К.К. Бейсенбаев

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 2-курс магистранты

 

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Кейінгі жылдары Қазақстан өнеркәсіпте, өндірісте, экономика саласында зор нәтижелерге қол жеткізді. Алайда бұл жетістіктер азаматтарымыздың игілік жемістеріне қарама-қайшы келмеуі керек. Қоғамдық әлеуметтік тұтыну әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдық туындатты және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады. Сондықтан біздің әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбекті қоюға тиіспіз.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік жаңа бағыты, біріншіден Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру болып табылады, бұл өз кезегінде, жаһандық дауылдарға қарсы тұра алу үшін жаһандық тұрақсыздық жағдайында, жаңа ғасыр жағдайында, Қазақстан қоғамы қандай болуы керек деген сұрақтарға жауапты талап етеді. Тек адал және нәтижелі еңбек қана елімізді және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатқа және жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады. Еліміздің әр азаматы осындай көзқарасты ұстануы керек.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, біздің еліміздің басшысы ретінде, және жұмысшыдан ел басшысына дейін көтерілген ұзақ өмір жолынан өткен азамат ретінде, бізге, қазақстандықтар алдына жаңа міндеттер мен мақсаттар қойды: әлеуметтік заңнамаларды жаңарту, өмір сүру сапасының қазақстандық стандартын қалыптастыру, білім беру, жұмыспен қамту саласында, кәсіпорын саласын, жас мамандарды жұмысқа орналастыру, оқыту жүйесін қайта қарау. «Біз шынайы өндіргіш еңбекті және Әлуметтік жаңғыртуды саясатымыздың негізі ретінде қоюумыз керек», – деп айтты Президент.

Экономиканың көтерілуі нәтижесінде  еліміздің денсаулық сақтау саласына мемлекеттік сондай-ақ, мемлекеттік емес секторға инвестиция салу арта түсті. Тәуелсіздік жылдары денсаулық және білім беру салалары ырғақты дамуда, олардың материалдық-техникалық базалары кең көлемде жаңартылды, мамандар даярланды, осы заманғы озық технологиялар мен техникалар қолданылуда. Әлеуметтік саланың құрамдас бөлігі болып табылатын денсаулық сақтау мәселелері басымдылық жағдайда шешімін табуда.

Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен- өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың дамуына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктері де ескерілуі керек. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама дайындап, сол бойынша әрбір аймақ өзінің даму бағытын жүзеге асырады. Мемлекет аймақтық саясатты қалыптастыру үшін еліміздің территориясы бойынша себептерді көрсету қажет. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:

-   еліміз аймақтарының табиғи - климаттық жағдайының айырмашылығы;

-   аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл тек ауылшаруашылық, пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайын жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;

-   аймақтың орналасуының «күрделі» жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсіуі байқалады. Бұл аймақтың көлік және байланс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық дамуына ықпал етеді;

-   инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;

-   елдің экономикалық даму тенденциясы;

-   тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;

-   институционалдық факторлар: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайды, аймақтың даму тарихы т.б. ;

-   орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфроқұрылым;

-   әлеуметтік мәдени факторлар. Урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б.;

-   орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;

-   мына нүктелердің орына сызықша койылады. Орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.

Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу – еліміздің және оның жекеленген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге қойлған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы керек. Ал, аймақтық саясаттың мәні – жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды тиімді басқару. Аймақтық дамудың негізі болып оның әлеуметтік дамуы болып табылады.

Ауданның 2015 жылға арналған бюджетінің көлемі 5 млрд. 469 млн. 551 мың теңгеге нақтыланған, соның ішінде:

-салық түсімдері - 1млрд.190 млн.880 мың теңге;

-салықтық емес түсімдер - 8 млн. 656 мың теңге;

-негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 258 млн. 656 мың теңге;

-ресми трансферттердің түсімдері - 4 млрд. 011 млн. 359 мың теңге;

2015  жылдың 6 айында бюджеттік түсімдер контингент бойынша 1160,6 млн. теңге, соның ішінде аудан бюджеті 790,3 млн. теңге болды, өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда 382,0 млн. теңгеге, соның ішінде аудан бюджеті 242,0 млн. теңгеге немесе тиісінше контингент 149,0 пайызға, ал жергілікті бюджет 144,0 пайызға ұлғайды.

Ауданда жылдан жылға өнеркәсіп саласы жақсы дамып келеді. Ауыл шаруашылығына арналған машиналар және оларды күрделі жөндеуден өткізу, оларға керекті қосалқы бөлшектер шығару, көкөніс түрлерінен консервілер дайындау, шарап өнімдерін, түрлі үлгідегі электродтар жасайтын, спирт өндірісі, құс еті, жұмыртқа өндірісі және басқа да өнеркәсіп тауарларын шығаратын, қайта өңдейтін өндіріс орындары жұмыс істейді.

2015 жылдың 6 айында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен, шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығы секторын қосқанда 3 миллиард 518 миллион теңгенің өнімін өндіріп, 2014 жылдың 6 айымен салыстырғанда 590 миллион теңгеге артық немесе 120%-ды құрады. Ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарында 1 млрд. 856 млн.теңгенің, шағын және қосалқы кәсіпорындарда (үй шаруашылығы секторын қосқанда) 1 млрд. 662 млн.теңгенің өнімі өндірілді.

2015 жылдың 6 айында ауданның өнеркәсіп саласында өнеркәсіптік өнім өндіретін 44-тен аса түрлі меншіктегі ірі, орта және кіші кәсіпорындар жұмыс атқарып, аудан халқының 33 пайызға жуығын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Өмірлік деңгейлері кедейшілік шегінен және азық-түлік себетінен төмен, аз қамтылған отбасыларын әлеуметтік қорғау бойынша ауданымызда нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінгі таңда 777 адамға 4 млн 500 мың теңге атаулы-әлеуметтік көмек тағайындалып,толығымен төленді.

Аудан бойынша өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда кедейлер саны 78,7 пайызға, ал атаулы әлеуметтік көмекке төленген қаржы мөлшері 57 пайызға кеміді. Кедейлер санының кемуіне, осы отбасыларының қосалқы шаруашылықтарын дамытуға шағын несие, мал және жер бөлу оң себептерін тигізді.

Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:

         өндіріс қарқынының төмендеуі;

         халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі);

         жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);

         демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы проблемалардың күшеюі және т.б.

Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар - бұл әлеуметтік-экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және басқа да жағдайлармен байланысты табиғи, аумақтық айырмашылықтар. Осы орайдағы мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып табылады.

Аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын бағалау және қазіргі жағдайы Нарықты экономикада Республиканың әр бір аймағының экономикалық, әлеуметтік, геополитикалық және т.б. маңыздылығы артады. Аймақтың өндірістерін, қорларын, экологиялық потенциалдарын, әлеуметтік мәселелерін тиімді шешу, сол жердің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын жандандырады. Нарық механизіміндегі шаруашылық, Республика ішіндегі аймақтардың шаруашылығының тәуелсіз экономикада қызмет етуін теңдестіру. Жалпы бұл мәселелерді кешенді шешу, қоғамның экономикалық және әлеуметтік ортасының деңгейін, яғни өмір сүру мен еңбек етуді, тұрғын үй, комуналдық және тұрмыстық жағдайларын, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениетін және т.б., қалыпты деңгейде жүргізуге, экономикалық қорлар потенциалын тиімді пайдалану және материалды – техникалық базаға тиtсілі байланысты болады. Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен, сонымен қатар материалдық өндірістің әлеуметтік – экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. Сондықтан да, өндіргіш күштерді орналастыру мен тиімді дамыту бұл мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады және аймақтың потенциалын тиімді пайдалану мен мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін шешуші міндет. Өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылығымен және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Аймақта ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды орналастыру арқылы халық шаруашылығын дамыта аламыз, олар қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, талабына сай сапалы өнімдер өндіруге мүмкідік береді. Сондықтан, аймақтың өндіргіш күшін тиімді орналастыру экономикалық, әлеуметтік, экологиялық мәселелерді шешуге, сонымен қатар, мемлекеттің соның ішінде аймақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуының, өркендеуінің, негізгі жолы болып табылады.

Сондықтан, Мемлекет басшысының "Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам" бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал жасау мақсатында облыс және аудан әкімдіктері салық органдары мамандарымен бірлесе отырып, әлеуметтік нысандарды қолданылатын салық режимдері туралы белсенді түсіндіру  жұмыстарын жүргізулері қажет деп санаймын. 

 

Әдебиет:

1.        Назарбаев Н.Ә. Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі //Егемен Қазақстан.

2.        Байсарина Қ.Қ. Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамуы: тарихы және сабақтары: т.ғ.д. автореф. – Алматы.

3.       Берлібаев Е.Т. Возникновение межколхозных производственных связей Казахстана ее огрехи в 70-е годы / Некоторые вопросы социально-экономического демографического развития Казахстана. Межвузовский сборник научных трудов. –Алматы: АГУ им. Абая. –1996.

4.       Сүлейменов М.К. Право и предпринмательство в Республике Казахстан. -Алматы: Жеті Жарғы. 1997.

5.       Қазіргі ауылдың әлеуметтік-экономикалық ахуалы /«Шоқан тағылымы-11» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Тарих және этнология секциясы. — Көкшетау, 2006.