Қызылорда облысы aймaғындaғы
күрiш селекциясының жетiстiктерi
Орта
Азия аймағы күріш егіншілігінің ең көне
аймақтарының біріне жатады. Орта Азиядан күріш басқа
аймақтарға, оның ішінде Сыр өңіріне
тараған. Кейбір ғалымдардың пікірінше ХІХ
ғасырдың екінші жартысында Сыр өңірінде күріш
егісі болған емес, ал В.И.Коваленконың дәлелдеуінше, ХІХ
ғасырдың екінші жартысы кезінен күріш егіліп өсірілуде.
Басқа мәліметтерге қарағанда, Қызылорда облысында
күріш 1928 – 1929 жылдары қоныс аударған кәрістермен
бірге келген. Ал И.И.Соколованың пікірінше, күріш егіншілігі
алғашында Іле өзені алқабында пайда болып, кейін Сыр
өңіріне Қызылорда облысына тараған. И.В.Ободтың
пікірі бойынша, Қызылорда облысы аумағында күріш орта Азиядан
келген. Мұны тәжірибе жүзінде Г.А.Верещагин дәлелдеген.
М.И.Уклонская мен Г.А.Верещагин күріш егіншілігін
қазақтарға XVIII ғасырдың соңында Сыр
өңіріне көшіп келген қарақалпақтар
үйреткен деп есептейді [1].
Қызылорда
күріш тәжірибе егістігінде 1937 жылы бастаған селекциялық
жұмыстар Отан соғысына байланысты уақытша тоқтап
қалып, 1948 жылы Қызылорда ауылшаруашылық тәжірибе
станциясы ұйымдастырылған соң қайтадан
жалғастырылды [2].
Бірінші
кезеңде жаппай іріктеу жолымен ертеден егіліп келе жатқан
Дұнған – салы, Қазақы – салы сорттары тазартылып,
қалпына келтірілді. Екінші кезеңде жеке іріктеу немесе таза іздер
әдісімен Қазақы – салыдан Первомайский 152 сорты
шығарылды. Жергілікті жағдайға бұл сорт жақсы
бейімделген, алайда 1942 жылы аудандастырылған өзбектің УзРОС
269 сортымен салыстырылған өнімі төмен
болғандықтан кең тарамай қалды [3].
Синтетикалық
селекция кезеңі 1950 жылдары басталды. Осы уақыттарда Комсомольский
93 – 139, РОП – 137 сорттары шығарылды. Бірақ та олар УзРОС 269
және Кубань күріш тәжірибе станциясында шығарылып, 1953
жылы аудандастырылған Дубовский 129 стандартты сорттарымен
бәсекелесе алмады. Мемлекеттік сорт сынауға кейінірек Сырдарьинский
½ сорты берілді, алайда 1963 жылы аудандастырылуға одан
өнімдірек және тұздылыққа экологиялық
жақсы бейімделген краснодарлық Кубань 3 сорты ұсынылды.
Қызылорда облысының күріш егісі көлемінің басым
бөлігін ұзақ жылдар бойы осы сорт алып келеді [4].
Қызылордалық
селекцияның өндіріске бірінші кеңінен енгізілген сорты КзРОС
358 (ВРОС 5195 х Қазақы салы) Тәжікстанда 1978 жылы
аудандастырылды. Сорт күріштің erythroceros түршесіне жатады.
Өсіімдік биіктігі орташадан жоғары (90-110 см). Масағы
тығыз, қылтықты, жартылай еңкейген,
ұзындығы орташа, дәнділігі жоғары, гүл
қабықшасы сабан – сары түсті, қалың түкті.
Дәншілігінің ірілігі орташа, домалақ – сопақшалау
пішінді. Сорт терең су қабатына төзімді, дәнінің
көктеу энергиясының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Тәжікстанның жергілікті Қырмызы сортына қарағанда
жығылуға төзімділігі
жоғары. Өсу дәуірі 109-115 тәулік, стандартпен бірдей
немесе 3-5 тәулік ерте піседі. Пирикуляриоз ауруымен зақымдануы
байқалмады. Бұл сорт Ходжент облысында жоғары өнімділік
көрсетті. Алғы дақыл жоңышқа болғанда
орташа өнімділігі 75,6 ц/га, яғни стандарттан 2,8 ц/га
жоғары, ал аударма қыртысында тиісінше 72,6 ц/га және 2,2
ц/га болды. Жергілікті Қырмызы сортына қарағанда
жармасының жалпы түсімі мен ақуыз мөлшері (8%
артық).
1980-1990
жылдары Мемлекеттік сортсынауға (ММС) оншақты селекциялық
сорттар (Казахстанский 3, Коллективный 194, Дәмелі, Таң, Сейхун, АШ-16,
Маржан т.б.) берілді. Олардың ішінде екеуі – Маржан және АШ – 16
сорттары МСС нәтижесінде аудандастырылды [5].
Күріштің
Маржан сорты эксперименталды мутагенез әдісімен жергілікті КзРОС 356
сортынан шығарылған. 1987 жылы аудандастырылған,
қазіргі кезде облыстағы күріш егісінде жетекші орын алып
отыр. 2000 жылы бұл сорттың егіс көлемі 41,3 мың
гектарды құрады, яғни Қызылорда облысындағы
күріш егісі көлемінің 71% - ын, ал республикадағы
күріштің 65% - ға жуығын қамтиды.
Сорт
экологиялық жағдайларға бейімделгіш, сыртқы
ортаның және өсірудің қолайсыз әсерлеріне,
топырақ пен судың тұздылығына төзімді.
Механикаландырып жинауға ыңғайлы. Морфологиялық
белгілері мен биологиялық ерекшеліктері бойынша интенсивті типтің
талаптарына сай келеді. Күріштің vulgaris түршесіне жатады. Вегетациялық кезеңі 112 – 115
тәулік, өсімдік биіктігі 105 – 108 см, масақ
ұзындығы 17 – 19 см, ондағы масақша саны 90 – 100, 1000
дәнінің массасы 33 – 34 г.
Облыстың
оңтүстік аймағында 1992 жылы аудандастырылған АШ – 16
(Кубань 3 х Краснодарский 424) сорты italica түршесіне жатады.
Вегетациялық кезеңі 107 – 110 тәулік, өсімдік биіктігі
110 – 115 см, масағының ұзындығы 15 – 17 см,
масақтағы масақшалар саны 130 – 145, 1000 дәнінің
массасы 30 – 32 г, жарма түсімділігі 67,8%, шыны түстілігі 57,0%,
ал ботқасының сапасы 4,5 балл. Өндіріс жағдайында
өнімділігі 52,4 – 56,0 ц/га жетеді.
Арал
өңірінде күріш селекциясының қалыптасуы мен
дамуына селекционерлер: Ә.А.Алтынбеков, А.Б.Байзақов,
А.Ә.Құрамысов, Г.А.Верещагин, А.А.Шакиев,
Ө.Аймұхамбетов, М.Жанзақов,
Қ.Әлімбетовтердің айтарлықтай еңбек
сіңірді. К.Н.Жайлыбай күріш өсірудің сорттық
технологиясы және агроэкологиялық негіздерін жасады.
Қ.Бәкірұлы мутагенез әдісімен экологиялық
бейімделгіш және жоғары өнімді сорт шығару
мүмкіндігін іс жүзінде дәлелдеп, Маржан сортын
өндіріске енгізді. А.Н.Подольских цитоплазмалық аталық
ұрпақсыздықтың молекулалық – биологиялық
табиғатын зерттеп, оның коллекциясын жасады және күріш
селекциясының ғылыми негіздерін анықтады. С.М.Байбосынова
күріштің жалпы генотиптік өзгергіштігін және
комбинациялық қабілетін зерттеп, перспективалы сорттар
шығаруда өз үлесін қосты. Күріш
дәнінің технологиялық сапасын анықтап, оған
баға беруде зертхана қызметкерлерінің тиянақты
жұмыстарын атап өткен жөн [6,7].
Жалпы
күріш селекциясы әлемдік деңгейдегі әдістемелер бойынша
жүргізіліп отыр. Онда негізгі жұмыс жоғары өнімді,
жергілікті қолайсыз экологиялық жағдайға төзімді
жаңа күріш сорттарын шығаруға бағытталады.
Қазақстанда
тәуелсіздікке дейін қазақстандық селекцияның
төрт сорты аудандастырылған, оның ішінде үш сорт
аталған институтта шығарылды: КзРОС 358 (Алтынбеков А.А.,
Байзақов А.Б., Құрамысов А.Ә., Бәкірұлы
Қ., Жәдігеров Н.); Республикадан шет аймақтарға
кеңінен танымал, Қызылорда облысында 1987 жылдан
аудандастырылған күріштің Маржан сорты (Құрамысов А.Ә.,
Бәкірұлы Қ., Верещагин Г.А., Әлімбетов
Қ.Ә.); Қызылорда облысының оңтүстік
аймағында 1992 жылы аудандастырылған АШ – 16 сорты (Шакиев
Ә.А.). Алайда, күріш егісінің негізгі көлемін
Бүкілодақтық күріш
институтының Кубань 3, Краснодарский 424 сорттары
құрады.
Тәуелсіздік
жылдарында Қызылорда облысында күріш алқаптарында
Қазақстан селекциясы сорттарының үлесі көбейді,
2006 жылы 83%- ға жетіп, оның негізгі бөлігі Маржан сорты
есебінен егілді.
Күріштің
алшақ түрлерінің табысты тұқымқуалаушылық
интеграциясының мәселелерін шешу стерильді генетикалық
жүйелер (ГМС және ЦМС) негізінде будандастыру әдістері
әзірленіп, тексерілді және енгізілді. Будандық дәндерді
көптеп алу арқасында ерекшеленген коллекциялық
үлгілердің бағалы тектік белгілері, донорлық
қасиеттерін тексеруге байланысты зерттеулерді кеңінен
жүргізуге мүмкіндік туды.
2006
жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Маржан
сортынан өнімділігі мен жарма сапасының технологиялық
көрсеткіштері бойынша асып түсетін Арал 202 сорты аудандастырылды
(Подольских А.Н.,
Бәкірұлы Қ., Байбосынова С.М., Қарлыханов
Т.Қ.); 2008 жылы – өте ерте пісетін Ару (Бәкірұлы
Қ., Подольских А.Н., Қарлыханов Т.Қ.), 2009 жылы
Түгіскен 1 сорттары (Шермағамбетов К., Қарлыханов Т.Қ.,
Қарақожаев Ж.И., Сыздықов З.З.) аудандастырылып,
пайдалануға рұқсат етілген қазақстан селекциясы
сорттарының жалпы саны 10-ға жетті.
Жаңа
сорттар бұрынғы аудандастырылған сорттардан өнім
көлемі жағынан ғана басым түсіп отырған
жоқ, күріш шаруашылығының негізгі өнімі –
күріш жармасының жоғары сапалық көрсеткіштері
бойынша да басым түсуде.
Күрішшілерді
аса қызықтыратын сорттарға өте ерте мерзімде пісетін,
өсіп – жетілу мерзімі 90 – 95 күн болатын Ару сорты жатады.
Селекциялық
жұмыстың өзара және айқас тозаңдану
түрлері мен осы заманға сай генетикалық талдауларды,
табиғи және жасанды сұрыптауларды ұштастырған
жаңа тиімді әдісі көмегімен күріш сорттарының
инновациялық прототиптері жасалды, оларға Мемлекеттік
сортсынауға 2009 жылы беріліп 2012 жылы аудандастырылған: КазНИИР –
5 (Подольских А.Н., Байбосынова С.М.,
Әбілханова Б.К., Өмірзақов С.Ы.,Таутенов И.А.,
Аймұхамбетов Ө.Ә.), 2010 жылы берілген КазЕр – 6 (Подольских
А.Н., Байбосынова С.М., Өмірзақов С.Ы., Таутенов И.А.,
Төрешов Б.Б.) өсірудің қолайсыз жағдайларына
жоғары деңгейде бейімделгіштігі мен жекелеген
мақсаттардың жоғары өнімділігімен ерекшеленетін КазНИИР
– 7 сорттары жатады.
Жаңа
сорттар өзінің өнімді, әрі тығыз масағымен
ерекшеленеді, оның әрбір сантиметрінде дән саны стандарт
Маржан сортына қарағанда екі есе көп. Солай бола тұра,
бұл сорттардың абиотикалық тұрақтылығы
жергілікті стандарттан төмен емес, ал ресейлік (орта есеппен 35%-
ға ) және Халықаралық күріш ғылыми –
зерттеу институты (Филиппин) - IRRI
сорттарынан (48% - ға) анағұрлым жоғары.
Күріштің
жаңа сорттарының өніп – өсу уақыты 110
күннен аспайды, стандарт Маржан сортынан 3 – 5 күнге
қысқа. Олар стандартқа қарағанда жақсы
технологиялық көрсеткіштерімен бағаланады. Өндірістік
сынақта дән өнімділігі 84,8 ц/га құрап,
стандарттан 10,5 ц/га артық болды, жарма өнімі тиісінше 49,6
және 40,7 ц/га болды. Шиелі және Жаңақорған
сортсынау учаскесінде 2010 жылы орташа өнімділігі – 65,2 – 66,4 ц/га
болды (Маржан – 58,3 ц/га, шетел селекциясының үздік сорты Лидер –
62,9 ц/га).
«Ы.Жақаев
атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми –
зерттеу институты» селекциясының күріш сорттары
Қазақстан Республикасының барлық күріш
өсіретін аймақтарында ұсынылады. Жаңа сорттарды
енгізудегі селекциялық тиімділікке күріш өсіру технологиясын
сақтау және жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады,
оның ішінде бірінші кезекте тұқым шаруашылығы
жүйесі болуы тиіс.
Тұқым
шаруашылығы жұмыстарының барлық кезеңдеріндегі
басты міндет – жоғары кондициялық тұқымдары мо таза
сортты материал алу, өндірісте жаңа сорттарды жедел игеру
көбейтілетін сорттардың қасиеттері мен белгілерін
қолдау болып табылады.
Бастапқы
тұқымды көбейтудің жоғары коэффициенті жаңа
және тұқымы аз сорттардың өндіріске ендіру
мерзімін қысқартады, элита тұқымдарын өндіруге
тұқым шаруашылығы жұмыстарындағы тізбектер санын
азайтады және сол арқылы тұқымдық
егістердің қызыл дәнді формалармен ластану мүмкіндігін
азайтады.
Инновациялық
күріш сорттарын жедел көбейтуде тұқым
шаруашылығының бастапқы тізбектерінде күріш
тұқымын өндіріп себу, масақты – көшетті
және жүйектеп себу әдістері әзірленген
(Қ.Бәкірұлы, Ө.Аймұхамбетов). Жүйектеп
жалға себу әдісін қолданғанда себу материалы
шығыны 1,7 – 2,8 есе азайды, тұқымның көбею
коэффициенті 21,1 – ден (бақылау) 34,4 – 54,4 – ке дейін көбейді
(тәжірибе нұсқалары).
Тұқым
шаруашылығының алғашқы тізбектерін
көбейтудің мақсаты – көшеттеу және
тұқымды өндіріп себу әдістерінің
күріштің элиталық тұқым шаруашылығының нәтижелілігі мен тұрақтылығының
жоғарылауына ықпал жасайтыны анықталды.
«Ы.Жақаев
атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми –
зерттеу институты» ғалымдарының жүргізген зерттеулері
негізінде аудандастырылған күріш сорттарын жаңартудың
ғылыми негізделген мерзімдері өндіріске ұсынылып,
мамандандырылған тұқым өсіруші шаруашылықтарда
күріштің жоғары репродукциялы тұқымдарын
өсірудің тиімділігі жоғары тұқымшаруашылық
және агротехнологиялық тәсілдері жасалынды [8].
1 –
кесте Технологиялық сапа көрсеткіштері жоғары
коллекциялық үлгілер
|
Каталог бойынша р/с |
Шығу тегі |
Дән пішіні L/b |
Қауыз
-дылығы, % |
Жылтыр- лығы, % |
Жарық-
шықтығы, % |
Жарма шығымы,% |
|
|
жалпы |
бүтін |
||||||
|
Маржан st |
Қазақстан |
2,2 |
20,8 |
72 |
8 |
66,1 |
55,5 |
|
К – 3942 |
Краснодар |
1,9 |
18,9 |
94 |
5 |
67,5 |
62,0 |
|
К – 4693 |
Италия |
2,4 |
15,6 |
97 |
5 |
69,6 |
60,4 |
|
К – 4947 |
Чили |
2,3 |
17,2 |
97 |
9 |
68,2 |
59,2 |
|
К – 5461 |
Краснодар |
2,0 |
18,1 |
97 |
8 |
66,2 |
58,5 |
1-кестеде жоғары сапалы
үлгілердің мінездемесі көрсетілген. Күріштің
жиналған тектік қорын және жергілікті жердің
экологиялық және генотиптік ерекшеліктерін ескеретін
Қазақстандық Арал өңіріне арналған
болашағы бар сорттардың параметрлері нақтыланды.
С.М.Байбосынова мен
Б.Қ.Әбілхановтардың зерттеулерінде нарық
жағдайында талап етілетін күріш сортының бүтін жарма
шығымы жоғары болу қажет екендігі көрсетілген. Сонымен
қатар бүтін жарма шығымы сауда құндылығында
экономиялық белгі болып та табылады. Зерттелген коллекциялық
үлгілердің осы көрсеткішінің шектеулері 34,0% - дан (К
– 2652, Қазақстан) 68,4% - ға (КО – 183,
Қазақстан) дейін болды.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Бәкiрұлы Қ. Қaзaқстaндaғы күрiш
селекциясы. Бaстaу. Aлмaты, 2002 ж
2. Жaнзaқов М. М, Мырзaбек К.A. Aгрономия негiздерi. Тұмaр. Қызылордa, 2007 ж
3.Әбiлдaевa Ж, Бәкiрұлы Қ, Шермaғaмбетов К.
Күрiш aуыспaлы егiсiндегi дaқылдaрдың зиянкестерi, aурулaры,
aрaмшөптерi және олaрдaн қорғaу шaрaлaры.Тұмaр.
Қызылордa, 2007 ж
4. Жaйлыбaй К.Н «Күрiш егiншiлiгi және экология». Aлмaты 2006
ж.
5. Aлешин Е.П., Aлешин Н.Е. « Рис».- М., 1993-504 с
6. ЖaйлыбaйК.Н.
«Фотосинтетическое и aгроэкологияческие основы высокойурожaйности рисa».
Aлмaты: Бaстaу.-2001 ж
7. Әлiмбетов К.Ә.,
Верaщaгин Г.A., Жaйлыбaй К.Н. «Сыр өңiрiндегi күрiш
шaруaшылығының қaлыптaсып дaмуы, проблемaлaры және
жоғaры өнiм aлу жолдaры. Aлмaты: Қaйнaр.- 1984
8. Жaйлыбaй К.Н. « Қaзaқстaндa күрiш егiншiлiгiнiң
пaйдa болуы, дaмуы және қaзiргi жaғдaйы. Жaршы -1998.- №8