Э.ғ.к Джрауова К.С
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан
САЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТІ
ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Салық менеджментін
түсіну негізінде жүйелік көзқарастың іргелі
және әдіснамалық ережелері мен талдауы жатыр, бұл оны
өзара байланысты және өзара әрекет ететін блоктар мен
қосалқы жүйелерден тұратын жүйе ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-
экономикалық процестердің дамуы салық менеджментін
ұйымдастыруға қатысатын жаңа элементтердің пайда
болуын туындатады. Сондықтан, салық менеджментінің
құрылым түсінігі ұдайы түрін өзгертеді.
Мұндай жағдайларда салық менеджментінің мәні
туралы ғылыми зерттеулер түсініктердің
тұрақсыздығы мен зерттелетін объектінің
қасиеттерін есепке ала отырып міндеттерді шешу мүмкіндіктерін
қамтамасыз ететін әдіске негізделеді. Мұндай әдіс
жүйелік тәсілдеме болып табылады.
Салық
менеджментін жүйе ретінде қарастыру оның негізгі элементтерін
бөлуге, қоршаған ортамен ішкі және сыртқы
өзарабайланыстарын анықтауға, басқару шешімдерін
қабылдау процесі ретінде оның түсінігін кеңейтуге
мүмкіндік береді. Салық ағымдарын жоспарлау, реттеу
және бақылау бойынша өзара байланысты басқару
іс-әрекеттерін ретімен орындауға негізделген салық
мәселелерінен туындайтын экономикалық қатынастарды
ұйымдастыру нысандары мен әдістерінің жиынтығын
салық менеджментінің жүйесі деп анықтауға болады.
Кез-келген
жүйе екі дербес, бірақ өзара байланысты басқарылатын
және басқаратын қосалқы жүйелерден тұрады.
Басқаратын және басқарылатын қосалқы
жүйелер арасында байланыс басқару шешімдерін жасау және
басқаратын қосалқы жүйеден басқарылатынға
орындауға жіберілетін ықпал етулер үшін негіз болып табылатын
ақпарат арқылы жүзеге асырылады. Белгілі бір жүйе
серпінді тепе-теңдікке жетуі үшін ол кері байланысқа ие болу
керек, яғни нақты жағдайды жоспарланғанмен салыстыру
жолымен басқарылатынға басқарушы қосалқы
жүйенің ықпалының нәтижелері туралы ақпарат алу.
Жүйелік
көзқарас зерттеу объектісін элементтік, функционалдық
және ұйымдық үш аспектіде қарастыру
қажеттілігінен туындайды.
Салық менеджментін қарастырудың
элементтік аспектісі салық менеджментін жүйе ретінде
қарастыруды және оның элементтерінің
құрамын белгілеуді қажет етеді.
Басқару
жүйесі ретінде салық менеджментінің басқарушы
қосалқы жүйесі мен басқарылатын қосалқы
жүйесі, яғни басқару объектісі мен субъектісі бар.
Салықтық басқару объектісі салықтық
төлемдер (ағымдар) болып табылады, оларды кешенді басқару
субъектіге күтілетін әсерге жетуге мүмкіндік береді.
Салықтық басқару субъектілері болып бір жағынан
мемлекеттік биліктің заңдылық және атқарушы
органдары (ҚР Парламенті, ҚР Президенті, ҚР Үкіметі,
ҚР Қаржы министрлігі, жергілікті басқару органдары және
басқалар) және салық төлеушілер, басқа
жағынан табылады.
Функционалдық аспектісі жүйе мен оның
элементтері орындауға тиісті функциялар шеңберін анықтаумен
байланысты. Салық менеджментін белгілі бір функциялардың
жиынтығы ретінде қарастыру түрлі сфераларда қызметін
сапалы бағалауға мүмкіндік береді және
басқарудың түрлі деңгейлерінің басшыларын
ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Оқшауланумен,
біртектілік пен қайталанумен ерекшеленетін және басқару
объектісімен мақсаттарын немесе тапсырылған жай-күйге жетуді
қамтамасыз ететін салық менеджменті жүйесінің
қызметінің бағыты салық салудың басқару функциясы
деп танылады.
Салық
менеджменті жүйесінің функционалдық аспектісі оның
негізгі функцияларында көрінеді:
1)
салық салуды басқару процесін
ұйымдастыру;
2)
салық салуды жоспарлау;
3)
салық салуды реттеу;
4)
салық салуды бақылау.
Салық менеджменті жүйесі келесі ұйымдастырушылық
принциптері негізінде құрылады:
1)
экономика және қаржыларды басқару
жүйелерінің тығыз байланысы мен бірігуі;
2)
қабылданатын басқарушылық
шешімдерінің стратегиялық мақсаттарға бағытталуы;
салық салуды жоспарлау, реттеу мен бақылау функцияларының
жүйелік негізде жүзеге асыру; шешілетін міндеттердің
кешенділік сипаты;
3)
жүзеге асырылып жатқан шарттардың
өзгергіштігінен туындайтын салық салуды басқарудың
жоғарғы серпінділігі;
4)
басқару шешімдерінің көп
нұсқалығы, баламалы таңдаулығының есепке
алынуы; стандартты және кездейсоқ салық сызбаларының
үйлесуі, әдістердің түрлі амалдарын пайдалану;
5)
тиімсіз басқару шешімдерінің қабылдану
тәуекелдерін ескеру;
6)
салық салуды басқаруда уақыт факторлары
мен тәуекелдерді есепке алудан ғана емес, даму мен жетілдіруге
бағытталған болашаққа ұмтылу;
7)
салық менеджменті жүйесінің
құрылу мен қызмет етуінің ғылыми негізділігі;
8)
салық салу мәселелері бойынша басқару
шешімдерін қабылдаудың жан-жақтылығы,
алқалылық- бухгалтердің, юристтің, қаржы немесе
салық менеджері пікірлерін (корпоративтік деңгей), түрлі
ведомствалар мен ұйымдардың көзқарастарын келісу.
Мемлекеттік салық менеджменті жүйесінің
құрылуы мен қызмет етуі ҚР Салық Кодексінде
көрсетілген принциптер негізінде жүзеге асырылу тиіс.
Әдебиеттер тізімі:
1. Галеева Н, Корякина А, Глубокова Н.
Налоговый менеджмент: учебное пособие- Издатель:Евразийский открытый институт,
2011
2. Селезнева Н.Н Налоговый менеджмент:
администрирование, планирование, учет: учебное пособие- Издатель: Юнити-Дана,
2015