, 3 бет].
Мысал келтірер болсақ, Су ішетін құдығыңа түкірме деген, - түлкі болса қара тастың
тасасында тығылып тұр, сорғалап келе жатқан
қыранға қайта қайқаймасқа амал
жоқ («Тасжарған», 126 б).
Су ішетін құдығыңа түкірме – бұл мақалда адам
бойындағы әдептілік пен арлылықты, тәрбиелікті
көрсетеді. Адам өзі өсіп-өнген жеріне
сатқындық жасамау, тәлім-тәрбие берген ата-анасын жерге
қаратпау, білім алып жүрген білім ошағына кір келтірмей,
саналы да, тәрбиелі адам болып қалыптасу керектігін үндейді.
Асықпасаң арбамен
қоян аларсың! – деп
кіжінді («Тасжарған», 186 б).
Адамзат баласы кез-келген іске сабырлылықпен қарау тиіс.
Асыққан шайтанның ісі демей ме, сол секілді әрбір істі
ыждахаттылықпен орындаса, асықпай сабырлылық танытса
барлығына қол жеткізуге болады деген ойды түйіндеп отыр.
Зерттеуші-ғалым
Ш.П.Қарсыбекова «Қазақ тіліндегі мақал–мәтелдерді
топтастырудың этнолингвистикалық принциптері» атты кандидаттық диссертациясында мынадай тұжырым жасайды:
«Этномәдени танымды айшықтайтын қазақ тіліндегі
мақал – мәтелдер тек сан жағынан ғана емес, сапа,
мазмұнына қарай да алуан түрлі. Оның басты себебі:
ұлттық менталитетіміздің тілдегі ерекше бір жарқын,
мәнді де маңызды өрнегі болып саналатын
мақал–мәтелдер – қазақ этносына тән
дүниетаным мен сананың айқын айғағы, халық
даналығы мен философиялық толғанысының,
эстетикалық танымы мен тағлым – тәлімінің,
өркениеті мен мәдениетінің – барша болмысының қайнар
бұлағы. Мақал-мәтелдер сан ғасырлар бойы
екшеленіп, қырланған, мазмұны түрліше, сан алуан
тақырыпты қамтуымен қатар, адам өмірінде, тұрмыс
– тіршілікте, әр қилы қоғамдық жағдайларда
кездесетін құбылыстарға, тарихи мәні бар
оқиғаларға берілген даналық баға. Халық
арасына өте көп тараған және жалпы тіліміздің
қаймағы ретінде ұзақ өмір сүретін
құрамдық бөлшегі де – мақал-мәтелдер.
Мақал-мәтелдер – шешендік өнермен туыстас жатқан
сөз өрнегі. Мақал-мәтелдер – жалпы тұрақты
тіркес саласының ең көлемді, қолдану аясы кең,
мазмұны тиянақты тарауы болып есептеледі. Кезінде
мақал-мәтелдерді айтушылар болған. Олар – ұлы ойшылдар,
ақын–жыраулар, шешендер, дана билер, қазылар, қысқасы
ақыл – парасат иесі, өз дәуірінің озық ойлы
кемеңгерлері. Бұлар халықтың мүддесін ойлаған,
жұртшылыққа үлгі–өсиетін айтып,
ақыл–кеңесін беріп, мұңды–шерлі жүректерді
жұбатып, асып–тасығанның төгілетінін,
қоғамнан тосқауыл көретінін ескертіп, жастың
өсетініне, жарлының байитынына, қиянаттың қияметке
қалмайтынына сендірген» [4, 3бет].
Қорыта айтсақ, Әкім
Таразидің «Тасжарған» шығармасында 20 шақты
мақал-мәтелдер кездесті. Халқымыздың
асыл мұрасы – мақал-мәтелдер, шығармада да өзінің тәрбиелік
мәнін жоймаған.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.Қанапина С. Ғ. «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің
танымдық бейнелілігі» (Ғ.Мұстафин,С.Мұқанов
шығармалары негізінде) Монография. Қостанай.
ТОО
Центрум,2010.-180 бет.
2.Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. «Қазіргі
қазақ
тілінің
лексикологиясы мен фразеологиясы» – Алматы, «Сөздік –
Словарь» баспасы, 2006. - 262 бет.
3.Қасымова С. К. «Сан
компонентті мақал-мәтелдердің ұлттық-мәдени
негізі». Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация авторефераты.
Астана, 2010.
4.Қарсыбекова Ш. П.
«Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдерді топтастырудың
этнолингвистикалық принциптері». Филология ғылымдарының
кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация авторефераты. Алматы, 2004.