Сельское хозяйство/Земледелие, грунтоведение и агрохимия

Елемесов Ж., Ахбаева Л., Дәлеш Ш.

Қазақ ұлттық аграрлық универсеті, Алматы, Қазақстан

 

ШАЛҒЫНДЫ АШЫҚ ҚАРА ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТА ӨСІРІЛГЕН ЖЕМДІК ДАҚЫЛДАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰНАРЛЫҚҚА ӘСЕРІ

 

Топырақта жүріп жатқан физикалық қасиеттер мен физикалық үдерістер топырақ құнарлығын арттыру факторлардың ең басты қасиеті  болып саналады [1]. Міне сондықтан топырақтың физикалық қасиетін және топырақтың физикалық үдерістерін зерттеу, оларға агрономиялық баға беру және әртүрлі тәсілдерді қолдану және оны реттеуге топырақты шаруашылықта тиімді пайдалануға бүгінгі таңда тұрақты көңіл бөліп және бөлініп келеді.

Сондықтан топырақтың агрофизикалық қасиеттерін зерттеу барысында топырақ қасиеттерімен бірге әрбір егіс танабының өнімділігін арттыру және топырақ құнарлығын көтеру теориялық әрі практикалық негіз болып саналады.

Зерттеу нысандары ретінде Іле Алатауының тау бөктерінде орналасқан шалғынды ашық қара қоңыр топырақта мал азықтық дақылдарды егу және әртүрлі тыңайтқыштар беру арқылы оның физикалық қасиеттерін анықтау.

Даланы кезеңде топырақ кескінін салып оның морфологиялық белгілерін анықтау, танаптарға мал азықтық дақылдарды (мал азықтық қызылша, жүгері) егу, топырақ құрылымын анықтау үшін (көлемдік салмақ, сыбағалы салмақ, қуыстылық) топырақ үлгілерін алу, топырақтың негізгі физикалық қасиеттерін анықтау топырақтану мен агрохимияға қалыптасқан жалпыға белгілі тәсілдермен анықталды.

Далалық тәжірибе жұмыстары агроуниверситетінің «Жаңашар» оқу өндірістік стационардағы суармалы шалғынды қарақоңыр топырақта мал азықтық ауыспалы егістігіне кеңейтілген уақыт аралығында (малазықтық қызылша, жүгері, май бұршақ, рапс) жүргізілді.

Көлемдік салмақ, сыбағалы салмақ, қуыстылық әр дақылдар да мына төменгі жобамен берілген тыңайтқыштар астында жүргізілді.

1.Бақылау (тыңайтқышсыз),

2.Әр дақылға есептеліп берілген тыңайтқыш NPK,

3.Көң 30 т /га,

Есептелген тыңайтқыш мөлшері:

4.Рапс ,

5.Май бұршақ ,

6.Жүгері .

Тәжірибе мөлтектер көлемі 54  (3,6х15), қайтарылымы 3 мәрте. Зерттеу обьектілері малазықтық қызылша және жүгері. Осы фонда малазықтық қызылша, жүгері дақылдары әр дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне байланысы ең қолайлы мерзімде себілді және себу мөлшері мен тереңдігі сақталды (жүгері мен мал азықтық қызылшаның қатар аралығы 70 см).

Тыңайтқыш ретінде пайдаланды: азоттан - аммиак силитрасы N мөлшері 34%, фосфордан қарапайым сутегі фосфат  мөлшері-19% және калиден –хлорлы калий  мөлшері 50%. Органикалық тыңайтқыш ірі қараның жартылай шіріген көңі.

Вегетация кезінде дақылдардың өсу фазасы мен дамуына байланысты көктем мен күз айларында топырақтың физикалық қасиеттері 0-20,20-40 см тереңдікте анықталды. Дақылдар піскен кезде әрбір мөлтек бойынша оның биологиялық өнімділігі жеке есептелінді.

Зерттелетін топырақтардың құрылымына ыза сулардың бетіне жақын орналасуы және жалпы гидрогеологиялық жағдай үлкен әсер етеді, ол шөлейтті аймақтарға тән болмаса да, олардың аралығындағы орналасуы, мұнда жазда шөлейтті аймаққа тән қасиет тудырады. Жағдайлардың мұндай қалыптасуы топырақ түзілу үрдісіне кейбір өзгешеліктер енгізеді, яғни органикалық қалдықтардың минерализациясы біраз бәсеңдеген.

Далалық тәжірибе жұмыстары шалғынды-қара қоңыр топырақта қойылған, гранулометриялық құрамы ауыр құмбалшықты, бұл топырақтар тау бөктеріндегі сазды белдеулердің топырақтары болып саналады. Шалғынды-қара қоңыр топырақ бұл жерлерде теріс бедерде, ыза сулары жақын жатқан жерлерде (1,5-2,0 м) орналасқан, сонымен тауаралық аңғарларда және өзен кертпелерінде кездеседі.

Іле Алатауының шалғынды қара-қоңыр топырағының түсі күңгірт қара-қоңыр, гумус қабатының қалыңдығы 30-40см. Суармалы жерлерде оның қалыңдығы тың жерлерге қарағанда көп. Бұл топырақтарда иллювиальды-карбонатты қабаттар байқалмайды. Ыза сулары жақын жатқан жағдайда төменгі қабаттарда батпақтану нышаны байқалады. Олар глейленген, кейбір жағдайларда ыза суларының ағысы шамалы жерлерде жеңіл еритін тұздар өздерінің улы дәрежесінен жоғары.

Топырақта агрохимиялық зерттеуде оның басты теориялық негізгі бай тыңайтқыштағы тиімді пайдалану болса, онда агрофизикалық зерттеуден оның басты бөліктерінің бірі болып саналады, яғни топырақта өңдеу, ауыспалы егіс жүйесі, егіншілік жүйесі ауылшаруашылық мелиорациялау және т.б. Міне осы салалардың барлығында топырақтың физикалық қасиеттерін жақсарту жатады.

Топырақты ұзақ мезгіл бойы өңдеген кезде оған минералды болмақ. Мәдени қамтылған қабаттың осы қасиеттерін зерттеу оның құнарлығын арттыру мен тығыз байланысты сондықтан оны зерттеудегі маңыздылығы өте зор және органикалық тыңайтқыш бергенге жыртылған қабат қасиетке ие болған, яғни оның физикалық, физика-механикалық қасиеттері өзгереді. Бұл қасиеттер оның бастапқы қасиеттерінен өзгеше [2].

Тәжірибені қою алдында, оның морфологиялық белгілерін жазу үшін топырақ кескінін аналық жыныс тереңдігі айқын байқалған тереңдікке дейін қазылды (яғни 130 см тереңдікке дейін). Топырақ үлгілерінен (0-20, 20-40см) анықталды жылжымалы NPK-нитратты азот - (N-N ) Грандваль ляжу, аммиакты азот-Несслер реактивімен, жылжымалы фосфор мен калий -1%, Мачигин тәсілімен 1%, көмірқышқылды аммоний ерітіндісімен және әр мөлтекте жеке дара зерттелген дақылдардың биомассасы піскен кезде анықталды.

Дақылдардың экономикалық тиімділігі П.П.Барановтың әдістемелік  нұсқасы бойынша жүргізілді.

1 кесте -Тың шалғынды қара-қоңыр топырақтың физикалық қасиеттері

Үлгі алу топырақ тереңдігі,см

Сыбағалы салмақ г/

Көлемдік салмақ

г/

Қуыстылық

%

0-10

2,35

1,10

54

10-20

2,40

1,12

54

20-40

2,50

1,13

53

40-60

2,59

1,33

50

60-80

2,66

1,36

49

 

Тың жердің сыбағалы және көлемдік салмағы қуыстылығы жыртылған жерге қарағанда төмен екенін байқаймыз. Ол негізінен тың жердің топырақ құрамындағы қарашірінді мен түйіртпектілігінің жыртылған жерге қарағанда жоғары әрі түйіршікті екеніне байланысты екені белгілі. Сондықтан тың жердің қуыстылығы 54-55%, яғни қанағаттанарлық жағдайда (1кестеге сәйкес).

Мысалы жүгері мен мал азықтық қызылша дақылдарын бір-бірімен салыстырсақ, малазықтық қызылшаның физикалық қасиеттері жүгері дақылына қарағанда біраз жоғары, малазықтық қызылшаның бақылау вариантында бұл көрсеткіш 0-20см қабаттың көлемдік салмақ мөлшері 1,21 болса, жүгеріде ол 1,23 тыңайтқыштар берген кезде бұл көрсеткіштің біраз кемігенін көреміз.

Қорыта айтқанда, топырақтың физикалық қасиеттері (сыбағалы салмақ, көлемдік салмақ және қуыстылық) көктем айынан күз айларында дақылдардың тамыр жүйесінің дамуына әрі суарылатын судың құрам ерекшеліктеріне байланысты көбейгенін байқаймыз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Вильямс В.Земледелие с основами почвоведения. М.,1949. С.279-468.

2.Сапаров А. Плодородие почв и продуктивность культур. Алматы, 2006. с.246