Жанибекова Сара Сериковна

Педагогика ғылымдарының кандидаты,профессор

№1 Облыстық балалар оңалту орталығының жоғары санатты педагогы

Қызылорда қаласы

 

Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы

PhD докторы, профессор

Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,

Теориялық және практикалық психология кафедрасының аға оқытушысы

                                                            Алматы қаласы

 

                                                         Нұрмахан Назым

«Болашақ» университетінің 4 курс,Деф-13 тобының студенті,Қызылорда қаласы

 

Пенитенциарлық мекемелердегі делинквентті мінез-құлыққа бейім тәрбиеленушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерінің гендерлік сипаттамасы

Жеткіншектік жас – баланың жеке басы мен айналасындағы адамдарға да күрделі уақыт. Өтпелі кезең проблемасының үш түрі бар – психоаналитикалық; әлеуметтік-психологиялық, Э. Эриксон теориясы. Соңғысы жеткіншектік жас дағдарысын ұқсастылық дағдарысы ретінде анықтайды, яғни, «әртүрлі өмірлік және әлеуметтік жағдайларда мен кіммін» деген сұрақтарға жауап іздеумен және осы рөлдердің ішкі қарама-қайшылықсыз кешенге енуімен анықталады.

Жеткіншектік дағдарыстың екі сатысы білінеді – жағымсыз және позитивті. Дағдарыстың білінуі әр түрлі себептері бар. Жеткіншектік жастағы дағдарыс проблемаларының көбісін шешудің тиімді жолы олардың өзіндік бағасын жоғарлату болып келеді.

Биологиялық жеткіншек жасты жыныстық жетілуді анықтайтын организмдегі физиологиялық өзгерістермен байланыстырады. Бұл өзгерістер «пубертат» (латынша pubescere – шаштармен бүркелу) терминімен белгіленеді - оны басқа адамдардың қабылдауына, соның ішінде өзін қабылдауындағы, әсіресе өзінің денесіндегі бейнеге, организмде болып жатқан биологиялық өзгерістердің жиынтығымен белгіленеді.

Пубертат басталуының биологиялық орташа жас мөлшері: қыздарда – 10-13 жас арасында, ал ер балалар ұшін екі жас кейінірек. Пубертаттың аяқталу шағы, жыныстық аппарат қызметіне толық дайын болған шақ.

Психоаналитикалық қатынас – көнелеу, ол 30-шы жылдары З. Фрейдтің қызы Анна Фрейдтің жұмыстарында пайда болды.

Осы қатынастың негізгі идеясын құрамыз. Жыныстық жетілу барысында, бекітілген ішкі психикалық тепе-теңдікті бұзушы инстинктивті табиғат күші оянады. Гениталдық фазада болып өткен (Фрейд бойынша) өзіндік қайтарылу болады – ата-анамен эмоционалдық байланыс бұзылады, себебі маххабат нысанын іздеу енді отбасы шекарасынан шыға бастайды. Басқаша айтатын болсақ, болашақта жар таңдап, өз отбасын құру мақсатында, оның жан дүниесінде ата-анасы орын алған жерді босату керек.

Мұндай қатынас жеткіншектерге тән бірнеше феномендерді түсіндіреді:

- атақты адамдарды (кино жұлдыздарды т.б.) құрмет тұту, бала ерте дамуы фазасына тән ата-анаға деген махаббат айналып өтуі ретінде;

- мінез-құлықтың шектен тыс кенеттен өзгерісі инфантилді көріністерге қайта оралу (ойлау мен сезімнің тұрақсыздығы және т.б.) болып келеді.

Әлеуметтік-психологиялық қатынастағы (подходтағы) жастық шақтың талдауындағы ең басты түсінік әлеуметтену мен рөл. Жеке адамда талдауды жоспарлаған сияқты, жаңа әлеуметтік рөлді қабылдағанда да көптеген мүмкіндіктер пайда болады. Бұрынғы аброй, бедел әсерінің әлсіреуі және

әлеуметтік-рөлдік мінез-құлық саласындағы эксперименттеу мүмкіндіктерінің ашылуы жастарда күдік пен жасқаншақтық туындатады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл қатынас жастық шақта рөлдердің алмасуы процесінің даму ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Сонда жастық шақтың даму жолы, сенімсіздік, ретсіздік, дау-дамайлы болып келеді, және рөлді таңдауда басқа да қиындықтардың туындайтын кезеңі. Егер балалық шақта бала үшін рөлді ересектер анықтаса, жастық шақтың басталуымен өз бетінше таңдау, рөлдік мінез-құлықты интерпретациялау мәселесі туындайды. Осы тұста рөлдік дау-дамай көрініс бере бастайды.

Мысал: қыз ауырып жатқан анасының қасында кеште болуы керек, және сол кеште сүйікті жігітімен де кездесуге барғысы келеді.

Сонымен, психоаналитикалық қатынас жастық шаққа тән стресс пен ішкі жан дүниесінің қысымын, ішкі эмоциялық тұрақсыздықты көрсетеді; әлеуметтік-психология – қоғамның жас адамға қарама-қайшылық тудыратын әсерін білдіреді. Бұл қатынастардың синтезі, қазіргі кезде кең тараған Э. Эриксон теориясы болып табылады: биологиялық жетілу мен биологиялық жағынан түрткі болу (побуждение) адамның бүкіл өмір бойғы әлеуметтік рөлдерімен, күтумен және талап-тілегімен өзара әсерде болады. Мұндай өзара әсер дамудың әрбір кезеңінде, әрі қарай интенсивті өмірлік дамудың мүмкіндіктерінің пайда болуына, жеке адам болу процесіндегі бұрмалау нүктесі сияқты дағдарыстың туындауына әкеледі. Эриксон жеткіншектік жас дағдарысын, оны теңдесу дағдарысы ретінде анықтай отырып, ерекшеледі, яғни теңдесудің («әртүрлі өмірлік және әлеуметтік жағдайларды мен кіммін» деген сұраққа жауап және осы рөлдердің барлық мәліметтерін ішкі қарама-қайшылықсыз кешеннің) қалыптасуын балалық тұлғалық МЕН-інің рөлдік анықталуымен қарама-қарсылыққа қою.

Теңдесу (идентичность) сезімі жеткіншекте біртіндеп қалыптасады, оның қайнар көзі, түптамырымен балалық шақта қалып қойған әртүрлі ұқсау, еліктеу болып келеді. Жоғарыда айтылғандай, балалардың құндылықтары мен моралды стандарттары, олардың ата-аналарының құндылықтары және моралдарымен артығымен бейнеленеді; балалардағы өзіндік мәділік сезімі негізінде оларға деген ата-аналарының қарым-қатынасымен (сүйеді-сүймейді, қабылдайды-қабылдамайды т.б.) анықталады. Мектепте баланың әлемі кеңейеді, ол үшін қатарластарымен ой бөлісу, мұғалімдер мен басқа ересектерідің айтқан сөздері, берген бағалары маңызды құндылықтарға айналады.

Осы құндылықтар мен бағалар синтезделуі үшін, жеткіншек әлемді түйсінудің тұтас картинасын шығаруға талпынады. Егер ата-ана, мұғалімдермен қатарластарының құндылық көріністері өзара келіспесе теңесу әжептәуір күрделенеді.

Ереже бойынша жеткіншек жағдарысының екі кезеңі болады – жағымсыз және позитивті.

Жағымсыз фаза – жеткіншектік кезеңнің басында баланың тұлғалық өсуінің алға жылжуындағы жаңа типке көшу қарым-қатынасы, ересектермен

қатынастағы сәйкес өзгерістердің пайда болуының алдын алады. Яғни, жеткіншек ересектерге бағынбаудың әртүрлі жолдарымен бұрынғы, балалық қарым-қатынасты бұзады, келешекте болатын нақты ересектік қарым-қатынастың жаңа түріне бейімдейді (тек осындай қарым-қатынаста ғана жеткіншектің әлеуметтік есею дамуы мүмкін).

Жағымсыз фаза жеткіншектің бұрынғы қызығушылығын бұзып жаңа қызығушылықтарының пайда болуымен байланысты. Егер бұл жеткіншектің инициативасымен болатын болса, онда дау-дамайлық қарым-қатынас туындайды, ал бұл жеткіншектің мүддесіз эмансипациясына (кіріптарлықтан азат ету) себеп болады, ондағы ересектермен араласуда маңызды кедергілер туындауына әкеледі. Ал егер осының барлығы ересектердің бастамасымен болатын болса, дау-дамайдың біртіндеп өтуі мүмкін. Бұл жағдайда ересек адам жеткіншекке деген қарым-қатынасын алдын ала икемдеп, оның өз бетімен әрекет етуі мен құқығын кеңейтуіне болатынын және бір мерзімде оған деген талапты жоғарлату, жауапкершілікті көтеру керек екендігін біледі.

Позитивті фаза – мәдени қызығушылық фазасы. Алуан түрлі қызығушылықтарынан дифференциация жолымен біртіндеп, қызығушылықтың кейбір негізгі ядросы таңдалып бекітіледі (ереже бойынша, оның алдағы бүкіл өмірін анықтайтын ең бір тұрақты мүддесін романтикалық күйден практика жүзінде нақты таңдауға ұмтылыс).

Жеткіншектік дағдарыстың біліну кезеңдеріне келетін болсақ, біз сипаттаған, әлі де сипатталатын бүкіл көріністер, әртүрлі дәрежеде білінеді. Фрейд уақытында бұлардың барлығы үлкен деңгейде бақыланды. Жеткіншектердің көбісі аталған даму мәселелерін жетістікте шеше алады. Жеткіншектердің тек 20 пайызында нақты жеткіншектік дағдарысқа сәйкес «ретсіз есею» бақыланған: эмоциялық стресс, аффектілі реакция, МЕН-нің күйреуі, отбасылық және әлеуметтік дау-дамайлар. Басқаша айтқанда, соңғы 15 жылда ересектікке қалыпты өту сипаты ретінде жастық шақ дағдарысының идеясы не эмпирикалық, не клиникалық дәлелдеме таппады. Ересектердің, жеткіншектерден әлеуметтік бейімделу көрінісін күтетіні орынды-ақ, бірақ та кейбір әлеуметтік рамкадан өткен жеткіншектік дағдарыстың көрінуіне түсіністікпен қарағаны жөн. Қарама-қарсы жағдайда өз-өзінен «бәрі де болар» деп күтудің еш пайдасы жоқ. Ересектерге сияқты жеткіншектерге де психологиялық көмек керек (сонда да болса психиатрлық клиникалық практикада көрсетілгендей «жағдайлылық және уақытша бұзылу» жеткіншектің 40 пайызына қойылуда, ал ересектерде 5 пайыз ғана; яғни, тіпті психиатрлар да жеткіншектің жасы келе өз-өзінен орнына келеді деп күтуде).

Жеткіншектік дағдарыстың жеке көріністерін алып қарастыратын болсақ, негативизм айналасындағыларға, соның ішінде жуық арадағы жуық арадағы қызығушылық затына деген жағымсыз қалыптасу ретінде көрініс алады. Кейде жеңілірек, кейде – талқандаушы белсенділігі түрінде білінеді. Субъективті уайымдау – күйзелісті жағдай, мұң, басыңқылық - өкінішке орай, жасырын, интимдік өмірде орын алуы мүмкін – күнделік, жазу, жақын

достарымен және т.б. сырлас болу. Кейдір ұқсастық 3 жастағы сәбилік негатвизимнен көрінеді.

Психологиялық қорғаныстың құралы ретіндегі интеллектуализация абстрактілі, филосфиялық мәселелерде еніп кетуден, және оларды түйсінуі тікелей қызығушылы ретінде тереңнен басталған мазасыздық сезімі жекелік сипат алады. Жеткіншек қиялының өнімсіздігін жоғары құнды идеялармен үйлестіруі – баяу ағымды шизофренияның белгісі болуы мүмкін екендігін атап кету қажет. Мысалы, жеткіншек қалаларды жоспарлаумен айналысатындығын айтады, негізінде тек қарапайым схемалардың жүздеген түрін сызып көрсетеді, ал қалай жоспарлау керек, оның негізі неде жатыр, жалпы осы туралы ақпараттарды білуге еш зауқы жоқ, білімін жетілдірмек түгілі сол туралы әдебиеттерді де қарағысы жоқ. Тағы мысал – құпиялы идеяларға құштарлығы (мысалы, парапсихология және т.б.). Жеткіншектің өз идеясын тізбектеп жеткізе алмауы да, өзіне арналған сынды қабылдамауы да алаңдататын жағдай. Талдауға бейімділік, соның ішінде ата-аналары мен мұғалімдердің, өзіне ең жақын тұтатын адамдардың қатал талдауына бейімділік және өзін-өзі шектен тыс эгоцентризммен тіркесімде талдаушылық – жеткіншектің дағдарысының тағы бір көрінісі. Өзінің денесін, бұлшық еттерін тынымсыз сипалай беретін бозбала немесе айнаның алдында боянудан жалықпайтын қыз өізне кереметпін деп қиялға берілуі мүмкін, ал бұл шындығында басқаларға ұмытылмастай жағымсыз әсер қалдырады. Мұның барлығы жастар бәрі бас қосып жиналған сәтте қасындағы серігіне емес, тек қана өзіне назар аударуды білдіреді.

Бозбалалық шақта күйзелістің екі түрі бар:

1. парықсыздық, немқұрайлылық және жан дүниесінің бос, қуыс кеудешілігі балалық шақ пітіп, ересектікті анық сезінбеуі. Адам өзінің бір бөлігін жоғалтып алғандай қайғы сезімі – вакуум пайда болады. Ұзаққа созылмайды, жеңіл емделеді.

2. өмірлік жеңіліс жолақтарының қорытындысы (проблемаларды шешуге талпынды, бірақ нәтижесі жоқ: немесе оны айналасындағылар түсінбейді, немесе ол өзінің әлеуетті мүмкіндіктерінің шектелуін сезінді). Және де ересек адамның өмірге бейімді механизмі жоқ. Өте қиын болжам. Сонымен, жастық шақтағы өз-өзіне қол жұмсаудың көбісі, қиын проблемаларды шешудің балама жолдарын ұзақ іздеуден кейін емес, сол бір сәттік екпіннен, қандай да бір қысымнан болады. Күйзелістің ең бір ауыр түрі ата-анасымен немесе жақын досымен байланыстың маңызсыз болғандығы жиі кездесетін оқиға.

ЛА 155/6 және ЛА 155/4 мекемелеріндегі тәрбиеленушілерге жүргізілген тәжірибелік ғылыми жұмыстардан алынған қорытындыларға сүйенетін болсақ мінез-құлықтың әлеуметтенген бүлінушілігіне, балалар мен жеткіншектердегі агрессиялық немесе асоциалды (ұрлық, өтірік айту, сабақтан қашу, үйден кету, қорқытып тартып алу, дөрекілік) әрекеттермен сипатталады. Олар қатарластарымен асоциалды топтарда жиі кездеседі,

алайда делинквентті компанияларда да болуы ғажап емес. Билік басындағы ересектермен қатынастары нашар. Мұндай мінез-құлықтың салдары үнемі депрессияда болумен немесе алаңдаушылыққа, қорқақтыққа, қызығушылықтың жойылуына, дәрменсіздікке апарады.

Делинквентті мінез-құлық, теріс қылықтар, ұсақ күнә, сот ережесі бойынша жазаланатын қылмыстық дәрежеге жетпеген әрекеттермен сипатталады. Ол сабаққа келмеу, әлеуметтікке қарсы топтармен араласу, бұзақылық, кішкентай балалар мен әлсіздерді келеке ету, ақша тартып алу, велосипед немесе мотоцикл айдап әкетумен көрініс береді. Алаяқтық, алып-сатар, үйден ұрлық сияқты әрекеттер жиі кездеседі. Әлеуметтік себептері – тәрбиенің жетіспеушілігі. Үйден қашудың алғашқы кезеңдері жазаланудан қорқу немесе наразылық көрсету, ал содан кейінгілері шартты-рефлекті таптаурынға айналады. Қадағалаудың жетіспеушілігі; сауық-сайран құру мақсатында; отбасындағы қатты талапқа наразылық білдіру; жақындарының жағынан жылы ықыластың жетіспеушілігіне реакция; жаэалауға деген қорқыныш пен үрей реакциясы; қиялдану мен арманшылдықтың салдары; ата-ана немесе тәрбиешілердің шектен тыс қамқорлығынан қашу; жолдастарының қатігез қарым-қатынастарының салдары; уайым-қайғы, зерігу тудыратын жағдайларға дәлелсіз ұмтылыстардың барлығы осы қашып кетуге септігін тигізеді.

Ерте араққұмарлық пен нашақорлыққа берілу (аддиктивті мінез-құлық) – бұл ересектердің тұрмыстық маскүнемдік пен нашақорлықтың бастамасына жеткіншектік балама. Делинквентті жеткіншектердің көбісі арақ пен есірткенің дәмін татқандар. Олар өздерінің осы қылықтарымен топта «өзіміз» болып көріну, әуестенушілік, ересек болуды қалау немесе өзінің психикалық жағдайын өзгерту.

Қолданылған әдебиеттер

1. Акажанова А.Т., Ельшибаева К.Г. Психологическая служба в закрытых учреждениях, Алматы, 2009

2. Обухова, Л. Ф. Детская (возрастная психология) / Л. Ф. Обухова. – М. : Российское педагогическое агентство, 1996. – 374 с.

3. Багрунов В.П. Половые различия в видовой и индивидуальной изменчивости психики человека. Л.,1981. стр.51

4. Пралиева Г.К. Психолого-педагогическая профилактика и реабилитация несовершеннолетних, склонных к употреблению наркотиков и алкоголя. – Алматы: Данекер, 2001. - 104 с.

5. Программа психологической поддержки подростков с девиантным поведением и совершившим правонарушения. – М.: Молодежь Плюс, 2000.

6. Программы и методики социальной реабилитации семей группы «риска» / Под ред. Н.М. Платоновой. – СПб.: СПбГИПСР, 2002. - 193 с.

7. Психология и профилактика ассоциального поведения несовершеннолетних / под ред. Беличевой С.А. - Тюмень,1985. - С.5-11