Сейткулова Жанна Мамбетовна, Серкебаева Дидара Кумекбаевна

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

1939-1957 ЖЫЛДАРЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ДЕПОРТАЦИЯЛАНҒАНДАР

                 

Қазақстан территориясына депортацияланған ұлттар Сталин билігінің негізімен жүрді. Депортация латынша deportatio - «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді.

Қазіргі кезеңде Жамбыл облысында 87 этнос өкілдері тұрады. Сол этностардың басым көпшілігі Кеңес дәуірінде депортацияланғандар. Полиэтносты Қазақстан болашақта ешқашан басқа мемлекеттерде болып жатқан ұлтаралық шиеленістерді болдырмаудың алдын алу мақсатында өткенен сабақ алуға ұмтылуда, сондықтан қарастырылып отырған зерттеу тақырыбы ғылыми жағынан мәнін түсінуді және республикамыздың көпұлтты қоғамының үндестік дамуы үшін өзекті мәселе стимул болып табылады.

1939 жылы 14 қазанда Жамбыл облысы СССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен құрылды. Облыс құрамына Жамбыл қаласы және 9 аудан – Жамбыл, Красногор (Отар), Қордай, Луговой (Т.Рысқұлов), Мерке, Сарысу, Свердлов (Байзақ), Талас, Шу аудандары енді [1, 15 б.].

Жамбыл облысының территориясына 1939 жылға дейін көптеген этностар депортацияланды. 1930 - 40 жылдардағы орын алған халықтар депортациясы қоғамдық-әлеуметтік форманың жоспарлы акциясына, адам психикасына әсер ете отырып, халықты ұлттық тамырынан айыруды ойластырған тағылық эксперимент, ғаламды қайта құру тәжірибесіне айналды.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 1936 жылы 16 ақпанда үкіметтің шешімімен Украинадан жер аударылған немістер мен поляктар болды. Мерке ауданындағы «Қызылша» совхозының базасына 500 адамды орналастырған [2, 319 б.]. КСРО ХКК 1936 жылы 21 мамырда қабылданған «Дағыстан мен Шешен – Ингуш аумағынан кулак шаруашылықтарын қоныс аудару туралы» қаулысына сәйкес Қазақ жері мен Орта Азияға 1000 шаруа қожалығы депортацияланды. Ұжымдастыру науқаны барысында Қазақстанға тәркіленген 250 мың кулак шаруашылықтары күштеп қоныс аударылған. Сондай-ақ, соғыс қарсаңында Қазақстандағы өндірістік құрылыстарға басқа республикалардан 1 млн. 200 мың адам жіберілген-ді.

1937 жылы 21 тамызда «Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық аудандарында тұратын корейлерді қоныс аудару туралы» құпия қаулыға қол қойылды. Кеңестік корейлер ешбір сотсыз-тергеусіз «жапон тыңшылары» деп айыпталып, шұғыл депортациялық шараларға ілінді. КСРО ХКК мен БКП(б) ОК қабылдаған қаулысына сәйкес Қазақстанға 100 мыңға жуық корейлер депортацияланды. 1937 жылы қыркүйек – желтоқсан аралығында Қиыр Шығыстан Қазақ жеріне 20789 корей отбасы (98454 адам) келді. Осы корей этносының бір бөлігі қазіргі Жуалы ауданының Бәйтерек ауылына қоныстандырды. Олар егіншлікпен және қазіргі Жаңа-талап ауылында құрылыс жұмыстарымен айналысып, тұрғын үйлер салды. 1940 жылы республикада арнайы қоныс аударылғандардың жаңа контингенті пайда болды. Бұл депортация саясатына он мыңдаған поляк ұлтшылдары ілінді. Олардың ішінде Германияның Польшаны жаулап алғаннан кейін бас сауғалаған босқындары да ілінді. 1940 жылдың ақпан – 1941 жылдың маусым айлары аралығында Украина мен Белоруссияның батыс облыстарынан, Литвадан 380 мың поляк депортацияланып, оларды арнайы қоныстарға орналастырылды. Соғыс қарсанында Қазақстанға 102 мың поляк депортацияланды. Әкімшілік тәртіпке Қазақстанға 360 мыңнан астам Поволжье немістері көшірілді. Гитлерлік Германиямен Кеңес Одағы арасындағы соғыс Поволжьедегі неміс автономиясын жоюға алғышарт болып, 1941 жылы күзде Қазақ жеріне 361 мың неміс қоныс аударылды. Қазақстандағы немістердің этникалық тобының қалыптасуына негіз салған КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1941 жылғы 28 тамызда қабылдаған «Еділ бойында тұратын немістерді қоныс аудару туралы» (О переселении немцев, проживающих в районах Поволжья) Жарлығы болды. Еділ бойында тұратын немістерге сатқындық айыбы тағылды. Жарлықтың күші кеңестік неміс ұлты өкілдерінің барлығына қолданылды. Еділ бойы немістерімен қатар москвалық, ленинградтық немістер де жер аударылып, Украина мен Кавказ немістері депортацияланды, майданнан солдаттар мен офицерлер шақыртылып алынды. Сол кезеңде республикадағы немістердің жалпы саны 441713 адамды құрады.

Соғыс жылдарында қалмақтарға, қарашайларға, ингуштерге, чечендерге, балқарларға, қырым татарларына, түрік - месхетиндер депортацияға ұшырады. Еліміздің орталық мемлекеттік мұрағатының 1937- қорындағы, 70- бумасындағы құжатта 1941 жылдың 2 қазанына дейінгі мәлімет бойынша елімізге барлығы 24258 жер аударса, біздің облысымызға 2019 адам қоныстанған. Олардың арасында орыстар, украиндер, беларустар, еврейлер, поляктар, немістер, латыштар, литвалықтар, эстондар боды. Олардың саны күн санап өсіп жатты. 1941 жылдың 16 қарашасына дейін облысымызға 38399 қоныстандырылған. Ал, 1941 жылдың 18 қарашасындағы мәлімет бойынша облысымызға 10759 адам әкелінген. Осы жылдың 28 қарашасында әкелінгендер саны 18000 - ға жеткен [2, 318,327,328 б.б.].

Поляктардың Қазақстанға жер аударылуының әр түрлі себептері бар. Алдымен, 1941 жылы Өзбекстаннан еліміздің Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысына поляктар жер аударылды. Олар біздің облысымыздың Луговой және Шақпақ станцияларын уақытша тұрақ еткен, сонымен бірге, соғыс жылдары КСРО - ның түрмелерінде тұтқында отырған. Көптеген поляк азаматтарына рақымшылық жасалынды. Соның нәтижесінде олар облысымызда уақытша аялдаған поляк армиясына қосылып жатты. Осының нәтижесінде облысымызға алғаш поляктар қоныстанды. Облыстағы Сталин атындағы колхозда поляктар орналасты және оларды азық-түлік, жылумен қамтамасыз етілді. Мұрағаттағы 282 - қордың, 1 - тізіміндегі, 548 - ісінің, 36 - бумасы құжаттарды парақтасаңыз көңіліңізге қаяу түсіретін деректер мен дәйектер бар. Ең алдымен осы жылдары  ауылдарда қылмыс өсіп, зорлық- зомбылық, ұрлық көбейген.

Соғыстың алғашқы жылы облысқа көп қоныстандырылған халықтың бірі – финдер. Бұдан кейін мұрағаттағы сақтаулы құжатарда әр ауданның осы мәселеге байланысты атқарылған жұмыстары хабарланған. Мәселен, Сверлов ауданы басшылар Жамбыл станциясынан 1075 адамды, Үшбұлақ станциясына 1465 адамды, Ақшолақ станциясынан 960 жер аударылғандарды қарсы алатынын жеткізген. Сонымен бірге ауданға қоныстанатын 3500 фин отбасыларын елді мекенге орналастыру жоспарланды. Осындай талаптарды өзгеде аудандар орындады. Көктерек ауданына 2000 фин көшіріліп әкелінетіні жоспарланған. Олар Көктерек, Қызылтал, Қызыл арна, Қараөзек, Фурманов, Сарқырама селолық советтері бойынша орналастырылып, жер аударылғандар эшалоны аялдаған станциядан олардың баратын елді-мекені қанша шақырым болатына дейін хабарланған. Талас ауданына - 1502, Шуға – 4000, Луговойға - 3500, Қордайға - 4500, Сарысуға - 1000 фин қоныстанатын болған. Мұрағат деректеріндегі мәліметтерді салыстырып қарағанда облысқа барлығы 8 мың фин азаматтарын Свердлов, Луговой, Меркі аудандарына қоныстандырған [2, 323 б].

Солтүстік Кавказдан, Қырымнан, Закавказьеден Қазақ жеріне барлығы 1943-1944 жылдары 507480 адам қоныс аударылған. 1943–1944 жылдары күштеп қоныс аударылған халықтардың алғашқыларының бірі – қарашайлықтар болды. Оған сылтау болған қарашай халқының жекелеген тобының сатқындығы мен қарақшылық әрекеті мыс. Осындай күдікке сәйкес жедел түрде 1943 жылы 12 қазанда Қарашай автономиялық облысы жойылып, 14774 қарашайлық шаңырақ, жалпы саны 69287 адам Қазақстан мен Қырғызстанға қоныс аударылды. Олардың 45529 адамы Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ 23300 адам Қырғызстанға қоныстандырылды. Жамбыл облысының 7 ауданына – Жамбыл – 1000, Свердлов – 900, Талас – 300, Луговой – 400, Мерке – 700, Қордай – 700, Шу – 1000, барлығы – 5000 жанұя қоныстандырылды [3].

1944 жылы Кабардин-Балқар АКСР-і Кабардин АКСР-і болып өзгертіліп, ал балқарлар Қазақстанға қоныс аударылды. Тек 1944 жылғы мәлімет бойынша біздің облысымызға 21 810 чешен, балқар, ингуш, қарашайлар депортацияланды. Олардың 5493-і ерлер, 6170-і әйелдер, 10147-і 16 жасқа дейінгілер. 1944 жылдың 12 қазанында облыс басшылары республика басшылығына тағы да 1000 қоныс аударушыларды қабылдайтындығын хабарлаған. 1944 жылы 11 мамырда Қырым АКСР-і де жойылып, жалпы саны 150,1 мың қырым татарлары Қазақстанға қоныс аударылды. Сонымен бірге, Қырымнан Қазақ жеріне барлығы 7 мың болгарлар мен гректер депортацияланды. Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің қаулысы «шекара қауіпсіздігін нығайту мақсатында» 1944 жылы қарашада Грузияның оңтүстік аудандарындағы Месхетиядағы 110 мың түріктерді Қазақстан мен Орта Азияға қоныс аударылды. 1944 жылы Грузиядағы күрділерді депортациялау үрдісінің екінші толқыны, 1948 - 1950 жылдары үшінші толқыны жүрді. Әзірбайжанда қалғандары құжаттарына әзірбайжан ұлты деп өзгертіп қуғыннан аман қалды. Облысымызға депортацияланған күрділер Шу ауданына шоғырландырылды.

1944 жылғы мәлімет бойынша облысқа 62197 адам көшіріліп және жер аударылған. 1945 жылғы қазандағы есеп бойынша Қазақстанда 406375 шешен және ингуш ұлтының өкілдері болған.

1950-1951 жылы Жамбыл облысының облыстық мұрағатының деректері бойынша Жамбыл облысы бойынша арнайы қоныс аударушылар саны 44928 адамды құрап, қоныстандырылды. Олар әртүрлі ұлт өкілдері болды. Шешен, ингуштер - 13968 адам, қарашайлар - 10627 адам, балкарлар - 3582 адам, гректер- 3939 адам, немістер - 8397 адам, ирандықтар - 193 адам, қалмақтар - 383 адам тағы басқалар болды. Арнайы қоныс аударушылар Жамбыл облысының барлық аудандарына бір уақытта шоғырланып отырды.  Қазақстанға депортацяланғандар саны 1954 жылы 1 қаңтардағы статистикалық мәлімет бойынша 2 млн. адамға жеткен. Депортацияға ұшырағандардың жағдайлары өте нашар болды. Азық-түлік, тұрғын үй, киім-кешектері болмады. Аштықтан, суықтан, жұқпалы індеттерден адам өлімі көбейді. КСРО ішкі істер басқармасының 1944 жылғы есебі бойынша депортацияланған 144704 адамның жеткенше және Қазақстанда 101036 адамы қайтыс болған.

1954 жылы Кеңес одағынының министрлігінің қаулысы және ішкі істер департаментінің бұйрығы бойынша арнайы қоныс аударылғандар есептен алынып босатылды. Олардың жалпы саны 29475 адам, оның ішінде балалар – 26024, мүшелер мен партияға ұсынушылар саны – 303 адам болатын. Қоныстанушыларды алудың мақсаты,оларды оларды алғаш қоныстанған жеріне үйретіп бейімдеу болатын. Бірақ 1869 адам жылжымалы қоныстарын аударып, облыс ішінде 1503 адам қоныстанды. Қоныс аударушылар облыс аралығындағы бөлімшелерге көшіріліп, жұмысқа, өмір сүруге жағдайы болмағандықтан қайтадан туған туыстарына көшірілді. Отыз екі арнайы қоныс аударушылар барлық автотранспортта қызмет етіп кәсіподақ мүшелері болды. Ауылшаруашылық саласында арнайы қоныс аударушылар 40% -ын құрады. Мысалы: Жамбыл механикалық - техникалық станцияда 137 адам жұмыс атқарды. Жеті адам – трактор бригадасының бригадирі болды. Он жеті адам – комбайыншы, сексен адам – тракторшы болып жұмыс жасады. Ауыл шаруашылығының егін егі саласында жолдас Бухман №5 тракторшылар бригадасының бригадирі МТС бойынша екінші орынға ие болды. Арнайы қоныс аударушылар ішінде сол мемлекетте заң орындарында, сонымен қатар мемлекет басшылары қызметін атқарған адамдарда болды. Жамбыл облысының территориясында 43328 арнай қоныс аударылған адамдар көшіп келген. Олардың 32248 адамы ауылды жерлерге орналастырылды. Кеңес одағының министрлігінің 5.07.1954 жылғы қаулысы бойынша қоныс аударушылар арнайы еңбекке араластырып қоныстандырды. 1954 жылы қыркүйек айында Жамбыл облысынан 1408 арнайы қоныс аударылған адамдар кетіп, басқа облыстардан 2658 адам келіп, облыс ішіне 1114 адам орналастырылды. 1954 жылы 25 тамызда Коммунистік партия комитетінің қаулысы бойынша жалпы жұмыс пен қамту, тұрмыс өмірлерін жақсарту туралы айтылды. 1955 жылы арнай жерге қоныстану сиректеді. 1955 жылы біздің облыс өңірінде қоныс аударушылардың саны - 6,776 адам; 1956 жылы бес ай көлемінде - 1319 адам болғанын көрсетеді.Барлық жұмысқа қабілетті қоныс аударушылар жұмыс пен қамтылды. Олардың ішінде барлық салада жұмыс істеушілер болды. 1956 жылы Ішкі істер департамент органы 32,438 адамды қарамағына алды. Оның ішінде:

Шешен - ингуштер - 14.120

Қарашайлар - 9.727

Қырым татарлары - 137

Күрт, азербайжандар - 3317

Гректер - 4. 407

Ирандар - 476

Басқа ұлт өкілдері- 199

Жер аударғандар – 55. Көрсетілген сандар облыс аудандарына бекітілді . 1956 жылы 25 тамызында ОККПК шешімі мен жә 1958 жылы наурыз айында шешендер мен ингуштердің Солтүстік Кавказға өз еріктермен кетуі бойынша көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Колхоздар мен совхоздарда шешен, ингуш тұрған жерлерде арнайы жауапты адамдар бекітіліп, жұмыссыз отырған шешен ингуштерді жұмыспен қамтамасыз етті. Осы жұмыстар бойынша жиналыс өткізіліп тұрды. не кәсіподақтың басқа да шешімдері жұмысшылардың мәдениеті мен тәрбие жұмыстарын көтеру болды. Кәсіподақ мүшелерін сайлап, үйірме жұмыстарына, спорт үйірмелеріне жұмысшыларды баулап, оларды марапаттауды бекітті. Мысалы, арнайы қоныс аударылып халыққа білім беру саласында қызмет етіп жүрген кәсіподақ мүшелерін, соның ішінде белсенділерді жергілікті комитет 6 адамнан тұрды. Ал, ден-саулық сақтау саласында 52 адамнан құралып, оның ішінде 41-і кәсіподақ мүшелері болды. Қалған11 адам кәсіподақ мүшелігі мен қамтылмады. Барлық кәсіподақ мүшелері белсене жұмыс жасап, 12 адам комиссия мүшелері болды. Жамбыл облысына келген барлық этнос өкілдері жұмысқа тұрғызылып, баспанамен қамтамасыз етілгендігі мұрағаттағы 282 қор, 1- тізіміндегі, 77-ісінің, 50 - бумасындағы құжаттарда келтірілген [4].

Депортацияға ұшырағандар жаңа қоныстанған жерлерінде қатал тексеруден өтті. Олар рұқсатсыз ешқайда бара алмады. Тіпті, көрші ауылдардағы туған-туыстарымен араласуға тыйым салынды. Қазақ халқы еріксіз қоныс аударылып келгендерге барынша қамқорлық жасады. 1956 жылы жеке басқа табынуды айыптап, саяси-қуғын сүргін құрбандарын басталған кезеңде ғана депортацияланған тағдырына оң өзгерістер әкелді. 1955-1956 жылдары заңды түрде құқықтық шектеулер алынып, өздерінің тарихи отандарына қайтуға мүмкіндік алды [5, 102 с.].

Қазақ халқы тағдыр тәлкегімен қоныс аударылып келген халықтардың сақталып қалуы мен рухани-материалдық тұрғыда қайта түлеуіне мүмкін болған көмегін аямады Қиын-қыстау кезеңде қазақтардың көрсеткен мейірбандығы мен қонақжайлылығы қоныс аударылып келген халықтардың жадында сақталады және ол ешқашан ұмытылмақ емес. Міне, бұл тарихи тағдыр Қазақстандық ұлтаралық татулық моделінің негізі болса керек.

 

Әдебиет:

1.       Рысдаулет М. Жамбыл облысы 75. Жылнама-шежіре. Алматы. Тайман . – 544 б.

2.       Рысдаулет М.Мәңгілік ерлік. Алматы.2012. – 352 б.

3.       Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағаты: 282 қор,1 тізім, 339 іс, 22 бума.

4.       Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағаты: 282 қор, 1- тізіміндегі, 77-іс, 50 бума.

5.       Бугай Н. Ф. Иосиф Сталин - Лаврентий Берия: «Их надо депортировать?» - Москва. 1992. – 233 с.