М.X. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті
п.ғ.к., Тунгатарова А.Т., т.ғ.к
Боранкулова Г.С.,
магистрант Арынбекова А.
Bluetooth арқылы Android пен Arduino-ны
байланыстыру.
Мақалада
Android операциялық жүйесінде мобильді қосымшаның құрылуы жайлы, сонымен
қатар Arduino ға арналған сызба жолдары
қарастырылған.
Bluetooth
арқылы Android пен Arduino-ны байланыстыру мақсатында бізге келесі
микрочиптер мен құралдар қажет болады:Arduino Uno; Arduino
Wireless Shield; Bluetooth Bee; Қызыл және жасыл жарық диоды;
Резисторлар; Провода «папа-папа»; Breadboard Half; Android ОЖ орнатылған
телефон.
Android
ОЖ құру үшін Android Development Tools ортасын
орнату қажет. Ол үшін
Google порталын ашып өзімізге көшіріп алуға болады.
ADT көшіріп алғаннан кейін оны компьютерге орнатамыз. Сонымен
қатар Android SDK Manager «Window → Android SDK Manager» ашу керек.
Осы жерден Android 2.3.3 (API 10) нұсқасын орнатамыз. Ары
қарай «Install Packages» батырмасы арқылы орнату процесін бастаймыз.
Барлық орналастыру жолдары орындалғаннан
кейін, қосымшаны құруға кірісеміз. Ол үшін «File
→ New → Android Application Project» командаларын орындаймыз.
Экранда пайда болған терезені төменгі суреттегідей етіп толтырамыз.
1-сурет.
·
Application Name —
Google Play Store көрсетілетін қосымшаның аты. Яғни
бұл жерге қалаған аттарыңызды беруге болады.
·
Project Name — ADT-дағы жобаның аты.
·
Package Name — қосымша идентификаторы.
Осы жолдарды
толтырғаннан кейін, әдеттегідей «next» батырмаларын басу
арқылы орнатуды аяқтаймыз. Сонымен біздің қосымшамыз
құрылды.
Activity- бұл
құрылған қосымшаны
телефон экранынан көрсетуші. Яғни бұл жерде бізде екі
батырма болады олар: «көк жарық диддын жағу» және «қызыл
жарық диодын жағу». «Package Explorer» тақтасынан
res/layout/activity_main.xml ашамыз. Жалпы түрі шамамен төменгі
суреттегідей болады.
2-сурет.
· Екі «ToggleButton» - ды экран нысанына апарамыз. "activity_main.xml"
бетіне өтіп келесі кодты енгіземіз.
· Компоненттердің аттарын неғұрлым түсінікті етіп береміз. android:id
өрісін келесідей етіп жазамыз.
<ToggleButton
android:id="@+id/toggleRedLed" ...
<ToggleButton
android:id="@+id/toggleGreenLed"
...
·
Айта кету керек, олардың түсі мен
мәтін көлемін өзгертеміз. Нәтижелі код келесідей түрде болады.
<LinearLayout
xmlns:android="http://schemas.android.com/apk/res/android"
xmlns:tools="http://schemas.android.com/tools"
android:layout_width="fill_parent"
android:layout_height="fill_parent"
android:paddingBottom="@dimen/activity_vertical_margin"
android:paddingLeft="@dimen/activity_horizontal_margin"
android:paddingRight="@dimen/activity_horizontal_margin"
android:paddingTop="@dimen/activity_vertical_margin"
tools:context=".MainActivity"
android:weightSum="2"
android:orientation="horizontal">
<ToggleButton
android:id="@+id/toggleRedLed"
android:layout_width="wrap_content"
android:layout_height="fill_parent"
android:layout_weight="1"
android:background="#FF0000"
android:textOff="OFF"
android:textOn="ON"
android:textSize="30dp"
/>
<ToggleButton
android:id="@+id/toggleGreenLed"
android:layout_width="wrap_content"
android:layout_height="fill_parent"
android:layout_weight="1"
android:background="#00FF00"
android:textOff="OFF"
android:textSize="30dp"
android:textOn="ON" />
</LinearLayout>
« Run » күйге келтіру батырмасына кіріп «Run Configurations »іске
қосамыз, сол бөліктегі « Android Application » басамыз. Осы жерден
жаңа конфигурация пайда болады « New_configuration ». Терезенің
оң жақ бөлігінде « Target » командасын орындап, « Launch on
all compatible devices/AVD » опциясын таңдаймыз.
Құрылып жатқан
мобильді қосымшаның жалпы көрінісі келесі суретте
көрсетілген.
3 - сурет.
Әрбір
Android-қосымшасы жүйеге қандай
құқықтар қажеттігі туралы оған
хабарлауға тиісті. AndroidManifest.xml аталатын манифесті файлына,
құрылғалы отырған қосымшада Bluetooth қолданылатынын көрсету
қажет.
Аталған командалардың барлығы
орындалғаннан кейін мобильді қосымшаның жұмыс жасау
жолын қарастырамыз. Яғни қызыл түсті батырманы басса 60
санын есептейді және оған 1 немесе 0 қосылады. Сонымен қатар бұл жерде жарық
диоды жану немесе жанбау командасын орындайды. Ал жасыл батырмада да
ұқсас келеді, бұл жерде 60 санымен бірге 70 саны алынады.
Нәтижесінде бұл жағдайда төрт команда орындалуы
мүмкін 60,61,70,71.
Осы
мақалада біз Android операциялық жүйесінде қосымшалар
жасауды және Bluetooth
арқылы байланыстыруды
үйрендік. Енді телефон экранынан Android ОЖ жасалған қосымшаны пайдаланып
жарық диодында өзгеріс пайда болғанын көреміз.
Bluetooth
- модулі қабылдайтын мәліметтер UART арқылы 9600 бит / с
жылдамдықта келеді. Bluetooth-модулін конфигурациялаудың
қажеті жоқ, бұл дегеніміз ол автоматты түрде
пайдалануға дайын. Келесі суретте жұмыстың толық
нәтижесі көрсетілген.

4 - сурет.
Пайдаланылған
әдебиет
1. Варакин
М.В. - Разработка мобильных приложений под Android .
УЦ «Специалист» 2012 г.
2. Рето Майер - Android 2. Программирование приложений для
планшетных
компьютеров и
смартфонов. Москва 2011
3. Э. Бурнет Привет, Android!
Разработка мобильных приложений. — СПб.:
Питер, 2012.
4. С. Степанов Путеводитель по ARDUINO. Январь 2015
5. Justin.
Bitmap Converter for Arduino LCD. http://misc.ws/2013/11/03/bitmap-converter-forarduino-lcd/
6. Dr. Bob Davidov.
Компьютерные
технологии управления в технических системах http://portalnp.ru/author/bobdavidov.