Кожахметова М.К. э.ғ.к., Абдрахманова Г.А.

Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті, Қазақстан

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің орны мен бәсекеқабілеттілік деңгейі

 

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2015 жылы 30 – қарашада Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай: «Бүгінде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды барынша босатудың маңызы зор. Ол үшін біз екі тиімді құралды – кең ауқымды жекешелендіруді және бәсекелестікті ұлғайтуды пайдалануға тиіспіз» [1] - қазіргі таңда нарықтық экономика қатаң бәсекелестікпен сипатталады. Нарықтық экономикада өндіріс пен мемлекеттің жалпы ахуалын өркендетудің негізгі бастауларының бірі ─ өндірілетін өнімдердің, көрсетілетін қызметтердің бәсекелік қабілетін арттыру екендігі белгілі.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бәсекеге қабілеттілік  кез - келген елдің экономикасының дамуының ерекше маңызды факторы және шаруашылық кешенінің ең жақсы экономикалық көрсеткіші болып табылады.  Әлем елдерінің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекстерін Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) өзінің жыл сайынғы қорытындыларында шығарып отырады. Бұл зерттеулер 2004 жылдан бері жүргізіледі және қазіргі кезде әлем­нің түрлі елдері бойынша бәсекеге қабі­леттілік көрсеткішінің неғұрлым толық кешенін бей­нелейді. Бүкіләлемдік экономикалық форумның өкіл­­дері ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілет­тілігінің көптеген және мейлінше алуан түрлі факторларымен анықталатынын айтады. Осылайша, мемлекеттік қаржыларды тиімсіз бас­қару мен инфляцияның жоғары деңгейі экономика жағ­дай­ы­на теріс әсер етсе, интел­лек­туалдық меншік құ­қықтарын қорғау, дамыған сот жүйесі және басқа да шаралардың оң әсер етуі мүмкін. Институттық факторлармен бірге, білім беру мен жұмыс күшінің біліктілігін арттыру, жаңа білімдер мен технологияларға тұ­рақты қолжетімділіктің болуы да шешуші рөл атқара алады. Экономиканың бәсе­кеге қабі­лет­тілігін анықтайтын факторлар бас­тапқы жағ­дайлар мен дамудың ағымдағы дең­гейіне ұбайланысты әлем елдерінің эконо­ми­калық жүйе­леріне түрліше ықпал етеді. Сонымен бірге, уақыт өте келе факторлардың өздерінің де өзге­ріп тұратындығы белгілі жәйт. Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік рейтингін 4,41 индексімен  51-ші позициядан 50-ге көтерді [2]. Бұл туралы БЭФ - ның 2013 - 2014 жылдарға арналған жаһандық бәсекеге қабілеттілік бойынша жарияланған есебінде айтылған.

Қазіргі банк жүйесі – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының аса маңызды саласы. Оның тәжірибелік рөлі, оның мемлекеттегі төлемдер мен есептерді басқаруымен, өзінің коммерциялық келісімдерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге асырумен, басқа да қаржылық делдалдармен қатар, банктер халықтың сақталымдарын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағытталуымен анықталады.

Қазақстанның алдыңғы қатарлы екінші деңгейлі банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.

Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр. Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.

Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.

Банктердің Қазақстанның нарықтық экономикасындағы ролі  қаржылық нарықтың белсенді сегменті ретінде ең бірініші несие сөзімен байланыстырған дұрыс болады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуында және дамуында екінші деңгейлі банктер маңызды роль атқарады. Банктер қазіргі экономиканың орталық буыны болып табылады. Олардың қызметінің дамуы – нарықтық механизмдерді құрудың қажетті шарты.

Қазақстанның  банктік жүйесіндегі екінші деңгейлі банктер тәуелсіз нарықтың ұйымдастырылған құрылымы болып табылады және экономикалық даралықтың жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. Банктер өздерінің қызметтерінің  нәтижелері үшін толық экономикалық жауаптылық артады. Қазіргі екінші деңгейлі банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек.  Яғни, операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару  жүйелері өзгеруде.

Нарықты және нарықтық инфрақұрылымдарды, шаруашылық байланыстарын орнықтырудың жаңа тетіктерін қалыптастыру және кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту, шаруашылық жүргізудің: бүкіл еларалық, республикалық, аймақтық, жергілікті сатыларында, сондай-ақ меншік түрлеріне қарамастан әрбір шаруашылық бірлігі деңгейінде экономикалық тәуекелдер теориясын, оларды бағалау мен реттеудің әдістерін әзірлеп жасауды талап етеді [3].

Аталмыш проблемаларды шешуде банк жүйелері басты рөл атқарады. Бұл – ел экономикасының тұрақсыздығы жағдайындағы банктер мен несие қатынастары рөлінің өсе түсуімен және нарықтық қатынастардың дамуымен айқындалады. Банктер ссудалық капитал, бағалы қағаздар нарығын, валюта нарығын ғана қалыптастырмайды, сонымен бірге тауар биржаларын және жаңа шаруашылық құрылымдарын құру мен олардың қызметін жүргізуге де қатысады, негізі бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық жағдайы, тауар, сауда және валюта нарықтарының конъюнктурасы, аймақтың экономикалық хал–ахуалы туралы қажетті ақпараттардың бірден-бір иеленушісі болып саналады. Соңғы айтылғандар банктердің өз клиенттерінің сыртқы және ішкі коммерциялық және саяси тәуекелдерін зерттеудің маңыздылығын растайды.

Қазақстанның экономикалық өсімнің баяулауы банк активтерінің жоспарлы өсуін екі жыл көлемінде тежеуі мүмкін. Мұндай болжамды халықаралық Standard & Poor’s рейтинг агенттігінің болжамы болатын.

Standard & Poor’s болжамы бойынша Қазақстанның банк секторының дамуына кері әсер ететін – шет ел валютасы бойынша депозит өтімділігінің дефициті.

2015 – 2016 жылдар аралығында Қазақстан банктері өтімділігінің жоғарылауы мен қорлану көрсеткіштеріне тікелей доллар деңгейінің жоғарылуы мен осы факторға байланысты теңге өтімділігінің дифициті қысым береді. Сондай – ақ Қазақстан банк секторының басты макроэкономикалық мәселесі ЖІӨ – нің төмендеуі мен теңге девальвациясы, Ресейдегі рецессия болып табылады [4].

Қазіргі кезде отандық экономика бәсекенің институционалды негізін қалаушы және оның банк секторымен қоса, шаруашылықтың барлық сферасында тұрақталуы этапында тұр.

Аймақтық нарықтағы табысты сегмент, маржа пайызының төмендеуі,  банк қызметтері бәсекелестігінің күшеюі, қаржы қызметінің жетіспеушілігі үшін банк қызметтерінің бәсекелестігінің күшеюі екінші деңгейлі банктер үшін даму стратегиясының құрылып, шыңдалуда, клиенттерге тиімді қызмет көрсетуді ұйымдастыруда жоғары деңгейдегі талаптарды қояды. Көптеген екінші деңгейлі банктер клиенттермен жұмыс жасауда, жоғары бәсеке жағдайында тиімсіз, жалпы тәсілдерді қолданады; банктерде нақты тұтынушылар мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатымен емес, дәстүрлі қызмет түрлері көрсетіледі. Яғни банктерде:

-                       тұтынушылар сұранысын ескерместен өнім (қызмет) дайындалады;

-                      банк қызметкерлері жеке тұтынушыларға индивидуалды қызмет көрсетуге дайын болмауы;

-                      қызметкерледі жұмысқа алу, міндеттер тағайындаудағы бірқатар кемшілікте;

-                      қызмет көрсету саласын жақсарту мақсатымен тұтынушы талғамын анықтап, маркетингтік зерттеу жүргізілмеуі;

-                      жаңа қызмет түрін ұсыну мен клиенттермен ұзақ мерзімде қарым – қатынас орнатудағы маркетингтік жоспарлаудағы кемшіліктер.

Анықталған бірқатар қызмет көрсету саласындағы қиыншылықтар негізінде Қазақстанның ІІ деңгейлі банктерде сапалы менеджменттің әлсіздігі байқалады.

Мемлекет банктің борыштары бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны сияқты банктердің операциялық қызметіне араласпайды. Ағымды жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделерін барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады [5].

Сондықтан қазіргі таңда еліміздің банк саласында мемлекеттік қадағалаудың болғаны абзал, сонымен қатар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің бір ерекшелігі – мемлекеттік әсер ету тетігінің өз деңгейінде болуы. Мұндай жағдайда мемлекет қаншалықты билікті қажет етсе, соншалықты билікті өз қолына алуы керек. Мемлекет тиесілі заңнамалық актілерді қабылдау арқылы ғана банктерге белгілі бір деңгейде әсер ете алады. Сондықтан мемлекет бұл саладағы барлық мәселелерді қамтитын Қаржы кодексін қабылдаса жөн болар еді. Бұдан басқа мемлекеттің ықпал ету тетігі жоқ, өйткені мемлекеттегі екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік жеке меншік негізде қызмет етіп келеді.

 

Әдебиеттер:

1.     Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауы, 30 қараша, 2015 ж.;

2.     Агентство РК по статистике. –  http://stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeDinamika.pokazateli;jsessionid=91ZvWdFQdsdq

3.     Криворотов Д. Методологические подходы к количественному анализу конкурентоспособности национальной экономики. // Банкаўскi веснiк. - Верасень, 2008. – C.12-21.

4.     Сейтқасымов Ғ. С. «Ақша, несие, банктер» Оқу құралы.- Алматы: «Экономика», 2005 жыл

5.     Феномен новых индустриальных стран Азии. - http://lib.vvsu.ru/books/Bakalavr01/page0217.asp