ӘӨЖ 678.79
аға оқытушы Егизеков Ж.М.
техника және технология магистр аға оқытушы
Анарова Ғ.С.
М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Тараз қаласы
ҚАЗАҚСТАН
КӨНЕ ДӘУІР БЕЙНЕЛЕУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
Қазақстанның көркем өнер
мәдениетінің тарихы өзінің түп тамырын
ғасырлар қойнауынан бастайды. Еліміздің
түкпір-түкпірінде жүргізілген археологиялық ізденістер
нәтижесінде анықталған көптеген өнер туындылары,
тас дәуірінен бастау алатын адамдардың сан ғасырлық бейнелеу
іс-әрекетінің арқасында құралған.
Бейнелеу іс-әреекті деп
көркем өнер туындыларын жасауға бағытталған
(ұсақ пластика жинақы және монументальды
мүсіндер, петроглиф суреттері, әшекейлер айтулы
сәндік-қолданбалы) бұйымдар және т.б. «бейнелеу
мәтіндерін» негізінде белгілі бір дәуірдегі этно-әлеуметтік
бірлестіктерде жиналған тәжірибиені білімді және
мифоэпикалық көзқарастарды тиянақтайтын сақтайтын
және кейінгі ұрпаққа жеткізетін жұмыс түрі.
Осы бір шағармашылық идеялары мен технологиялық
машықтары бар жеке немесе топталған шеберлер деп ұсынамыз.
Еліміздегі бейнелеу
әрекетінің алғашқы нышандары адамзат тарихының
ерте кезеңі тас дәуірінде алғашқы қауымдық
кезең тас дәуірлік үңгір ішіне салынған ішіне салынған
сурет үлгілері Орталық Азиядан (Монғолиядағы
Хойтцәнкер агуй) ден бері [1].
Ақбауыр
үңгірінің (Шығыс Қазақстан)
қабырғаларында символикалық
белгілері, жазбаларды зерттеушілер полиметалл дәуіріндегі
адамдардың діні мен дүниетанымын қарастыру барысында
қолдануда. Осы бір «петроглиф»
жар тас бетіндегі суреттер Қазақстанның Солтүстік
Шығысынан бастап, Оңтүстік таулы аймағы түгелімен
Қаспийге дейінгі жерлерді қамтиды. Әсіресе Жетісу
өңірінде 50-ге дейінгі ескерткіш орындарының болуын, атап айтуға болады.
Қазіргі әлемге әйгілі археологиялық комплекс «Таңбалы»
2004 жылы ЮНЕСКО бүкіл әлемдік мәдени мұрасына кіруі
және зерттеулердің жалғасуы бізді қуантады.

Сурет-1 Жартас бетіндегі
петорглиф суреттері
Сол бір тас дәуіріндегі адамдар
күнделікті тіршілік әрекетіне талдай жаса келе, әсіресе
түрлі аңдар мен құстарды бейнелейтін тас сүйек
және мүйізден заттарды өте жиі жасаған. Олар
көптеген жағдайларда ғажайып өрнектер мен және символикалық
белгілер мен көркемдеп отырған. Осы бір естеліктер суреттерге
талдай жаса келе тас дәуірінің кезеңінен бастап, «сақ»
дәуіріне дейінгі (мифологиялық, этнографиялық, эпостық
және шынай реалистік) бейнелер қоры болып саналады.
Осы бір дүниелерді зерттей келе
алғашқы тас, мыс дәуірі кезінде болған
тұрмыстық мәдени бастама «Неолит» және «Холколит»
этапына дейінгі болмыс. Соңғы этапта таңбалар көне
«Руникалық» жазбалар және топографиялық сызба шыға
бастағаннан тас бетін көруге болады. Ғылымның осы
сәттен құралғанын бейнелер арқылы
жұмыстың алғашқы қадамы деп
қарастырған жөн. Сол бір дәуірдегі адамды
қоршаған жануарлардың ішінде шамасы қандай да бір
тазалық пен тектілілік тәрізді ерекше қасиеттеріне
қарай, скиф, сақ мәдени ортасында бірінші кезекке асыл текті
бұғының бейнесі шығады. Ол көшпелі
қоғам дамуының түрлі кезеңдерінде
өзінің негізгі мазмұндық элементтерін өзгеріссіз сақтай отырып,
әртүрлі тұрғыда сипатталады. Айрықша
нышандық мағына бұғының ерекше мүйіздеріне
берілді, олармен дін
қызметкерелінің (бақсылар, абыздар және т.б.) бас
киімдерін салтанатты жерлеуге арналған билеушілердің, жылқыларының бет перделері мен киелі нысандарды
безендірді. Зерттеушілер оның болмысына назар аударды-«SAKA» этнонимі
ежелгі парсы тілінің диалектісінде «Бұғы» дегенді білдіреді [2].

Сурет-2 Бұғының аяғы бүктелген Сурет-3 Алтын сауытты
адамның белдігіндегі
жартас бетіндегі суретіне талдау жасау құйма бұғы формовкасы
Осы бір жағдайды зерттей келе әлемге аты
шулы. Есік қорғанынан табылған Сақ көсемі «Алтын
адам» салтанатты сауытындағы декоративті стилизациясында орындалған
жануарлар атрибуттарымен әшекейленген бас киімдегі қанатты ортекс
бас киімдегі қосымша қанатты жолбарыс сауыт ансамбльдік
қайталануда жолбарыс бет перделері бейнеленген. Жиектері
әшекейленгенін көреміз. Сауыт белдігінде төрт аяғы
бүктелген бұғы дене бітімінің құйма
формовкасын көреміз. Осы бір керемет дүниелерді қазіргі заман
ғалымдар суретшілер қолөнер шеберлері біздің
эрамызға дейінгі мыңдаған жылдар бұрынғы бейнелеу
өнерінің суретшілері шеберлеріне таң қалуда.
Жұмыс құралының алі дамымаған ғылым
өз деңгейі көтерілмеген ең соңғы
кезеңде осындай классикалық дүние жасауды «мүмкін емес»
деген теріс пікір айтушы бөгде халық тұрғындары
болғандығын білеміз. Дегенмен бұл біздің арғы көне
бабалар мәдениеті мен өнерінің өте жоғары
деңгейге көтерілгенінің үлкен айғағы.
Бұл кезеңге алтын ғасыр алтын адам дәуірлер есімін
беруге болатындығын толығымен мақұлдаймыз және
мақтан тұтамыз [3] .
Көне мәдениетіміздің тағы бір ерекше түрі
жанры «Мүсін өнері», оған талдау жасайтын болсақ
«сақ» дәуіріндегі «балбалтас» «құлпытыс» жеке
мүсіндік дүниелері қарқынды дамығынына куә
боламыз.
Қазақ далаларының
ежелгі көшпенділердің монумент өнері Үстірт пен
Маңғыстаудағы ғибадатханалардың тас
мүсіндерінен көрінеді.
Онда массагеттік этностық
массивке жатады деп ғалымдар болжаған. Мұнда қарулы
сарбаздар оның ішінде жауынгерлер бейнесіі тіпті әйелдер бейнесі де
бар. Ата-баба рухына табыну култі бар
болғанына мысал ретінде сармат ғибадатханалары аталып кеткен. Б.з.д
ІV-Iiғғ. Үстірттегі Бәйте І, Бәйте ІІІ,
Қарамөңке, Терең, Қайнар,
Қызылұйық ғибадатханаларындағы қазба жұмыстары
куә.
Сурет-4 Есік қорған сақ көсемі
жерлеу киімінң экспозициясы
Мүсіндердің басым
көпшілігі бір типтес. Оларда тұрып тұрған, оң
қолын төмен түсіріп, сол қолын кеудесіне баса
ұстаған ер немесе әйел адам кескінін көреміз.
Мүсіндердің бет
әлпеттері өте көрнекі: сопақша келген көздері,
бедерлі қабақтары қыр мұрынға ұласады.
Жіңішке мұрты мен кішкентай ерні бар. Кең жалпақ
беттері, көбінесе сақалы болмауы, беттері шығыңқы
болуы – осының барлағы моңғол типтес
антропологиялық сипаттар, азияттық, оның ішінде қазақылық
басым.
Мүсін бейнелеу өнері
қазақ даласында басталғандығын күні бүгінге
дейін көптеген ғалымдар, өнер қайраткерлері
дәлелдеумен келеді. Негізінен еліміздегі сыры ашылмаған жер
қойнауында жатқан белгісіз қаншама дүниелер, көне
қалалар және т.б біздің тарихымыздың мәдениетіміздің
уағында кейбір Европа елінен іргелі болғандығын
дәлелдейтін себептер көп.
Ал енді сол бір өте
қарқынды дамығын дәуірден бері қарай
кезеңдерге келер болсақ. Оларға анализ жасаудағы пікір.
Жерімізде, елімізде,
қоғамда үлкен өзгерістер пайда болды. ІХ-ХІІғ.
Аралығында елімізге Ислам діні келуі бейнелеу өнерінде үлкен
тоқтам болды. Адам-жануар бейнесін салу және бабалар мүсінін
жасауды, оларға тағзым етуді түбегейлі тоқтатты.
Сондықтан да, сурет салу мүсін шабу жасау қазақ
даласындағы ІХ-ХХ
ғасырдың орта шеніне дейін барынша тоқтады. Сонымен
қатар өте көптеген тарихтағы үлкен жаугершілік
соғыстарда әсер еткенін білеміз. Ал, ХХ ғасыр орта шеңі
1950 жылы бейнелеу сурет мүсін өнері қайта бас көтеріле
бастады [4].
Қазақстанда кеңес
үкіметі тұсында ұлы отан соғысынан кейін бір топ
бейнелеу өнері қайраткерлеріқайтадан көтеріле бастағандығы
мәлім. Мұндағы алғашқы «живописей» - «суретші»
Әбілхан Қастеев, Қанафия, Е.Төлепбаев, Ә.Смайлов,
Б.Сәрсенбаев, Е.Сидорнин, Г.Исмайлова, М.Кембаев, А.Ғалымбаев және
т.б. бейнелеу өнерін қайта жандандырып Қазақ
елінің бейнелеу өнерін әлемдік деңгейге
қысқа мерзімде көтеріп, кейінгі өнерлі жас
ұрпақ оны әлемдік өнер мәдениетіне әлем
халқына ұсынды. Біздің қазақ елінің
көркем қол өнерде жеке дербес, ерекше стилі бар екенін Европа
халықтары мойындады. Сол бір ерекше стиліміз біздің
қөне дәуірден бабаларымыздың қанында
қалған болмысымыз екендігін мойындату. Ежелгі кезеңнен
біздің дәуірімізге дейінгі аралықтағы қазақ
өнерінің жиынтығы ретінде талдап көрсететін қөркем
өнер өнер тану ғылымындағы іргелі еңбек ретінде
арнайы зерттеу нысанына айналып отыр.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Ежелгі өнер(қазақ өнері І том)
Зейнолла Самашев (Алматы 2013)
2. «Наскольные изображения Верхного прииртышья» З.Самашев
(Алма-Ата: Ғылым 1992г)
3. «Наука и человечество» Москва «Знание» 1992г. Авторы
Кималь Акмевич Акишев, Алишер Кималевич Акишев
4. Средневековый Тараз. Наука 1972г. Автор Сенигово Т.Н