Экономические науки/7.Учет и аудит

 

К.э.н., доцент Ахметова А.А.

Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, Казахстан 

 

Кәсіпорында стратегиялық басқару механизмін талдауда технологиялардың түрленуі

 

Қазақстанның көптеген аймақтарында жергілікті нарықтың сұранысына байланысты қандайда бір кәсіпорынның даму стратегиясын анықтауға мүмкіндік беретін, тауарлардың әр түрін шығаруға қажет жергілікті арзан шикізаттардың анықталған қорлары бар.

Сонымен бірге инновацияның трансферінің стратегиясын айтқан кезде көптеген экономистер және инженер технологтардың өздері технологияның өзіне аса көңіл бөле қоймайды, ал әрбір технологияның өзіндік ерекшеліктері бар, өнімдер мен тауарлардың өндірісінің процесін ұйымдастыруда осы ерекшеліктерді ескеру қажет.

Біріншіден, өндіріс процесінде ресурстардың әр түрлері қатысады (адамдар, негізгі құралдар, материалдық ресурстар, қаржылық ресурстар және т.б.), олар құрылыс материалдарының өндірістік шығындарын қысқарту мақсатында оңтайландыруды талап етеді. Екіншіден, құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорынның өзінде де ұйымдастыруды қажет етеді, себебі ол кәсіпорынның ішіндегі экономикалық қатынастар мен сыртқы экономикалық қатынастарды да көрсетуі керек. Үшіншіден, шаруашылық жүргізудің ұйымдастыру-экономикалық аспектілері құқықтық жайғасымы жағынан кәсіпорынның барлық қызметін оның құрылғанынан бастап банкрот болуына дейін түгелімен қарастырылуы қажет. Төртіншіден, кез келген өндірістік процестің ұйымдасуы мен өндірістік шығындардың әрқайсысының бөліну тәртібі, оларды бағалау мен есебінің әдістерін айтпағанның өзінде тікелей кәсіпорынның көлеміне байланысты болады. Олар қазіргі кезде кезде еліміздің заңдарына сәйкес кіші, орта және ірі болып бөлінеді. Сонымен құрылыс материалдарының кәсіпорындары осы шаруашылық субъектілерінің экономикасын ұйымдастыруда осы ерекшеліктерді ескеруі қажет, себебі олар алынған пайдаға салық салуға негізделген күрделі шаруашылық механизмі болып табылады.

Технология әр түрлі ортаны өңдеу және қайта өңдеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Осы құбылыстарды зерттейтін пәнде технология деген атқа ие болды.

Сонымен бірге технология деп өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жинау, сақтау, иелік ету құқығын беру, сату және т.с.с. операциялардың өзін айтады. (өндірістік процестің бөлігін)

Технологиялық операциялардың жиынтығын құрайтын технологиялық процестің нәтижесінде өңделетін ортаның, олардың нысандары, құрылысы, материалдық және тұтынушылық қасиеттері сапалық өзгерістерге ұшырайды. “Технология” түсінігінің жалпы мазмұны әр түрлі ортаны өңдеудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Осыдан көптеген технологияның әрқайсысын өндірістік деп есептеуге болады, себебі олар бастапқы материалдың жаңа сапасын өндіруге арналған. Бірақ кәсіпорынның мамандануына байланысты (өндірістік процестің ұйымдастырылу формасы) технологияда бір басымдық болады (бас – негізгі, қамтамасыз етуші – қосымша).

Ғылым мен техниканың даму жағдайында технология үнемі жаңарып отырады. Қазіргі өндірістік технологияның даму тенденциясы үш негізгі бағытта өрбиді:

- циклді технологиядан үзіліссіз өндірістік процестерге (тиімді және үнемді);

- өндірістің құрамына қалдықсыз технологиялық циклдерді енгізу;

- бизнесте ең басымды «жоғары» және «жаңа» технологиялардың ғылыми сыйымдылығын арттыру.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға, еңбек өнімділігін немесе кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерін арттыруға қажетті барлық шаралар инновацияның қажеттілігін анықтайды.

Технологиялық көзқарас бойынша инновация тәжірибеге енгізілген жаңартушылықтар, мысалы тауардың немесе өндірістік процестің жаңа түрімен анықталады.

Технологияның трансфертінің негізгі нысандары (формалары) болып:

-         жаңалық ашуға паттентерді беру;

-         патенттік лицензиялау;

-         патенттік емес жаңалықтарды сату;

-         техникалық құжаттарды беру;

-         «ноу-хау» беру;

-         технологиялық мәліметтерді (жабдықтар мен машиналарды сатып алу немесе жалға алу туралы) беру;

-         семинарларда, симпозиумдарда, көрмелердегі жеке байланыстардағы ақпараттық алмасу;

-         инжиниринг;

-         ғалымдар мен мамандардың ғылыми зерттеулер мен дайындаудағы алмасулары;

-         әртүрлі фирмалармен бірлесіп зерттеулерді жүргізу;

-         бірлескен өндірісті ұйымдастыру.

Технологияны сату – бұл нарыққа енудің және орнығудың негізгі құралдарының бірі. Технологияны беруге мыналар ынталы:

-         кіші және орта кәсіпорындар;

-         өнімдердің көптеген түрлерін шығаратын кәсіпорындар;

-         жоғары ғылыми-техникалық потенциалы бар фирмалар;

     - инновацияларға ие кәсіпорындар.

     Технологияны сатып алу импортқа деген тәуелділікті азайтуға, экспорттың белсенділігін және өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік жасайды.

Әдебиеттер

1. Демесінов Т.Ж. Қаржылық талдау: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. - 320 б.

2. В.Черняк, У.Шалболова. Қаржылық талдау: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2013. - 160 б.