Атмосфераның
ластану жағдайын бағалау
Тауова Н. Р.
жаратылыс ғылымдары магистрі, аға
оқытушы
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті
Атмосфера
(ауа ортасы) екі аспектілермен бағаланады:
1) климат және оның табиғи себептерге
байланысты, сондай-ақ антропогенді (макроклимат) әсерлерге
және нақты жобаның (микроклимат) әсерінен мүмкін
болатын өзгерістері;
2) атмосфераның
ластануы.
Ең
алдымен атмосфераның ластануы кешенді көрсеткіштерінің біреуімен
бағаланады: атмосфераның ластану дәрежесі, атмосфераның
ыдыратушы қабілеті және т.б. Содан соң осы ауданда
атмосфераның ластану деңгейі
бағаланады.Климаттық-метеорологиялық ерекшеліктері мен
атмосфераның ластануы жөніндегі қорытынды тұжырымдамасы
ең алдымен жергілікті Гидрометеоқызметтеріне,
санитарлы-эпидемиологиялық қызметтердің мәліметтеріне
және Мемлекеттік экологиялық комитетінің арнайы
аналитикалық инспекциясына сүйенеді. Жобаланатын обьектінің
атмосферасына нақты лақтырылған қалдықтар туралы
алынған мәліметтері мен бағалары негізінде
атмосфераның, арнайы компьютерлік бағдарламаларын («Эколог»,
«Кепіл», «Эфир» және т.б.) пайдаланумен, жобалық бағалары
есептелінеді.Атмосфераның ластану дәрежесін бағалау критерийі
ластаушы заттардың шекті рауалды концентрациясы (ШРК) болып табылады.
Ауадағы ластаушы заттардың (ЛЗ) өлшенген немесе есептелінген
концентрациялары ШЖК-мен салыстырылады, және осыған орай
атмосфераның ластануы ШРК мөлшерінде өлшенеді [4].
Атмосферадағы
ЛЗ-дың концентрациясын олардың атмосфераға лақтырылатын
қалдықтарымен шатыстырмау қажет. Концентрация – бұл көлем бірлігіндегі заттың
массасы, ал қалдық –
уақыт бірлігінде келіп түскен заттың массасы.
Қалдық атмосфера ластануының критерийі бола алмайды,
өйткені ауаның ластануы тек қалдық мөлшеріне
ғана емес, сондай-ақ бірқатар факторларға да
(метеопараметрлері, қалдық көзінің биіктігі және
т.б.) тәуелді болып келеді.Атмосфераның ластануын болжамды
түрде бағалау қоршаған ортаға әсерді
бағалауды ң басқа да бөлімдерінде қолданылады.
Қоршаған
ортаға әсерді бағалауды
жүргізу барысында атмосфераның күйін бағалау
зерттелінетін территорияның ауа бассейнінің ластануын интегралды
бағалауына негізделінген, оны анықтау үшін тура, жанама
және индикаторлы критерийлер қолданылады [5].
Ауа
бассейнінің ластануын бағалайтын тура критерийлеріне ШРК жатқызылады. Сонымен қатар
атмосфера техногенді ластаушы заттарды тасымалдайтын орта бола отырып,
экожүйеде ерекше орын алатынын ескеру қажет. Сондықтан
атмосфераның ластануын бағалау үшін уақыт бойынша
дифференциаланған бағалау көрсеткіштері; максималды реттік
ШРК (қысқа мерзімді эффектілер үшін); және орта
тәулікті ШРК, сондай-ақ орта жылдық ЖШК (ұзақ
мерзімді әсер үшін) қолданылады.
Атмосфераның
ластану дәрежесі ШРК-ның қауіптілік классының
ескерілуімен, сондай-ақ ластаушы заттардың сомаландырылған
биологиялық әрекеті негізінде бағаланады.
Қауіптілік
классының әр түріндегі ластаушы заттарымен ластанған
ауаның деңгейін кей кезде олардың ШРК-сы бойынша
нормаландырылған концентрациясын 3-классты қауіптілігі бар ластаушы
заттардың концентрациясына келтірумен бағалайды.
Ауа
бассейніндегі ластаушы заттар адам ағзасына әсер ету
дәрежесіне қарай төрт классқа бөлінеді: аса
қауіпті, жоғары қауіпті, орташа қауіпті және
әлсіз қауіпті. Әдетте максималды реттік, орта тәуліктік
және орта жылдық ШЖК қолданылады.
[2].
Ауаның
ластануының ең жалпыланған және
ақпараттандырылған көрсеткіші атмосфераның орта
жылдық ластануының кешенді индексі
болып есептелінеді. Оның атмосфера күйі бойынша сандық
топтамасы 3.15-ші кестеде көрсетілген.
Климаттық-метеорологиялық
ерекшеліктері мен атмосфераның ластануы жөніндегі қорытынды
тұжырымдамасы ең алдымен жергілікті Гидрометеоқызметтеріне,
санитарлы-эпидемиологиялық қызметтердің мәліметтеріне
және Мемлекеттік экологиялық комитетінің арнайы
аналитикалық инспекциясына сүйенеді. [1].
1-Кесте. Атмосфера
ластануының жағдайын бағалау критерийлері
|
Көрсеткіштер |
Атмосфераның
экологиялық жағдайының класстары |
|||
|
норма |
Тәуекел |
тоқырау |
Апаттылық |
|
|
Ауаның ластану
деңгейі (J) |
5-тен кем |
5-8 |
8-15 |
15-тен артық |
Атмосфера
жағдайының класстары бойынша топтама төрт баллдық шкала
негізіндегі ластану деңгейінің классификациясымен сәйкес
орындалған;
Мұндағы:
(Н) –
«норма» елдің қала аймақтары бойынша ауаның ластану
деңгейінің орташа көрсеткішінен төмен деңгейге
сәйкес келеді;
(Т) –
«тәуекел» орташа деңгейге тең;
(К) –
«кризис» орташа деңгейден жоғары;
(А) –
«апат» жоғары деңгейден едәуір жоғары.
Әдетте
зерттелінетін территорияның (қалалар, аудандар және т.б.)
алуан түрлі учаскелерінің атмосфералық ластануын салыстыру
үшін және атмосфералық ластанудың уақытша
өзгеру тенденциясын бағалау үшін қолданылады. [7].
Территорияның
атмосферасының ресурсты потенциалы оның қосылыстарды ыдырату
және тарату қабілетімен, ластану деңгейі мен ШЖК
деңгейінің қатынасымен анықталады. Атмосфераның
ыдыратушы қабілетін бағалау мынадай кешенді климаттық
және метеорологиялық көрсеткіштеріне негізделінген: атмосфераның ластану потенциалы
(АЛП) және ауаның
тұтынушылық параметрі (АТП). Бұл сипаттамаларымен
атмосферадан қосылыстарды шығару және жинауға
мүмкіндік беретін, метеошарттарына тәуелді ластану
деңгейінің қалыптасу ерекшеліктерімен анықталады.
АЛП тепе
тең шарттары барысында
ластанудың бір немесе бірнеше деңгейінің
ықтималдылығы сипатталады, ал кейбір авторлардың
пікірінше ол ауа бассейнінде қосылыстарды ыдырату үшін
жағымсыз, метеорологиялық шарттарының
қайтарымдылық көрсеткішінің кешенді сипаттамасы дегенді
білдіреді.АТП ластаушы заттардың
қалдықтарын орташа жетікті концентрация деңгейіне дейін
ыдырату үшін қажетті таза ауаның көлемі түрінде
болады. Бұл параметр ауа бассейнінің сапасын басқару
барысында ерекше маңызды болады. Осы параметр негізінде
қалдықтардың көлемі бүкіл аудан үшін
орнатылады, ал содан соң оның территориясындағы
кәсіпорындар үшін.Атмосфераның ресурстық потенциалын
бағалау территория климатының гигиеналық
параметрлерінің есебімен жүргізіледі, территорияны
рекреациялық және селитебты мақсаттарда қолдану
мүмкін болады. Осындай бағалау барысында ең маңыздысы
ауа райының физиологиялық-гигиеналық топтамасы (яғни,
ауа температурасы мен ылғалдылығы, күн радиациясы және
т.б. секілді метеошарттарының қосылыстары), жылдың суық
және жылы мерзімдері болып табылады.
Атмосфераның
ластаушы көздерінің оңтайлы орындарын бағалаудың
критерийі атмосфералық ауаның ыдыратушы қоры болып есептеледі. [6].
Атмосфералық
ауа табиғи орталар мен обьектілердің ластануы тізбегіндегі
«бастапқы звеносы» ретінде қарастырылады. Топырақ пен жер
үсті сулары кейбір жағдайларда атмосфераның туынды
ластануының көздері болуы мүмкін, немесе керісінше,
оның ластануының жанама көрсеткіштері болып табылады.
Бұл ауа бассейнінің ластануын бағалауды қажет етеді.
Атмосфераның
ластануын бағалаудың жанама көрсеткіштері
атмосфералық қосылыстарының топырақ қабаты мен су
обьектілеріне құрғақ түсуі барысындағы
интенсивтілігі, сондай-ақ оның атмосфералық жауын
шашындарымен шайылуы болып табылады.Осы бағалаудың критерийі
уақыт интервалының есебімен тығыздық бірлігінде
сипатталған, жеткілікті және тоқыраулық
жүктемелер көлемі ретінде қызмет етеді. Еуропалық
елдерінің сарапшылары қышқылды орман топырақтары, жер
үсті және жер асты сулары үшін келесідей критикалық
жүктемелерді ұсынады: күкірт қосылыстары үшін
0,2-0,4 (г/км²)*жыл; азот қосылыстары үшін 1-2
(г/км²)*жыл.Атмосфералық ауаның ластануын кешенді
бағалаудың соңғы сатысы техногенді динамикасын талдау
және қысқа-, ұзақ мерзімде ықтималды теріс
салдарларын бағалау болып табылады. Атмосфераның ластануының
адам денсаулығына және экожүйелердің күйіне теріс
әсерінің уақытша динамикасы мен кеңістікті
ерекшеліктерін талдау барысында ауданның табиғи шарттарын
сипаттайтын, картографиялық материалдардың жиынтығын
қолданумен картографиялау әдісі қолданылады.
Атмосфераның күйін интегралды бағалаудың оңтайлы
компоненттерінің жүйесі мыналарды қамтиды:
· санитарлы-гигиеналық тұрғысынан ластану деңгейін
бағалау;
· атмосфераның ресурстық потенциалын бағалау;
· белгілі бір ортаға әсердің дәрежесін бағалау;
· табиғи техникалық жүйелерді антропогенді дамыту
процестерінің тенденциясы мен интенсивтілігі;
· антропогенді әсердің ықтималды теріс салдарларының
кеңістікті және уақытша масштабтарын анықтау.
Осы
аталғандарды, соған қоса МЭС-ны жүргізу тәртібін
ескере отырып, атмосфераға әсерді дәйектеу және
бағалау барысында келесілерді қарастыру қажет болады:
1) атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың
ыдырау шарттарын анықтайтын, метеорологиялық сипаттамалары мен
коэффициенттері;
2) ластаушы заттардың қалдық
көздерінің параметрлері, атмосфералық ауадағы ластаушы
заттардың сандық және сапалық көрсеткіштері;
3) ластаушы заттар туралы мәліметтердің
дәйектілігі атмосфераға ластаушы заттардың келіп түсуін
алдын алу және кеміту шараларының тізімін қамтуы қажет;
4) ықтималды қалдықтардың
сипаттамасын;
5) ықтималды қалдықтардың
сипаттамасын;
6) ластаушы заттар мен зиянды әсері бар
заттардың топтық тізімін;
7) ШРШ нормативтерін бекіту бойынша ұсыныстары;
8) Атмосфераға лақтырылатын ластаушы
заттардың қалдықтарын кеміту бойынша қосымша шаралары;
9) Атмосфералық ауаның болжамды
ластануының сипаттамасы. Нақты обьектінің әсер ету
зонасындағы ерекше күзетілетін және басқа да
табиғи территориялар мен обьектілерде, тұрғын үйлерде,
санитарлы-қорғау зонасы шекарасында жобаланушы обьектіні
тұтынысқа енгізгеннен ейін, атмосфералық ауаның
ықтималды ластануын есепке алу және талдау;
10)
Санитарлы-қорғау зонасы
қабылданған көлемін дәлелдеу (жел
бағыттарының есебімен);
11) Технологиялық режимнің бұзылуы
барысында, апатты жағдайлар барысында ықтималды апаттардың
тізімі;
12) Апаттық жағдайлар мен олардың
салдарларын жою шараларын, ықтималды апаттардың масштабын талдау;
13) Адам мен қоршаған орта үшін атмосфералық
ауаның апатты ластану салдарын бағалау;
14) Жағымсыз метеорологиялық шарттары
кезеңдерінде атмосфералық ауаға ЛЗ қалдықтарын
реттеу шаралары;
15) Атмосфералық ауаның ластануын бақылауды
ұйымдастыру;
16) Табиғатты қорғау шараларының
көлемі мен атмосфералық ауаны ластанудан қорғау
шараларына капиталды салымдарының құнын бағалау [3].
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Қазақстан Республикасының
Экологиялық Кодексі, Астана, 2007 ж.
2.
Қазақстан Республикасының Су кодексі.
31 наурыз, 1193 ж.
3.
Қазақстан Республикасының «Ерекше
қорғалатын аймақтар туралы» заңы, Алматы, 24.12.2001 ж.
4.
Қазақстан Республикасының «Жануарлар
дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану»
заңнамасы. 21 қазан 1193 ж.
5.
Қазақстан Республикасының
«Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі және
пайдалану» заңы 23.04.1998 ж.
6.
Аристархова Е. В. Геоморфологический анализ при
геологических исследованиях в Прикаспийкой впадине. Москва, 1968 г.
7.
Инструкция по проведению оценки воздействия намечаемой
хозяйственной предплановаой, предпроектной и проектной документации, 28.06.2007
г., №204-П.