Тулегенова Манат Шаймерденовна

Астана қаласы «Туран-Астана» магистрант 2 курс

Кәсіпорынның айналым қапиталын пайдалану тиімділігін арттыру

Экономикалық қызметтің негізгі буыны - кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Яғни, ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелерін шешу.

Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы төлем және несие қабілеттігі, оның қажетті айналым капиталымен қамтамасыз етілуімен байланысты. Менің осы айналым құралдарының тиімділігін зерттеу кезінде алға қойған мақсатым- кәсіпорындардағы айналым құралдарын мейлінше тиімді пайдалану үшін не істеу керек және өнімнің  материал сыйымдылығын төмендетіп, айналым қаражатының айналымдығын арттыру үшін қандай шаралар қолданған жөн деген мәселені қарастыру болып табылады.

Айналым құралдары-бұл кәсіпорындағы өндірістік айналым құралы мен айналым қорын құруға арналған авансталған ақша қаражаттары.

Өндірістік айналым құралы- өндіріс шеңберінде болып, еңбек бұйымын заттай түрде құрайды: шикізат, негізгі және көмекші материалдар, отын және электрокуат, аяқталмаған өндіріс, алдағы мерзімге жұмсалатын шығын, құнсыз және тез тозатын бұйымдар, тетіктер, жөндеуге арналған қосалқы болшектер т.б. Айналым өндірістік қорын есепке алғанда және жоспарлағанда табиғи және ақшалай көрсеткіште сипатталады.

Айналым қорларының құрамына дайын өнім, жөнелтілген бірақ ақысы төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі есеп шоттардағы, кассадағы ақша, есептесіп бітпеген жердегі ақша қаражаттары жатады.

Айналым құралдары өндіріс саласында қызмет атқаруында үнемі айналымда болып, өндіріс шеңберінен айналыс шеңберіне ауысып отырады.  Айналым құралы айналымдық процесінде үш сатыдан өтеді: біріншісі – ақша (еңбек бұйымдарын дайындау), екіншісі – өндіріс (өнімді дайындау үрдісі), үшіншісі – тауарлы(дайын өнімді сату),яғни кәсіпорындарда ресурстар тауарлы өнімге айналып, сатылғаннан кейін жаңа ақша қаражатына айналады.(А-А) Өнімді сатудан тускен жаңа ақшаға кәсіпорын жаңадан еңбек бұйымдарын сатып алып, өндіріс құралдары жаңа айналымдылық шеңберіне ауысады.

Кәсіпорынның айналым капиталы, өнім өндіру процесінде ақша қаражаттарын жұмсауын мынадай схема түрінде көрсетуге болады.

                    

                       2тауар                                1 ақша

 

 

 

                   3 ақша                                 2 тауар

            

        

Бұл схеманы толық қарастыру үшін айналым капиталының айналымдылығын 4 кезең түрінде қарастыруға болады:

Овал: Дайын өнім
Овал: материал
 

 

 

 

 


        

 


        

 

 

 

 

Мысалы: Торт өнімдерін шығаратын цех ақша қаражатына ұн өнімін сатып алады, одан қамыр илейді, оны дайын өнім ретінде сатып, кәсіпорынға қайтадан ақша түрінде құяды, бұл үздіксіз процесс жылдам айналған сайын кәсіпорын тиімділігі арта түседі.

Бұл схемадағы материал және жартылай дайын өнім- өндірістік айналым, өнімді өндіру сферасы, яғни шығынсыз жұмыс жасау орталығы.

Ақша мен дайын өнім-айналым қоры процесіне жатады және онымен маркетинг бөлімі айналысады, яғни сату және сатып алу.

Кәсіпорындарда айналым құралдарын пайдаланудың маңызды көрсеткіштері арқылы оның пайдалану тиімділігін бағалаймыз. Олар:

1.Айналым құралының айналым коэффициенті(Ка) - бір жыл ішіндегі айналым құралының айналымдылығымен сипатталады, яғни сатылған өнімнің құнын немесе айналым сомасын (ай, тоқсан, бір жыл) тиісінше осы уақыт ішіндегі айналым құралының орташа қалдығына бөлу арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш сатылған өнім көлемінің айналым құралының бір теңгесіне шаққандағы мөлшерін көрсетеді:

мұндағы,   – айналым құралының айналым коэффициенті,

– сатылған өнім көлемі, тенге

                   - айналым қорының орташа жылдық құны,

Мысалы: кәсіпорын бір жыл ішінде 100.000 теңге өнімін шығаратын болса, айналымдағы өнімнің орташа саны 20.000 теңгеге тең деп алсақ,

 = 100.000 / 20.000 =5рет, айналым құралының айналым коэффициенті орташа 5 долларды құрап отыр, яғни шығарылған өнім көлемінің айналым қорының 5 теңгесіне шаққандағы мөлшерін көрсетіп отыр.

2. Айналу құралының айналу жылдамдығы немесе ұзақтығы күнмен есептелінеді.  Бұл көрсеткіш айналым құралы неше уақытта толық айналымнан өтетіні көрсетеді. Сонымен қатар бұл көрсеткіш өндіріс цикліның ұзақтығын (К) айналым коэффициентіне (Ка) қатынасын көрсетеді, немесе мезгілдегі күн санын, айналым коэффициентіне (Ка) бөлу арқылы анықталады:

Мұндағы К – мезгілдегі күн саны (360,90,30)

Айналым коэффициентінің жоғары болғаны – айналым құралы тиімді пайдаланғанын көрсетеді.

 Егер біз формуладағы 360 шартты күнді, айналымдылық коэффициентіне,яғни 5-ке бөлсек онда біз 72күнді аламыз, бұл осы кәсіпорынның өндірісінің процесі қанша күнге созылғанын білдік. 360/5=72күн, егер айналымдылық коэффициенті 6 болса, 360/6=60күн, 360/4=90күн, айналым уақыты(90,72,60) тез болған сайын, кәсіпкерлік қызметтің тәуекелділігі азаяды. Ал айналымдылық коэффициенті көп болған сайын бизнестің жағдайы жақсара береді, яғни кезеңдерді салыстыру немесе қорларды есептеу арқылы біліп отырамыз. Мысалы: Дебиторлық қарыздар айналымы 2013 жылы айналымдылық кезең уақыты 30күнге созылған болса, 2014 жылы 20 күнге созылса онда коэффициенттің жақсарғанын байқаймыз, яғни күннің азайғанына байланысты тәуекелдің азайғанын көрсетеді.

 3.Айналым құралының жүктеу коэффициенті, айналым коэффициентінің өлшемінің кері қатынасын көрсетеді.

Ол айналым құралының сомасына, сатылған өнімге жұмсалған шығындардың бір теңгесімен сипатталынады:

 – айналым құралының жүктеу коэффициенті,

Неғұрлым айналым құралының жүктеу коэффициенті аз болған сайын, кәсіпорында соншама айналым құралы тиімді пайдаланып, оның қаржылық жағдайының жақсарғанын көрсетеді.

Кәсіпорындарда айналым құралының айналымдылығы келесі факторларға: өндіріс циклінің  ұзақтығына, шығарылатын өнімнің сапасына, оның бәсекеге төтеп беруіне, өнімнің материалдық сыйымдылығын төмендету жолдарына, жабдықтау тәсілі және өнімді өткізу әдістеріне, айналым құралын тиімді пайдалану бағыттарын жетілдіруге байланысты болады.

Айналым құралының айналым ұзақтығы азайған сайын немесе сондай жағдайдағы көлемде, сондай өнімді сатуда, оның жасаған айналымдылық саны көбейсе, соншама айналым құралын аз қажет етеді және керісінше, неғұрлым айналым құралы тезірек айналымдылықты жасаса, соншама оларды тиімді пайдаланады.

Бұл жұмысымды қорытындылап айтқанда, кәсіпорынның нәтижелі жұмысы үшін - ең аз мөлшерде шығын жұмсай отырып барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуі, яғни меншікті және несиелік ресурстарды ұтымды үйлестіріп пайдалану тиіс.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы; оқу құралы – Алматы: Экономика, 2003.

2. Оразалин К.Ж., Кәсіпорын экономикасы: Тәжірибе сабағына арналған оқу құралы. Алматы, ТОО «Издательство ЛЕМ», 2007.