Ағылшын тілін оқыту –заман талабы

 

Мусаева К.С.

Қазақстан Республикасы. Алматы қ.

Абай атындағы ҚазҰПУ

                                               Филология және көп тілді білім беру институты

 

Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдениеттілік жағдайда осы қоғамға бейімделген көп  тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі - Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек» деген болатын. Сонымен қатар осы мақсатқа жету жолында тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, жаңа ұрпақ ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты.

Үштілді білім берудің мақсаты:   

көптілді тұлғаны – кемінде үш тілді меңгерген, қызметтің алуан түрлі саласында үш тілде диалог жүргізе алатын, өз елінің мәдениетін бағалайтын, басқа елдердің мәдениетін түсінетін және сыйлайтын Қазақстанның азаматын қалыптастыруға негізделеді.

Үштілді білім беру іс жүзінде мынадай жолдармен іске асырылады

Бұл үдерісті іске асыру үшін еліміздің білім беру саласының барлық деңгейлерінде шет тілін меңгертуге арналған арнайы курстар жұмыс істеп, профессор-оқытушылар мен мектеп мұғалімдерінің ағылшын тілін меңгеруіне мүмкіндік жасалуда.

Бүгінде стандарттың аясында бірінші сыныптан бастап шет тілін оқыту іске асырылып отыр. Мектептерде аталған үш тілді оқытуға қатысты жұмыстар жасалу үстінде. Мысалы, Назарбаев зияткерлік мектебінде білім беру үдерісі үштілде жүргізілуде.

    Бүгінгі күні елімізде 12 жылдық білім беруге көшу қызу пікірталас туғызуда, оқытудың жаңа жүйесіне көшу әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. 12 жылдық оқу мерзімінде оқытуда жалпы орта білім беру мазмұнында қазіргі білім беру салалары сақталады: тіл мен әдебиет.

     Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады. 12 жылдық білім беруге көшудің қажеттілігі бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізудегі мәселе жалпы білім беретін мектептерде баланың білім, білімдік сапасын арттыру, оқушылардың бір мезгілде үш тілде-қазақша, орысша және ағылшынша ауызекі сөйлеудің негізін игеруге жәрдемдеседі. Әрине 12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын артттыруында болып табылады. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырамыз.

Ойын арқылы балалар шетел тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып шет тілін тез үйренеді. Егер мұғалім ойынды тек балаларды көңілдендіруге, дем алдыру үшін ойнатса, одан ешқандай пайда жоқ. Ойын белгілі бір  білім беруді мақсат етіп, ойналған кезде ғана нәтижелі болады.

Ойын дегеніміз:

  1. іс-әрекет (тілдік)
  2. зорлықтың, қыстаушылықтың жоқтығы
  3. жеке адамға ғана тән іс-әрекет
  4. коллектив арқылы тәрбиелеу және білім  беру
  5. баланың психикасын, ой-өрісін дамыту
  6. қызықтыра отырып үйрету

   Шет тілінде лото, карта, домино, жұмбақтар, кроссвордтар, байқаулар түрінде де, лингвистикалық ойындар, қолғап ойыншықтар, жануарлар, көкөністер т.б. түрінде де ойналады. Шетел тілін үйрету ойынының мынадай түрлері бар:

  1. грамматикалық ойындар
  2. фонетикалық ойындар
  3. лексикалық ойындар
  4. орфографиялық ойындар
  5. рольдік ойындар

   Шет тілі сабағының әр кезеңінде ойын элементтерін пайдалануға болады. Мысалы: сабақтың басында ұйымдастыру бөлімі кезінде алынатын фонетикалық рифмовка алған кезде, ал кәне кім мына өлеңді бірінші жаттап алып, маған айтып берер екен деп жарыс ойынын ұйымдастырса және эстафета таяқшасын дайындап алып барып, оны алда отырған оқушыға берсе, ал оқушы өлеңді айтып болып, келесі оқушыға берсе, балалар  жарыса отырып өлеңді қалай жаттап алғандарын байқамай да қалады.

         Корыта келе, білім берудің әлемдік кеңістігіне енуге Қазақстанда алғышарттар жасалуда, бұл еліміздің келешегінің жарқын болашағының кепілі болмақ.

Пайдаланылган адебиеттер:

1.Қазакстан мектебі. 2008ж. №11 «Электрондық окулықтарды пайдаланудың педагогикалық  ұстанымдары».

2.Қазақстан мектебі. 2009ж. 38 «Электрондық оқытудың әдістемелік аспектілері»