Мүмкіндігі шектеулі балаларға изотерапия
әдісін қолдану жолдары
Тақырыптың мақсаты: мүмкіндігі шектеулі баланы дамытуында изотерапия
әдістерін нәтижелі қолдану жолдарын көрсету.
Міндеттері:
ü Мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтік,
құқықтық астарын қарастыру;
ü Мүмкіндігі шектеулі баланы дамытушы күштері
мен жағдайларын анықтау;
ü Мүмкіндігі шектеулі баланың дамуына
қолданылатын әдіс тәсілдер, олардың тиімділігіне
байланысты іріктеу;
Кез келген
мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін
халықтың білім деңгейі мен денсаулығымен
бағаланады.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек
көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан
кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай
адамдарға қамқорлық көрсетуге тиіс - бұл
өзіміздің және қоғам алдындағы біздің
парызымыз» деген болатын[1,№11(28235)].
Мүмкіндігі шектеулі балалар дегеніміз - ол 0-18
жасқа дейін дене және (әлде) психикалық нәсілді,
жүре және өмір жағдаяттарымен пайда болған
кемістігі бар, арнайы оқу тәрбиені талап ететін, өмірлік
іс-әрекетке мүмкіндігі аз шекетеулілер балалар[2].
Мүмкіндігі
шектеулі балалардың басым көпшілігі ақыл-ойы жетілмеген,
яғни кеміс және
психикалық дамуы тежелген балалардан тұрады. Әдетте, мүмкіндігі
шектеулі балаларды 9 түрлі категорияға бөліп
қарастырады. Оларға анализаторлардың бірі бүлінген: есту мен көруі
(саңырау, нашар еститіндер немесе таскереңдер, соқырлар, нашар
көретіндер) толық (жаппай)
жоғалған сөйлеуге тән ауытқушылығы бар (алалия, жалпы
сөйлеу жетімсіздігі, кекештену), тірек-қимыл аппараты бүлінген
(мидың зақымдануынан болған сал ауру, омыртқа зақымдануынан
болған сал ауру), ақыл-ойы
және жалпы жеке басы бүлінген (ақылы кемістер),
психикалық дамуы тежелген, күрделі кемістігі бар (ақылы кеміс
соқырлар, соқыр-мылқаулар, ақылы кеміс
соқыр-мылқаулар, сөйлеуі бүлінген соқырлар
тағы басқа ) балалар жатады.
Мүмкіншілігі
шектеулі жеке тұлғаларды әлеуметтік бейімдеудің
алғашқы сатыларының аспектілері қызығушылық
тудыратыны анық. Себебі, қазіргі таңда оларға деген
қоғамның көзқарасы өзгерген сайын,
әлеуметке бейімдеудің көптеген түрлері
қарастырылуда. Мұндай
ілгерілеу процестері мүгедек бараларды қоғамға
және білім ордасына біріктіру, яғни интеграциялау қажеттілігімен
сипатталады.
Изотерапия
мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеуде, олардың
шығармашылық қабілетін дамытуда қолданылатын арт-терапияның
ең маңызды бағыттарының бірі. Бұл терапия
бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің
табиғи және қолайлы әдісі. Изотерапия шектеусіз
және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада,
психологияда, әлеуметтік жұмыста тағы басқа
қолданылады. Кейбір адамдар үшін бұл - әлемге өзі
туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың
таптырмас әдісі болып табылады.
Изотерапияның негізгі кезеңдері:
Барлық
жұмыстарға шешімдерін табуға жол ашылады. Психологқа
клиенттің ессіз қалыптағы энергиялық қимыл
қозғалысына сақтықпен көңіл аудару
қажет. Суреттер,коллаждар және мүсіндемелер вербальды
коммуникация тілі сияқты клиенттің ессіз қалыпта жәй
күйін тікелей хабарлап оңайлықпен жасыра қоймайды. Арт
терапевт бейнелеу өнерінің өнімін қабылдау
психологиясын ең алдымен төмендегідей аспектілерге көңіл
аудару қажет.
1.
Сурет, коллаж
және мүсін қандай сезімдерді білдіреді.
2.
Ақылға
қонбайтындай көрінетіндері бар ма
3.
Суретте не
жетіспейтінін
4.
Ортада
орналасқан нәрселер көбінесе мәселелерінің
мәнін немесе адамның психологиясын ең маңызды
жағдайларды көрсетеді.
5.
Адамдар мен
заттардың қандай өлшемде және тепе-теңдікте
салынғаны.Өлшемдері бір біріне келмейтіндер асыра көрсетілген
заттарға сұрақтарға жауап беруге
мәжбүрлейді.Үлкен көлемдегі заттар бейімдеуді, ал
шамадан тыс азаюды нәрселер. Көлемді өзгерту қиын
мәселенің аумағының символдық тепе теңдігін
көрсетеді.Үлкен көңіл аудару мен терең
түсіну қалыпты жағдайды қалыптастыруға
көмегін тигізуі мүмкін.
6.
Қайталанған
заттар бар болса; Клиентке саны көп заттар көптеген
жағдайларда үлкен рөл атқарады.Маңызды
оқиғалардың өткен шақта және осы
шақта немесе келер шақта болатынына осы санау бірліктері мен
уақыттар тікелей байланысты;
7.
Бұл
жұмыс автормен клиентте қандай мақсаттармен қолданылады
және орындалады.Автордың өмірінде
қарама-қайшылықтарға тікелей байланысты келешекте бір
жұмысының түрі сәйкес келуі мүмкін.
8.
Бұл
жұмыста жазу бар ма? Осы жұмыстан интерпретациялық қате
болу мүмкіндігін азайтып және айтқанды еңгізу
үшін қолданылады. Вербальды емес сөйлесу тәсіліне
деген сенімділігінің
дәрежесін көрсетуі мүмкін.
9.
Жұмыстың
бір бөлігі болуға тырысып авторды да сол жұмысқа
қатынастырыңыз.Автормен бірге изотерапиялық өнімді
қарастыру барысындажоғары белгіленіп көрсетілген
бөліктерге зейінін айқындауға болады.Оның
қиындықтарды жеңуі үшін қимыл
қозғалыс энергиясын ояту.Тыныштық жағдайда ессіздік
қалыпта қайтадан кіре алмайды[52,43б.].
Педагог - психологтың
мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізетін изотерапиялық
жұмыс мүмкіндіктері:
1.
шығармашылықты
арттырады;
2.
мүмкіндігі
шектеулі бала өзін-өзі таниды;
3.
өзінің
ойы мен сезімін еркін білдіреді;
4.
бұрын
болған негативті ойлардан арыла алады;
5.
ми жарты
шарларының қарым-қатынасын жетілдіреді[51,29б.].
Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен
изотерапияның тәжірибелік сабақтарының
тақырыптары:
ü Мен үйдемін. Еркін
тақырыпта сурет салу. Әр бала өз үйінің суретін
салады немесе өз үйін қалай елестетеді. Содан соң ол
суретке не салғанын әңгімелейді және ол суретін кімге
көрсеткісі келетінін айтады.
ü Менің
жанұям. Әр бала өз отбасының суретін салады. Қосымша
тапсырма берілмейді. Содан соң педагог отбасы мүшелерінің
орналасуын, көлемін басқа отбасының адамдары бар ма
тағы басқа соны анықтайды.
ü Мен
болашақта. Еркін тақырыпта сурет салады. Өскенде кім
болғысы келетінін, кім болып жұмыс атқарғысы келетінін
елестетеді. Сурет дайын болғаннан соң қандай кәсіп
түрлері бар, олардың
жұмыстарының қызықты жақтарын
әңгімелейміз жәнебалалардың ата-анасының
қандай кәсіп иелері екенін сұраймыз.
Тәжірибе №1. Тыныш әуеннің астында бала бір параққа бір суреттен
салады. Қойылым: өз тыныс алуларыңызды сезініңіз:
«Өзіңізге ақырын, ақырын айтыңыз», «Өз
есіміміңізді, мен жақсы көремін». Қазір сіз
әуеннің астында не қалайтыныңызды, не
көргеніңізді, өз тыныс алуыңызды,
өзіңіздің жан-тәніңізді, өзіңізге
деген махаббатыңызды бейнелеңіз. Әңгімелеспей,
әуенді тыңдай отырып, өзіңізге ұнайтын
түсті таңдай отырып сурет салыңыз.
ü Мен нені сүйемін. Бірлесіп
сурет салады. Бір топтың балалары
бірігіп бір бетке салады. Әр
қайсысы нені жақсы көретінін (тамақтану, кітап
оқу, ойнау, жұмыс жасау және тағы басқа). Содан
соң педагог: «Біздің балаларымыздың сүйікті істерін
бейнелеген жұмыстарын қарайық», - дейді. Балаларымыздың нені ұнататыны
туралы міндетті түрде әңгіме жүргізу қажет.
ü Мен неден
қорқамын. Еркін
тақырыпта сурет салынады және орындап болғаннан соң
бала нені бейнелегенін баяндайды. Сонан
кейін өзінің суретін ашық түсті бояумен бояп және
суреттегі бейнелерді өзіне көңілді ете түседі.
(көзін әсемдеп, күліп тұрған ерін салып).
Осы тақырыпты аша түсудің
тағы бір жолы – жартылай салынған сурет (алдын ала
педагогтың даярлап әкелген) – бір нақты бейне шыққанға
дейін сол суретті безендіре түседі.
Сонан соң оны қуанышты, көңілді көру
мақсатында әсемдей бастайды.
Изотерапия
біріншіден бейнелеу шығармашылық терапиясы, яғни сурет салу болып табылады. Екіншіден, бейнелеу терапиясы
невротикалық аурумен ауырғандарға балалар мен жасөспірімдер
арасында кездесетін психосоматикалық ауруларды түзеу үшін
атқарылатын емшара түрі. Бейнелеу шығармашылық
клиенттің өзін-өзі тануына, түсінуіне өзінің
ойы мен сезімін еркін білдіруге, амалымен еркін түсінуге, бұрын
болған негативті ойының арылуына жағдай жасайды,
көмектесетін шаралардың бір түрі сурет салу адамның
бойындағы сезімдік қозғалыстың көтерлуін жетілдіреді[4,993б.].
Ғалымдарың айтуынша, сурет салу ми жарты шарлардың
қарым-қатынасын жетілдіреді. Бейнелеу өнердің
атқаратын психосоматикалық жұмысы сезімнің идеямен, жағдайдың
тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың,
өзін-өзі бағалау мен өзіне деген сенімінің артуына
жағдай жасайды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды
әлеуметтендіруде және қимыл- қозғалыс моторикаларын
дамытуда, қоғамнан шектетілмеуіне септігін тигізетін әдістер
қатарының маңыздысы ретінде изотерапия әдісі
қолданылады. Расымен де, түзету, сауықтыру жұмыстарында
изотерапияның орны ерекше. Сонымен қорытындылай келе, мүгедектіктің
алдын алу үшін және мүмкіндігі шектеулі жандарға
көмек көрсетуде жан-жақты әлеуметтік ұйымдар
тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылу тиіс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан
жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Егемен
Қазақстан» газеті, №11 (28235)18 қаңтар 2014.
2
«Кемтар балаларды әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
туралы» ҚР 11 шілде 2002 № 343 заңы Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 16, 152-құжат
3
BNews.kz сайты
4
Никольская И. М.
Арттерапия – терапия изобразительным искусством // Учебник Детская психиатрия
(под ред. Э. Г. Эйдемиллера), СПб.: Питер, 2005. С. 993.
5
Тебенова
Қ.С., Рымханова А.Р. Арнайы психология.-
Алматы: «Дәуір», 2011.б.13.
6
Л.С.Выготский
Баланың жас ерекшеліктері психологиясы және кемтар бала
психологиясы туралы таңдамалы еңбектер. /Оқу
құралы/. Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы
Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа
кабинеті. 1999 б.170.