Сураншиева Р.К., Бибол А.Ғ

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

ЖАРҚ,ЕТІП АҚҚАН ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ

                    

ХІХ ғасырда біздің отандық ғылым үшін Ш.Уалихановтың мәні ерекше белгілі болғандығы туралы академик Н.И.Веселовский былай деп жазды: «Шоқан Уалиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды.Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының бәрі де ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті» Бұл Шоқанға берілген жоғары баға болып табылады.

Белгілі ғалым және саяхатшы П.П. Семенов-Тян-Шанский Уалихановты «ұлттық аймақтардың ішінде ең оқыған, білімді адамдардың бірі еді» деп бағалаған болатынды Шоқан алғашқы білімді ауыл мектебінен алды, онда арабша жазуға және оқи білуге үйренді.

Шоқан Уалиханов ұлы ағартушы – демократ, қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстанушы,тарихшы,этнограф,фольклорист Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында ерекше орын алады Халықтық тәрбиенің жаңа жүйесін ойластыра отырып, Шоқан ең алдымен жас өспірімдерді ғылым мен техниканың табыстарымен, дүние жүзі мәдениетінің бай қазынасымен таныстыра алатындай діннен бөлген дүниежүзілік білімдерді енгізуді жақтады. Қоғамдық құбылыстарды ол ағартушылық тұрғыдан түсіндірді. Өз халқын Еуропа мәдениетінен үйренуге прогреске шақырды.. Шоқан арнайы педагогикалық еңбектер жазбаса да, оның қоғамдық және ғылыми еңбектері ағартушылық сипатта болды.

Ол білімі мен мәдениеті озық елдерден үлгі-өнеге алуға, әсіресе, орыстың ғылымын, мәдениетінен үйренуге шақырды.

Ол өз елінің оқу-ағартушы мен ғылымын дамыту үшін күресті. Қазақ халқының мәдениет пен экономика саласында артта қалуына қатты қынжыла да қинала ой жіберіп, халық бұқарасын сол азаптан арылту жолында талмастан үлкен жұмыс жүргізді  Ш. Ш. Уәлиханов Петербургте болғанда өнімді ғылыми жұмыс жүргізеді. Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінің тапсыруы бойынша ол Орта және Орталық Азия мен Қазақстанның карталарын жасайды. Оның редакциясымен «Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы», «Іле сырты өлкесі бөлігінің рекогноссировкасы», «Құлжа қаласының жобасы», «Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта», «Қытай империясының батыс өлкесінің картасы» т.б. дайындады. Шоқан Уәлиханов өзінің қысқа өмірінде қоғамдық ғылымдардың алуан саласында — тарихта, шығыстануда, географияда, этнография да, экономикада, филологияда, өнертануда — көптеген құнды еңбектер қалдырды. Ол Қазақстанның, Орта және Орталық Азияның түрік тілдес халықтарының — қазақтың, қырғыздың, өзбектің, ұйғырдың, турікменнің тарихы мен сол кездегі жағдайы, тілі мен әдебиетін терең зерттеумен шығыстану ғылымына зор үлес қосты. Шоқанның «Қазақтың шежіресі», «Жоңғария очерктері», «Қазақтар туралы жазбалар», «Абылай», «Көне замандағы қазақтың қару-жарақ, сауыт-саймандары», «Даладағы мұсылмандық», «Қазақтағы шаман дінінің қалдықтары», «Қазақтың көшіқоны», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікірлер», «Ыстықкөл күнделіктері» тағы басқа еңбектерінде Қазақстан мен Орта Азиядағы түрік халықтарының келелі мәселелері кеңінен зерттелді және де зерттеулерде, мәселелер қою мен шешуде қазақ ғалымы дұрыс ғылыми бағыт ұстағаны кейінгі оқымыстылар зерттеулері арқылы расталды, бүгінгі күні де ғылыми мәні сақталды. Ш. Ш. Уәлихановтың шетелдік Шығыс туралы еңбектері мен зерттеулері — бір төбе. Шығыс «Түркістан мен Шынжан халқының тарихы туралы еңбектері оның ғалымдық даңқын дүниежүзіне таратты. Ол «Алты шаһардың немесё Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) жайы» атты іргелі еңбегінде және Қашғарияға сапар күнделіктерінде осы аймақтың жан-жақты-географиялық, әлеуметтік, экономикалық, тарихи, мәдени, әдеби сипаттамасын берді. Қазақ ғалымының еңбектерінде комплексті зерттеулердің үлгілері де бар. Көптеген еңбектерінде ол тарихшы, географ, этнограф, публицист, әдебиетші, жазушы болып көрінеді және көбіне қатар жүреді. Қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ қарасөзінің қас шебері Ғабит Мүсірепов айтқандай, «Шоқаны бар ел, шоқтығы биік ел».

 

Әдебиет:

1.        Ч.Ч.Валиханов. Полн.собр.соч.в пяти томах.Алма-Ата,1980-1985 

2.         Шоқан Уәлиханов.Таңдамалы. Алматы,1980.9бет. 

3.         Бұл да сонда,19бет. 

4.         ГАОмО. Ф.19,оп.1,д.34.лл.43-44. 

5.         Шоқан Уәлиханов.  Таңдамалы. Алматы,1980. 581бет.