Аға оқытушы Байбатырова У.А.        

Шымкент қаласы,Қазақстан

                 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

 

СЫНЫПТА ЖҮРГІЗІЛЕТІН МУЗЫКА ПӘНІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

 

Білім теңіз оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын ашатындар ғана бойлай алады. Ондай адамдарды дайындайтын мұғалім. Ал, мұғалім білімді оқушы санасына сабақты түрлендіру, жаңашалау, қызықтыру арқылы жеткізеді.  Әрбір сыныптан тыс жүргізілетін музыка пәніндегі жаңа технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп қолданылады.Тиімді пайдалыларын жетілдіре түседі. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Сабақ жас өспірмдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» - деп айтқан. Олай болса, жай ғана музыка сабағы  құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпақ емес. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.Сыныпта жүргізілетін музыка сабағында жаңа технологияны көп пайдалануға болады және қызықты өткізуге болады.

         Өзім сабақ барысында әлемнің бірнеше елінде сынақтан өткен «оқу мен жазу арқылы,музыка аспаптарын пайдалану, әр түрлі жанрда тыңдау арқылы сын тұрғысынан ойлау» жобасының әдіс-тәсілдерін салыстыра пайдалана отырып  жұмыс жүргіземін. «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны ашу»  «Толғаныс» түрінде пайдалануға болады. Мысалыға мен «Музыка мен әдебиеттің байланысын» аламын.

 «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны ашу»,  «Толғаныс» түрінде пайдалануға болады. «Қызығушылықты ояту» кезеңі – бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастыру. Яғни, сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не білетінін айқындаудан басталады. Осы кезеңде «топтау» (ассосация) стратегиясын қолдандым. Әрбір топ мүшелері «музыка мен әдебиеттің» туралы ойларын ортаға салып топтастырдым. Берілген уақыттан кейін  музыкаға байланысты плакаттар тақтаға ілініп, өз ойларын қысқаша айтып өтеді. Бұл жерде әр оқушы таным белсенділігін, өз ойын еркін жеткізе алады.

         «Мағынаны ашу» кезеңінде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша тапсырмалар орындайды. Оқушыладың өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру барысында «жигсо» әдісі ең қолайлы әдіс. Бұл стратегияда мәселені алдымен топта сосын барып ұжымда талқылауға лайықталған. Бұл жағдайда әр оқушы өзін бір сәт мұғалім ретінде сезініп жауапкершілігі артады [1]. 

         Музыка мен әдебиеттің байланысы  тақырыбында алдын ала дайындалған мәтіндер таратылып ,топ мүшелері орындары ауыстыру арқылы ақпарат алмасып өз жан ұяларына қайта келіп, өзінің оқығанын басшылыққа ала отырып, өзгені оқытады,   өзгені тыңдай алатын дәрежеге жетеді. Музыка дегеніміз не және әдебиет дегеніміз не? оның айырмашылығы. Топта талқылаған мәселе енді ұжымда талқыланып, Музыка мен әдебиеттің байланысын  туралы алған білімдері арқылы, әр топтан бір сұрақтан қойылады. Оған қалған топтағы топ мүшелері жауап береді. Сонда олардың шешімі жалпақ тілмен айтқанда  музыканы сөзі болмаса орындай алмайтындығын түсінді. Міне  «Музыка мен әдебиеттің» байланысы.

         «Ой толғаныс» кезеңі сабақты қорытындылауға арналған бөлім. Бұл кезең оқушының ойын жинақтап, оған сын көзбен қарап, салыстыра отырып өз ойын жетік айта білуге үйретеді. Музыка мен әдебиеттің байланысы тақырыбында  алған білімдерін 5 минуттық эссе жазу арқылы қағаз бетіне түсіріп музыка мен әдебиеттің байланысын  сөзбен жеткізу арқылы музыкамен орындап шықты. Сабақтың соңында оқушылар өз-өздерін бағалап, топта талқылап арнайы таратылған музыкалық   көрнекіліктер  жиналып алынады. Бұл музыкалық  көрнекілік арқылы  оқушылардың өздеріне қойылған бағалары болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы шындыққа негізделген білім беруге арналған  жаңа технология екені сөзсіз. Өйткені сыныптағы  әрбір оқушы жаңа ақпараттарды сын тұрғысынан ойлай отырып баяндайды, музыканы тыңдау арқылы суреттейді, салыстырады, жазады, үйренеді.

Бұл жаңа технология арқылы білім алған оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласы, ой-өрісі, білім біліктерінің артуына көмектеседі. Сабаққа белсенділігі нашар оқушылар топта талқылау барысында  белсенділіктері артып сабаққа қызығушылықпен қарайды. Музыка сабағы өнер сабағы болғандықтан әр сабақтың өз ерекшелігі мен қызықты сәттері көп. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасау барысында сын тұрғысынан ойлау жобасының тиімді жақтары көп. Балалар өте қызығушылықпен, шығармашылықпен  сабаққа ат салысады. Себебі қазірге кезде жаңа техника яғни технология дамыған соны көру,тыңдау арқылы музыкаға көп атсалысады. Музыканы тыңдай білсең  ойымызды,сана сезімімізді демалдырады.                                                                                                               

          Музыка пәнінде жаңа технология мен  әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру,мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми–педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады. 

Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін сіңіруде ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны ерекше екендігі белгілі. Халқымыздың осы мақсатын қайта жандандыру мақсатында балаларды қабілетіне қарай, - жыраулық өнерге, терме айтуға , шешендікке тапқырлыққа, айтыс өнеріне үйретуде - ән – саз пәнінің алатын орны орасан зор. Олай болса, оқытумен тәрбиелеудің ой елігінен өтетін әдіс-тәсілдерін жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы арттады. Әр мұғалімнің оқытуға, үйретудегі өз тұғырнамасы болу қажет [2].

Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін мүмкіншілігін түсіну: 

-Оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау: 
-Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшеліктерден арылуға көмектесу: 
Музыка пәнінің басақа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, музыкаға деген қызығушылығын арттру, жақсы ұйымдастрылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты, музыка түрлерінің шығу тарихы, музыка түрлері дамыған елдерде, музыка әр саласындағы белгілі компазиторлар өмірімен Қазақстандағы әлем елдеріндегі компазиторлармен музыка жұлдыздары тағы басқа, музыка туралы толық мәліметтер беріп отыру. Сонымен бірге оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдары, журналдардың тағы басқа, әлем елдеріндегі атақты компазиторлар және мәдени жаңалықтарға шолу жасап отыру қажет. Осы тұрғыда оқушылар атақты компазиторлардың жетістіктерге жетудегі еңбектерімен таныса отырып, өздері де, сабақта әр тапсырманы орындайды.

Оқушылардың қызығушылығы белсенділігі артқасын сабақта білім сапасының арттатыны сөзсіз.

Осы технологияның шығармашылықты басшылыққа ала отырып ой толғау жасауға болады  (мыс: музыка сабағында сабақты ойын түрінде ұйымдастыру керек) осы арқылы оқушылардың биімділігін арттыруға болады.  Күтілетін нәтижені, музыка пәніне деген қызығушылықтары артады. Сынып оқушыларына жеңілдеп тапсырмалар беруге болады. Сәл күрделі жаттығулар береді.Сабақтың қиын сатысында көрсетілген сұрақтар беру арқылы         жаттығуларды орныдатуға    болады [3].

Музыка пәнінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Мысалы: Интерактивтік тақтамен жұмыс, мультимедиалық көрініспен, жаңаша тапсырмалар арқылы сабақты түрлендіре отырып өткізуді дәстүрге айналдыруда. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін сіңіруде ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны ерекше екендігі белгілі. Халқымыздың осы мақсатын қайта жандандыру мақсатында балаларды қабілетіне қарай, - жыраулық өнерге, терме айтуға , шешендікке тапқырлыққа , айтыс өнеріне үйретуде - ән – саз пәнінің алатын орны орасан зор. Олай болса, оқытумен тәрбиелеудің ой елігінен өтетін әдіс-тәсілдерін жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы арттады. Әр мұғалімнің оқытуға, үйретудегі өз тұғырнамасы болу қажет. Олар: әр оқушының білім деңгейін, қабілетін мүмкіншілігін түсіну; оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау; оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшеліктерден арылуға көмектесу.

Музыка пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, музыкаға деген қызығушылығын арттыру, жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың музыка пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты, музыка түрлерінің шығу тарихы, музыка түрлері дамыған елдерде, музыка әр саласындағы белгілі композиторлар өмірімен Қазақстандағы әлем елдеріндегі композиторлармен музыка жұлдыздары тағы басқа, музыка туралы толық мәліметтер беріп отыру. Сонымен бірге оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдары, журналдардың тағы басқа, әлем елдеріндегі атақты композиторлар және мәдени жаңалықтарға шолу жасап отыру қажет. Осы тұрғыда оқушылар атақты композиторлардың жетістіктерге жетудегі еңбектерімен таныса отырып, өздеріде, сабақта әр тапсырманы ыждағаттылықпен, белсенділікпен орындауға атсалысады [4].

Бұл - мұғаліммен оқушыға арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, музыкаға деген бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық оқушының дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар, туғызып қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі жеңіл тапсармаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арсында бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады. Осылай ойын элементерін әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «Даму мониторингі» кестесіне белгілей отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыруы қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ сапасын арттыруға ықпалы көп.  Мысалы: Кім шапшаң?, Әуенді тап, Сөз жұмбақтар т.б. сонымен қатар ұлттық музыка әлеміне байланысты сабақты түрлендіріп өткізуге жаңа педагогикалық технологияларды қолдану да орыны орасаң зор. Жаңа инновациялық әдістерді пайдалана отырып, білім сапасын арттыру өмір талабы.   

Қорыта айтқанда, бұл мақалада алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік, құзіреттілігін дамытуды керек ету. Сол арқылы  сыныптан тыс жүргізілетін музыка сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушыларды музыка сабағына деген қызығушылықтарын артуына қол жеткіздік,  сонымен қатар оқушының өзін-өзі басқарудағы әлеуметі артты. Қазіргі кезде мұғалімге қойылып отырған талап өте жоғары. Әрбір мұғалім өз пәнінің шебер маманы болуы керек.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Богданова О.С., Петрова В.И. Бастауыш кластардағы тәрбие жұмысының      методикасы. Алматы, -Мектеп.  1980. -61 бет.

2.Көнеева Қ., Қалықова А. Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияны ұтымды пайдалану. Педагогикалық зерттеулер: тәжірибе және зерттеулер. Алматы, 2011.-22 бет.

3.Жұмабекова Ф.Н. //Инновациялық педагогикалық технологияларды білім беру мазмұны сабақтастығын қалыптастыруда пайдалану. Білім. №2, 2006, -44 бет.

4. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. -Алматы. 2000. -5 бет.