Экономические
науки/7.Учет и аудит
К.э.н.,
доцент Ахметова А.А.
Кызылординский
государственный университет имени Коркыт Ата, Казахстан
Қаржылық активтердің табыстылығы,
стратегиялық тәуекелді сәйкестендіру.
Нарықтық
экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің
тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді.
Барлық
қаржылық активтер және олармен болатын операциялар
тәуекелді. Сондықтан қаржылық активтердің
тәуекелдігінің деңгейі оның табыстылығына
байланысты. Күтілетін табыстылық неғұрлым жоғары
болса, онда оны ала алмау тәуекелдігі соғұрлым жоғары
болады.
Қаржылық
нарықтағы операцияларда табыстылық қаржылық
активтің ең талап етілетін сипаттамасы болып табылады.
Инвестициялар
белгілі бір тәуеклмен байланысты. Бұл тәуекел
салымдардың қайтарылу мерзімі көп болған жағдайда
артады, бұл мезгілде нарық конъюнктурасы, шикізат бағасы,
жұмыс күші және тағы басқалары да өзгеруі
мүмкін. Сондықтан салынған қаражаттар тез
қайтарылуды қамтамасыз ететін жобаларға жұмсалады.
Тәуекелдермен
қатар, экономикалық әдебиеттерде
инвестициялық-қаржылық портфельдің
құнсыздауынан пайда болатын инвестициялық тәуекел
белгіленеді. Бұған әдетте, құнды
қағаздарға инвестицияланатын ақшалардың
тәуекелі жатқызылады. Қаржылық инвестицияны
жүзеге асыра отырып, кәсіпорын табыс алу, капиталды көбейту
немесе бұрынғы деңгейде сақтап қалуды
көздейді. Әдетте тікелей инвестициялар кезіндегі
шығындардың көлемі салынған капиталдың
көлеміне тең болады. Портфельді инвестиция кезінде (болашақта
табыс алу мақсатында сатып алынған құнды
қағаздар) шығын көлемі әдетте
жұмсалған капитал сомасынан аз болады. Инвестордың
шығынының ең көп мүмкіндігі және
ақшалай қаражаттарының меншікті көлемінің (табыс
және амортизация) арақатынасы тәуекел деңгейін
көрсетеді, ол тәуекел коэффицентінің
,
мұндағы
- берілген инвестиция бойынша
шығынның максималды мүмкін болатын сомасы;
-белгілі көздер мен
олардың келіп түсу уақытын ескергендегі меншікті ақша
қаражаттарының сомасы.
Инвестициялаудың
маңызды ережесі, құнды қағаздарға
салынған салымдардың табысы инвестор баруға дайын
тәуекелге тура пропорционал болады.
Жүйелік амал
тұрғысынан инвестициялық тәуекелдерді екі топқа
бөлуге болады: жүйелі және жүйесіз.
Жүйелі
тәуекел инвестицияның барлық түрлерінеқатысты
және макроэкономиканың мүмкін болатын өзгерістеріне
байланысты жалпы нарық жағдайымен анықталады. Олардың
пайда болу себептер: инфляция, экономикалық құлдырау,
жоғары пайыздық мөлшерлеме, әскери-саяси дау-жанжалдар
және тағы басқалар.
- Пайыздық
мөлшерлеме тәуекелі . бұл тәекелге капиталды
қарызға алатын немесе салатын кезкелген шарушылық бірлігі
ұшырайды. Мұндай тәуекел көбіне пайыздық
мөлшерлеменің деңгейіне тәуелді алайда кейбір
субъектілер табыстылық қисығының түріне де
тәуелді болады.
- Валюталық
тәуекел. Валюта бағамдарының өзгерісі әсерінен
пайда болады; келісімшарттар бойынша тәуекелге онда валюта
ауытқулары күнделікті келісімшарттардың барысына ықпал
етеді және қайта есептеу тәуекелі болып бөлінеді, ол
баланстық ведомстводағы активтер мен міндеттемелердің
құндылығына әсер етеді.
- Инфляциялық
тәуекел – кенеттен көтерілген инфляция деңгейі акция
бағаларына әсер етеді.
- Саяси
тәуекел - күтпеген саяси жағдайлар қор нарығына
кері нарығына кері әсерін тигізеді.
Жүйесіз
тәуекелге бәсекелестік инвестициямен (жоба,құнды
қағаз және т.б.) байланысты тәуекелдің
барлық түрлері жатады. Олардың пайда болу себептері фирмалар
үшін дербес жабдықтаушылардың өз міндеттерін орындауы
(сатып алу тәуекелі), сатып алушылардың қыр-сыры
(өнімді өткізу тәуекелі), бәсекенің әсері,
үлкен келісім шарттардың қабылдануы немесе жоғалуы
және тағы басқалар да жатады.
Жүйесіз тәуекелге мына тәуекелдер жатады:
- өтімділік тәуекелі (оны кейде мәжбүрлі
сатылым тәуекелі деп те атайды). Бұл әлеуетті тәуекел
шаруашылық бірлігі белгіленген мерзімде төлемді орындауға
қабілетті болмаған жағдайда пайда болады. Бұл өсірілген
пайызбен заемдарға итермелеуі мүмкін немесе келісімге сәйкес
айыппұлға тартуға немесе активтердің бір бөлігін
рыноктық бағасынан төмен бағамен сатуға алып
келеді.
- кәсіпкерлік тәуекел – бұл бизнестің
түріне байланысты компанияның қызметінің тәуекелі.
Олардың негізгі түрлері: өндірістік, коммерциялық
және қаржылық (несиелік) тәуекел.
- қаржылық тәуекел кәсіпорынның
банктермен және басқа да қаржылық институттармен
қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық
тәуекелдің пайда болу себептері: қарыз және меншікті
қаражаттардың арақатынастарының көлемінің
жоғарылауы, кредиторларға тәуекелділік, капиталдың
әрекетсіздігі, бір жобаға, бір мезгілде көп қаражат
жұмсау. Қаржылық тәуекел мына операциялардан
алынған шығындарда көрсетіледі: несиелік,
инвестициялық, құнды қағаздар эмиссиясы.
- міндеттемелерді орындамау тәуекелі – эмитент,
әртүрлі себептерге байланысты (мысалы, банкротқа
ұшырау) өз міндеттемелерін өз уақытында орындамау.
Әдебиеттер
1.
Демесінов Т.Ж. Қаржылық талдау: Оқулық. – Алматы: ЖШС
РПБК «Дәуір», 2011. - 320 б.
3.
Нұрымов А.А., Бұлақбай Ж.М. Қаржы менеджменті:
Оқулық. – Астана:
ҚазЭҚХСУ БПО, 2013. -374 б.