Сельское хозяйство/Земледелие, грунтоведение и агрохимия.

Отаров А.,  Сулейменова А., Нурсейтова Т.

Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институты

ТОТЫҚСЫЗДАНҒАН КҮКІРТТІ СУТЕГІНІҢ КҮРІШТІ ТАМШЫЛАТЫП ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ СУҒАРУДЫҢ МАУСЫМДЫҚ ҚҰБЫЛЫМЫНА ӘСЕРІ

Күкіртті сутегінің де күріш топырағының құнарлылығына тигізетін ықпалы айтарлықтай деуге болады. Ол әсіресе органикалық заттармен бай топырақтарда, жоңышқа қыртысында көптеп кездеседі. Күрішті дәстүрлі технологиямен мекен жағдайда оның топырақ құрамындағы органикалық заттар мөлшеріне байланысты тұқымның далалық өнгіштігіне, өнгіштік энергиясына тікелей әсер ететіндігі дәлелденген [1].

Топырақта суда еритін тотықсызданған темірдің аз болуынан күкіртсутек көп мөлшерде жиналады, яғни күкіртті сутегінің залалдық деңгейі тотықсызданған темір мөлшерімен тікелей байланысты болып келеді.

Күкірттісутектің залалды әсерінің деңгейі топырақ құрамындағы тотықсызданған темір мөлшеріне тікелей байланысты болып келеді. Көктемде топырақты суға бастырмай тұрып алынған үлгілерде тұрақты суға бастыру әдісінің атыздарында күкіртті сутегінің мөлшері мол екені анықталды.

Тотықсызданған күкірттісутегініңкүрішті тамшылатып және дәстүрлі суғарудың маусымдық құбылымына әсері зерттеу болып табылады [2].

Дәстүрлі суғару және тамшылап суғару кезіндегі топырақ түзілу процесстерінің ерекшеліктерін зерттеу үшін далалық тәжірибе жұмыстарын Ақдала-Бақанас атырауында орналасқан «Ақдала» суармалы алқабында жүргізілді. Көне атырау Іле өзенінің төменгі ағысындағы, оң жағалауында орналасқан біраз территорияны алып жатыр.

Бұл Атырау Іле өзенінің оң жағалауымен Тасмұрын тауымен жалғасып Бақанас елді мекеніне дейін созылып жатыр. Төменгі ағыс шекаралары солтүстік шығысында құмды шөл Сары Есік Атыраумен, оңтүстік шығысында Тасмұрын тауымен, солтүстік батысында және солтүстігінде Балқаш көлімен шектесіп жатыр.

Балқаш ауданына қарасты Іле өзенінің төменгі ағысындағы «Ақдала» суармалы алқабында орналасқан күріш танаптарында жүргізілді.

Шаруашылықтың танабында төмендегідей екі нұсқадан тұратын далалық тәжірибе жұмыстары жүргізілді:

-күріштің топырағын дәстүрлі суғару технологиясы;

-күріштің топырағын тамшылап суғару технологиясы.

Тәжірибелік зерттеуде топырақтағы күкіртті сутекті анықтауда С.И.Кузнецовтың иодометриалық әдісі қолданылды. Топырақтың құрамындағы элементтердің ақиқаттылық сенімді орташа мөлшерін анықтау ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты болып табылады.

Зерттеу негізінде алынған аналитикалық мәліметтердің сандық мөлшері вариациалық статистикалық өңдеуден өтті. Топырақтан алынған өнімдерге статистикалық өңдеу жасауда  Е.А.Дмитриевтің әдісі қолданылды және Excel 2003 компъютерлік бағдарламада өңделді.

Күріш өнімінің құрлымдық көрсеткіштеріне математикалық өңдеу жасауда және топырақтан алынған сандық мәліметтерді статистикалық өңдеу жүргізілді.

Есептеп шығарылған Стьюдент t-критериі барлық топырақ үлгілері үшін a=0,05деп алынған көрсеткіш бұл жағдайда t факт.-дің t кес.-ден көп екендігін көрсетеді. Демек, барлык үлгі алу уақыттарында күкіртті сутегінің орташа мөлшері статистикалық тұрғыдан қарағанда ақиқатты сенімділік дәреже болып табылады .

Тамшылатып суғарудың тағы бір оңтайлы әдіс екені осы тәжірибеден де байқалды. Күкіртті сутегінің статистикалық-вариациялық талдау нәтижелерінің көрсеткіші бойынша барлық мәліметтер ақиқатты сенімді (1кестеге сәйкес).

1 кесте Тәжірибелік нұсқа топырығының құрамындағы күкіртті сутегінің мөлшерінің вариациялық-статистикалық-талдау көрсеткіштері, мг/кг тамшылатып суғару әдісі бойынша.

Үлгі алу

Статистикалық көрсеткіштер

 

n

M±m

Тербеліс ауытқуы

t-критери

Сенімділік деңгейі, ± t0,05 * m,

V,%

 

tфакт.

t0,05

 

Бастапқы

5

0,037±0,0009

0,034÷0,039

43

2,57

0,002

5,3

 

1

5

0,014±0,0032

0,003÷0,020

4

2,57

0,009

53,6

 

2

5

0,009±0,0006

0,007÷ 0,010

14

2,57

0,002

15,9

 

3

5

0,018±0,0036

0,008÷0,027

5

2,57

0,010

45,1

 

4

5

0,019±0,0055

0,001÷0,035

3

2,57

0,015

64,5

 

5

5

0,031±0,0039

0,019÷0,043

8

2,57

0,011

28,0

 

6

5

0,039±0,0025

0,030÷0,044

16

2,57

0,007

14,2

 

7

5

0,0492±0,00073

0,0470÷0,0510

67

2,57

0,0020

3,3

 

8

5

0,0342±0,00177

0,0310÷0,0410

19

2,57

0,0049

11,6

 

9

5

0,052±0,0010

0,049÷0,055

54

2,57

0,003

4,2

 

10

5

0,042±0,0032

0,030÷0,048

13

2,57

0,009

17,3

 

11

5

0,036±0,0033

0,025÷0,045

11

2,57

0,009

20,5

 

12

5

0,027±0,0019

0,023÷0,033

15

2,57

0,005

15,2

 

13

5

0,042±0,0013

0,040÷0,047

33

2,57

0,004

6,7

 

 

Тамшылатып суғару технологиясы бойынша егілген жағдайда күкіртті сутегінің мөлшері аздап та болса төмендейді. Күріш дақылының жапырақтарының су бетінде тұруы ауамен қамтамасыздығын жақсартады, осының нәтижесінде дәстүрлі технологияда орын алған күкіртті сутегінің тұқым өнуіне кері әсерін әлдеқайда бәсеңсітуге болады.

Тәжірибелік бөлімді қорыта келе, тамшылатып суғарудың күріш топырақтарындағы оның физикалық, химиялық қасиеттеріне әсерін 2014-2015 жылдары 2 жыл қатарынан зерттеулер жүргізілді.

 

әдебиеттер

1.Мұқанова Г.А., Отаров А. Егістікті алдын ала суға бастырған кездегі күріш топырағындағы күкіртсутектің маусымдық динамикасы // Вестник Науки Казахского агротехнического университета им. С.Сейфуллина. №3 (46). - Астана 2007. - 31-35 бет.

2.Мұқанова Г.А.Топырақ процесінің құбылымдарына күрішті көшеттік тәсілмен өсірудің әсері (Ақдала алқабы жағдайында). /Био.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. авторефераты. Алматы. 2009ж. 31 б.