Г. Амалбекова – э.ғ.к., Д. Назаров - магистрант
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
ШЕТ МЕМЕЛЕКЕТТЕРДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ
РЕТТЕЛУ ПРОЦЕСІ
Бюджет қатынастарын реттеу,
жүргізіліп жатқан салықтық реформалар, заңнаманы
өзгерту өз тәжірибесінде көптеген мәселелерді
кездестіріп, оны сәтті шеше алған нарықтық экономикасы жақсы
дамыған мемлекеттердің тәжірибесін оқу және
терең талдаусыз мүмкін болмас еді.
Қазіргі кезде тұрақты
экономикалық даму қалыптасқан мемлекеттерде бюджеттің
кірістері мен шығыстарының қалыптасуында
жергіліктібиліктің дербестігін жоғарылату тенденциясы қалыптасуда.
Мемлекеттік құрылысы федеративтік
типтегі мемлекеттерде, әсіресе АҚШ, Канада, және Австралияда
субұлттық биліктердің салыстырмалы жоғары дербестігі
тән екендігіне қарамастан, кірістердің федералдық
деңгейде орталықтануының жоғары дәрежесі және
қайта бөлістірілетін бюджет қаражаттарының үлкен
көлемі байқалады. Мұндай жағдай федерация субьектілері
арасында бюджеттік қамсыздандырудың теңсіздігінің
жоғары деңгейімен түсіндіріледі. Тек Канададағана 12
федерация субьектілерінің екеуіне ғана төмен бюджеттік
қамсыздандыру тән, федералдық бюджетке 48,2 пайыз
салықтық кірістер алынады, ал субьектілер табыстарындағы
қаржылық көмек көлемі 154 пайызды құрайды.
Бұл қарастырылып отырған мемлекеттерде реттеу функциясы
бюджеттік гранттарға тиесілі.
Екі табыс көзінің – жергілікті
салықтар мен төлемдер және аймақтық
басқарудың жоғары тұрған органы және
орталық үкіметтің субсидияларыныңарақатынасы
жоғары тұрған билік органдарынан муниципалитеттердің
қаржылық дербестік дәрежесін сипаттайды.
Еуропа мемлекеттерінің көпшілігі
жергілікті билікке ит иелеріне салынатын салық және
көріністерге салық сияқты ұсақ толемдерді
алуға құқық берген. Жергілікті бюджеттерге
мұндай салықтардан түсетін нақты түсім өте
аз. Анағұрылым түсімдердің үлкен бөлігі
табысқа салынатын салықтардан түседі. Еуропаның
солтүстік мемлекеттерінде табыс салығының ставкасы жергілікті
деңгейде бекітіледі. Сондай-ақ жергілікті органдар өз
қалауы бойынша салық салу
базасын жартылай өзгерте алады, салық төлеуден босату туралы
шешім қабылдай алады. Нәтижесі ретінде жергілікті салықтар
бұл мемлекеттерде бюджет түсімдерінің 30-дан 60 пайызға
дейінгі бөлігін құрайды.
Басқа мемлекеттетрде жергілікті
салықтардың негізгі түрлерін жер салығы және
мүлік салығы құрайды. Жергілікті салықтарды
бекіту тәртібі еуропалық мемлекеттердің қаржылық
заңнамасымен және олардың Конституциясымен реттеледі.
АҚШ-та жергілікті бюджеттердің
кірістері негізінен жанама салықтардың және мүлікке
салық салудың есебінен қалыптасады. АҚШ-та жергілікті
салықтар басқа еуропалық мемлекеттермен салыстырғанда
ерекшелігі ретінде жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің
негізі ретінде қызмет атқарады.
Кесте 1.
АҚШ-тағы жергілікті салықтардың сыныптамасы
|
1.Меншікті салықтар |
Берілген аймақта ғана
жиналады |
|
|
Тікелей |
Жанама |
|
|
Мүлікке салынатын салық,
жер салығы, мұрагерлікке және сыйға тартуға
салынатын жергілікті салықтар |
Сатудан алынатын салық-тар,
акциздер |
|
|
2.Жергілікті бюджетке бел-гілі бір
процентте аудары-латын жалпымемлекеттік салықтарға
үстемелер |
Қаржылық
мәніжағынан бұл үстемелер меншікті салықтардан
тек шоғырлану формасымен ерекшеленеді |
|
|
3.Көлік құралдарына
салы-натын салықтар, көрініс-терге, қонақ
үйлерге салынатын
салықтар,коммуналдық алымдар және т.б. |
|
|
|
4.Фискалдық емес
сипат-тағы салықтар |
Жергілікті билік органдарының
саясатын анықтайтын салықтар: экологиялық салықтар,
қоршаған табиғи ортаны қорғауға
бағытталған салықтар |
|
|
Ескерту- әдебиет
көздерінен автордың топтауы |
||
Штаттардың және жергілікті
әкімшілік бірліктердің билік органдары салық-бюджеттік
саясатты жүргізуде автономды және өз бөлімшелерінде
салықтар мен төлемдерді енгізу бойынша кең
құқықтарды иеленеді. Муниципалитеттер салықтарды
және салық ставкаларын бекітуде толық
құқығының бар екендігіне қарамастан, штат
үкіметі өзінің заңды органының атынан бұл
сферада белгілі бір шектеулер қоюға өкілеттігі бар.
Мысал ретінде жиырмасыншы ғасырдың
80-жылдарының басында әртүрлі штаттарда жергілікті
бюджеттердің маңызды көздерінің бірі- мүлікке
салынатын салықтың жоғары шегіне заңды шектеулер
қойылғанын айтуымызға болады.
АҚШ-та штаттар мен муниципалитеттер
деңгейіндегі билік органдары дәстүрлі түрде халықты
негізгі мемлекеттік қызметтермен: бастауыш және орта білім,
жергілікті полиция және өрт қауіпсіздігі, муниципалды
транспорт, қоғамдық жұмыстар және
әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ штат деңгейіндегі
жоғары білімді қамтамасыз етуге жауапты.
АҚШ-тың
салық жүйесінің ерекшелігі әр деңгейдегі бюджетке
сол деңгейдің үкіметіне бекіту және және
әкімшіліктендіру бойынша құқықтар тиесілі түсімдер ғана есептеледі.
Осылайша Құрама штаттарында салықтардың бір
үкіметпен реттелуі, ал әртүрлі бюджеттер арасында
бөлістірілу тәжірибесі жоқ екендігі анықталды.
Құрама штаттарының бюджет жүйесіне
әр деңгейдегі билік органдарына өздері енгізуге және
реттеуге құқылары бар салықтар мен төлемдерді
әкімшіліктендіру бойынша құқықтар тән.
Мұндай тәртіп әртүрлідеңгейдегі билік органдарына
үлкен фискалдық тәуелсіздік және өздеріне
бекітілген салықтардың базалары мен ставкаларын
бақылауға мүмкіндік береді.
Мүлікке салынатын
салық жергілікті бюджеттерге кірістердің 1/3 бөлігін,
басқа да салықтар 10 пайызын береді, кірістердің басқа
бөлігі жоғары тұрған билік органдарының
субсидиялары және салықтық емес түсімдерден
құралады.
Вашингтондағы
қалалық бюджеттің жалпы кірістеріндегі жергілікті
салықтардың үлесі 84 пайызды, ал Нью-Йоркта
қалалық бюджет қорының 68 пайызын құрайды.
АҚШ-тағы
муниципалдық салықтық емес түсімдердің негізгі
көздері болып табылатындар: коммуналдық кәсіпорындардың
пайдасы, халықтың коммуналдық төлемдері (сумен
жабдықтау, жарықтандыру, тазалау, қоқыс шығару
және т.б.), қызметкерлердің әлеуметтік сақтандыру
қорына жарналары, капиталға пайыздар, штат заңдарын
бұзғаны үшін айыппұлдар, некеге рұқсат алу
үшін алымдар, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу
үшін алымдар т.б.
Жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының шаруашылық қызметтен алынатын
түсімдері салықтар, коммуналдық қызметтерден алынатын
төлемдерге қарағанда жергілікті бюджеттің
анағұрылым төмен үлесін құрайды.
АҚШ-та муниципалитеттердің
меншікті қаржы базасы салықтық және
салықтық емес түсімдермен қатар жергілікті
тұрғындар арасында берілетін займдар жолымен толықтырылады.
АҚШ-тағы мемлекеттік және
муниципалдық қарыз алудың негізгі тәсілі шексіз
айналыста болатын штаттар облигациясын және муниципалдық
облигациялар эмиссиялау болып табылады. Бұл кезде осы құнды
қағаздар бойынша алынған проценттік табысқа федералдық
табыс салығы салынбайды.
АҚШ-тың бюджет
жүйесінің жеке буындарының арақатынасының (штат және жергілікті
өзін-өзі басқару органдары деңгейінде) өз
ерекшеліктері бар. Бұл мемлекетте негізінен жоғары
тұрған бюджет буынынан төмен тұрғанға
қарайқаражаттардың бір бағыттағы
қозғалысы орын алады.
АҚШ-та бюджеттік теңестіру
әртүрлі деңгейдегі бюджеттермен бөлінетін бюджеттік
гранттардың күрделі жүйесімен сипатталады. Федералдық
бюджеттен штаттарға маңызды көмек көрсетіледі. Осылайшы
1991 жылы федералдық трансферт орташа алғанда біріктірілген бюджет
шығыстарының 17,6 пайызын құраса, 2003 жылы
орталық үкімет бюджетінің барлық
шығыстарының 16,5 пайызы осы мақсатқа жұмсалған.
Соңғы 15-20 жылдардағы
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржы
ресурстары көлемінің АҚШ-тың бюджет
жүйесінің басқа деңгейлеріндегі қаржы ресурстары
көлемінің өсімімен салыстырғандағымаңызды
өсімі урбанизация процесімен түсіндіріледі және жергілікті
бюджеттердің шығыс бөлігінің өсуіне әсер
етеді. Осылайша, білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік
қамсыздандыру, жол құрылысын қаржыландыруда жергілікті
бюджеттердің үлесі 70 пайыздан 80 пайызға дейінгі
үлесті құраса, қоршаған ортаны қорғау
және табиғи ресурстарды сақтауды қаржыландыруда –
шамамен 40 пайызды құрайды.
Құрама штаттарында төмен
тұрған бюджеттерге мақсатты шартты және шартсыз
қаржылық көмектер беріледі. Шартсыз қаржылық
қолдаудың негізгі түрі заңмен бекітілген формула
бойынша есептелген, шығыс қажеттіліктерін және
фискалдық потенциалды есепке алатын трансферттерді бөлуге
негізделген бюджетаралық түсімдерді теңестіру
бағдарламасы болып табылады. Қазіргі кезде федералдық бюджет
төмен тұрған бюджеттерге мақсатсыз қаржылық
көмек көрсетпейді,бірақ штат бюджеттері тарапынан жергілікті
бюджеттерге шартсыз қаржылық көмек кеңінен
қолданылады.
Мақсатты қаржылық
көмек екі типтегі гранттар түрінде ұсынылады. Бірінші тип
блок-гранттар – шығыс баптарының кең спектрін
қаржыландыруға бөлінеді. Денсаулық сақтауға,
әлеуметтік қамсыздандыруға және басқа да
шығыс баптарын қаржыландыруға арналған блок-гранттар
болады.
Германия да
федеративті мемлекеттер қатарына жатады. Жеке аймақтар мен
елдімекендердің экономикалық өсу деңгейіндегі,
әсіресе жергілікті бюджеттер мен федерация субъектілері бюджетінің
кіріс базасының қалыптасуындағы айырмашылықтар масштабы
өте аз. Алайда кооперативті модельдегі басқа мемлекеттер арасында
ГФР максималды территориялық айырмашылықтармен сипатталады: онда
ең экономикалық дамыған және анағұрылым қалушы
аймақтар бар.
Автономды бюджеттер жергілікті
өзін-өзі басқарудың 2 деңгейінде бар: жерлер
және қауымдастықтар. Германияның жергіліктібюджеттері
негізінен жергіліктісалықтар, алымдардан, аймақтық
басқарудың жоғары тұрған органдарының
және орталық үкіметтің субсидияларынан
қалыптасады. Қауымдастықтың салықтарына келгенде
ерекше заңнама бар екендігін ескерген жөн. Ол бойынша федералды
органдардың құзыреті салық салынбайтын минимум,
жеңілдіктер, салық базаларына болады. Жер органдары бұл
салықтардың базалық ставкаларын, белгілі бір қауым
үшін минималдысын анықтайды. Қауымдастықтың
өзі салық сомасына түзету коэффициенттерін енгізуге
құқы бар. Қауымдастықтың бюджетінде
аталған салықтардан басқа жер учаскесін сатып алуға
қосымша салық және көлемі бойынша үлкен емес әртүрлі салықтар мен
алымдар: канализация үшін, кино, нарықтардағы
орындарға, қоқыс шығару үшін және т.б.
түседі. Жерлерде-қалаларда (Гамбург,Бремен, Берлинде) қауымдық салықтар жер
бюджеттерінде есепке алынады. Қауым бюджеті екі бөліктен
тұрады:әкімшілік және мүліктік бюджеттен.
Әкімшілік бюджеттік салықтар, алымдардан, жалпы субсидиялардан
және ағымды шығыстарды жабуға арналған кейбір
басқа да табыстардан тұрады. Мүліктік бюджет –
әкімшілік бюджеттен аударымдар, мақсатты субсидиялар және
инвестициялық шығыстарға бағытталған несиелер
есебінен қалыптасады.
Германияда
мәнібойынша территориялық диспропорцияларды төмендету
бағытындағы сатылай қайта бөлістіру ғана бар.
Бұл бөлістіру федералдық және жер бюджеттерінен
бөлінетін не жалпы, не мақсатты субсидиялардың формасын
алады.
Жалпы субсидиялар қауымдардың
табыстарын күшейту үшін қызмет етеді. Оларды есептеу кезінде
қажеттілік көрсеткіштері және салық күші
ескеріледі. Ақша қаражаттарына қажеттілік көрсеткіштері
халық саны және қауымдастықтарға артылған
міндеттер туралы мәліметтер негізінде есептеледі. Салық күші
көрсеткіші жер, тұтыну салығының деңгейінен
және табыс салығындағы қауымдастықтың
үлесінен анықталады.
Мақсатты субсидиялар белгілі бір
міндеттерді орындау үшін шығындардың орнын толтыруды
білдіреді, мысалы, жергілікті әлеуметтік көмек көрсету
үшін, мектептерді қаржыландыру үшін, инвестицияларды іске
асыру үшін, жергілікті жолдардың құрылысы үшін
және т.б.
Жалпы және мақсатты субсидиялар
қауымдастықтардың қаржылық жағдайын
тегістеу үшін ғана қызмет етпейді, ол жергілікті
деңгейде шешімдерді анықтайтын фактор болып табылады. Ереже
бойынша, қауымдастықтардың табыстары жерлердің
аударымдарының 1/3 бөлігінен құралады.
Германияда енгізілген бюджеттік
теңестірудің заңы бойынша жан басына
шаққандаңы салықтық табыстарды толық
теңестіру рұқсат етілмейді және бюджеттік
қамсыздандыруды теңестіру нәтижесінде «бай» жерлердің
қаржы жағдайының маңызды төмендеуі болмау керек.
Сондай-ақ жан басына шаққандағы салықтық
табыстар индикаторы бойынша жерлерді ранжирлеу бұл процесс барысында
өзгермеуі қажет. Мұндай жағдай қосымша арнайы
федералдық трансферттердің берілу нәтижесінде пайда болды.
Бюджеттік қамсыздандырудың жаңа сызбасы мұндай
құбылыстардан қорғап қалуы тиіс. Қабылданған заңы
бойынша жерлер арасындағы бюджеттік қамсыздандыруды
теңестіруге жерлердің өздері жауапты болады.
Әртүрлі
мемлекеттерде орталық және жергілікті органдар арасында мемлекеттік
ресурстарды қайта бөлістіруді ұйымдастыруға,
биліктің әр деңгейінде салық
құзыретінің масштабтарын анықтауға, оларға
жүктелген міндеттеріне қарай табыс көздерімен қамтамасыз
етуге өз көзқарастары бар:
- АҚШ-тың жеке штаттары өздерінің салық
саясатын іске асырады, оның ішінде жергілікті билік органдары
өздерінің салықтарын енгізе алады;
- Ресейлік тәжірибе Федерация субъектілерінің салық
автономиясының негативті тәжірибесімен сипатталады, осыдан 15-20жыл
бұрын Федерация субъектілерінің билік органдары және
жергілікті билік органдары «РФ-ның салық жүйесінің
негіздері туралы» заңымен қарастырылмаған салықтарды
енгізуге құқық алған болатын. Оның
нәтижесінде ел территориясында әрекет ететін салықтық
түрлері 200-ге жетті;
- Үкіметаралық бюджет-салықтық
қатынастардың Германдық жүйесінің айрықша
белгісі болып жер ресурстарын бірыңғай қалыптастыру
және бөлістіру тенденциясы табылады;
- АҚШ-та салықтардың көпшілігі басқарудың
нақты бір деңгейіне бекітілген, ал Германия моделіне
орталықтандырудың жоғары деңгейі тән, бұл
кезде салықтардың бір бөлігі (қосылған
құн салығы (ҚҚС), табыс салығы, пайдаға
салынатын салық) бірнеше деңгейдегі бюджеттердің табыстарын
қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
Қайта бөлістірудің сызбасы,
мысалы ҚҚС-ғын Германия варианты бойынша бөлістіру
жеткілікті тиімді болып табылады. Территорияның резиденттерімен
төленген ҚҚС және осы территорияның бюджетімен іс
жүзіндегі алынған ҚҚС арасындағы
анағұрылым дәл сәйкестікті тауар және
қызметтердің түрлі топтары үшін
бөлістірудің түрлі схемаларын қолдану жағдайында
орнатуға болады. Мысалы, тұтыну тауарлары бойынша
ҚҚС-ын германиялық тәжірибе бойынша бөлістіруге
болады, себебі салықтың қалыптасқан сомасы мен осы
территорияда тұратын тұрғындардың саны арасындатікелей
тәуелділік бар. Аралық тұтыну өнімдері мен
қызметтері бойынша ҚҚС-ын ресейлік вариант бойынша
бөлістірген дұрыс, себебі, әдетте аймақтар арасында
жоғары мобилді салық салу базасын тудыратын алғышарттар
жоқ.
Сәйкесінше,
үкіметаралықбюджет-салықтық қатынастардың
германдық жүйесінің кейбір элементтерін пайдалану жалпы
жергілікті бюджеттерді реттеуге жағымды әсер етуі мүмкін.
Бюджеттік реттеудің тиімді
жүйесінің және жергілікті деңгейдегі бюджет үшін
табыс көздерінің қалыптасуы күрделі жағдайды
білдіреді. Әзірше бірде бір мемлекет көлденең бюджеттік
айырмашылықтарды толық көлемде шеттетуге мүмкіндік
беретін бюджеттік теңестірудің механизмдерін құра
алмады. Сондықтан да бюджеттік реттеу әдістері барлық елде
үнемі жетілдіріледі. Шетелдік тәжірибенің позитивті
жағдайларын талдау бюджеттік реформаларды жүргізуде өте
пайдалы.
Әдебиет
1.
Бабкин А.М, Павлова Л.Н. «Государственные и муниципальные
финансы» Учебник для вузов, М. Финансы, Юнити, 2007 жыл.
2.
Бисенгалиева С.Я. «Мемлекеттік бюджеттің
экономиканы реттеудегі рөлі» Жаршы, №11, 2007 жыл.