Талапбаева Гульнар Едиловна

Э.ғ.к, ғылыми жетекші

Әбсадық Лаура Бағдатқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Экономика мамандығының 3 курс студенті

Қазақстанда туристік қызметтер нарығында маркетингті қолданудың ерекшеліктері

 

          Қазіргі таңда Қазақстанда туризм индустриясы қалыптасу кезеңінде әртүрлі өзгерістерге ұшырауда. Туристік қызметтің барлық сфераларында еңбек бөлінісі, туристік фирмалар қызметінің мамандануы сияқты қызметті ұйымдастырудың жаңа формалары ізделуде.

          Туристік нарықтың микродеңгейде дамуы нарық пен сұранысты жан – жақты зерттеуге негізделген маркетинг әдістерін қолдану, турфирма қызметін ұйымдастырумен анықталады.

          Қазақстанда туризмде маркетингті қолдану баяу қарқынмен өтуде. Тәжірибенің, ғылыми - әдістемелік бағдарламалар, кәсіби мамандардың жетіспеушілігі әрбір фирма мен кәсіпорынның маркетинг сияқты қызметті өз бетімен игеруіне итермеледі.

          Еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайын тұрақтандырудың бірден – бір бағыты ретіндегі туризм дамуының перспективасы, аймақтар экономикасының динамикалық дамуы, валюталық түсімдердің жоғарылауы және т.б. маркетингті микро- және макро деңгейде қолданудың жаңа бағыттарын қалыптастыруды талап етеді.

          Маркетинг қызметінде «маркетинг - миксті» қалыптастырудың мәні зор. Туризмдегі «маркетинг - микс» - бұл нақты нарықтық жағдайды ескере отырып, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған практикалық маркетинг құралдары мен шараларының жиынтығы. Ол тауарлық, баға, өткізу және коммуникациялық саясаттар жиынтығы болып табылады.

          Туристік өнім басқа тауарлар мен қызметтер тәрізді өзіндік өмірлік цикліне ие. Ол тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек. Туристік өнімнің нарықтағы жағдайын талдау үшін әртүрлі әдістер қолданады. Мысалы, туристік өнімді оның өмірлік циклы тұсында зерттеутурфирмаға туристік өнімнің «өмірінің» табысты кезеңін ұлғайтуға мүмкідік береді.

Маркетингтің талаптары тек жоғары сапалы өнімді қалыптастыру және оған нақты баға орнатумен шектелмейді. Сонымен қатар, бұл өнімді тұтынушыға дейін жеткізу қажет. Турфирманың өткізу стратегиясы оның мақсатты нарықтағы тиімді қызметін жүргізуге мүмкіндік береді. Өткізу желісін қалыптастыра отырып, турфирма тұтынушылардың туристік қызметтерді сатып алғанға дейінгі және сатып алғаннан кейінгі ыңғайлы жағдайын қамтамасыз етіу керек.

          Туристік қызметтер нарығында бәсекенің өсу жағдайында тұтынушылардың сұранысын ынталандыру үшін жарнамамен қоса, коммуникациялық саясаттың басқа да құралдарын: жеке сатулар, жылжыту стратегиясын, жәрмеңкелер және басқа да ұйымдастыру шараларын қолдану қажет.

          Туристік қызметтер нарығында өз орнын тауып, онда белсенді позицияға ие болу үшін нарық талаптарын туристік фирма мүмкіндіктерімен салыстыру керек. Бірде – бір ірі компания бүкіл нарықты қамти алмайды, сондықтан ол нарықтың жеке учаскелері – сегмент тұсында қызмет жасайды. Туристік нарық сегменті – қандай да бір ортақ сипатқа ие тұтынушылар тобы. Тұтынушыларды географиялық, демографиялық сипаттары, табыс деңгейі және т.б. бойынша жіктеуге болады. Яғни сегменттеу – потенциалды тұтынушылардың қажеттіліктеріне сай қызметтерді ұсынуға, нарық сыйымдылығын анықтауға бағытталғын, адрестік жарнаманы жүргізуге мүмкіндік беретін мақсатты нарықтарды бөліп қарастыру.

          Туристік саладағы жарнаманың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл ерекшелік коммерциялық жарнаманы үйлестірумен сипатталады, яғни туристік өнімдер мен қызметтерді жылжыту және оны тұтынушыға өткізу, туризм объектісі ретінде таңдалған мемлекетке қызығушылық пен жағымды имиджді қалыптастыруға бағытталған туризм пропагандасы.

          Туристік фирманың тиімді қызмет етуінде жоғарыда аталған факторлармен қатар, туристік тауарлар мен қызметтерді барынша деңгейде тұтынушыларға қолайлы етуге бағытталған өткізу жүйесі де маңызды рөл атқарады. Қызметтер «қорын» қалыптастыру мүмкіндігінің болмауы оларды өткізудің мәнін арттырады.

          Туристік өнімді өткізу жүйелері мен каналдарын талдау, өткізу желісінің құрылымын зерттеу, оны көтерме фирмалар (туроператорлар) және бөлшек фирмаларға (турагенттер) жіктеу, туристік нарықтың барлық сегменттерін қамту сияқты іс - әрекеттермен байланысты. Өткізу жүйесінің дамуы бір жағынан мамандануға, ал екіншіден интернационализациялауға алып келеді. Туристік өнімді жылжыту және өткізу каналының бірі – нақты өнімге емес, жалпы фирмаға назар аударуға мүмкіндік беретін халықаралық жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысу.

          Көрмелердің келесідей түрлері бар:

-         кәсіпқойлар мен  жалпы қауымға арналған туристік көрмелер;

-         белгілі бір критерийлер бойынша ұйымдастырылатын маманданған көрмелер, мысалы қысқы спорт түрлеріне байланысты көрме;

-         түрлі бағыттағы жәрмеңкелік экспозициялар.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.                 Борисова Ю.Н. «Маркетинг в туризме». - М: РМАТ, 1996 .

2.                 Браймер Р.А. «Основы управления в индустрии гостеприимства». - М, 1995 .

3.                 Балабанов И.Т., Балабанов А.И. «Экономика туризма». - М: Финансы и статистика, 2001.