ГОСУДАРСТВЕННОЕ  УПРАВЛЕНИЕ/ 2.Современные технологии управления.

 

Ертай Х., ГМУ-21НП тобының 2 курс магистранты

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан

 

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚҚА МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Әр аймақтың белгілі бір табиғи ресурстары бар, оларды адамның еңбегімен алмастыруға келмейді. Бір қарағанда, табиғи ресурстар аймақтың әлеуметтік-экономикалық потенциалына қарағанда пассивті позицияда, бірақ іс жүзінде олай емес, қоғам үшін табиғи ресурстар экономикалық айналымға қандай күш-жігерімен тартылғандығы мәнді. Аймақтың дамуында табиғи ресурстар және экологиялық жағдайлармен қатар маңызды рөлді тұрғындар да атқарады, оның ұдайы өндірісінің режимі, тығыздығы, еңбекке қабілетті тұрғындардың үлесі, урбанизация, миграция деңгейлері, жас –жыныстық құрылымы және еңбек ресурстарының әлеуетін, демографиялық жүктілікті және т.б.анықтайтын басқа да параметрлер әсерін тигізеді [1].

Әлеуметтік-экономикалық әлеуеттілік тұрғысынан алғанда, жергілікті тұрғындардың өндірістік тәжірибесі және өндірістік мәдениеті, экологиялық тәжірибесі, еңбектік дәстүрлерінің маңызы зор. Осының барлығын шынайы жағдайларды анықтау үшін және аймақтың мүмкіндіктерін бағалау мақсатымен ескеру қажет.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті ең алдымен өндірістік әлеуетпен анықталады. Бұл жағдай әлеуметтік-экономикалық дамуда анықтаушы орынды материалды өндіріс алатындығымен түсіндіріледі.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті көптеген компоненттерден тұрады. Қазақстан аймақтарының рейтингісінде Қарағанды облысының жоғары орын алуын ықпал ететін жағымды факторлар жетерлік [2].

Қарағанды облысы Қазақстанның алдыңғы қатарлы индустриалды орталықтарының бірі болып табылады, ол Қазақстанның орталық бөлігінде 1932 жылдың 10 наурызында құрылды. Қарағанды облысының жалпы жер көлемі республика бойынша 1 орынды алады және еліміздің аумағының 15,7% құрайды.

2013 жылдың 1 қаңтарына облыс халқының саны 1358,1 мың адам құрады, немесе Қазақстан халқының 8,1% (республика бойынша 5 орын). Облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының саны 739,2 мың адам, немесе Қазақстанның экономикалық белсенді тобының 8,4%, ал жұмыс басты тұрғындар-700,4 мың адам. Облыста 9 ауылдық аудан және 11 қала, 11 поселкі  және 192 ауылдық әкімшілік бар.

Аймақтың ел экономикасына үлесі жиынтық аймақтық өнім болып табылады (ЖАӨ).

2009-2013 жылдар аралығында облыстың жиынтық аймақтық өніміне өсу қарқыны тән болды (кесте 9).

Кесте 9 – Қарағанды облысының жиынтық аймақтық өнімінің өзгерісінің динамикасы

         Көрсеткіш

2009

2010

2011

2012

2013

Жиынтық аймақтық өнім (ЖАӨ), млрд. теңге

1 463,03

1 467,4

1 872,84

2 380,91

2 573,85

Жиынтық аймақтық өнімнің ЖҰӨ үлесі, %

   9,1

  9,1

  8,9

   9

   8,8

Үй шаруашылықтарының тұтынуға жұмсалған табыстары, бір айға жан басына шаққанда (теңге)

23025,75

23948,33

31848

35234

41692

Өмір сүру минимумының көлемі, бір айға жан басына шаққанда (теңге)

  11269

  11429

  12344

  14842

  15588

Коэффициент

2,04

2,1

2,58

2,37

2,67

Ескерту – ҚР-ның Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша автор құрастырған

 

2009 жылы жиынтық аймақтық өнімнің көлемі 1463,0 млрд. теңге құрады немесе республиканың ЖАӨ-9,1%, бұл республика бойынша 3 орын (Алматы қ.-18,4%, Атырау облысынан кейін-11,2%).2013 жылы Қарағанды облысының   ЖАӨ 2 673 млрд. теңге немесе Қазақстанның ЖҚӨ 8,8% құрады. Жан басына шаққандағы ЖАӨ бойынша аймақ республика бойынша 8 орында, ол 1369,3 мың теңге құрады.

Облыстың ЖАӨ құрылымында ауыл шаруашылығы -3%, өнеркәсіп-49%, құрылыс - 4%, сауда - 12%, көлік, қоймалау, ақпарат және байланыс - 7%, қызмет және басқа да салалар -25% құрады.

2013 жылы аймақтық деңгейде өз қаражаты есебінен 23 жоба жүзеге асырылды, солардың аясында 601 жаңа жұмыс орындары құрылды [3].

Өнеркәсіп секторының негізгі шаруашылық жүргізуші субъектілері шетелдік компаниялар болып табылады. «Испат-Кармет» АҚ (қара металлургия, негізгі өндірісі Темиртау қ.) және «Корпорация «Казахмыс»» ЖШС (түсті металлдар өндірісі, негізгі өндірісі Жезқазған және Балқаш қалаларында). 2011-2013 жылдары Қарағанды облысының  45,8%,  46,05%,  54,21% жұмысбастылары өнеркәсіпте жұмыспен қамтылған, олардың 26,3%,  26,85%,  35,3% қара және түсті металлургия кәсіпорындарында жұмыс істейді.

Трансұлттық корпорациялар өз меншігіне энергия және отын өндіретін өнеркәсіптік объектілерді айналдыру жолымен тігінен технологиялық бірлестіктерді белсенді қалыптастырады. Шетелдік компаниялар әлемдік нарыққа қызмет ететіндіктен ішкі нарықтағы тапсырыстар есебінен жұмысбастылықты арттырып келеді. Ол әрине тұрғындардың өмір сүру деңгейінде көрініс алады.

Облыста әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек көрсету тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне әлеуметтік қызметтердің кең спектрін көрсету жолымен жүзеге асырылады: ақшалай төлемдер-бұл мекен-жайлы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, табысы күн көріс көлемінен аспайтын жанұялардың 18 жасқа толмаған балаларына жәрдемақы; мүгедектерге қызметтер көрсету және реабилитацияның техникалық қосымша құралдарын ұсыну, қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету және тағы басқалар.

Әлеуметтік көмек көрсету бағдарламаларын қаржыландыру мемлекеттік бюджет жән бюджеттен тыс құралдар есебінен жүзеге асырылады.

Экономика  өсу қарқынының бәсеңдеуі, 2008 жылдың екінші жарты жылдығындағы металлдар нарығындағы бағаның төмендеуі аймақтық шаруашылық жүргізуші субъектілерінің табыстарының төмендеуіне әкелді. Осы себептен 2010 жылы еңбек ақы төлеу қорының азаюымен кәсіпрындар қызметкерлерінің еңбек ақыдан салықтардың азаюы орын алды, ал ол өз алдына облыстың бюджетінде жағымсыз көрініс алды. Бірақ дағдарысқа қарсы шаралар аясында өткізілген экономиканы демеу шаралары 2011-2012 жылдары облыс бюджетіне түсімдердің қомақты түрде артуына әкелді, алғашқы қажетті шығындарды қаржыландыруға мүмкіндік берді [4].

Аймақтық жұмысбастылық стратегиясын жүзеге асыру үшін әлеуметтік көмек көрсету объектілерінде жөндеу жұмыстарын өткізу барысында 1688 қосымша жұмыс орындары құрылды, жұмыссыз азаматтар арасынан 1350 адам жұмыспен қамтылды. Қарағанды облысындағы жұмыспен қамтылғандар санының өзгерісі төменде  көрсетілген (кесте 10).

Кесте 10 -   2009-2013 жылдар аралығындағы Қарағанды облысындағы жұмыспен қамтылу көрсеткіштері

    Көрсеткіштер

2009

2010

2011

2012

2013

Жыл басында қалалық жердегі тұрғындар саны (мың адам)

1042,22

1060,3

1055,9

1063,27

1068,85

Жыл басында ауылдық жердегі тұрғындар саны (мың адам)

299,86

291,7

296,4

294,67

294,41

Коэффициент

3,48

3,63

3,56

3,61

3,63

Экономика жұмыспен қамтылғандар саны (мың адам)

699

695,18

704,3

700,4

702,99

Өз бетімен жұмыспен қамтылғандар (мың адам)

169,2

150,14

145,5

131

125,1

Коэффициент

4,13

4,63

4,84

5,35

5,62

Ескерту – ҚР-ның Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша автор құрастырған

 

10 кестеден экономикадағы жұмыспен қамтылған саны жылдан-жылға артып келе жатқандығын байқауға болады, 2013 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 0,5%  құрады. Осы жағымды жағдайда Мемлекеттік индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жалпы құны 29 млрд. теңге 10 жобаны жүзге асыру арқасында қол жеткізілді. Осы жылдар аралығында Жол картасы бағдарламасын қоса алғанда, 2009 жылы- 37 мың, 2009 жылы -62 мың адам жұмыспен қамтылды. Кейінгі жылдары тек Жол картасы аясында 27 мың адам жұмысқа орналасты. Өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың саны төмендегенін байқауға болады. 2013 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 27%-ға төмендеген. Облыста 2009-2013 жылдар аралығында жұмыссыздық деңгейі төмендеуі байқалады (сурет 19).

 

http://image.issuu.com/141126030914-3dc03acd11cbcf5b4fcc2547f21ce238/jpg/page_86.jpg

 

Тіркелетін жұмыссыздық деңгейі 2013 жылдың 1 қаңтарында 5,4% құрады, ол 2009 жылмен салыстырғанда 1,3% төмен болды.Аз қамтылған азаматтардың санын төмендетудің негізгі жолдарына еңбекпен қамту, өз ісін ашуға материалды көмек көрсету, микронесиелер беру, жұмыссыз азаматтарды кәсіптік дайындау және қайта дайындау, тұрғындардың жасырын табысын айқындау, еңбек ақыны, зейнетақыны, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды арттыру жатады.

Дегенмен, облыстың көптеген салаларында еңбек ақы жұмыскерлер мен олардың жанұяларының рухани және табиғи күштерінің қалыпты ұдайы өндірісін қамтамасыз етпейді. Осылайша, Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы аң аулау (орташа облыстық еңбек ақы деңгейінің 57%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерді (48,9%), аз төленетін салаларға жатқызуға болады.

Қарағанды облысында өз бетімен жұмыспен қамту бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылды, солардың нәтижесінде Қарқаралы ауданы және Жезқазған қалаларының жұмыссыздарына жер учаскелері ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін бөлінді және микронесие берілді.Сонымен қатар осы шаруашылықтар ауыл шаркашылық техникасының лизингісін пайдаланды.

Жұмыспен қамту және өз бетімен қамтылу саласындағы жағымды тенденциялар табыстың тұрақтануы мен бірқатар өсіміне қол жеткізді

(сурет 20).

http://image.issuu.com/141126030914-3dc03acd11cbcf5b4fcc2547f21ce238/jpg/page_87.jpg

Еңбек ақы бойынша қарым-қатынас жақсырақ жағдайда.Бір жұмыс істеуші адам сәйкесінше 3,7 индивидке азық-түліктік жиынды қамтамасыз етті.

Шынайы еңбек ақы 2013 жылы өмір сүру деңгейінен 2,4 есе артық болды, ол 2013 жылғы көрсеткіштен біршама артық, ал 2009 жылмен салыстырғанда 12% артты. Демек, бір жұмыс істеуші 2,4 артық адамға өмір сүру минимумын қамтамасыз етті, сонымен қатар сәйкесінше 3,2; 2,6; 3,7; индивидтердің азық түліктік жиынын [5].

Өмір сүру минимумына қатысты есептелген 2009-2013 жылдардағы шынайы еңбек ақы және зейнетақы көрсеткіштердің төмендеуі айқын, бұл жағдай инфляциялық үдерістердің әсерінен орын алады. Шынайы еңбек ақымен өмір сүру минимумының қатынасына ол әсерін тигізбеді, қайта ол жақсарды. Облыста 2009-2013 жылдар аралығында орташа айлық еңбекақының артуы көрініс алады, барлық қалалар мен аудандарда орташа есеппен алғанда 2,3 есеге тең. Тұрғындардың шынайы және номиналды ақшалай табыстарының индекстері төменде көрсетілген (сурет 21).

http://image.issuu.com/141126030914-3dc03acd11cbcf5b4fcc2547f21ce238/jpg/page_88.jpg

 

Экономиканың басым бағыттарының бірі тұрғындардың «әлсіз» бөлігін қорғайтын әлеуметтік саясатты жүргізу, тұрақты жұмысбастылықты қамтамасыз ету  болып табылады.

Облыстың жұмысбастылық пен әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің демеуімен жұмыссыз азаматтарды кәсіптік білім алуға және қайта дайындауға жіберілгендер саны 2009 жылмен салыстырғанда 0,3 мың адамға артып, 2013жылы -2,8 мың адамды құрады. Оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасқандар үлесі 2013 жылы-99,9% құрады.[6]

Облыста қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жүйесі өызмет етеді, ол жұмыссыздардың кәсіптік білімін және дағдысын және аймақтың ерекшеліктерін ескереді. Жұмыссыздардың біліктілігін арттыру аясында ұйымдастырылған қоғамдық жұмыстар неғұрлым тиімді, себебі оның соңғы есептегі нәтижесі жұмыссыздарды толығымен жұмыспен қамту болып табылады.

2009 жылмен салыстырғанда қоғамдық жұмысты аяқтағаннан жұмыспен қамтылған жұмыссыздар үлесі 2013 жылы-6% артып 2012 жылы 99%-ды құрады.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мекен-жайлы көмек туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында 2009 жылы-4305 жанұяға 16746 алушыға 273,1 млн. теңгеге мекен-жайлы әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды.Жалпы 268,9 млн. теңгеге төлемдер төленді, соның ішінде республикалық бюджет есебінен 47 млн. тг. Облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталықтарында 2013 жылдың басында 3172 аз қамтылған жанұя тіркелген (12241 адам),ол өткен жылмен салыстырғанда 14,6% аз [7]

Жалпы әлеуметтік төлемдерге 2010 жылы 728,8 млн.теңге жұмсалды, соның ішінде 163,2 млн.теңге, ал 2013 жылы 812,2 және 179 млн. теңге. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен орташа айлық мөлшері келесі 22 суретте көрсетілген.

 

http://image.issuu.com/141126030914-3dc03acd11cbcf5b4fcc2547f21ce238/jpg/page_89.jpg

        

Соңғы жылдары мемлекеттік мекен-жайлы әлеуметтік көмек (ММӘК) алушылар санының азаюы байқалады. 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 11%-ға, ал 2009 жылмен салыстырғанда 19%-ға төмендеген.  ММӘК алушылар санының төмендеуі келесі жағдайлармен байланысты болды: ММӘК алушыларды жұмыспен қамту, тұрғындар табысының артуы (зейнетақы мен жәрдемақылардың көлемін ұлғайту, соның ішінде бала туу мен күтуге байланысты), үй жанындағы шаруашылықтардың көлемін кеңейту (мал басы санының артуы), ММӘК табыстарын жасыру фактілерін айқындау бойынша жергілікті комиссиялардың жұмысын жетілдіру және тағы басқалар.

ММӘК алушылардың категориясын және олардың ММӘК жалпы санына қатынасындағы үлесін қарастырып, 2008 жылғы алушылар арасында басым бөлігі 18 жасқа дейінгі балалар (60,1%). 7 жасқа дейінгі балалар күтіміндегі тұлғалардың үлесі 13,4%, ал ММӘК алушылар арасындағы жұмыс істеушілер үлесі 6,3% құрады.Ол еңбек ақы деңгейінің төмендігін көрсетеді, ол тіптен жан басына шаққанда кедейшілік деңгейінен де төмендігін көрсетеді. 2013 жылы жағдай жақсырақ, осылайша ММӘК алушылар санының төмендеуімен қатар жұмыс істеушілердің де үлесі азайған, сәйкесінше, жан басына шаққандағы табыс көлемі де арта түсті.

Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңын жүзеге асыру аясында 18 жасққа дейінгі балалары бар 11138 жанұядағы 26594 балаға 259,0 млн.теңге төленген, оның 90,8 млн. теңге респбликалық трансферттер есебінен төленді.[8]

2009-2012 жылдармен салыстырғанда 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алушылар санының азаюын келесі себептермен түсіндіруге болады: жәрдемақының көлемінің аздығынан аз тартымдылығы (1 АЕК), балаларға тағайындалған жәрдемақы сомасын атаулы жәрдемақыны тағайындау кезінде табысқа енгізілетіндігінен одан бас тартуы, сонымен қатар тұрғындардың табысының артуы.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын-үй көмегін көрсету тәртібі мен көлемі қала және аудандардың жергілікті өкілетті органдармен тағайындалады. 2006 жылдан бастап облыстың барлық аймақтарында тұрғын-үй жәдемақысын тағайындау ережелері бекітілген.

2009-2013 жылдары көмектің осы түріне үміткерлердің басым бөлігін қамту мақсатымен облыс қалалары мен аудандарында шекті мүмкін шығындар үлесінің азаюы байқалады.2013 жылдың басында облыс бойынша шекті мүмкін шығындардың орташа үлесі қала бойынша -10,9%, ауыл бойынша -14,6% құрады.

2013 жылы негізгі азық-түлік бааларының жоғарылауымен облыста Қарағанды облысын әлеуметтік-экономикалық тұрақтандыру бойынша шаралар жоспары құрылды. Одан бөлек Қарағанды облысын 2011-2015 жылдарда дамуының бағдарламасы қабылданған. [9]

Осы бағдарлама аясында әлеуметтік салада адами капиталды дамыту шаралары көзделген, атап айтқанда:

-                       білімнің сапасын және қол жетерлігін қамтамасыз ету;

-                       азаматтарды әлеуметтік көмек көрсетудің тиімді жүйесі.

Әлемдік тәжірибе және отандық даму қарт адамдар мен мүгедектер әлеуеттілік тұрғысынан алғанда мәселелі әлеуметтік топтар қатарына жатады. Бұл жағдай әлемнің дамыған елдеріндегі мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар туралы ресми деректермен расталады.

Жапонияда қарт адамдар, аурулар мен мүгедектердің әлеуметтік тобы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылардың 47,1%-ын құрайды [10].

Германияда әлеуметтік көмекті үй шаруашылықтарына есептейді.Белгілі бір жағдайларда ерекше тұтынуларға жұмсалуы үшін қосымша төлемдер төленеді (ерекше төлемдер): Мысалы, мүгедектерге қозғалу мүмүкіндігінен айырылған күнде стандартты жәрдемақы сомасына 20% қосылады, мүгедектік алу (40%) және нашар денсаулық жағдайында (қосымша қажеттілікке байланысты) [11].

10 кестеде көрсетілген есептеулер нәтижесі мәселелі топқа жататын зейнеткерлердің ең аз шоғырлануы Бұқар-Жырау ауданында байқалады, оның үлесі 0,14% құрайды, ол орташа облыстық деңгейден 0,54%-ға аз.Атап өтетін жағдай, басқа ауылдық жерлерде МАӘК алушылардың жалпы санындағы зейнекерлер саны орташа облыстық көрсеткіштен артық

(кесте 11) .

Кесте 11- 2013 жылғы облыс қалалары мен аудандары бойынша МАӘК алушы зейнеткерлердің бөлінуі

Қала және аудан

МАӘК алушылардың жалпы саны (адам)

МАӘК алушы зейнеткерлер саны (адам)

МАӘК алушылар санындағы зейнеткерлер үлесі, %

Қалалар

Қарағанды

2462

15

0,61

Сарань

188

1

0,53

Темиртау

390

2

0,51

Шахтинск

392

1

0,28

Сәтпаев

205

1

0,49

Жезқазған

401

0

0,00

Балхаш

216

0

0,00

Қаражал

460

1

0,22

Приозерск

209

1

0,48

Аудандар

Абай

804

5

0,62

Бұқар-Жырау

1400

2

0,14

Қарқаралы

1094

7

0,64

Нұра

564

4

0,71

Осакаровск

686

16

2,33

Ақтоғай

494

5

1,01

Жаңаарқа

1533

15

0,98

Ұлытау

418

4

0,96

Шет

797

6

0,75

Барлығы Қарағанды обл.

12683

86

0,68

МАӘК алушы зейнеткерлер үлесі бойынша вариация коэффициенті

75%

Ескерту – ҚР-ның Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша автор құрастырған

 

 Қарағанды облысы бойынша зейнеткерлер санын талдай келе шоғырлану деңгейі орташа облыстық деңгейден аспайтындығы байқалады.МАӘК алушы зейнеткерлер санының ең көп шоғырлануы Қарағанды қаласында байқалады, ол 0,61%-ды құрады.

МАӘК алушылар санындағы зейнеткерлер үлесінің қала және аудандар бойынша біртектілігін анықтау үшін вариация коэффициентін есептейміз.

(2 формула) [105]:

v= /x*100%

Мұндағы - орташа квадраттық ауытқуы; х-орташа арифметикалық.

Орташа квадраттық ауытқуы зерттелінетін жиынтықтағы орташа мәннен жиынтық ауытқуының орташа мәнін анықтайды ( 3 формула ):

1-x)2 / n

Мұндағы: Х1- аймақтағы көрсеткіштің мәні; х-көрсеткіштің ел бойынша орташа мәні.

Есептелген вариация коэффициенті 75% тең, ол зейнеткерлердің қала мен аудандар бойынша үлесінің көлемінің орташа облыстық көрсеткішке қарағанда үлкен айырмашылығын көрсетеді, себебі жиынтық вариацияның 25% коэффициенті біртекті болып табылады.[12]

Қорытындылай келе келесі жағдайларға ерекше тоқталу керек деп санаймыз.

1) Қарағанды облысы Қазақстанның алдыңғы қатарлы индустриалды орталықтарының бірі болып табылады. Облыста әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне әлеуметтік қызметтердің кең спекртін көрсету жолымен жүзеге асырылады.

2) Аймақтық жұмысбастылық стратегиясын жүзеге асыру үшін әлеуметтік көмек көрсету объектілерінде жөндеу жұмыстарын өткізу барысында 1688 қосымша жұмыс орындары құрылды, жұмыссыз азаматтар арасынан 1350 адам жұмыспен қамтылды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік  көмек (АӘК), алушылар санының азаюы байқалады. 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 11% төмендеген, ал 2009 жылмен салыстырғанда 19%.

3) Қарағанды облысын 2011-2015 жылдарды дамуының бағдарламасы қабылданған. Осы бағдарлама аясында әлеуметтік саланы жетілдіру және адами капиталды дамыту шаралары көзделген, атап айтқанда:

-     білімнің сапасын және қол жетімділігін қамтамысз ету;

-     азаматтарды әлеуметтік көмек көрсетудің тиімді жүйесі.

Осылайша, облыстың экономикалық дамуы оның әлеуметті дамуы тығыз байланыста екендігі айғақ.

 

Пайдаланған әдебиеттер

1.                 Нурланова Н. К. Региональная парадигма устойчивого развития Казахстана: проблемы теории и практики. - Алматы: Институт экономики КН МОН РК, 2010.-328 с.

2.                 Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: Болашақтың іргесін бірге қалаймыз // Егемен Қазақстан. - 2011, қаңтар 29. - №30 (26432).

3.                 Казизова Г.С, Казизова Ж.С. Реформирование системы социальной защиты населения в Республике Казахстан // Актуальные проблемы гуманитарных и естественных наук. -М.: Литера, №11. -2011. - С.57-60.

4.                 Баймуратов У. Социализация в экономике: от индивида до государства // Избранные научные труды,- Алматы: Экономика, 2005,- Т. 5. - 320 с.

5.                 «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ жылдық есебі. 2012.

6.                 // http:www.karaganda-stat.gov.kz

7.                 Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мекен-жайлы көмек туралы» Заңы

8.                 Қазақстан Республшсасының «Балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңы.

9.                 Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарда дамуының Бағдарламасы

10.            Конрад X. Система социального обеспечения Японии - оценка последних реформ // Journal of European Social Policy. - 2009. - №1. - c.36-51

11.            Кристина Берендот. Социальная помощь в Германии. - М.: Изд.-во МОТ. Отдел финансовых, актуарных и статистических услуг по социальной защите, 2003.

12.            Игнатов В.Г. Экономика социальной сферы: учеб, пособие. - Ростов н/Д: Издательский центр «Март» 2005,- с. 104-105.