Ақылтай Маржан Ақылтайқызы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық
институты
Қазақ
тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Қанапина Сәуле
Ғалымбекқызы
Филология
ғылымдарының кандидаты, доцент
АМА
қауымдастырылған профессоры
Қазақстан
республикасы
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,
Талапты ауылы тұрғындары тіліндегі
диалектілік ерекшеліктер
Халық тілінде кездесетін жергілікті
тіл ерекшеліктері – тіл зерттеушілерінің назарын ертеден аударып келе
жатқан құбылыстың бірі. Қай тілден болсын осы
жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық.
Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай
жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы
сияқты, қазақ жұрты тараған
өлкелердің бәрінде де сол жердің
әрқайсысындағы қазақтардың тіліне
тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып
жүрген жайт [1,1бет].Зерттеліп отырған говорда жалпыхалықтық
сипат алмаған, әдеби тілдің нормасынан аулақ
жатқан едәуір фонетикалық, грамматикалық,
әсіресе, лексикалық ерекшеліктер кездеседі. Осы үш
саланың сандық арақатынасы тұрғысынан алып
қарағанда фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерден
гөрі лексикалық ерекшеліктер әлдеқайда басым. Осы
үш саланың әрқайсысын жеке-жеке сипаттап өтейік [2.32бет]
Талапты тұрғындары
диалектісінің фонетикалық,
грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері:
|
Фонетикалық ерекшеліктер |
Грамматикалық ерекшеліктер |
Лексикалық ерекшеліктер |
|
Говордағы дыбыстардың құрамы
сан жағынан әдеби тілдегі дыбыстармен бірдей. Жергілікті
халық тілінде әдеби тілден сапасы бөлек, оқшауланып
тұратын дыбыстар жоқ. Бірақ бұл дыбыстардың
қолданылуында, олардың бір-бірімен алмасуында, кейбір позицияда
түсіп қалуында едәуір айырмашылықтар бар. |
Жергілікті халық тілінде төмендегідей
грамматикалық ерекшеліктерде кездеседі. |
Жергілікті халық тілінен жиналған
лексикалық ерекшеліктер тұрғындардың мәдениет,
тұрмыс, салт, әдет-ғұрып, егін, мал шаруашылығымен,
байланысты қолданылатын сөздер. |
|
Ж-дан,
Й-ге: Сол жерде – со йерде, сол жақтан – сол
йақтан, сол жақа – со йақа, ана жақ – ана яқ,
мына жақ – мыняқ, т.б. Ж-дан,
Д-ға: жақсы –джақсы, жоқ – джоқ, т.б. |
-атын,
-етін. Барған, келген, жүрген еді – барған
етін, кеген етін, жүрген етін т.б. -сай, си.
Келсей, жесей, күлсей – келси,
жеси, күлси т.б. |
Киім –
кешек, сәндік бұйымдар, мата, кездемемен байланысты сөздер: Шалбар – сым, кеудеше – көкірекше,матадан
тігілген, отыруға арналған шағын жастықтар –
көпшік. |
|
|
А/ә.
Адыра – әдіре, жаннат – жәннәт, уайым – уәйім, қайтіп –кәйтіп. |
Көлікке
және оның жабдығына қатысты сөздер: доңғалақ
– дөңгелек. |
|
|
Дегенмен, дейтұрғанмен – десе де. |
Табиғат
құбылыстарына байланысты: найзағай
– шақпақ. |
Егін шаруашылығы
және өсімдік дүниесімен байланысты:қозықарын –
саңырауқұлақ түрі, алабота - сабын шөп, тюк
– пірес, пішен шабу – шөп шабу, қияр – бадыран, шошқа тікен –
тікен түрі. Қызғалдақ – ит қызалтақ
Сауыт, тамақ, ыдыс-аяқпен
байланысты сөздер:
Леген, пәтүніс – ет
тағы басқа тағам салатын жайпақ табақ,
тәбенше – отқа қыздырып нан пісіретін темір табақ, нан
сүзгі – қамыр сүзгі, оқтау – оқтай, шәйнек
– шәйдоз, біз – бігіз, айыр – бесақа, кемпірауыз –
қысқыш, бауырсақ – тоқаш, ет жейміз – қамыр
жейміз, бөтелке – шиша, кесе – пиала.
Үй шаруашылығы,
құрал-саймандарға байланысты сөздер: Шрадан – шам, кірлен – кір жуатын
ыдыс, шарбақ – қоршау, тапшан – жазда көлеңкелеп
отыруға арналған жан – жағы ашық, төбесі
жабық шағын құрылыс, кеуірт – сіріңке, тепешек –
баспалдақ, бастырма – үй айналасындағы қосымша
қорашық.
Сөйленістердегі күрделі
сөздерді екі топқа бөліп қарастыруға болады: біріншісі – әдеби тіл мен
сөйленістерге ортақ, екеуінде де кездесетін күрделі
сөздер, екіншісі – тек
сөйленістерге тән күрделі сөздер. Диалектілік
күрделі сөздер сыртқы тұлғасы және жасалу
тәсілдері жағынан әдеби тілдегі күрделі сөздердей
болғанымен, құрамындағы сөздердің
лексикалық – семантикалық, грамматикалық
қарым-қатынастары тұрғысынан бірқатар
ерекшеліктерге ие болып келеді. Мәселен, диалектілік күрделі
сөздер тек жергілікті сөздерден жасалуы мүмкін. Мысалы,мәлеке-татай – балалар ойынының
бір түрі, бапайын-сапайын - алба-жұлба немесе диалектілік
сөздер мен әдеби сөздерден жасалуы мүмкін, мысалы, бала-бажыр, бала-шаға, зыбан
ұру – әлек салу дегенде бала,
ұру – жалпыхалықтық әдеби сөздер де, ал бажыр, зыбан – диалектілік
сөздер. [3,62 бет]
Алба-жалба –
алба-жұлба
Қиқым – жиқым – қалай болса солай
Сап – садыра – кір-лас
Қазақ халқының
жергілікті ерекшеліктері сол халықтың
әлеуметтік-экономикалық тарихи жағдайына байланысты болатыны
белгілі. Жалпыхалықтық сөйлеу тілінде бір ауру немесе бір
анатомиялық ұғым кейде бір дәрінің әр
түрлі атаулары болуы мүмкін. Мысалы, «туберкулез» халық
тілінде мынандай сөз тіркестері арқылы беріледі: «көкірек
ауру», «құрт ауру», «көксау», «өкпе ауруы» т.б. Аз да
болса қазақ медицина лексикасының диалекті сөздерін
іріктеп алып, біраз іздестіру жасалды. Сол сияқты «жарымес»
сөзінің де есалаң, есуас, нақұрыс,
мәжнүн сияқты жетіге жуық, диалектілік варианттары бар.
[3,84 бет]
Кеңкелес– жарымес, есі
ауысқан
Тұз кесел – адам ауруының емін таппай, себебін білмей
ауырғанда тұз арқылы емдеу.
Жел қарысқан – ішке суық тиіп ауру
Баспа– тамақтың ісіп ауруы
Орыс тілі тек әдебиетімізге ғана емес, сондай-ақ
говорларға да өз әсерін тигізді. Бұл әсіресе,
шаруашылық, үй тұрмысына байланысты сөздер. Мысалы:
зәнтөк (ор. зонтик) – қолшатыр, мәнәт (ор.
монета) – сом, теңге т.б. [4,61 бет]
Пәтүніс – патнос
Тірәпкі– тряпка
Кәшеле – качеля
Пресс – тюк
Іскәмейкі – скамейка
Сонымен, келтіріліп отырған
барлық мысалдардан, сөз болып отырған аумақтың –
Жуалы ауданындағы Талапты тұрғындарының тілінде,
жергілікті сөйлеу тілінің ерекшеліктерінің жетерлік екенін
көруге болады. Бұл біздегі говорлардың сан алуандығын
көрсетеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.Жүнісов Н.
«Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері» Алматы. «Арыс» баспасы,
2007 жыл. – 208 бет
2.Сарыбаев Ш. «Қазақ
тіл білімі мәселелері» Алматы. «Арыс баспасы», 2000 жыл.
3.«Академик Ш.Ш. Сарыбаев
және қазақ тіл білімінің мәселелері» Алматы.
«Дайк Пресс» баспасы, 2005 жыл. – 794 бет
4.«С. Аманжолов және
қазіргі қазақ филологиясының өзекті
мәселелері» Алматы. «Дайк Пресс» баспасы, 2004 жыл. – 476 бет.