Умаров Ж.Ж., магистрант
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУДА
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА
КІРУ ПРОЦЕСІНІҢ ӘСЕРІ
Бұл
мақалада Қазақстандық жеңіл
өнеркәсіпті мемлекеттік басқарудың жағдайы,
Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген мемлекеттердің
тәжірибесі қарастырылған және Қазақстандық
жеңіл өнеркәсіпті дамытуды қолдау үшін
мемлекеттік тарапынан қарастырылатын бағдарламаларға
ұсыныстар ұсынылды.
Негізгі
сөздер: жеңіл өнеркәсіп, басқару, жоспарлау,
реформа
Жеңіл өнеркәсіпті
дамытуға барлық мемлекеттерде үлкен көңіл
бөлінеді. Себебі, бұл сала елдегі еңбек етуге қабілетті
азаматтарды жұмыспен қамтуда маңызды орынға ие
(жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндердің
85-90 пайызы әйелдер). Бұл саланың маңыздылығы –
ол адамдардың денсаулығына және елдің
әл-ауқатына қатты әсер етеді, сондай-ақ өндірілген
өнімді тұтыну жағынан азық-түлік
өнімдерінен кейінгі екінші орынға ие [1].
Қазіргі уақытта Қазақстан жеңіл
өнеркәсіп кәсіпорындарымен шығарылатын тауарлар өнімдерінің сапасы
дамыған елдерден едәуір кем, еңбек өтімділігі салыстырмалы
төмен, өнімді өндіру шығыстары дүниежүзілік
деңгейімен салыстырғанда жоғары.
Сонымен
қатар отандық жеңіл индустрия ішкі сұраныстың 10%
артық емесін ғана қамтамасыз етеді (экономикалық
қауіпсіздігінің қарсаңы 30%). Сондай-ақ 8%
жуығы кіші саласы тігін және тоқымасына, ал былғары-аяқкиімге
2% келеді. Қалған нарықтың 90% импорттық тауарлар
[3].
Өнімінің экспорты және импорты
Бірінші суретке
сәйкес 2015 жылы сала өнімінің экспорты 217,7 млн. АҚШ
долларын құрады, бұл 2008 жылғы көрсеткішке
қарағанда 3,2 есе төмен [2].

Дерек көзі: ҚР ҰЭМ СК, ҚР
ҚМ МКК
1-сурет 2008-2015 жж. Қазақстанда
жеңіл өнеркәсіп өнімін экспорттау көлемінің
серпіні, млн. АҚШ доллары
2015 жылдағы
жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің импорты соңғы 8 жылда 1 323,1 млн. АҚШ долларына дейін артты, ол
2008 жылдың көрсеткішінен 3 есеге жоғары (2-сурет) [2].
Осылайша,
қорытынды жасасақ, Қазақстанның жеңіл
индустриясы созылған дағдарыс күйінде болуда.
Орын
алған жағдайлардың себептері: импорт тауарларының
ағылып келуі, инфляция, салық аурыртпалығы болып табылады.
Басты себептердің бірі болып орталықтандырылған сатып алу,
тауарларды үлестіру және дайын өнімді іске асыру
жүйесінің бұзылуы болды.
Қазақстанда
жеңіл индустрияда импортты алмастыру проблемасын шешу тек
бәсекелестікті едәуір жоғарлатумен ғана шешіледі [3].

Дерек көзі: ҚР ҰЭМ СК, ҚР
ҚМ МКК
2-сурет. 2008-2015
жж. ҚР-де жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің
импорт көлемдерінің серпіні, млн. АҚШ доллары
Жеңіл
өнеркәсіп жүйесінің дамуы жоғарыда
көрсетілгендей дағдарысты болып мінезделді, сондай-ақ
өткен 2015 жылы Қазақстан
Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке
қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап
Қазақстан жаңа құқықтық-сауда
режиміне көшуі Қазақстанның жеңіл
өнеркәсібін дамытуға кері әсерін тигізуі сөзсіз.
Бірқатар өнеркәсіпшілер мен сарапшылардың
көзқарастары бойынша осы процестің ең маңызды
кері әсері бірінші кезекте жеңіл өнеркәсіп саласына
тиеді.
Егер
Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген мемлекеттердің
тәжірибесін саралайтын болсақ, оның ішінде Қытайды
алсақ, оларға ұйымға кіру үшін 15 жыл қажет
болды. Осы уақыт аралығында жеңіл өнеркәсіптен
бастап жоғары технологиялық өнім нарығында қыруар
жұмыс атқарылды. Тиісінше, Қытай экспорттық
әлеуетін арттыру мақсатында нарықтағы
үлесінің белгілі бөлігінен бас тартты. Осы
тұрғыдан алғанда, Қазақстандағы
өнеркәсіп салаларының жойылу қаупі туындайды,
нақтырақ айтқанда, жеңіл өнеркәсіп
саласында өңдеуші кәсіпорындардың 90%-ы жұтылып
кетеді. Мұның салдары жаппай жұмыссыздыққа
ұрындырады. Қырғызстанның ойланбай, сараптамай,
қысқа мерзімде Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі –
мұның жарқын мысалы бола алады. Бұлай дейтін себебіміз,
Қырғызстанда аяқта әрең тұрған
кәсіпорындар жұмысын түбегейлі тоқтатты. Түптеп
келгенде, Қырғыз үкіметі Дүниежүзілік сауда
ұйымының тарихында ұйымға кіру шарттарын қайта
қарауды ұсынған алғашқы мемлекет болды. Сонымен,
ел экономикасын қажетті деңгейге көтеру үшін
Қырғызстанға әртүрлі гранттар берілді, дегенмен,
бөлінген гранттар таусылысымен, ел үкіметі бірқатар
қиындыққа тап болды.
Қазақстанның
көптеген кәсіпорындары, бәсекеге қабілетсіз, оның
ішінде тоқыма саласы да бар. Оның үстіне энергия тарифтері
ұдайы қымбаттап, тасымалдау құны артып отыр, мемлекет
тарапынан қолдау көрсетілмейді, т.с.с. Мысалыға алатын
болсақ, Түркияда электр энергиясына төлем жасауда тауар
өндіруші кәсіпорындарға 25%-ға дейін, әлеуметтік
қамтамасыз ету қорына 50% және зейнетақы қорына
аударылатын төлемге 100% жеңілдік беріледі.
Ал
Қытайда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына
инвестиция тарту кезінде үлкен жеңілдіктер жасалады.
Алғашқы 5 жыл ішінде кәсіпорындар табыс салығын
төлеуден босатылады, 5 жылдан кейін 15% мөлшерлеме қойылады,
ал өндірген тауарының 50%-дан астамы экспортқа
шығарылса, салық мөлшерлемесі 10%-ға дейін
төмендетіледі.
Сонымен
қатар, Қытайда кәсіпорын салатын жерге салық
салынбайды. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 5 жыл ішінде
оған қосымша құн салығы мен жылжымайтын
мүлік салығы салынбайды .
10 жыл
табысты жұмыс істеген жағдайда тауар өндірушілер жергілікті
табыс салығын ғана төлейді, ал заманауи шетелдік
жабдықтарды импорттау кезінде төленетін салықтар мен
қосымша құн салығынан толығымен босатылады.
Қытай
үкіметінің энергия құнын реттеу саласындағы
саясаты кәсіпорындарға тұтынған электр
энергиясының құнын тұрақты бағамен
төлеуге мүмкіндік береді [5].
Жоғарыда
келтірілген жеңілдіктердің бірде-бірі Қазақстанда
ескерілмеген. Ал бұл жеңілдіктер Қытайға өз
өндіріс орындарын 5 есеге арттыруға, ал өнімінің 60
пайызын экспортқа шығаруға мүмкіндік бергенін
назарға алуымыз керек.
Өніміміздің
әлемдік нарықпен қатар, ұлттық нарықта
бәсекеге қабілетті болуы қазақстандық жеңіл
өнеркәсіпті дамытудың негізгі проблемасы.
Қазақстанның Қытай, Үндістан, Түркия,
Пәкістан және Өзбекстан сынды мықты бәсекелестері
бар. Қазір Қытай үкіметі жеңіл өнеркәсіп
саласында Қазақстан нарығын жаулап алып, ең
төменгі бағаны ұстап отыру үшін өте агрессивті саясат
жүргізіп отыр, қазіргі кезде Қытай үкіметінің
бұл саясаты орта деңгейге жетіп қалды. Азия және
түрік тауар өндірушілері Қазақстан нарығына
шыққан уақытта оларды өз мемлекеттері
үкіметаралық келісімдер жүргізе отырып, қаржылай
және саяси қолдап отырады [4].
Мемлекет
импортты кедендік реттеу саласында, контрафактілік және жалған
өнімдер айналымының жолын кесудегі саясатын қайта
қарауы тиіс, қазақстандық тауар өндірісі мен
экспортын ынталандыра отырып, тарифтік саясатты кәсіпорындарға
бейімдеу қажет.
Сонымен
қатар, Қазақстан Республикасының үкіметі
салық деңгейіне көңіл бөлуі тиіс.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген алғашқы жылда
кеден салығының деңгейін мүмкін болғанынша
төмендетуді қарастыру керек және өтпелі кезеңде
осы жағдайды ұстап тұру қажет.
Сауда
өкілдіктері қазақстандық тоқыма және
жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шетел нарығына
шығару үшін ақпараттық тұрғыдан
қолдау көрсетіп, жәрмеңкелер мен көрмелер
ұйымдастыруы керек.
Жүргізілген зерттеуден кейін
мынадай нақты ұсыныстар жасауға болады:
Қазақстан
Республикасының Үкіметі таяу 5 жылға кәсіпорындарды
қолдауға қаражат бөліп, жеңіл
өнеркәсіпті дамытудың негізделген бағдарламасын
әзірлеуі және оның жүйелі түрде орындалуын
қадағалауы керек. Осылай еткенде ғана, жетістікке жетуге
болады. Мұның дәлелін қаржы бөлінбей, кейін
қалған бұрынғы бағдарламалардан көруге
болады.
Бағдарламада мынадай бөлімдерге ерекше назар аудару
қажет:
- жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс
істеп тұрған өндіріс орындарын дамытуды және
жаңасын ашуды ынталандыру шараларын әзірлеу;
- импортты реттеу, конрафактілік және жалған
өнім шығарудың жолын кесу саласындағы мемлекеттік
саясатты қалыптастыру, бұл бәсекеге қабілетті
өнім шығаруды реттеуге және заңсыз тауар айналымын
тоқтатуға мүмкіндік береді;
- қосымша құн салығына
қатысты Салық кодексіне өзгерістер енгізу: әкелінетін
жабдықтарға мөлшерлемелерді төмендету;
- техникалық және технологиялық
өндірісті қайта жарақтандыруды ынталандыру және тиімді
жұмыс орындарын ашу үшін салықты мейлінше төмендету;
- аталған саладағы салық салуды
өзгерте отырып, салалық ғылымды қолдау, сонымен
қатар, мемлекеттің ең маңызды салалық
ғылыми әзірлемелерді қаржылай қолдауы;
- кәсіпорын жұмысқа кіріскен
алғашқы жылдарда ынталандыру мақсатында салық
төлеуден босату мүмкіндігін қарастыру, бұл –
кәсіпорындарда әйелдердің жұмысын жеңілдетуге
мүмкіндік береді;
- Дүниежүзілік сауда ұйымының
шарттарында жұмыс істеуге кадрларды даярлауды ынталандыру;
- Ининовациялық негізде дамып жатқан
нақты өндіріс орындарына қажетті кадрларды даярлауға
мүмкіндік беретін салалық кәсіби-техникалық-училищелерді
дамыту бағдарламасын әзірлеу;
- қазақстандық өнімді
экспортқа шығарудың тиімді жолын қарастыру (шетелдегі
өкілдіктердің жұмысын жандандыру, шетелдегі
қазақстандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесін
қаржылық қолдау, өнімді экспорттауға
салықты жеңілдету).
Жоғарыдағының
негізінде анықталған кемшіліктер мен кешеннің жағдайы
бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:
1.
Жүргізілген сараптамадан
байқағанымыздай, Қазақстанның
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру салдарынан жеңіл
өнеркәсіп саласы үшін сыртқы мемлекеттерден
экономикалық тұрғыдан қысым жасалуда.
2.
Қырғызстанның ойланбай
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің себінен кері кеткен
экономикасын жан-жақты саралай келе, әрі ұлттық
экономикалық жүйені сақтай отырып, еліміздің
жеңіл өнеркәсіп саласын сақтап қалу үшін
бірқатар механизмдерді тиімді пайдалану қажет.
3.
Қазақстан үкіметі Мемлекет
импортты кедендік реттеу саласында, контрафактілік және жалған
өнімдер айналымының жолын кесудегі саясатын қайта
қарауы тиіс, қазақстандық тауар өндірісі мен экспортын
ынталандыра отырып, тарифтік саясатты кәсіпорындарға бейімдеу
қажет. Сонымен қатар, салық деңгейіне де басты назар
аударуы керек. Елдегі жеңіл өнеркәсіптің болашақ
ахуалы оған мемлекеттің қаншалықты көңіл
бөлуіне тікелей байланысты.
Әдебиет:
1.
«Қазақстан Республикасында жеңіл
өнеркәсіпті
дамыту жөніндегі 2010-2015
жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30
қыркүйектегі № 1003;
2.
«Қазақстан Республикасының 2010 - 2014
жылдары үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы
жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» туралы статистикалық
бюллетень, 2015 ж. қаңтар-желтоқсан/Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика
комитеті;
3.
Дүниежүзілік анықтамалық
қызмет www.polpred.com;
4.
Қазақстан Республикасы Жеңіл
өнеркәсіп кәсіпорындардың
қауымдастығының ресми интернет-ресурсы;
5.
Кащеев О.В. Легкая промышленность. Состояние дел, анализ
и меры по выходу из кризиса.