әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

Халықаралық қатынастар факультетінің

                                          Халықаралық құқық мамандығының

               3 курс PhD докторанты

                                                         Тойшыбеков А.С.

 

Шетел мемлекеттің құқығында және халықаралық келісімдерде бала асырап алудың коллизиялық мәселелері

 

Бала құқығын қорғаудың ішінен баланы (қыз баланы) асырап алу маңызды мәселе болып табылады. [1]. Бала (қыз баланы) асырап алуға қатысты шетел элементі, субъект болып табылады. Бала (қыз баланы) асырап алудың негізгі коллизиялық байламы болып келесілері табылады:

1)                     Бала (қыз баланы) асырап алушы азаматтығының заңы;

2)                     Қорғаншы немесе қамқоршыға байланысты бекітіледі немесе болдырмау тұлға азаматтығының заңы.[2].

Ресейде халықаралық сипаты бар бала (қыз баланы) асырап алу РФ-ның «Неке және отбасы» Кодексінің 165 бабында бекітілген коллизиялық нормалармен реттеледі. Осы бапқа сай, бала (қыз баланы) асырап алу халықаралық болып саналады егер:

1)                     РФ –ның азаматы болып табылатын балаға қатысты, шетел азаматтарымен немесе азаматтығы жоқ азаматтармен Ресейдің территориясында;

2)                     РФ –ның азаматы болып табылатын балаға қатысты, шетел азаматтарымен немесе азаматтығы жоқ азаматтармен Ресей территориясынан тыс жерде;

3)                     Шетел азаматы болып табылатын балаға қатысты Ресей Федерациясының территориясында Ресей азамттарымен;

4)                     Шетел азаматы болып табылатын балаға қатысты, Ресей азаматтарымен шетелдің территориясында жүзеге асырылса.[3].

1995 жылы Отбасы Кодексін қабылдағаннан кейін, Ресей Федерациясының заңнамасында Ресей территориясында шетел азаматтарымен ресейлік баланы бала (қыз баланы) асырап алу кезінде көбінесе бала (қыз баланы) асырап алушы азаматтығының заңын қолданылады. 

РФ-ның Отбасы Кодексінің 165 бабы, 1тармағының 1 абзацына сай, ресей азаматы болып табылатын баланы Ресей территориясындашетел азаматтарымен бала асырап алу (соның ішінде бала болдырмау ), асырап алушы азаматығы елінің заңы қолданылады (егер, ол азаматтығы жоқ тұлға болса-өтінішін беру кезінде тұрғылықты тұрып жатқан елінің заңы бойынша жүзеге асырылады). Ресейде ресейлік баланы асырап алу кезінде ерлі-зайыптылардың азаматтығы екі түрлі болса, әйелі және күйеуі азаматтары болып табылатын елдің заңнамаларында бекітілген тәртін сақтау тиіс. Көп жағдайда бала асырап алушы баланы өз еліне алып кететін болғандықтан, бала асырап алу кезінде сәйкесінше шетел азаматтарының заңнамаларын қолдану, шетел мемлекетінде бала асырап алу қалпын ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Көптеген шетел мемелекеттерінде осындай коллизиялық балайламдарды қолданады, бірақ олар онда екі жақты коллизиялық нормаларда қалыптасады.[4]

Дегенмен, ресейлік заң бала асырап алушы азаматтығының заңымен шектелмейді. РФ-ның Отбасы Кодексінің  165 бабы, 1 тармағының 2 абзацына сай, Ресей территориясында Ресей азаматы болып табылатын баланы, шетел немесе азаматтығы жоқ азаматтармен асырап алу кезінде де ресей заңнамасының нормалары сақталу қажет. Көптеген елдің заңнамалары, бір-біріне сәйкесетін бала асырап алушы мен асыранып алынған баланың жеке заңының байламдарын қолданады. Кейбір жағдайда, бірінің және екіншісінің заңын қолдану тікелей көрсетіледі (мысалы, Венгрияда). Осындай жағдайда балаларға екі жақатан қорғау жүргізіліп отырған секілді, яғни, шетел (бала (қыз баланы) асырап алушы азаматы елінің заңы) және ресей заңнамаларымен.[5]. Егер екі елдің де заңдарын сақтамаса, бала (қыз баланы) асырап алу жүзеге аспайды. Жеке заңға қатысты әр түрлі комбинациялар қолданылады: күйеуі азаматы болып табылатын елдің заңы, әйелі азаматы болып табылатын елдің заңы, ортақ азаматтығының заңы. Тұрғылықты тұратын ел заңында да ұқсас комбинация қолданылады. Сонымен қатар қарастырылып отырған мәселеге, аталып өткеге қоса, сот заңы мен еркідік заңы әлі де қолданылады.[6]. Сот заңына қарағанда еркіндік заңы құқықтық жүйенің көбінде қолдана бермейді және шектелген. Ресей Федерациясының құқықтық жүйесінде еркіндік қағидасы, 1995 жылы РФ-ның Отбасы туралы Кодексі қабылданғанша қолданыста болмаған. Ресей Федерациясының территориясында шетел мемлекетінің азаматы болып табылатын баланы асырап алу кезінде РФ-ның Отбасы Кодексінің аранайы (ст.124-126 и 129-132), баптарын сақтау міндетті емес. Бұл жағдайда бала азаматы болып табылатын мемлекеттің заңды өкілі мен құзырлы органның келісімдерін алу міндетті. Сонымен қатар, бала (қыз баланы) асырап алу үшін, асырап алушы бала азаматы болып табылатын елінің заңнамасында көрсетілсе, асыранып алынған баланың келісімін алу міндетті болып табылады.

КСРО –да бала асырап алу туралы коллизиялық мәселелері бойынша регламентациясы Неке және отбасы туралы республика одағы мен КСРО заңнамаларының Негізінде (1968 жылғы 35 бабында)[7], республикалық кодексте (1969 жылғы 220 бабында) сонымен қатар, КСРО-ның Консулдық жарғысында (1976 жылғы) орын алған. БКСР –да совет балаларды шете азаматтарымен асырап алуға қатысты бала (қыз баланы) асырап алудың тәртібі ерекше. Ол келесідей жүзеге асқан: әдетте бала (қыз баланы) асырап алу асырап алушының өтініші бойынша бала (қыз баланы) асырап алушылардың тұрғылықты жері бойынша Минск қаласының ұлттық депутаттарының Кеңесінің, атқарушы органдардың облыстық комитетінің шешімімен жүзеге асқан.  

Кеңестік балаларды шетел азаматтарымен немесе кеңес азаматтары шетел балаларын (қыз баланы) асырап алу туралы арнайы заңнама болған емес, осындай бала (қыз баланы) асырап алу жалпы негізде жүзеге асқан: БКСР территориясында-райондық және қалалық атқарушы комитеттің шешімімен, райондық Кеңестің ұлттық депутаттарының қаласында, территориясынан тыс кезде – консулдық мекемелермен сондай-ақ КСРО-ның Консулдық Жарғысымен де жүзеге асқан. Жарғының 45 бабында, «консулдар бала асырап алуды егер бала асырап алушылар мен асыранушы бала КСРО-ның азаматтары болса және шетелде тұрып жатса ғана жүзеге асады» делінген. Доктриналарда бала асырап алу актісінің КСРО-да танылуы үшін бұл басты және міндетті шарт болып табылады делінген, алайда тәжіребиеге келгенде басқа жолды таңдаған, өйткені бала асырап алу белгіленген  тәртіптің негізінде жасалған болса, шетел заңнамасына қайшы келмейтін және шетел мемлекеттің сәйкес органдарында белгілі бір шарттарды орындаған болса бала асырап алуды танымаудың еш себебі жоқ.

Қазіргі таңда халықаралық тәжіребиеде осы мәселеге қатысты үш тәсіл қалыптасты:

1)                     Шетел элементінің қатысумен бала асырап алу бала (қыз баланы) аысрап алушының жеке заңымен реттеледі (мысалы, Австрияда, Германияда, Швейцарияда);

2)                     Бала асырап алу асыранып алынған баланың заңымен реттеледі (Мысалы Белорусия Республикасында) Англияда бала (қыз баланы) асырап алу туралы бұйрығы ағылшын сотымен шығарылады, ағылшын құқығына бағынады. Бұл елде бала асырап алу заңы 1967 жылы «Бала асырап алу туралы» Европа Конвенциясына қосылғаннан кейін қабылданды. Осы заңға сәйкес ағылшын соттары егер бала асырап алушылар мен балалар Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің территориясында тұратын болса, бала асырап алушылардың өтініші бойынша бала асырап алу туралы бұйрығын шығарады;

3)                     Үшінші топтағы мемлекеттер асырап алынған баланың шектелген жеке заңының қолданысымен бала асырап алушылардың жеке заңымен реттеледі. Жеке заңы, тұрақты тұратын заңымен сондай-ақ азаматтығының заңы түсіндіріледі (Ресей Федерациясы, Франция, Норвегия, Швеция, Финляндия, Латын Америка елдері).

Осылайша, әлі күнге дейін осы мәселені шететін бірегей нақты тәсіл жоқ. Бала (қыз баланы) асырап алушының коллизиялық мәселелерін шешу, бала (қыз баланы) асырап алушы бала (қыз баланы) асырап алу туралы арызды берген кезде азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасын қолдану халықаралық тәжірибеге сай.[8]

И.М Кузницованың көзқарасы бойынша, бала асырап алу кезінде шетел мемлекеттің заңын қолдану «шетел мемлекетте бала асырап алудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді, осымен бала асырап алуды жүзеге асырған сатысында баланың мүдделері сақталады».[9]

«Бала асырап алушының жеке заңы» байламын қолдану баланың мүдделерін кей жағдайда сақталмайды, өйткені шетел заңнамасында бала асырап алу үшін баланың келісімі қажет еткен кезде жас мөлшері өзге болуы мүмкін, бала асырап алушы мен асыранып алынған бала арасындағы жас мөлшері өзгеше көрсетілуі мүмкін, кәмелеттік жасқа толған азаматтармен бала асырап алу рұқсат етіледі, сондай-ақ бала асырап алушы болуға құқықылы болып табалытын тұлғаларға бала асырап алушыларға қатысты өзге де талаптар қойылуы мүмкін.

«Баланың заңын» қолдану қазіргі таңда бұл тәсіл тәжіребиеде көп қолданылмайды бірақ Белорусияда осы тәсіл қолданылады-ескі заңнаманың көрінісі болғандықтан. КоБС Ереженің 233 бабының 2 тармағына сай, шетел территориясында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтармен сондай-ақ шетел территориясында тұрақты тұратын Белорусияның азаматы болып табылатын азаматтарға Белорусия территориясында бала асырап алу Кодекстің 13 тарауымен шешіледі. Осыдан шетел құқығын қолдану Белорусияның негізгі құқықтық тәртібіне қайшы келуі мүмкін деген қорытында жасауға болады.

Осы мәселенің үшінші тәсіліне келетін болсақ, бала (қыз баланы) асырап алушы мен асыранып алынған баланың құқықтарын қолданудың жиынтығы. Яғни, шетелдік бала (қыз баланы) асырап алу кезінде бала (қыз баланы) асырап алушының заңы қолданылады, бірақ асыранып алушы баланың мемлекетінің азаматы болып табылатын жағдайларды еске отыра қолданылады. Осы тәсілмен бұл мәселені шешу кезінде баланың мүддесіне толықтай жауап береді, өйткені балаға екі жақтан да қорғанып отырған секілді, бір жағынан шетел заңнамасының тәртібімен де, екінші жағынан баланың азаматтығы болып табылатын заңнамасының тәртібі бойнша қолданылады. Егер осы немесе өзге заңнамалары сақталмаса, бала (қыз баланы) асырап алуға жіберілмейді.[10]

Қазіргі таңда аталған мәселелер мемлекетердің екі жақты ынтымақтастықта көрініс тапқан. мысалы отбасы, азаматтық, қылмыстық істердің құқықтық көмегі туралы Белорусь Республикасы мен Польша Республика арасында ( 1994), Беларусь Республикасы мен Латвия Республика арасындағы (1994), Белорусь Республикасы мен Литва Республика арасындағы (1992) шарттар бекітілді.

 Көрсетілген келісім шарттарды ортақ тәсілі ретінде бала (қыз баланы) асырап алу немесе оны болдырмау туралы арызды берген кезде бала (қыз баланы) асырап алушының азаматы болып табылатын мемлекеттің заңын қолдануды қарастырады. 

Беларусь Республикасы «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істері бойынша құқықтық көмек көрсету туралы» ТМД мемлекеттері үшін шығарылған көпжақты Конвенцияның мүшесі болып табылады. ТМД мемлекеттеріне қатысушылардың Конвенциясына сай, бұл мәселе бойынша құзырлы болып, арызды берген кезде бала (қыз бала) асырап алушы табылады, егер бала (қыз баланы) асырап алушы – ерлі-зайыптылардың азаматтықтары әр түрлі болса, ерлі-зайыптылар соңғы тұрақты тұратын немесе келу орны белгілі бір мемлекеттің территориясында орналасқан мекеме болып табылады ( 37 баптың 4 тармағы).

Қолданылатын құқыққа байланысты мәселе бойынша әмбебеап халықаралық конвенцияларға келетін болсақ, 1965 жылы «бала асырап алу туралы мәселесіне қатысты қолданылатын құқық пен тану юрисдикциясы туралы» Гаага конвенциясы қабылданды. Бірақ бұл Конвенцияны кейін КСРО мемлекеттерінің біреуімен де ратификацияланбаған. Конвенция келесідей жағдайды қарастырды: бала (қыз баланы) асырап алушының ұлттық заңнамасында бекітілген бала (қыз баланы) асырап алуды тыйым салынған ережелері ескерілу қажет, егер Конвенцияны ратификациялаған болса; бала (қыз баланы) асырап алушының отбасы мүшесі болып табылмайтын тұлғалардың бала (қыз баланы) асырап алуға келісімін беру туралы мәселесіне қатысты баланың азаматтығы заңы қолданылады.[11].

1967 жылғы «Балаларды асырап алу туралы» Европа Конвенциясы бала (қыз баланы) асырап алу туралы унификацияланған материялдық нормалар мен бала (қыз баланы) асырап алудың құқықтық салдары мазмұндалған. Бұл Конвенция Европа кеңесіне қатысушы мемлекеттер арасында қолданылады.

Халықаралық жеке құқығы бойынша Гаага коференциясының тұрақты мүшелерімен «Халықаралық бала асырап алу саласында ынтымақтастығы мен бала құқықтарын құқықтарын қорғау туралы» 1993 жылы 29 мамырда Конвенция қабылданды. Конвенцияның ресми тілі екі тілде жасалды – француз және ағылшын. Конвенцияның IV тарауы халықаралық бала (қыз баланы) аысрап алуға қатысты өзінің шартын орнатады. Конвенцияға сай, бала (қыз баланы) асырап алаушы кандидаттар тікелей бала асырап алғысы келетін мемлекеттің инспекциясына емес, олардың тұрақты тұрып жатқан мемлекетінің Орталық инспекцияларына жүгіну қажет.

Шетелдік бала (қыз баланы) асырап алудың кезінде қалыптасатын мәселелерге қатысты мынандай қорытынды жасауға болады, әрбір мемлекет бала (қыз баланы) асырап алу институты, соның ішіндегі шетелдік бала (қыз баланы) асырап алудың (бірқатар мұсылман мемлекеттерінен басқа) қалай реттелетіні жайында біледі. Бұл, сол елде дініне, салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына, қағидалар мен өмір сүру жағдайына байланысты. Отбасы құқықтық қатынастарын реттейтін нормаларды қолдану сол елдегі жария тәртібінің түсінігімен тікелей байланысты, сондықтан осы саладағы нормаларды унификациялауға қыйынға соғады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Международное частное право: учебник/ под ред. Г.К. Дмитриевой. , 2-е изд., перераб. и доп. М., 2009.- 585 бет. //http://www.roche-daffay.ru/articles/disputes.htm

2. Федосеева Г.Ю.: Международное частное право, учебник, М., 2007. – 254-255 бет.

3. Международное частное право: учебник/ под ред. Г.К. Дмитриевой. , 2-е изд., перераб. и доп. М., 2009.- 586 бет. //http://www.roche-daffay.ru/articles/disputes.htm

4. Федосеева Г.Ю.: Международное частное право, учебник, М., 2007. – 255 бет.

5. Гельтман-Павлова И.В. Международное частное право: учебник/ И.В. Гельтман-Павлова.-Изд. 2-е, перераб. и доп.- М.: «Эксмо», 2009. – 491-496 бет.

6. Федосеева Г.Ю.: Международное частное право, учебник, М., 2007. – 255 бет.

7. Наталья Синкевич. Регламентация иностранного усыновления в международном частном праве. // Белорусский журнал международного права и международных отношений. 2003 — № 1. // http: // www. infolaw.ru/lib.

8. Звеков В.П. Международное частное право: Курс лекций. М.: Издательская группа «НОРМА-ИНФРА·М», 1999. 404 бет

10. Кузнецова И.М. Новое в порядке усыновления детей // Журнал российского права. -1997. № 1.- С. 113.

11. Международное частное право: Учебник для вузов / Под ред. Н. И. Марышевой. М., 2000. 407 бет. // http: //www.law.edu.ru

12. Шебанова Н.А. Семейные отношения в международном частном праве. М., 1995. 13-14 бет.