Бексейіт А.М
Алматы қ. Т.Рысқұлов
атындағы Жаңа экономикалық университеті
Бейінді магистратура 1 курс «Қаржы» мамандығы
КОММЕРЦИЯЛЫҚ
БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Summary.
Issues
related to the development of the investment activity of commercial banks, are
important for both individual banks and the entire macroeconomic system.
Резюме.
Вопросы,
связанные с развитием инвестиционной деятельности коммерческих банков, являются важными как для отдельных банков,
так и для всей макроэкономической системы.
Бүгінде экономикада коммерциялық банктер
арасындағы
клиенттерге қызметтер көрсету бәсекелестігін арттыру өзекті мәселе болып отыр.
Инвестициялық қызметті тиімді жүзеге асыру кредиттік
мекемелер арасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ
банктердің табысты ұзақ мерзімді жұмыс істеуі,
қаржы активтерін тиімді пайдалануы, қаржылық
тұрақтылық және өтімділігін нығайтуы,
қаржы тәуекелдерін реттеуі секілді маңызды факторларға
байланысты.
Біздің ойымызша коммерциялық банктердің
инвестициялық қызметінің дамуына байланысты мәселелер
жеке банктерге ғана емес бүкіл макроэкономикалық жүйе
үшін де маңызды болып табылады.
Кужева С.Н. анықтамасы бойынша
банктің инвестициялық қызметі-бұл банктік
инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында пайда мен
басқа да табыстарды алуға, сонымен қатар клиенттерге банктік
және инвестициялық қызметті көрсету үшін
түрлі дәрежедегі инвестициялық тауарларды құру мен жүзеге асыруға
бағытталған банктің мақсатты қызметі.[1]
Шетел тәжірибесінде «инвестиция» терминін
бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді қаржы
салу құралы деп қарастырады.
Нарықтық экономикада инвестициялау механизімі бағалы
қағаздар нарығымен тығыз байланысты
болғандықтан бұл нақты экономикалық
қатынастың теориялық көрінісін бейнелейді. Банктердің инвестициялық
қызметі екі түрлі қызметті көрсету бизнесі ретінде
қарастырады.
Біріншісі-бағалы қағаздарды алғашқы нарықта шығару мен орналастырудан
капиталды көбейту. Екіншісі -екінші ретті нарықта
қолданыстағы бағалы қағаздарды сатып алушылар мен
сатушыларға виртуалды кездесулер ұйымдастыру, яғни брокер
немесе дилер қызметі.
Банк
инвестицияларының өзіндік экономикалық мағанасы бар.
Инвестициялық қызмет микроэкономикалық аспектіде, экономикалық субъект ретіндегі
банктің көзқарасы бойынша- инвестор ретінде
қаржылық активтерді сатып алу мен одан тура және жанама табыс
алу мақсатында белгілі бір
мерзімге өзінің ресурстарын салу деп қарастырылады. Сонымен
қатар инвестициялық қызметтің екінші бір аспектісі,
қаржы делдалдары ретінде
макро-экономикалық рөлін жүзеге асыруға байланысты.
Банктер бұл қызметі арқылы шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қарыз
қаражатқа деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Нарықтық экономика жағдайында инвестицияға сұраныс ақша-кредит формасында
туындайды. [2] Сонымен қоса банктер жинақтар мен салымдарды инвестицияға
айналдыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, несие ұйымдарының инвестициялық
қызметі екі жағынан қарастыралады. Экономикалық
ұйым (банк) тұрғысынан, ол өз табысын арттыруға
бағытталған.
Макро-экономикалық аспектіде инвестициялық
қызметтің әсері әлеуметтік капиталдың
өсуіне қол жеткізу болып табылады.
Айта кету керек, экономиканың даму барысында банктің инвестициялық қызметі салымдар
бойынша тек банктер ғана емес,
сонымен қоса қоғамның да табыс алуына ықпал
етуде. Сондықтан, макроэкономика тұрғысынан, банктің
инвестицияларының жемісті бағдары инвестициялар үшін
критерийлер болып отыр. Экономикалық әдебиеттерде
коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің
классификациясы жалпы қабылданғандардан өзгеше, ол
коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің
ерекшеліктерімен байланысты.
Банк инвестициялары мынадай топтарға бөлінеді:
·
Инвстициялау
обектісіне сәйкес: нақты экономикалық активтерге инвестициялар
(нақты инвестициялар) және қаржы активтеріне инвестициялар
(қаржы инвестициялары).
Сондай-ақ банк инвестициялары нақты объектілерге де
сараланған болу мүмкін: инвестициялық кредиттерге салымдар,
жедел депозиттер, пайлар мен үлестік қатысуларға салымдар,
бағалы қағаздар, жылғымайтын мүлікке,
бағалы металдар мен тастарға, коллекциялық заттарға,
мүлік пен интелектуалды құқық және т.б
салымдар.
·
Инвестициялау
мақсатына байланысты банктік инвестициялар тікелей, объектінің
басқарумен байланысты инвестиция және портфелді, тікелей
басқаруды емес тек процент, дивидент немесе активтік
нарықтағы бағасының өсуінен табыс алуды көздейтін инвестициялар болып
бөлінеді.
·
Инвестициялардың
тағайындалуына байланысты кәсіпорындар мен ұйымдарды
құру мен дамытуға байланысты және банктің
шаруашылық жүргізуші субъекті қызметіне байланысы жоқ
инвестициялар деп бөлінеді;
·
Инвестициялау
көзі бойынша өзінің
есебінен жүзеге асыратын банктің
меншікті инвестициялары (дилерлік операциялары), және
клиенттің банктік шотынан және клинеттің тапсырмасы бойынша
клиенттік инвестициялар (брокерлік операциялар) болып бөлінеді
·
Инвестиция салу
мерзімі бойынша: қысқа (1 жылға дейін), орта ( 3 жылға
дейін), ұзақ (3 жылдан жоғары) болып бөлінеді. Коммерциялық банктер инвестициясы
тәуекел түрлері, региондар, салалар мен басқа да белгілері
бойынша сыныпталады. [3]
Банктердің инвестициялық саясат тікелей және портфельдік
инвестициялардың оңтайлы үйлесімінің қалыпты
жұмыс істеуін қамтамасыз ету, операциялар табыстылығын
арттыру, тәуекелді және өтімділік балансының
қолайлы деңгейін ұстап тұру мақсатында инвестициялық портфельді басқару
стратегиясын әзірлеу және іске асыруға бағытталған
іс-шаралар сериясын білдіреді.
Инвестициялық саясаттың маңызды элементі – банктің қаржы-валюта портфелін
басқару стратегиясы мен тактикасын әзірлеу, соның ішінде оның инвестициялық портфелі үшін де.
Инвестициялық портфель (портфельдік инвестициялар)
- заңды тұлғалардың бағалы
қағаздарға инвестицияланған қаражаттарының
жиынтығын, оның ішінде
басқа да банк және қаржы институттарының мерзімді
депозиттер түрінде шетел валютасындағы қаражаттары мен
шетелдік бағалы қағаздарға инвестициялар орналастыруын жатқызады. Инвестициялық портфельдің
құрылымын айқындау критерийлері: операциялардың
табыстылығы мен тәуекелдігі,
баланс өтімділігін реттеу мен активтерді әртараптандыру
қажеттілігі болып табылады.
Кәсіпорындар мен
банктердің инвестициялық портфелін басқарудың
түрлі тәсілдері мен қағидалары бар. Ең кең тараған түрі
бағалы қағаздар бойынша деңгейлі өтеу
қағидасы, яғни бағалы қағаздардан келіп
түскен қаражаттарды өтеу мерзімі максималды бағалы
қағаздарға қайта қаржыландыру тәсілі.
Банктің инвестициялық саясатының негізгі мазмұны
инвестициялар үшін ең қолайлы бағалы
қағаздар шарттарын анықтау және кез келген
уақытта портфелдің инвестициялық құрылымын
оңтайландыру болып табылады. Соған қарамастан
банктердің бір бөлігі инвестициялық операцияларды жүзеге асырғанда алдын ала
құрылып, жоспарланған ережені қолданбайды. Қызметкерлері банк басқармасының бекіткен
ережесімен инвестициялық қызметін жүзеге асыратын банктер де
бар. [4] Бұл жағдайда банк кеңесі нарық конъюктурасын
ескере отырып инвестициялық саясатқа өзгерістер енгізіп
отырады. Кез келген банк мекемесінде
орналасқан жеріне, несиелік немесе инвестициялық қызметін жүзеге
асыру әдісіне қарамастан
баланс өтімділігі мен қарыз берудің шекті
көрсеткішіне басты назар аударылады.
Негізінен жалпы мақсаттары мен «ойын ережелері» бірдей,
айырмашылық ұйымдастыру техникасы мен операцияларды жүзеге
асыруында болып келеді. Коммерциялық
банктердің инвестициялық саясаты мақсатты инвестициялық
басқару жүйесін қалыптастыруды және оларға қол жеткізуге ең тиімді жолдарын
таңдауды көздейді. Ұйымдастырушылық аспектіде, ол инвестициялық активтердің
оңтайлы көлемі мен құрылымына жету үшін, қолайлы тәуекел деңгейінде
олардың пайдалылығын өсірудің инвестициялық
қызметін ұйымдастыру және басқару жөніндегі
іс-шаралар жиынтығы. Инвестициялық саясаттың өзара
байланысты маңызды элементтері банктің инвестициялық
қызметін тактикалық және стратегиялық басқару
процесі. Ұзақ мерзімді
инвестициялық мақсаттар мен оларға қол жеткізудің
жолдарын инвстициялық стратегия деп атайды. Одан кейінгі қысқа мерзімді операциялық
мақсаттарға өндіру және оларды іске асыру
құралдарын қоса алғанда инвестициялық активтерді
тактикалық басқару барысында жүзеге асырылады. Осылайша,
инвестициялық стратегияны әзірлеу инвестициялық басқару
процесінің бастапқы нүктесі болып табылады. Инвестициялық стратегияның
көрсетілген бағыттары шеңберінде және
ағымдағы кезеңде оларды іске асыру жөніндегі
мақсаттарға байланысты
инвестициялық тактика қалыптасады. Ол нақты
инвестициялардың көлемі мен құрамын анықтауды,
оларды жүзеге асыру үшін іс шаралар әзірлеу және
қажет болған жағдайда
инвестициялық жобадан шығу мен осы шешімді жүзеге асыру
механизмдерін қарастырады.
Осылайша банктер белгілі бір
бағалы қағаздарды сатып алғанда арнайы
мақсатқа қол жеткізуге тырысады, олардың негізгілеріне:
- салымдардың
қауіпсіздігі;
- салымдардың табыстылығы;
- салымдардың көбеюі;
- салымдардың өтімділігі;
Салымдар қауіпсіздігі деп қор
нарығындағы түрлі сілкіністерге қарсы тұра білуі,
табыс алудың тұрақтылығы мен салымдардың
өтімділігі түсіндіріледі.
Қауіпсіздік әрқашан инвестициялардің
табыстылығы мен өсуін тежеу
есебінен қол жеткізіледі.
Қауіпсіздік пен табыстылықтың оңтайлы
үйлесімі инвестициялық
портфельді тұрақты қайта қарау мен мұқият
іріктеуде қол жеткізіледі.
Қорыта келе коммерциялық банктердің инветициялық
қыметін жетілдіру мен дамыту үшін:
1.
Коммерциялық
банктерде инвестициялық қызметіне талдау жүргізетін
мамандарды үздіксіз оқыту процесін ұйымдастыру қажет;
2. Жоғары деңгейдегі банктерді
өзара сенім негізінде ынтымақтастыққа шақыра
отырып концорциумдар мен бассейндер құру негізінде ірі
инвестициялық жобаларды қаржыландыру. Сонымен қоса шағын және орта бизнеске салынатын инвестициялар тиімділігіне терең талдау жасай
отырып, оларды несиелік қаржыландыру шараларын жетілдіру қажет.
Пайдаланлған әдебиеттер:
1. Банковское дело: Учебник для вузов.2-е изд./Под.
Ред. Белоглазовой, Л. Кроливецкой.-СПб.: Питер, 2010. –с. 263
2.
Садыков Р.Р.
Банковские операции на фондовом рынке // Инвестиционный банкинг. – 2007. – №5.
3.
Жарковская Е.П.,
Арендс И.О. Банковское дело: Курс лекций. М.: Омега-Л, 2006. – 399 с.
4.
Каурова Н.Н.
Тенденции и перспективы развития розничного бизнеса в коммерческих банков в
России // Банковский ритейл. – 2008. – №11. – С. 3-7.
5.
Садвакасов К.,
Сагдиев А. Долгосрочные инвестиции банков. Анализ. Структура. Практика. – М.:
"Ось-89", 2007. – 112 с.