336.717.061(574)

 

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Инновациялық жобаларды іске асыру  бизнес салаларындағы маңызды қозғаушы күштердің бірі. Шағын инновациялық бизнес қазіргі күндері дамыған мемлекеттірдің экономикасының өсуіне қомақты сома әкеліп отыр, өйткені бизнестің бұл түрі көптеген артықшылықтармен ерекшелінеді. Шағын инновациялық компаниялар тәуекелге өте жақын сондықтан оларды венчурлы компаниялар деп те атайды. Иновациялық бизнеске мынадай ерекше қасиеттер тән:

-         шағын инновациялық бизнес кез келген сала бойынша зерттеу

жұмыстарын жасауға икемді;

-         шағын инновациялық компаниялардың басқару құрылымы күрделі

болмауы себебінен олар нарық өзгерістеріне тез икемделіп, бейімделе алады;

-         шағын инновациялық компанияларда инновациялық процесс тезірек

жылжиды.

Жобаларды басқару адамдардың ақылымен басқарылады. Көптеген өндіріс орындары менеджметтің осы бөлігінің негізін салушы ретінде бизнес стратегисын негізге алады. Бұл жетістік түрі онай болып келеді: жобаларды басқарудың бұл түрінің тиімділігі жұмсалған уақытты ретке келтіріп отыру.

Келесі кестеде ҚР инновация саласындағы белсенділік деңгейі көрсетілген (кесте 1-ге қараңыз).

 

 

 

 

Кесте 1-Инновация саласындағы белсенділік деңгейі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2010

2011

2012*

2013*

2014*

 

Қазақстан Республикасы

4,3

5,7

7,6

8,0

    8,1

 

Ақмола

0,7

1,0

5,8

7,1

    7,3

 

Ақтөбе

6,1

8,5

5,9

6,5

    7,6

 

Алматы

0,9

4,6

8,8

9,5

    9,4

 

Атырау

3,7

6,6

4,8

5,1

    8,1

 

Батыс-Қазақстан

4,6

12,7

9,5

5,3

    6,6

 

Жамбыл

7,8

10,2

9,7

10,2

    12,2

 

Қарағанды

7,0

7,2

8,5

7,6

    8,4

 

Қостанай

2,6

4,8

14,1

11,8

    13,6

 

Қызылорда

6,1

8,0

12,8

12,0

    10,1

 

Маңғыстау

1,1

1,1

1,6

2,4

    3,4

 

Оңтүстік-Қазақстан

3,4

7,0

5,4

6,4

    7,0

 

Павлодар

5,1

5,4

5,5

8,5

    6,9

 

Солтүстік-Қазақстан

2,4

2,4

11,0

10,9

    11,6

 

Шығыс-Қазақстан

6,4

8,1

6,8

5,6

    7,6

 

Астана қаласы

2,6

4,1

7,5

11,1

    10,7

 

Алматы қаласы

5,4

5,7

7,3

8,0

    5,0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*2012 жылдан бастап инновация статистикасы бойынша зерттеу халықаралық ұсынымдарға сәйкес

өнімдік, үдерістік, ұйымдық және маркетингтік инновациялар бойынша жүргізілді.[3].

 

 

 

Кестеден 2010-2014 жылдар аралығында инновациялық белсенділіктің өскенің байқауға болады. Бұл экономикалық саясаттың дұрыс бағыттағы дамуын көрсетеді.

Енді инновациялық жобаны басқарудың негізгі  ережелеріне тоқталсақ, оларға келесілер жатады:

1. Нақты бастама. Жобаны іске асыру кезінде міндетті түрде орындау ретін жүзеге асыру қажет.

2. Жобаға қызығушылық білдірушілермен жұмыс. Жобаға кімнің қызығушылығы артқандығын және жобаны қаржыландырушыны анықтау. Егер менеджер жобаға жұмылдырушыларға алдына қойылған мақсаттарын себепсалдарын білмесе онда менеджердің жобасы құлдырауға ұшырайды.

3. Жобаны қолдану аймағы. Орындаушы өзінің жұмыс істейтін аумағында бизнес-мақсатпен қандай байланысы бар екенін анықтауы керек.

4. Жоспар. Жасалып жатқан жобаға байланысты толық жоспар яғни жақын арада жүзеге асырылатын толық немесе микро жоспар.

5. Қауіпқатерді басқару. Кезкелген жобаны дайындау барысында оған анализ жасап оның құлдырауға ұшырамайтындығынына көз жеткізу қажет. Егер жобаға ешқандай қиындықтар туындамаса, онда жобаға кететін 90 пайыз жүмыстың 10 пайызы таратылады, ал жұмыстың соңғы 10 пайызы, 90 пайыз жұмсалуды талап етеді.

6. Топтарды таңдап алу. Топтарды таңдау кезінде топтың белсенділігін анықтау керек. Топ мүшелерін таңдағанда жеке адамның мамандандырылғанына және топпен жұмыс істей алатындығына көз жеткізу керек.

7. Топты рухтық қолдау. Жобада әр қашан мен деген ұғым жоқ тек қана біз деген ұғым бар. Ең бірінші жобаны қандай мақсатта құрылғандығын анықтап алып оған қандай адамдар қатысатынын біліп алу керек. Осыдан топтың әр мүшесінің ұжымдық жауап ершілігін анықтау керек және осы арқылы оладың жұмыстарына баға беру керек. Топқа керекті жұмыс аймағын құру керек және топтардың әр істеген жұмысы үшін рахмет айту керек.

8. Қарымқатынас кезіндегі өзіне сенімділік және адалдық. Қарымқатынас кезінде адалдық өте маңызды. Түсініспеушілік болдырмауға тырысу керек. Егер, осындай мәселе туындаса одан оңай құтылудың жолын іздеу керек.

9. Жобаға қатысты жұмыстың орындалу сапасын қолдану. Жобаны дайындау кезінде жұмыстың орындалу стандарттары мен кезеңдері сипатталуы керек. Осыдан тапсырыс берушінің құжат жүзінде бекітілуі өте манызды.

10. Құжаттарды дайындау. Мәжіліс жүрген кездегі барлық құжаттарды жинау керек және бұл құжаттардың барлығын қағаз жүзінде сақтау керек.

11. Жобаны аяқтау жоспары. Жобаны аяқтау сатысы барлық қорытындылауларды өзіне қосады. Жобаны аяқтауды ертеден ойластыру қажет. Қорытындылау кезі адамдардың есінде қалуы керек. Соңында жобаға байланысты үш негізгі сұраққа жауап іздеу керек яғни олар: жұмыс кезінде не жақсы жасалды? Не жаман жасалды? және нені тағы жасау керек? Осындай өзіне – өзі баға беру арқылы тағыда басқа жобаларды жүзеге асыруға және оданда жақсы жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Жобаны басқару технологиясын қалай меңгеруге болады.

Жобаны басқару негізінде жұмысшылардың біліктілігін арттыруға шешім қабылдаған компаниялар өндіріс орындарының жобалық деңгейін білуі керек.

Бірінші деңгей. Жоба бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер жобаны басқару әдістемесін меңгеру керек.

Екінші деңгей. Мамандандырылған қызметкерлермен қоса өндіріс орындарына жобаны басқарудағы Корпаративтік жүйені енгізген.

Үшінші деңгей. Оқытылған қызметкерлері мен ҚБКЖ-ны енгізген өндіріс орындары жобаны басқару Кеңсесін құрды.

Осындай нәтижелерге кез–келген ұйым орталықтары жете бермейді, оларға тек мамандандырылған және жобаны басқару негізінде білім беретін ұйымдар қол жеткізе алады, мысалға Қазақстан Республикасының жобалық менеджерлер ұйымы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Абдыгапарова С.Б. «Инновационный менеджмент».- Алматы, 2003г.

2. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ресми сайты.// http://business.gov.kz

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі. Статистика комитетінің ресми сайты. //http://www.stat.gov.kz.