2 курс магистранты Матеева А.З.
Ғылыми жетекшісі Омарбекова М.Т.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
Тігін бұйымдардың үлгілерін жасау
барысында негізгі пішінқалыптасудың негізгі тәсілдері
Қазіргі заманғы
киімдер тігін материалдарынан (маталар, тоқыма және тоқыма
емес кездемелер) жасалады, олардың ішінде маталардың үлес
салмағы үлкен. Кеңістікті-көлемдік (силуэттік) пішін
бірнеше тәсілдермен жасалады:
- конструктивті (материалдарды
бөліктерге бөлу арқылы). Конструкцияға негізгі
бөліктерден (сырып тігу, бұдырлар) басқа қосымша
конструктивті элементтер (қыртыстар, бүрмелер, кесінділер)
енгізіледі. Конструкция неғұрлым көп бөліктерге
бөлінген сайын киілетін дене
бөлігіне үйлесімді болады;
- материалдардың пішін
құру қасиетіне қарай. Бұл тәсіл
материалдардың тор құрылымының өзгеруіне,
матаның негіз бен арқау жіптерінің арасындағы
бұрыштың өзгеруіне немесе тоқымалардың ілмек
бағаналары мен қатарларының арасындағы
бұрыштың өзгеруіне негізделеді. Бұйымның
қандай да болмасын пішін қабылдауына материалдың
әртүрлі қасиеттері, бірінші кезекте оның
қаттылығы мен бүрмеленуі ықпал етеді. Жоғарыда
келтірілген қасиеттерді тоқыма материалдың пішінқалыптасу
қасиетіне жатқызуға болады;
- тігін материалдарының
«жіңішке» (молекулярлық) құрылымына ықпал ету.
Мұнда макромолекулялардың құрылымын қажетті
өзгеріске ұшырату жүзеге асырылады. Материалдың
жіңішке құрылымына ылғалды жылу және
басқаша әсер ету арқылы қажетті пішін жасалады. Пішінқалыптасудың
негізгі тәсілдері 1 суретте берілген.
Сурет 1. Пішінқалыптасудың негізгі
элементтері мен тәсілдері
Қазіргі кездері киім
пішінін жасауда материалдардың пішін құру қасиеттері
кеңінен пайдаланылады. Оларды дұрыс пайдалану арқылы
бұйымға аз шығындармен қажетті пішін беруге болады.
Материалдардың пішін
құру қасиеттері қазіргі кезге дейін әлі
толық анықталған жоқ. Материалдың пішінқалыптасу
мүмкіндігі оның кешенді қасиеттерін: қалдықты
өзгеріске ұшырауын, сызықтық өлшемдердің
өзгеруін, қатпарланбауын,. Қаттылығын және т.б.
бағалау арқылы анықталады.
Материалдарға
арналған әдебиеттерге талдау жасау арқылы
материалдардың пішін құруының басты қасиеттерін
бөліп қарастыруға болады (2 сурет).
Силуэт пішінін, атап
айтқанда, киім бөлігінің денеге ыңғайлы,
үйлесімді киілуін көрсететін қасиетке матадағы
және тігістердегі жіптердің қозғалу қасиеттерін
жатқызуға болады.
Материалдардың пішін
құру қасиеттері жайлы қажетті ақпарат алу
үшін оның қасиеттеріне сараптама жасау қажеттігін
жоғарыда берілген схемадан айқын көруге болады.
Қазіргі кездері
материалдардың, маталардың, тоқыма кездемелердің тор
құрылымына көбірек назар аударылатындығын атап
өту қажет. Оларды тиімді пайдалану арқылы
дәстүрлі сырып тігу мен тігістерді қолданбастан, күрделі
пішіндер жасауға болады.
Сурет 2. Материалдардың пішін құру
қасиеттері
Мата фактураларының
көп түрлілігіне қарамастан, олардың барлығы бір
қағидаға сүйеніп жасалғандығы белгілі.
Сондықтан, олардың барлығы сыртқы күштердің
әсерімен параллелограмм түрін қабылдайды, яғни негізгі
және арқау жіптері арасындағы
бұрышын
өзгертеді. (3 сурет)
Бөлшекке
дөңесті бұдыр пішін беру үшін, оның lсг ұзындығы детальдың lср (lсг> lср) кесінділер
ұзындығынан артық болуы қажет, ол үшін
шеттерінің тартылуын (үтіктеу арқылы) қамтамасыз етеді
немесе деталь кесіндісінен қайырылу сызығына дейін сырып тігеді. (3,
а сурет). Бөлшектік қайырылу сызығына батыңқы
пішін беру үшін, оның ұзындығы бөлшек
кесінділерінің ұзындығынан қысқа болуы
қажет (lсг< lср).
Ол үшін бөлшек шеттерін тартып, кесінділерден ендірме жасау немесе
қайырылу сызығы бойымен сырып тігу қажет (3, б сурет).
Бөлшектердің
қайырылу сызығының дөңес немесе иілген пішінін
негізгі және арқау жіптерінің арасындағы бұрышты
өзгерту арқылы да алуға болады. Пішін дөңес болу
үшін қайырылу сызығы
бөлшектің диагоналінің бойымен жүруі тиіс, ал созушы
күштер оның бұрыштарына беріледі. Сонда негізгі және
арқау жіптерінің арасындағы бұрыш (желілік бұрыш)
алғашқы тікбұрыштан үшкір бұрышқа () айналады (3, в сурет). Иілген сызықты жасау
үшін созушы күштер бөлшектің шеттеріне қайырылу
сызығына параллель беріледі. Негізгі және арқау жіптері
деталь шетіне бұрыш жасап орналасады. Бұрыштар өзгеріске
ұшырағаннан кейін желілік бұрыш алғашқы тік
бұрыштан доғал бұрышқа (
) айналады (3, г сурет).
Мата өзгеріске
ұшырағанда мата ұяшығының диагоналі
бағытында негізгі және арқау жіптерінде болатын ұзару
матаның құрылымына (тығыздығына, толтырылуына
және басқа факторларға) байланысты болады. Матаның
негізгі және арқау жіптерінің арасындағы бұрышты
өзгерте алу қасиеті – матаның негізгі пішін құру
қасиеті ретінде қарастырылады және пішін құру
коэффициенті болып саналады. Пішін құру коэффициенті, мата
үлгісіне 1 даН созу күшін
түсіргендегі желілік бұрыштың (градуспен
өлшегенде) өзгеру көлеміне тең болады. а бұрышы неғұрлым
үлкен болса, тоқыма материалының пішін құру
қасиеті соғұрлым жақсы болады.
|
|
Сурет 3. Дөңес
және иілген пішіндерді алу тәсілдері |
Тігін өндірісінде
қолданылатын тоқыма материалдарының (ТМ) жіптерінің
жүйесі арасындағы бұрыштардың өзгеруін пайдалану
арқылы пішін құру қолданылады. Бірақ бұл
тәсілді пайдалану,
материалдардың пішін құру қасиеттерімен
және киіндірілетін дене мүшесінің
қисықтығымен шектеледі. Пальтолық-костюмдік топқа
арналған маталарда желілік бұрыштың 10°-қа дейін
өзгергенде тұрақты пішін құруы жақсы
болатындығын жүргізілген зерттеулердің нәтижелері
көрсетті.
Үлкен
өзгеріс жасау үшін ЫЖӨ, тігістер, астарлардың
көмегімен қосымша бекітулер қажет болады.
Сонымен қатар,
бұрыштың өзгеруі бұйым өлшемдерінің
өзгеруіне әкеліп соғатындығын есепке алу қажет.
Сондықтан, киімді конструкциялағанда оны пайдалану барысында
қай бөліктеріне көп күш түсетіндігін білу шарт.
Дайын
бұйымдардың барлық бөлшектерінде жоғарыда
келтірілген бұрыштардың өзгеруі байқалады. Мұны,
матаны пішу барысында негізгі жіптердің бағыттары мен детальда
мүмкін болатын ауытқуларды есепке алынатындығымен
түсіндіруге болады.
Киім бөлшектерінде желілік бұрыштың
мүмкін болатындай өзгеріске ұшырауы көп жағдайда
10°-тан төмен. Осыған байланысты, киім бөлшектерінің көлемді пішіні
жіптер арасындағы бұрышты өзгерту арқылы
жіптердің ұзындығын өзгертпестен жүзеге
асырылады. Бұл толықтай немесе жарым-жартылай кейбір тігістер мен
сырып тігулерді: жеңдердің алдыңғы тігістерді, бел
сызығындағы сырып тігулерді, өңір астарларындағы
сырып тігулерді және т.б. алып тастауға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер:
1.
Шершнева Л.П.,
Ларькина Л.В. Конструирование одежды: Теория и практика: Учебное пособие. – М.:
ФОРУМ: ИНФРА-М, 2006. – 288 с.
2.
Мартынова А.И.,
Андреева Е.Г. Конструктивное моделирование одежды: Учебное пособие. – М.:
МГАЛП, 2002. – 216 с.
3.
Конструирование
одежды с элементами САПР / Под ред. Е.Б. Кобляковой. – М.: Легпромбытиздать,
188. – 464 с.